Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ИГА отредактированные готовыи перевод без ответов 2016-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
825.22 Кб
Скачать

1. Жүкті әйелде, 32 апта мерзімінде гипертензия 150/90 мм.рт.ст. анықталды, зәр анализінде протеинурия -0,33г/л. ҚР ДСМ№ 325 07.05.10 бұйрығы бойынша, қандай деңгейделі стационарға госпитализациялау:

  1. госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға, преэклампсияның жеңіл дәрежесі болғандықтан

  2. госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға, зәр шығару жолдарының инфекциясына байланысты

  3. госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға преэклампсия ауыр дәрежесінен

  4. госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға, 32 апта мерзіміне байланысты

  5. госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға, жүктіліктің 32 аптасында преэклампсия жеңіл дәрежесінен

2. Жүкті әйелде, 39 апта мерзімінде гипертензия 150/90 мм.рт.ст. анықталды, зәр анализінде протеинурия -0,33г/л. Анамнезінде 2 босану кесар тілігімен. ҚР ДСМ№ 325 07.05.10 бұйрығы бойынша, қандай деңгейделі стационарға госпитализациялау:

  1. Госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға преэклампсия ауыр дәрежесінен

  2. госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға жатырдағы 2 тыртық

болғандықтан

  1. госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға преэклампсия жеңіл дәрежесінен

  2. госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға преэклампсия жеңіл дәрежесінен және 39 апта мерзіміне байланысты

  3. госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға, 39 апта мерзіміне байланысты

3. МСК қабылдауына жүкті әйел жүрек айну, үйінде бір реттік құсуға шағымданып келді. Жүктілік бірінші. Д есепте 10 аптадан бастап тұрады. 2 күн бойы жағдайының нашарлағанын айтады. Жағдайы орташа ауырлықта. АҚҚ 150/100мм.сын.бағ., пульс-86 соққы/мин. Жатыр жүктіліктің 35 аптасына сай. Ұрық басымен келген, жүрек соғысы анық, ретті 140 соққы/мин. Қарау кезінде аяқтарында және алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер бар. Зәр анализінде протеинурия 3,0 г/л. Госпитализация медициналық көмек көрсетудің қай деңгейіне көрсетілген және неге?

  1. Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ. және протеинурия 3,0г/л

  2. Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 3,0г/л және ісінулер

  3. Үшінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 3,0г/л және жүрек айну мен құсу шағымдары

  4. Үшінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 3,0г/л және ісінулер

  5. Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ. және протеинурия 3,0г/л, жүктіліктің 35 апта мерзімінде

4. БМСК қабылдауына жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік екінші. Д есепте жүктіліктің 7 аптасынан бастап тұрады. Анамнезінде жүктіліктің 30 аптасында уақытынан бұрын босану. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70мм.сын.бағ., пульс- 82 соққы/мин. Жатыр жүктіліктің 29 аптасына сай, толғақ ұзақтығы 15-20 секундтан, әр 12-15 минут сайын. Ұрық басымен келген, жүрек соғысы анық, ретті 140 соққы/мин. Жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл. Госпитализация медициналық көмек көрсетудің қай деңгейіне көрсетілген және неге?

  1. Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар

  2. Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар, анамнезінде уақытынан бұрын босану

  3. Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар, анамнезінде уақытынан бұрын босану, жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл

  4. Үшінші деңгейге, себебі анамнезінде уақытынан бұрын босану

  5. Үшінші деңгейге, себебі жүктіліктің 29 аптасында жалған толғақ, жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл

5. «Жанұяны жоспарлау» бөлмесінің ең ықтималды мәселесі:

  1. Туушылдықты жоғарлату

  2. Түсік санын азайту

  3. Ана денсаулығын жақсарту

  4. Қалаусыз жүктіліктен сақтану

  5. Жүктілік аралық интервалды реттеу

6. Перинаталды өлімшілдікті төмендету мәселелерінің ішінде ең ықтималды мақсаты:

  1. Жүкті әйелдің тамақтану тәртібін сақтау

  2. Перинаталды өлімшілдіктің себебін талдау

  3. Ұрықтың қатерлі жағдайын өз уақтында диагностикалау

  4. Жүкті әйелмен үгіт-ағарту жұмысын жүргізуді жақсарту

  5. Жүктілікті сақтау мүмкіндігі туралы мәселені шешу

7.Әйел қауымының денсаулық жағдайының ең ықтималды белсенді динамикалық бақылау мақсатында алдын-алу, емдеу-диагностикалау, сауықтыру шараларының ішінде қайсысы жүргізіледі:

  1. Скрининг

  2. Диспансерлеу

  3. Аймақтандыру

  4. Госпитализация

  5. Алдын ала қарау

8. Екінші деңгейлі босану кезіндегі көмек көрсету ұйымына жіберілетін жүкті әйелдердің ықтималдылығы төмен санатына жатқызуға болады:

  1. ЭКҰ бағдарламасы бойынша индуцирленген жүкті әйелдер

  2. Пжеңіл түрімен

  3. Ерте босану қаупі бар жүкті әйелдер гестациясының 34 аптасынан бастап

  4. Асқынбаған бір кесар тілігінен кейінгі тыртығы бар жүкті әйелдер

  5. Құрсақ ішілік ұрық даму кідіруі бар жүкті әйелдер

9. 20 жастағы, жыныстық қатынасқа түсетін әйел, тіркеуге тұру үшін әйелдер кеңес үйіне келді, өзін жүкті деп санайды (етеккірдің кідіруі 10 күн). Қарап-тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауру сезімінсіз, АҚҚ 120/80 с.б.б, пульс 72 рет минутына. Гинекологияық қарап-тексеру кезінде: жатыры үлкеймеген, оң жақ жатыр қосалқылары аймағында"қамыр тәрізді консистенциялы" түзіліс және қынаптың шырышты қабатының цианозы анықталды. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз?

a)Үдемелі жатырлық жүктілік

b)Үдемелі түтіктік жүктілік

c)Үдемелі аналық без жүктіллігі

d)Үдемелі жатыр мойны жүктілігі

e)Үдемелі құрсақтық жүктілік

10. Алғаш жүкті әйел, жүктіліктің 35-36 аптасы мерзімінде, әйелдер кеңес үйіне ұрықтың қимыл белсенділігінің төмендеуіне шағымданып келді. Ұрықтың жүрек соғысы тұйықталған, ырғақты, 136 соққы минутына. Бұл жағдайда ең ықтималды ақпарат беретін әдіс?

a)амниоскопия

b)ұрықтың КТГ-сы

c)сыртқы акушерлік зерттеу

d)ұрықтың УДЗ-сы

e)ұрықтың ЭКГ-сы

11. 30 жастағы әйлде бір баласы бар, жүктіліктің 13-14 аптасына сәйкес жатыр миомасы анықталды. Көп молшерде етеккірдің келуіне, іштің төменгі жағында ауру сезіміне, іштің үлкеюіне шағымданады. Аймақтық акушер-гинеколог дәрігердің ең ықтимал тактикасы?

a)темір препараттарын тағайындау

b)гормонотерапияны тағайындау

c)жатыр қуысын қыруға жолдама беру

d)консервативті миомэктомияға жолдау

e)гистерэктомияға жолдау

12. Әйелдер кеңес үйінің бақылауына, 22 жастағы, егіз жүктіліктің 10-11 апта мерзімінде жүкті әйел түсті. Шағымдары жоқ. Анамнезінен: сол жақ бүйректің гипоплазиясы, оң бүйректің викарлы гиперплазиясы. Урологпен қаралған: сол бүйректі алып тастау ұсынылды. Басқа зерттеу нәтижелері жоқ. Сіздің тактикаңыз:

a)Нефрологиялық бөлімшеге жатқызу, толық зерттеу жүргізіп, жүктілікті ары-қарай жалғастыру туралы сұрақты шешу

b)Жалпы зәр анализі, урологтың кеңесі

c)Әйелдер кеңес үйі жағдайында жалпы зәр анализі, терапевт кеңесі

d)Жүктілік бойынша Д тіркеуге алып, толық клинико-лабораторлы зерттеу жүргізу

e)Толық клинико-лабораторлы зерттеу жүргізіп, жүктілікті үзуге жолдау

13. 35 жастағы әйелде жатыр ішілік спиральді алғаннан кейін қырындыны гистологиялық зерттеу кезінде эндометрийдің атипиясыз жай гиперплазиясы анықталды. Дәрігердің ең ықтимал тактикасы қайсы:

  1. Гормонотерапия

  2. Гистероскопия

  3. Бақылау

  4. Операция

  5. Антибактериалді терапия

  1. Отбасын жоспарлау бойынша әйелдер кеңесі жұмысының негізі эффективті көрсеткіші:

  1. Учаскедегі әйелдер саны

  2. Фертильді жастағы 1000 әйелдегі аборттар саны

  3. Аборттардан кейінгі асқыныстар саны

  4. 1 жыл ішінде абортқа жіберілген әйелдердің абсолютті саны

  5. Фертильді жастағы 1000 әйелге алғандағы өздігінен болған түсіктер саны

15. ҚР ДСМ "Клиникалық протоколдарға" сәйкес жүкті әйелдерде қанды бөлінділер пайда болған жағдайда қандай тактика ең ықтимал:

a) тамыр ішілік хлорлы кальций енгізу

b) стационарға жатқызу

c)антибиотиктерді тағайындау

d)жатырды жиырылтатын заттарды енгізу

e)үй жағдайында бақылау

  1. Науқас Н., 28 жаста, 3 наурызда қалалық емхана акушер-гинеколог дәрігеріне етеккірінің кешігуне, жүрек айнуға, құсуға шағымданып қаралды. Соңғы етеккірі 3-7 ақпанда. Объективті тексеру кезінде жатыр мойны және қынаптың шырышты қабатының цианозы. Қынаптық тексеруде жатыр мойындырығының «жұмсаруы» анықталады. Жатыр консистенциясы жұмсақ, тауық жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған. Ауырсынбайды. Қосалқылар ұлғаймаған, ауырсынбайды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. Жүктілік 4 апта

  2. Жүктілік 6 апта

  3. Жүктілік 7 апта

  4. Жүктілік 8 апта

  5. Жүктілік 9 апта

  1. Әйел А., 18 жаста, әйелдер кеңесі дәрігеріне 3 ай бойы етеккірнің жоқтығына шағымданып қаралды. Жүктілікке тест оң. Төменде берілген мәліметтердің қайсысы қынаптық зерттеуге сәйкес келеді

  1. Жатыр тауық жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған

  2. Жатыр әлі ұлғаймаған

  3. Жатыр қаздың жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған

  4. Жатыр түйеқұс жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған

  5. Жатыр жетілген ұрық басының өлшеміндей

  1. К., 27 жаста, етеккірдің екі айға кідіруіне байланысты әйелдер кеңесіне қаралды. 20 жасынан терапевтте жүректің ревматикалық ақауы бойынша диспансерлік есепте тұр. Соңғы 6 айда физикалық жүктемеде, жүрген кезде ентігуді байқайды. Осы жүктілік бірінші, кешенді тексеру мәліметтері бойынша 6 аптаға сәйкес. Жүктіге кеңес беруші дәрігер-ревматолог келесі қорытындыны берді: Ревмокардит, белсенді фаза. Жүректің аралас ақауы, сол жақ атрио-вентрикулярлы кеңістіктің стенозына бейімділікпен. Митральді клапан жетіспеушілігі ІІ Б дәрежесі. Әйелдер кеңесі акушер-гинеколог дәрігерінің тактикасы:

  1. Терапиялық стационарға госпитализациялау

  2. Перзентханаға госпитализациялау

  3. Жүктілікті үзуге бағыттау

  4. Перинатальді орталыққа бағыттау

  5. Ана және бала республикалық орталығына бағыттау

  1. Әйелдер кеңесінің участкелік дәрігеріне етеккірінің кешігуіне (соңғысы 9 апта бұрын болды), жүрек айнуына және кейде таңертең бір -рет құсуға шағымданып әйел қаралды. Өзін жүктімін деп санайды, жүктілікті қаламайды. Соматикалық сау. Анамнезінде 3 босану (балалары тірі) және медициналық 3 түсік бар. Гинекологиялық және венерологиялық аурулары жоқ. Қынап шырышының айқын цианозы бар. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр денесі антефлексияда, жұмсақтау, жүктіліктің 9 аптасына дейін ұлғайған. Бөліністер серозды. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасын анықта:

  1. Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу

  2. Клинико-лабораторлы тексеруді және жатыр УДЗ жүргізу

  3. Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу және диспансерлі бақылауға қою

  4. Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу және жүктілікті үзуге жолдау

  5. Жүктілікті үзуге жолдау

20. Ауыр дәрежелі неонаталды асфиксияның ең ықтимал белгісін атаңыз:

a) бұлшықет тонусының төмен болуы

b)тыныс алудың болмауы

c)тері жабындыларының цианозы

d)Диспноэ

e)Брадикардия

  1. Босану кезінде ұрықтың қатерлі жағдайын анықтайтын ең ақпаратты ықтимал әдісі:

a)Амниоцентез

b)Кардиотокография

c)Аускультация

d)Доплерометрия

e)ұрықтың УДЗ

  1. Сәбидің алғашқы тыныс алуында өкпеде ауа мен амниотикалық сұйықтық алмасады. Осы үрдіс кезінде қосылатын механизм:

  1. Өкпе көлемінің жалпы өзгеруі

  2. Өкпелердің динамикалық жұмысы

  3. Кеуде торшасында теріс қысымның орнауы

  4. Тыныс жолдарындағы кедергінің төмендеуі

  5. Өкпеде қанайналымының жақсаруы

23. Сәбидің гемолитикалық ауыруында алмастырушы қан құюға билирубиннің қандай өсімі көрсеткіш бола алады:

=2 мкмоль/л

=3 мкмоль/л

=4 мкмоль/л

=5 мкмоль/л

6 мкмоль/л

24. 28 жасар босанушы әйел мерзімі жеткен тірі , салмағы 3900г. бойы 53 см, сәбиді дүниеге әкелді. Туылу кезінде сәбидің жүрек соғысы 120 минутында,тері жабындысы кулгін, тынысы ретті-16 рет минутына , рефлексі айқын, гипертонус. Апгар шкаласы бойынша ықтимал баға?

  1. 2-3 балл

  2. 4-5 балл

  3. 5-7 балл

  4. 8-9 балл

  5. 9-10 балл

25. Босану кезінде суы - мекониалді. Екінші кезеңде бала басы шыққаннан кейін ықтимал іс-шара:

  1. Босанушы әйелге қатты күшенуін бұйыру және бала басынан тарту

  2. Алдымен ауыз қуысынан, сосын мұрын қуысынан құрамды сорып тазарту.

  3. Еш шара қолданбай сәбидін толық тууылуын күту

  4. Бала туа салысымен тактильді стимуляция жасау

  5. Нәрестені анасының кеудесіне жатқызу, әбден құрғата сүртіп оттегімен қамтамасыз ету

26. Оң қысым астында, вентиляцияның координациясы кезінде, кеуде қуысының компрессиясымен әрбір қозғалыс минутына қанша рет қайталанады:

a)40 тыныс алу қозғалысы, 120 компрессия

b)30 тыныс алу қозғалысы, 90 компрессия

c)60 тыныс алу қозғалысы, 120 компрессия

d)20 тыныс алу қозғалысы, 80 компрессия

e)30 тыныс алу қозғалысы, 120 компрессия

27. Мерзіміне жетпеген жаңа туылған нәрестенің тыныс алу жүйесінің жетіспеушілігі қандай шкала бойынша бағалануы ЫҚТИМАЛ:

a)Апгар

b)Сильверман

c)Довнес

d)Крамер

e)Баллард

28. Жаңа туылған нәрестенің сол қолы денесіне жақындатылған, шынтақ буынында жазылған, ішке қарай бұрылған, иық буынында айналған, иық алдында пронирленген, білегі алақан бүгілуінде, артқа және сыртқа бұрылған. Басы еңкейген және бұрылған. Мойны қысқа болып көрінеді, көп мөлшерде көденең қыртыстары және үнемі ылғалдануы байқалады. Бұл клиникалық көрініс қандай патологияға жатады:

a) Дежерин-Клюмпке параличі

b) Кофферата синдромы

c) Бернара-Горнера синдромы

d) Дюшенн-Эрб параличі

e)жұлынның кеуде бөлімінің зақымдануы

29. Өмір сүрудің 5-ші күні ұл бала 2-ші жүктіліктен және 2-ші босанудың нәтижесінде туған. Анасы созылмалы пиелонефритпен ауырады. Осы жүктіліктің 26-28 аптасында пиелонефриттің асқынуы болған. Босануы мерзімді, тез. Туыллған кездегі дене салмағы- 3000 г. Апгар шкаласы бойынша бағасы 7/9 балл. Үйіне 3-ші тәулкте, қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Үйінде болудың 2-ші күнінде мазасыздану, құсу, дене қызуының 37,8 ге дейін көтерілу байқалды. Қарап тексергенде, алдыңғы құрсақ қуысының терісінде, сан мен шап қыртыстарында овал және дөңгелек пішінді, әлсіз және мыжылған қақпақшалары бар, айналасында гиперемия сақинасы бар, өлшемі 5-15 мм,жеңіл алынатын көпіршіктер байқалады. Бұл ауруға және жай жайылған буллезді эпидермолизге тән жалпы белгіні атаңыз:

a)Ауру тұқым қуалайды

b)Ауру босанғаннан кейін бірден пайда болады

c)Көпіршіктер киімнің қысқан және үйкеліскен жерлерінде орналасқан

d) Көпіршіктер жарылып, эрозивті беткейді ашады

e) Алақан және табан гипергидрозы

30. Нәрестеге бір тәулік. Қарап тексеру кезінде тері жабындыларының сарғыштануы анықталды. Анамнезінен: нәресте 3-ші жүктіліктен, 2-ші мерзімді босанудан екендігі беллгілі болды. Анасында А (II) қан тобы, резус теріс. Бұл жүктілік ағымында анти-Rh-антидене титрі 1/64. ЖҚА - Нв 140 г/л. Эр . 4,5*1012л. Рет .26 %. Лейкоциттер 10*109л. Э - 2 %, П - 1 %, С - 62 %, Л - 27 %, М - 8 %. Нормобласттар 2 на 100. Билирубинге қан анализі: кіндік қанында тура емес билирубиннің деңгейі 80мкмоль / л, 6 сағаттан кейін жалпы билирубин - 160 мкмоль / л, тура емес - 158,4 мкмоль /л. Нәрестеде қан тобы - B(III),резус - оң. Кумбс сынамасы тікелей оң. Диагноз қойыңыз:

a) Минковский-Шоффардың микросфероцитарлы гемолитикалық анемиясы

b) Нәрестенің АВО-жүйесі бойынша гемолитикалық ауруы, аралас формасы, ауыр дәрежеде

c) Нәрестенің АВО-жүйесі бойынша гемолитикалық ауруы, сарғыштық формасы, ауыр дәрежеде

d) Нәрестенің гемолитикалық ауруы, резус-сәйкессіздік, сарғыштық түрі, ауыр дәрежеде

e) Криглер-Наджар синдромы

31. Жаңа туылған нәрестеде реанимациялық шараларды өткізгеннен кейін 5 минуттан соң ретсіз тыныс алу пайда болды, ЖЖЖ 80 минутына, бет әлпетінде «гримаса». Жайылған бозару сақталады, афлексия қалпында. Баланы Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

a)1 балл

b)3 балла

c)5 баллов

d)7 баллов

e)9 баллов

32. Нәресте ұл бала, өмір сүрудің 18-ші күнінде стационарға жеткізілді. Қарап тексеру кезіде жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозарған, кір сары реңкті, акроцианоз. Іші кепкен, іштің адыңғы қабырғасының қызарған терісінде айқын венозды тор. Іштің төменгі бөлімінде – сәл ісіну. Іштің айқын кебуі нәтижесінде, бауырдың қыры қабырға доғасынан 4 см төмен, бұғананың ортаңғы сызығы бойынша әрең пальпацияланады. Диагноз:

a)антенаталды сепсис, септикопиемия

b)іріңді менингит

c)сепсис

d)некротизирленген энтероколит

e)ішектік инфекция

33. Ұрықтың және нәрестенің гемолитикалық ауруы ең ықтимал дамиды:

a)ана мен ұрық қанының резус-фактор бойынша иммунологиялық сәйкессіздік

b) ана мен ұрық қанының АВО-жүйесі бойынша иммунологиялық сәйкессіздік

c) ана мен ұрықтың бірдей қан тобы кезінде

d)ана мен ұрықтың резус-фактор және АВО-жүйесі бойынша бірдей қан

e) ана мен ұрық қанының резус-фактор бойынша, АВО-жүйесі бойынша иммунологиялық сәйкессіздік

34. Салмағы 1120 г, жүктіліктің 30 аптасында туылған нәрестеге интубация жасағанда эндотрахеалды түтіктің қандай өлшемін (ішкі диаметр) пайдаланасыз?

a)2.5 мм

b)3.0 мм

c)3.5 мм

d)4.0 мм

e)4.5 мм

35. Нәресте қыз бала, өмір сүрудің 14-ші күні. Кіндік аймағын қарау кезінде кіндік жарасының шеттерінде ісіну және гиперемия, айналасындағы тері тамырларының инъекциясы. Жараны ашып, кіндік тамырларына массаж жасаған кезде, кілегей тәрізді ірің бөлініп шықты. Босануы жүктіліктің 37 аптасында, туған кезлегі бала денесінің салмғы 2900г. Кіндігі өмірдің 4-ші кеүнінде түсті. Кіндік жарасының баяу жазылуы болған.

Диагноз қойыңыз.

a)іріңді омфалит. Кіндіктік флебит

b)везикулопустулез

c)сепсис

d)гормоналды криз

e)нәрестелердің эпидемиялық күлдіреуігі

36. Туылған кездегі дене салмағы 2400 г., дене ұзындығы 48 см., бас айналымы 31 см., кеуде айналымы 30 см. Жоғарғы тыныс алу жолдарынан бөлінділерді сорып алғаннан кейін жылады. Қарап тексергенде тері жабындылары құрғақтау, тін тургоры төмендеген. Тері асты шел-май қабаты жұқарған. Диффузды бұлшықеттік гипотония, оң миатоникалық тесттер ("шарф" симптомы, "ашық терезе" симптомы). Гипорефлексия. Қандай диагноз ең ЫҚТИМАЛ?

a)адаптация кезеңі

b) гипотрофия пренаталды

c) өтпелі жағдай

d) ассиметриялық тип бойынша ҚІДК (ЗВУР)

e) гипотрофияның симетриялық типі

37. Жаңа туылған нәресте өмірінің 5-ші тәулігінде қарап тексерілген. Тері жабындылары таза, қызғылт. Шырышты қабаты таза. Кіндік жарасы ылғалды.

Кеуде безінің жүйелі ұлғаюы анықталды. Бездер үстіндегі тері өзгермеген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Үлкен дәретін қарап тексергенде, сұйық, ақ түйіршіктері бар сары түсті, жасыл және шырыш аралас. Іші сәл кепкен, пальпация кезінде шұрылдау анықталады. Ұмасы ісінген, өлшемдері үлкейген. Диагноз қойыңыз

a)ішектің транзиторлы катары, жыныстық криз

b)дисбактериоз, ұманың шемені

c)механикалық сарғаю

d)гормоналды криз, физиологиялық эритема

e)гормоналды криз

38. Босанғаннан кейін жаңатуған нәрестені жүргізуді төменде аталған әдістердің қайсысынан бастайды:

  1. Туыла салысымен гонобленореяның алдын алудан

  2. Құрғатып, анасының ішіне жатқызып, үстін жауып қоюдан

  3. Туыла салысымен салмағын, бойын өлшеп, алғашқы бір сағатта клиникалық зерттеулер жасаудан

  4. 30 мин ішінде геморрагиялық асқынулардың алдын алуды жүргізуден

  5. 30мин кейін жаңатуған нәрестелерді балалар бөліміне ауыстырудан

39. Шала туылған нәрестелердің өліміне ең жиі себеп болып табылады:

  1. Жаңатуған нәрестелердің геморрагиялық ауруы

  2. Респираторлы дистресс - синдром

  3. Даму ақаулары

  4. Жаңатуған нәрестелердің сарғаюы

  5. Жаңатуған нәрестелердің гемолитикалық ауруы

40. Нәресте гестацияның 40 аптасында, дене салмағы 3750 г.туылды. Бірден айқайлады. Ана омырауын бірден алды, белседі сорды. Өмірдің 3-ші тәулігінде дене салмағы 3600г. Кеуде, іш, аяқ-қолдарының терісінде қызғылт түсті дақтық-папулезді бөртпе байқалады. Қарап тексеру кезінде жаялықта күрең-қызыл түсті дақтар анықталды. Өтпелі жағдайды анықтаңдар:

a)Дене салмағының транзиторлы азаюы, токсикалық эритема, зәрқышқылды инфаркт

b)Физиологиялық эритема, дене салмағының транзиторлы азаюы, олигурия

c) Дене салмағының транзиторлы азаюы, зәрқышқылды инфаркт, мелена

d)Меконий, физиологиялық эритема, дене салмағының транзиторлы азаюы

e) Дене салмағының транзиторлы азаюы, олигурия, тербөртпе

41. Жаңа туылған нәресте қыз баланың қай кезеңіне дейін сүт безінің үлкеюі және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің пайда болуы гормоналды криз болып саналады және емді қажет етпейді:

a) 10 күнге дейін

b)2 апта

c)3 апта

d)1 ай

e)3 ай

42. Неонатальді сепсистің негізгі қоздырғышы:

  1. Candida albicans

  2. цитомегаловирус

  3. В-тобындағы гемолитикалық стрептококк

  4. стафилококк

  5. листериоз

43. Нәрестелердің аурушаңдығының жоғары болуының негізгі себебі:

  1. гипотермия

  2. шала туылу

  3. мерзіміен кеш туылу

  4. кіндік қалдықтарына дұрыс қарамау

  5. ана сүтімен емізбеу

44. Нәрестелердің гемолитикалық ауруының дамуы қандай патогенетикалық процесстермен қамтамасыз етеді:

  1. тамырлардың жайылған түйілуінің себебінен қан тамыр қабырғасының өткізгіштігі бұзылып, тін аралығына қанның сүйығының жиналуы

  2. анемия дамуымен эритроциттердің пішінінің өзгеруі

  3. организмде темір жетіспеушіліктің себебінен гемоглобин мен эритроциттердің деңгейінің төмендеуі

  4. протопорфириннің синтезінің бұзылысынан гемоглобин мен байланысы жоқ темірдін жиналуы

  5. эритроциттердің айқын ыдырауы (гемолиз) және симптомдар (ісік, сарғаю, анемия), гемолиздің өнімдерінің ұрыққа және нәрестелерге токсикалық әсері

  1. Жана туған нәрестенің жеңіл дәрежелі гемолитикалық ауруына билирубиннің қандай денгейі сәйкес?

  1. 60– 70,5 мкмоль/л

  2. 70 – 85,5 мкмоль/л

  3. 86 – 90,5 мкмоль/л

  4. 91 – 105,5 мкмоль/л

  5. 106 – 115 мкмоль/л

  1. Екі апталық қыз балада туғаннан бастап сүт бездерінің ұлғаюы, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністер білінеді. Жүктілік пен босанудың ағымы асқынусыз. Диагноз:

  1. Ерте жыныстық жетілу, толық формасы

  2. Шектелген телархе

  3. Гормоналды криз

  4. Аналық безінің жылауығы

  5. Эстрогендердің экзогенді түсуі

  1. Босанған әйел, 28 лет, күніне жеткен тірі, ұл жынысты, салмағы 3900,0 г, бойы 53 см нәресте босанды. Туылған кезде нәрестенің жүрек соғу жиілігі – минутына 120 рет, тері жамылғылары қызғылт, тынысы ырғақты – минутына 16 рет, рефлекстері белсенді. Апгар шкаласы бойынша нәрестені қалай бағалауға болады?

  1. 2-3 ұпай

  2. 4-5 ұпай

  3. 5-6 ұпай

  4. 7-8 ұпай

  5. 8-9 ұпай

48. Лактогенез үрдісін бұзатын ятрогенді факторға жатады:

a)Жеткіліксіз сору рефлексі

b)Ананың нейроэндокринді аурулары

c)Лактогенезді тежейтін препараттарды тағайындау

d)Анада анемия

e)Босану актының асқынуы

49.Босанудан кейінгі 3-нші тәулік. Босанушы сүттің көп түзілуіне, омырауының қатаюына, омырауын босатып үлгермейтіндігіне шағымданады. Бұл жағдайдағы лактогенез кезеңін көрсетіңіз:

  1. Сүттің пісіп-жетілу кезеңі

  2. Сүттің көп мөлшерде бөліну кезеңі

  3. Сүттің түзілуіне компетенттіліктің даму кезеңі

  4. Сүттің эндогенді ингибиторының пайда болу кезеңі

  5. Эндогенді окситоцин пайда болу сатысы

50.Босанушы кесар тілігі операциясынан кейін 3-нші тәулікте жара маңы ауырсынуына, әлсіздік, қалтырауға шағымданды. Дене қызуы – 37,80С. Қарау кезінде тігіс бойымен инфильтрация бар. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Эндометрит.

  2. Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Кесар тілігі операциясынан кейінгі жара абсцесі.

  3. Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Кесар тілігі операциясынан кейінгі жара инфильтраты.

  4. Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Кесар тілігі операциясынан кейінгі жағдай.

  5. Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік.

51. Босанушы кесір тілігі операциясынан кейінгі 1 тәулікте жара маңындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданды. Жағдайы орташа ауырлықта. Температура- 37,3. Іші жұмсақ, опрециядан кейінгі жара маңында ауырсыну. Жатыр тығыз. Қан талдауында: Hb- 69г/л, L-7,2х109 /л, СОЭ- 39мм/сағ. Клиникалық диагнозды анықтаңыз:

  1. Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай.

  2. Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Эндометрит.

  3. Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Анемия жеңіл дәрежелі.

  4. Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Анемия орташа дәрежелі

  5. Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Анемия ауыр дәрежелі.

52. Босанушы Р., 23 жаста, уақытында босанудан кейінгі 4-ші тәулікте қалтырауға,дене температурасының жоғарылауына шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемирленген. Тамыр соғысы 92 рет/мин. Дене температурасы 39°. Сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында өлщемі 6x7 см болатын жұмсарған бөлігі бар инфильтрат, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемирленген. Сол жақ емізікте беткей жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 4 саусаққа жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. Дұрыс әреккетті көрсетіңіз және неге:

  1. маститтің клиникалық белгілері болғандықтан, антибактериалды терапия

  2. гипертермия және сүт безінің инфильтрациясы болғандықтан, антибактериальная терапия

  3. сүт безінде инфильтрация мен ірің болғандықтан, хирургиялық еммен бірге антибактериальды терапия

  4. сүт безі инфильтрациясы мен іріңдеу белгілері болғандықтан, хирургиялық ем

  5. сүт безі инфильтрациясы белгілері болғандықтан, хирургиялық еммен бірге антибактериальды терапия

53. Алғаш жүкті А., 30 жаста. Обструктивті босануға байланысты төменгі жатыр сегментінде кесар тілігі жасалынды. Сусыз кезең 27 сағат. Интраоперационды қан кету - 900 мл. Антибактериалды терапия тағайындалды. Операциядан кейінгі 5-нші тәулікте дене температурасы 39°С дейін көтерілді. Тәулік бойы жағдайы ауыр. Пальпация кезінде ішінің төменгі бөлігінің қатаюы, іш кебуі, қатты ауырсыну, құрсақтың тітіркену симптомдары анықталады. Ішкі зерттеуде: жатыр жүктіліктің 17-18 аптасына сай ұлғайған, жұмсақ, ауырсынады. Бөліністер көп мөлшерде, іріңді, жағымсыз иіспен. Қан талдауында: Hb- 73г/л, L-14,2х109 /л, ЭТЖ- 59мм/сағ. Дұрыс тактиканы табыңыз және неге?

  1. Антибактериалды терапия, себебі эндометрит белгілері бар.

  2. Антибактериалды терапия, себебі көп мөлшерде қан кету фонында акушерлік перитонит белгілері бар.

  3. Хирургиялық ем, жатырдың экстирпациясы қосалқыларсыз, себебі эндометрит белгілері бар

  4. Хирургиялық ем, жатырдың экстирпациясы түтіктерімен, себебі акушерлік перитониттің белгілері бар

  5. Хирургиялық ем, жатырдың экстирпациясы қосалқылармен, себебі акушерлік перитониттің белгілері бар

54. Акушерлік перитониттің пайда болудың ең ықтимал жағдайы:

  1. Табиғи босану жолдары арқылы босанулар

  2. Ерте өзіндік түсік

  3. Кесар тілігі операциясы

  4. Жасанды түсік

  5. Кеш өзіндік түсік

55. 20 жастағы босанғаннан кейін 30 тәуліктен кейін қандай гормоналды контрацептив тағайындау ең ықтимал болып саналлады:

  1. Комбинирленген монофазды оралды контрацептивтер

  2. Екі фазалы оралды контрацептивтер

  3. Үш фазалы оралды контрацептивтер

  4. Құрамында тек гестагендер бар контрацептивтер

  5. Құрамында эстрогендер бар контрацептивтер

56. Сүт бездерінің сүттің бөлуіне әкелетін окситоциннің әсер ету механизмі көбіне байланысты:

  1. Сүт жолдарында миоэпителиалды жасушалардың жиырылуы

  2. Пролактин секрециясының жоғарылауы

  3. Эстроген құрамының төмендеуі

  4. Прогестерон құрамының төмендеуі

  5. Фолликул стимулдеуші гормондардың секрциясының жоғарылауы

57. Сепсис пен септикалық шок емі кезінде іс-әрекеттердің ең ықтимал реттілігі:

  1. Іріңді ошақты алу, ӨЖВ, антибактериалды терапия, инфузионды терапия

  2. Жүрек лақтырысын ұстап тұру, ӨЖВ, антибактериалды терапия

  3. Антибактериалды терапия, глюкокортикоидтар, іріңді ошақты алу

  4. Іріңді ошақты алу, антибактериалды терапия, глюкокортикоидтар

  5. ӨЖВ, инфузионды терапия, антибактериалды терапия, іріңді ошақты алу

58. Босанудан кейінгі кезеңде ықтималдылығы жоғары кездесетін асқынулар:

  1. Босанудан кейінгі мастит

  2. Босанудан кейінгі эндометрит

  3. Лактостаз

  4. Хорионамнионит

  5. Преэклампсия

59. 33 жастағы босанған әйел босанудан кейінгі 4 тәулікте іштің төменгі бөліміндегі ауру сезімге, әлсіздікке, дене қызбасының 39,0С көтерілуіне шағымданып келді. Босану кезінде бала жолдасының бөлікті бекуіне байланысты бала жолдасын қолмен ажырату және бөлу жүргізілді. Анамнезінде 2 медициналық түсік. Ең ықтимал диагноз?

  1. Вирусты инфекция

  2. Мастит

  3. Метроэндометрит

  4. Пельвиоперитонит

  5. Лохиометра

60. Емшек сүтінде майлар көбінесе қандай түрде болады:

a)холестеринмен

b)фосфолипидтермен

c)триглицеридтермен

d)бос май қышқылдарымен

e)линол қышқылымен

61. Босанған әйел 32 жаста, мерзімді босанудан кейін 3-ші тәулік. Клиникалық жатыр инволюциясының қалып қоюы байқалады. УДЗ жүргізіді – бала жолдасы тінінің қалдықтарына күмән. Ары қарай қандай тактиканы жүргізу керек?

a)Бақылау

b)Физиологиялық ерітіндінің тамыр ішілік тамшылық инфузиясы 400 мл 10 ед

окситоцин және УДЗ динамикада жүргізу

c)Антибиотикотерапия

d)Жатыр қуысының инструменталды ревизиясы

e) қалақай тұнбасы витаминотерапия

62. Алғаш босанушы әйел 26 жаста, босанудан кейінгі 5-ші тәулікте дене t =39~°C көтерілді, қалтырау, ұйқының бұзылуы, қолтық асты лимфа түйіндерінің үкеюі және ауырсынуы. Сүт безін қарау кезінде: оң жақ сүт безінің сыртқы жоғарғы квадрантында гиперемия. Өзгерген тері аймағында тығыз, аз қозғалмалы жұмсару аймағы бар инфилтрат сезіледі. Берілген жағдайда қандай тактика рационалды болып саналады?

a)Инфузионды терапия

b) Сауу арқылы сүт безін босату

c)Симптоматикалық ем

d)Хирургиялық ем

e)Зақымданған аймаққа компресс қою

63. Босаудан кейінгі серозды маститтің клиникалық белгілері:

a)Зақымданған аймақта сүт безінің ауырсынуы, сүт безі емізіктерінен іріңді бөлінділер, зақымданған сүт безінде дене қызуының 38-39 жоғарылауы

b) Зақымданған аймақта сүт безінің қызаруы, зақымданған сүт безінің ауырсынуы, дене қызуының 38-39±С жоғарылауы

c) Сүт безі тығыздалған, пальпация кезінде ауырмайды, дене қызуы 38-39±С

d)Емізіктен қанды бөлінділер, пальпация кезінде күрт ауырсыну, дене қызуы 38-39±С

e) Емізіктен қанды бөлінділер, пальпация кезінде күрт ауырсыну, дене қызуы 38-39±С

64. Босанудан кейінгі инфекцияның бірінші кезеңіне жатады:

a)Пельвиоперитонит

b)Мастит

c)Эндометрит

d)Метротромбофлебит

e)Параметрит

65. Босанушы Л., 30 жаста, кесар тілігі операциясынан кейінгі 5-ші тәулік. Шағымдары: операциядан кейінгі жара аймағындағы ауру сезімі, әлсіздік, дене қызуының 38,50С дейін жоғарлауы, қалтырау. Қарап тексергенде: операциядан кейінгі жара аймағындағы гиперемия және тігіс айналасының тіннің ісінуі,қою консистенциялы сары-сұр түстес иісі жағымсыз аз мөлшердегі бөлініс анықталды.

Операциядан кейінгі жара аймағына жасалатын ең нысаналы манипуляция:

  1. 1-2 тігісті шешу, операциядан кейінгі жара ревизиясы, антисептиктермен санациялау

  2. барлық тігістерді босату, антисептиктермен санациялау, жараны ашық қарау

  3. тігістерді шешу, жара қырларын кесу, трипсинмен санациялау

  4. тігіс арасына түтікшелер орнату, жараны антибиотиктермен тесу

  5. контрапертурлы кесулер орнату,жараны дренаждау

66. 30 жастағы босанған әйелде бала жолдасның туылуынан 20 минуттан кейін босану жолдарынан қан ағу басталды. Бала жолдасы бүтін. Жатыры босаңсыған. Жалппы қан жоғалту көлемі 400,0 мл.

Дәрігер тактикасы:

a)Босану жолдарын айнамен қарау

b)Жатыр қуысын қолмен тексеру

c)Бимануалды компрессия

d)Қынапүстілік жатыр ампутациясы

e)Утеротониктерді тамыр ішіне енгізу

67. Перзентхананың қабылдау бөліміне босанған әйел баласымен және бөлінген бала жолдасымен түсті. Бала жолдасы бүтін. Екі сағат бұрын үйінде босанған. Жүктілік кезінде гинекологтың қарауында болып, тексерілген. Жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. Қабылдау бөлімінде қандай әрекет жасау керек:

  1. Босану жолдарының бүтіндігін тексеріп, тырыспаға қарсы сарысуды енгізу

  2. Жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, бірден физиология бөліміне жібереміз

  3. Жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, госпитализацияны қажет етпейді

  4. Босану жолдарын қарап, жалпы қан және зәр анализдерін тағайындау

  5. Урықта офтальмобленореяның алдын алу

68. 32 жастағы босанушы О. Босанғаннан кейінгі ерте кезең атониялық қан кетумен асқынды. Қан кетуге қарсы шаралар жасалуы басталды. Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы лапаратомияға көрсеткіш болады:

  1. Сыртқы массаждан пайда жоқ және қан жоғалту 300 мл көп

  2. Жатырды қайта қолмен тексерудің нәтижесіздігі

  3. Жатырдың бимануальді компрессиясынан нәтиже болмағанда

  4. Утеротониктердің көктамыр ішіне енгізудің нәтижесіздігі

  5. Жатырдың сыртқы массажының нәтижесінің болмауы

69. Аталған клиникалық симптомдардың ішінен ерте бала кезеңінің туа біткен мерезге қайсысы тән:

a)Хореоретинит

b) Гетчинсона триадасы

c)Бөксе тәрізді бас сауыты

d)Қылыш тәрізді сирақ

e)Гидроцефалия

70. Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы кеш туа біткен мерездің нақты белгілеріне жатады:

  1. Қылыш тәрізді сирақ

  2. Бөксе тәрізді бас сүйек

  3. Готикалық таңдай

  4. Гетчинсон тістері

  5. Парроның жалған салдығы

  1. Висцеральды мерездің профилактикасына қатысты іс-шаралар:

  1. Жасырын мерездің белсенді түрінің анықталуы

  2. Мерездің белсенді түрінің толық қамтылған емі

  3. Терапия бөлімінде барлық науқастарға Вассерман реакциясын тексеру

  4. Нейро-мерезбен ауыратын науқастарға бағытталған терапиялық тексеру

  5. Неврологиялық ауруханадағы барлық науқастарда Вассерман реакциясын тексеру

  1. Қандай диагноз туралы ойлауға болады, Романовски- Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған.

  1. Создық эндоцервицит

  2. Трихомонадтық эндоцервицит

  3. Хламидиялық эндоцервицит

  4. Стафилококтық эндоцервицит

  5. Стрептококтық эндоцервицит

  1. Сіздің әрекетіңіз егер, жүктіліктің 10-12 аптасындағы әйелден әлсіз оң Вассерман реакциясы (2) анықталды. Тексергенде мерездің клиникалық белгілері табылмаған.

  1. Қанды ИФР, РИТ реакцияларымен зерттеу

  2. Мерезге қарсы емді бастау

  3. ВР қайта зерттеу

  4. Ревмо-сынамаларын тексеру

  5. Арнайы мекемеге мәлімдеме жіберу

  1. Науқас әйелдің серігінде екіншілік жаңа мерезі бар, әйелге қандай ем тағайындалады. Тексергенде: мерезді нақтайтын клиникалық белгілер жоқ, серологиялық реакция теріс. Қандай ем тағайындауға болады:

  1. Превентивтік ем

  2. Арнай ем

  3. Арнайы емес ем

  4. Профилактикалық ем

  5. Сынақ ем

  1. 40 жасар әйелге қандай болжамды диагноз қоюға болады, ауру 3 апта бұрын басталған, шап-сан лимфа түйіндерінің үлкейгеніне, ауырғыштығына, әлсіздікке, буындарының ауыруына шағымданды. Оңтүстік Америка тұрғынына күйеуге шыққан. Оң жақ шап-сан қатпарының лимфа түйіндері кептердің жұмыртқасы көлеміне дейін үлкейген. Тығыз қозғалмайды, жан-жағындағы тіндерге жабысып қалған, тері көкшіл қызыл түсті, басқан кезде ауырады. Оң жағындағы кіші жыныс ернеуінің шырышты қабығында дөңгелек, диаметрі 0,5 см тең.

  1. Венерикалық лимфогранулематоз

  2. Жұмсақ шанкр

  3. Венерикалық гранулема

  4. Бушке-Левинштеин ісігі

  5. Мерез

  1. Қандай ауру ойлауға болады 33 жастағы әйел шап аймақтарындағы ауырғыш бөртпелерге, дене қызуы көтерілуге, бас ауыруына және бас ауруына, әлсіздікке шағымданды. 2 апта бұрын африкалық еркекпен жыныстық қатынаста болған. Қарағанда колемі 1,5 см сол жақ шап сан қатпарында орналасқан жара көрінеді; жараның шеттері көтеріңкі,жара түбі тегіс емес көп мөлшердегі іріңді қан аралас бөліндімен жабылған,зақым ошағы мен шетіндегі тері ашық қызыл түсті,сипағанда жара консистенциясы жұмсақ, тығыздық байқалмайды. Сол жақтағы шап –сан лимфа түйіндері бұршақ клеміне дейін үлкейген бір-біріне жабысып қалған,олардың үстіндегің тері ісіңкі қызыл түсті. Лимфа түйіндері ауырады.

  1. Бушке-Левенштеин кондиломатозы

  2. Біріншілік сифилома

  3. Жұмсақ шанкр

  4. Венерикалық лимфогранулематоз

  5. Донованоз

  1. Қасаға аймағы мен жыныс мүшесіндегі қатты қышынуға шағымданған 22 жастағы әйелге қандай диагноз қоюға болады. Қышыма жыныстық қатынастан кейін пайда болған. Тексергенде: қасағада және үлкен жыныс еріндерінде дөңгелек, бұршақ тәріздес, бозғылт- көкшіл түсті басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар байқалады. Шашта майда биттер табылды.

  1. Мерез

  2. Қасаға биттері

  3. Строфулюс

  4. Қышыма

  5. Аллергиялық дерматит

  1. Аталған клиникалық көріністердің қайсысы ұрық мерезіне тән:

  1. Бөксе, сан, балтыр бұлшық еттері, жауырын аймағында тері және тері асты май қабатының диффузды қалыңдауы анықталады, қолмен басқанда айықтану қалмайды. Беті масқа тәрізді, төменгі жақ буындары қозғалыссыз

  2. Зақымданған ошақтың терісі ісіген, қатайған, түсі қызарыңқы –көкшіл, терісі суық, күшпен қозғалады. Қолмен басқанда ұзық уақыт сақталатын ойықтану қалады.

  3. Тері ісінген, қызарыңқы-көкшіл түсті, эпидеимсте үлбіреген көпіршіктер, көлемді эрозиялар. Никольский симптомы оң, эрозия ошақтары күйіктің 2 дәрежесіне ұқсас.

  4. Тері ақжемделген, эпидермисі болбыр, кей жері эрозияланған, қабат-қабат болып сыдырлады. Тері асты майшел қабаты амымаған, тері оңай қатпарланды, әжімделген, түрі қарт адамға ұқсас.

  5. Ірі қатпарларда боздануға ұқсас ісінген, эритематозды ошақтар. Бетінде жалқықты –іріңді қабықтар бар.

  1. Жүкті әйелден 2 мәрте күрт оң стандартты серологиялық реакциялар (РВ4) және күрт оң РИФ (4). Емдеу тәсілі:

  1. Бензилпенициллиннің натрий тұзы 400 мың бірліктен тәулігіне 8 рет 28 күн

  2. күніне 1 рет бұлау (ванночки)

  3. Ламизил 1 таблеткадан 1 рет 14 күн

  4. Трихопол 0,25х4 рет 10 күн

  5. Ацикловир 200 мг х 5 рет 10 күн

  1. Науқастың ауыз қуысының шырышты қабатын қарағанда эритематозды баспа байғалады.Жалпы әлсіздікке шағымданады.Эритема көгілдір түсті, шекаралары анық, бадамша бездерін, доғаларды алып жатыр, лейкодерма, RW 4,РИФ 4. Сіздің диагозыңыз:

  1. Қарапайым спецификалық емес баспа

  2. Үшіншілік белсенді мерез

  3. Екіншілік рецидивті мерез

  4. Екіншілік жаңа мерез

  5. Біріншілік серопозитивті мерез

  1. 25 жастағы әйелдің тұрмыс құрғанына 3 жыл. Тексергенде созылмалы эндоцервицит, аднексит анықталды. Жағындыда – лейкоцитоз, гонококк және трихомонада табылмады. 1,5 жастағы қызында создық жедел вульвовагинит. Дәрігердің дұрыс емдеу тәсілі:

  1. Комбинирленген асқындыру тәсілдерін қолданып, кейіннен бактериологиялық және бактерископиялық зерттеулер жүргізу

  2. Созылмалы соз емінің үлгісімен емдеу

  3. Физиотерапиялық емдер тағайындау

  4. Флораның антибиотикке сезімталдығын анықтай отыра, антибактериалдық препараттар тағайындау

  5. Жедел соз емінің үлгісімен емдеу

82. Әйелінде бірінші серопозитивті мерез диагнозы қойылды. Күйеуімен жыныстық өмірі ретті. Күйеуі тексерілді, мерездің клиника-серологиялық белгілері анықталмады. Күйеуіне ем тағайындала ма, егер тағайындалса қандай:

  1. Сынақ ем

  2. Спецификалық ем

  3. Профилактикалық ем

  4. Превентивтік ем

  5. Жалпы ем

  1. Әйелдер кенесінде жүктіліктің 5-ші айындағы бір әйелден әлсіз оң Вассерман реакциясы (2) анықталды. Тексергенде мерездің клиникалық белгілері табылмаған. Сіздің әрекетіңіз:

  1. Қанды ИФР, РИТ реакцияларымен зерттеу

  2. Мерезге қарсы емді бастау

  3. Микрореакцияға қан алу

  4. Ревмо-сынамаларын тексеру

  5. УДЗ (УЗИ)

  1. Созылмалы создың диагнозын анықтау тәсілдері болып табылады:

  1. Вассерман реакциясы

  2. Бактериоскопиялық зерттеу

  3. өршіту әдісін қолданып, соңынан бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу

  4. Тері – аллергиялық сынама

  5. Бактериологиялық зерттеу

  1. Мерзімі 16 апталық әйелдің жыныс мүшесі аймағына көптеген лентикулярлық қоңыр – қызыл көкшілдеу түсті, тығыз – эластикалық түйншектер шыққан. Вассерман реакциясы, микрореакция, РИФ -4. Диагноз қойыңыз:

  1. Біріншілік серопозитивті мерез

  2. Екіншілік рецидивті мерез

  3. Екіншілік жаңа мерез

  4. Біріншілік мерез

  5. Үшіншілік мерез

  1. Жаңа туылған нарестенде хламидияның идентификациясы үшін микробиологиялық зерттеуді қай кезеңде жүргізу керек:

  1. Туылған кезде және өмірінің 5-6 күні

  2. өмірінің 5-6 күні

  3. Тек туылған кезде

  4. Туылғаннан кейін 1айдан сон

  5. Әр ай сайын 3 ай көлемінде

  1. Егер тексергенде жүкті әйелдің серологиялық реакциясы оң нәтижені көрсетсе (РВ - 4; микрореакция -4) не істеу қажет. Мерездің клиникалық көрінісі жоқ. Жыныстық серігі тексерілмеген.

  1. Қанды РВ қайта тексеру

  2. Микрореакцияны қайталау

  3. Қанды РВ, РИФ, РИБТ тексеру

  4. Босанған дейін клинико-серологиялық бақылау

  5. Босанған дейін, босанғаннан кейін серологиялық бақылау

  1. Жүктілік мерзімі 18апталық әйелде РВ 3 оң болды. 2 рет 10 күн интервалымен РИФ және РИТ 2 рет теріс болды.Клиникалық сифилис жоққа шығарылды.Бөгде жыныстық қатынастарды жоққа шығарылды.Ері сау.Қандай клиникалық диагноз қою керек?

  1. Біріншілік серонегативті мерез

  2. Екіншілік серопозитивті мерез

  3. Ерте жасырын мерез

  4. Кеш жасырын мерез

  5. Мерезге биолгиялық жалған оң реакция

  1. 23 жасар әйел сыртқы жыныс мүшесі аймағындағы ашу, қышу, жағымсыз иісті, сүт түстес бөліндіге шағымданып, дәрігерге қаралды. Клиникалық қарау нәтижесінде келесі өзгерістер анықталды: жедел кольпит, артқы күмбезінде көпмөлшерлі ірімшік тәрізді бөлінді, 10% КОН сынамасы оң. Жағындыда лейкоциттер саны көп, «кілттік » жасушалар 20%-дан көп, бүршіктенуші ашытқылы жасушалар және жалған мицеллилер. Диагноз қой:

  1. Бактериалды вагиноз

  2. Жедел урогениталдық кандидоз және бактериалдық вагиноз

  3. Жедел урогениталдық кандидоз

  4. Диагноз анық емес, құрама асқындыру әдістерін қолданып бактериологиялық зерттеу жүргізу

  5. Диагноз анықемес, уреаплазмозды анықтау үшін жасанды ортаға егу қажет

  1. Трихомонадтың тіршілік ету орны:

  1. уретра

  2. ауыз қуысы

  3. ауыз қуысының кілегейлі қабаты

  4. тік ішек

  5. тері жамылғысы

  1. Гонококктар зақымдайды:

  1. көп қабатты жазық эпителий

  2. цилиндрлі эпителий

  3. куб тәрізді эпителий

  4. призма тәрізді эпителий

  5. мүйізгекті эпителий

  1. 22 жастағы науқаста уретраның еріндерінің ісінуі және гиперемиясы, аздаған кілегейлі-іріңді бөлініс, зәр шығару кезінде әлсіз ауырсыну анықталады. Жұғындыда жгитиктар класына жататын қарапайымдылар анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

  1. гонорея

  2. хламидиоз

  3. гарднереллез

  4. кандидоз

  5. трихомониаз

93.Науқаста аралық аймағында дефакация кезінде күшейетін, жиі зәр шығаруға шақыратын ауырсыну сезімі мазалайды. Аталған симптомдар гонореяның қандай асқынумен бірге жүреді:

  1. эпидидимит

  2. простатит

  3. парауретрит

  4. литтреит

  5. купперит

94. Келесі клинико – лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып диагноз қойыңыз: таңертеңгілік аз мөлшерде кілегейлі бөлініс, 1,5 айдан бері ауырыды; жұғындыны арнайы бояғаннан кейін алқызыл түсті клетка ішілік және клеткадан тыс диплококктар табылды :

  1. созылмалы гонорея

  2. латентті гонорея

  3. жаңа торпидты гонорея

  4. бактериальды уретрит

  5. хламидиялы уретрит

95. 37 жастағы науқаста жыныс мүшесінің басында дөңгелңек пішінді, шеттері анық, ет-қызыл түсті, негізі тығыз инфильтратты эрозия анықталды. Субъективті сезімдер жоқ. Сіздің диагнозыңыз:

  1. біріншілік сифилис

  2. қатарлы ісіктік жара (раковая язва)

  3. шанкр пішінді пиодермия

  4. қышымалы эктима

  5. генитальды герпес

96. КВД-ға 20 жастағы әйел қынаптан аз мөлшерде кілегейлі-іріңді сипаттағы бөлініске шағымданып келді. Объективті: жатыр мойны ісінген, гиперемирленген, сыртқы ернеуде кішкентай көлемде эрозия анықталады. Микроскопиялық зерттеуде препаратты Романовский – Гимзе бойынша бояғанда күлгін түсті цитоплазмалық құрам анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

  1. гонореялық эндоцервицит

  2. трихомонадты эндоцервицит

  3. хламидиялық эндоцервицит

  4. стафилококкты эндоцервицит

  5. микоплазмалық эндоцервицит

97. Науқас Т., 20 жаста әйелдер консулациясынан күйеуінің жаңа гонерия диагнозымен ОКВД-да емделуіне байланысты тексерілуге жолданған. Күйеуінен басқалармен жыныстық қатынасты жоққа шығарады. Қарау кезінде: қынаптың және жатыр мойны кілегей қабаты гиперемияланған, артқа күмбезде көп мөлшерде іріңді бөлініс анықталады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

  1. жаңа жедел гонорея

  2. жаңа торпидті гонорея

  3. гонококк тасымалдаушы

  4. созылмалы гонорея

  5. ассимтомды гонорея

98. Босынғаннан кейінгі әйелге донордан біріншілік серонегативті мерезбен ауыратын науқастан қан құйылды. Комплексті клинико – серологиялық зерттеу кезінде мерез белгілері анықталған жоқ. Әйелді емдеу қажет пе, қажет болса қашанға дейін ?

  1. профилактикалық

  2. сынамалы

  3. арнамалы емес

  4. ерте жасырын мерез бойынша ем жүргігу

  5. превентивті ем

99. 22 жастағы әйел гинекологқа қынаптан 2 ай бойы жағымсыз иіспен, көп мөлшердегі бөлініске шағымданып келді. Қарау кезінде: қынаптың кіреберіс кілегей қабаты ісінген, әлсіз гиперемияланған, 10% KOH сынамасы оң мәнді: Жұғындыда- лейкоцит аз мөлшерде, «кілтті» клетка> 20%, грамм – оң кокктар. Диагноз:

  1. бактериальды вагиноз

  2. урогенитальды кандидоз

  3. урогенитальды хламидиоз

  4. урогенитальды микоплазмоз

  5. урогенитальды трихомониаз

100. Қабылдауға әйел А. Жыныстық партнер Б., екіншілік мерезбен ауыратынын біліп келді. Қарау кезінде А. мерез белгілері жоқ. Серореакция теріс. А. және Б. арасындағы жыныстық қатыныасқа 3 ай болған. Науқас А. байланысты дәрігер тактикасы:

  1. превентивті ем тағайындау

  2. қаралу кезінде тексеру, ем жүргізбеу

  3. екі рет қаралу 2 ай интервалмен КСР және РИФ (немесе ИФА) қолданумен

  4. профилактикалық ем тағайындау

  5. сынамалы ем

101. 29 жастағы әйел стацинарға жедел өрлемелі гонорея диагнозымен келіп түсті. Жатыр түтіктері және аналық бездері пальпациялау іштің қатаюына байланысты мүмкін болмады. Бұл жағдайда терең пальпация жүргізіледі ма?

  1. ия

  2. жоқ

  3. науқас сұрауы бойынша

  4. дәрігер сұрауы бойынша

  5. ия, науқас жағдайының ауырлығына байланысты

102. Айқын клиникалық обыр болмаған жағдайда, гистологиялық материал үшін жатыр мойнының биопсиясын жүргізеді:

a)скальпельмен

b)конхотоммен

c)электрпішақпен

d)кюреткамен

e)Фолькман қасығымен

103.Аналық бездің метастатикалық зақымдануын қай ғалымның құрметіне атады:

a)Шницлер

b)Крукенберг

c)Вирхов

d)Зоргиус

e)Ланхганс

104. Дәрігерге науқас әйел іштің төменгі бөлімінде ауру сезіміне, жиі кіші дәреттің болуына шағымданып келді. Қарапп тексеру кезінде: іштің төменгі жағына пальпация жасаған кезде іші ауырады, ішперденің тітіркену симптомы теріс. Зәр шығарудың және кіші дәреттің кідіруі жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, цилиндр пішінді, ректовагиналды зерттеу кезінде кіші жамбаста күрт ауыратын, тығыз-эластикалық ісік тәрізді түзіліс анықталады, жатыры бөлек пальпацияланбайды. Қан анализі-эр-4,2 х10, лейк 6,2х10, СОЭ- 24 мм/сағ:

a)аналық без ісігінің немесе фиброматозды түйіннің қоректенуінің жедел бұзылысы

b)аналық без апоплексиясы

c)тубоовариалды түзіліс

d) ішпердеге қан ағумен жүретін бұзылған түтіктік жүктілік

e)пиосальпинкс қабырғасының жарылуы

105. Науқас әйелде кең негізде субсерозды фиброматозды түйіннің қоректенуінің жедел бұзылысы болған жағдайда, отаның қандай көлемі ең ЫҚТИМАЛ бола алады?

a)ісіктік түйіннің энуклеациясы

b)2 жақтық овариоэктомиямен ісіктік түйіннің энуклеациясы

c)жатырдың қосалқыларсыз қынапүстілік ампутация

d) жатырдың қосалқылармен қынапүстілік ампутация

e) жатырдың қосалқыларсыз қынапүстілік экстирпациясы

106. Жатыр мойнының обыры кезінде оперативті емнің көлемін таңдаңыз:

a) жатырдың қосалқылармен қынапүстілік ампутация

b) жатырдың қосалқылармен қынапүстілік экстирпациясы

c) Вертгейм типі бойынша кеңейтілген жатырдың қосалқылармен қынапүстілік экстирпациясы

d)сынамалы лапаротомия

e) жатырдың қосалқылармен қынапүстілік ампутациясы және үлкен шажырқайдың резекциясы

107. Айнамен қарау кезінде деформацияланған жатыр мойнында беткейден шығып тұратын дөрекі ақ жабынды анықталды. Тактикаңыз:

a)конхотоммен биопсия

b)скальпельмен биосия

c)Электрокоагуляция

d)жатыр мойнының конизациясы

e) жатыр мойнының ампутациясы

108. 30 жастағы науқасты қарап тексеру кезінде түйіршікті тығынды алып тастағаннан кейін бір айдан соң, жатыр денесі жүктілліктің 6 аптасына сай үлкейген, қосалқылары өзгеріссіз, етеккір циклі қалпына келмеген. ХГ титрі - 3000МЕ. Бұл жағдайдағы тактика:

a)Бақылау

b)Гормонотерапия

c)Химиотерапия

d)Гистерэктомия

e)Сәлелік терапия

109.Науқас Б., 1990 жылы туылған. Оң жақ сүт безінің үлкеюіне шағымданып түсті. Анамнезінен: 3 жыл бойы ауырады. ОАА жағадйында қаралды, Семей қаласының АОД-не жолданды, зерттеуден кейін оперативті емге жатқызылды. Сүт бездерінің УДЗ – оң жақта гинекомастия. АОД-дің поликиника жағдайында сүт безінен ТИБ жүргізілді – оң жақ сүт безінің гинекомастиясы. Жергілікті: оң жақ сүт безі үлкейген, өлшемі 3,5 х 4,0 см, аурмайды, қозғалмалы, оның үстіндегі тері өзгермеген, контурлары анық. Операция қай көлемде жүргізілуі тиіс?

a)оң жақтан тері астылық мастэктомия

b)Пейт бойынша тоталды мастэктомия

c)Мадден бойынша оң жақтан тоталды мастэктомия

d)сол жақ тері астылық мастэктомия

e) Мадден бойынша сол жақтан тоталды мастэктомия

110. Науқас К. 39 жаста аймақтық дәрігерге қабылдауға келді. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны бөшке тәрізді пішінді, жоғарыға қарай тартылған, мойнының жоғарғы ернін ісік тәрізді түзіліс жабады, жанасқанда қанайды. Жыныс жолдарынан бөлінділер қанды, жағыллмалы. Қынаптық қарау кезінде: жатыр солға ығысқан, қалыптыдан сәл үлкендеу, тығыз, қозғалысы шектелген.

Параметрийлер ерекшеліксіз. Қандай ем ең ЫҚТИМАЛ?

a)Вертгейм бойынша жатырдың кеңейтілген экстирпациясы

b)жатыр мойнының ампутациясы

c)таксан қатарындағы препараттармен химиотерапия

d)дистанционды сәулелік ем

e)жатыр мойнының электроэксцизиясы

111. Науқастарды клиникалық топқа бөлу қажет:

  1. Онкологиялық науқастарды есепке алу үшін

  2. Онкологиялық науқастарды диспансеризациялау үшін

  3. Ісіктің таралу дәрежесін анықтау үшін

  4. Науқастардың емдеу тактикасын анықтау үшін

  5. Онкологиялық науқастарды бақылау үшін

112. Жатыр денесі және жатыр түтіктерінен лимфаның ағысы қалай бағытталады?

  1. Бел және сегізкөз аймағының лимфа түйіндеріне

  2. Қолқа маңындағы лимфа түйіндеріне

  3. Жалпы мықын лимфа түйіндеріне

  4. Шап лимфа түйіндеріне

  5. Ішкі мықын лимфа түйіндеріне

113. 31 жастағы науқас стационарға құрсақ қуысының төменгі бөлігінің төмен тартып ауру сезіміне және жыныс жолындағы қанды бөліністерге шағымданып келді. Етеккірдің кідіруі 2 ай. Анамнезінде 3 өздігінен түсік. Қынаптық зерттеуде:жатыр мойны өзгеріссіз, жатыр ұлғаймаған, жатыр қосалқылары өзгеріссіз. УДЗ - да эндометрий 0,9 см. Жүргізу тактикасы қалай?

  1. Спазмолитикалық терапия бастау

  2. Жатыр қуысын қыру

  3. Окситоцин тағайындау

  4. Антибактериалды терапия тағайындау

  5. Гормоналды гомеостаз тағайындау

114. Науқасқа көпіршікті тығынға байланысты жатыр қуысына қыру жасалды. Операциядан кейін 3 апта ішінде ХГТ титрі 6500 мМЕ̸ мл – ге дейін төмендеген,осы уақытқа дейін осы деңгейде сақталынып тұр. Науқасқа бірінші орында не жасау қажет?

  1. Ай сайын ХГТ титрін анықтау

  2. Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу

  3. Химиотерапия

  4. Кіші жамбас қуысына УДЗ

  5. ХГТ санын анықтау

115. Жатыр миомасы бар 50 жастағы әйел менструалды цикл кезіндегі ретсіз қан кетуге шағымданып келді. Анамнезінен: әр 5 – 6 аптада көп мөлшерде етеккір. Соңғы 3 циклында 5 -7 күнге жалғасатын қанды бөліністер болған. Жатыр қуысына диагностикалық қыру жасалды. Гистологияда – эндометрийдің атипияланған бездік-кистозды гиперплазиясы анықталды. Емдеу тактикасы қандай?

  1. Гестогендіпрепараттардытағайындау

  2. Гормоналдыпрепарттардытағайындау

  3. Жатырампутациясы

  4. Миомэктомия

  5. Гистерэктомия

116. Науқас 52 жаста шағымдары әлсіздікке, іштің төмен тартып ауру сезімі. Қарау кезінде – іштің үлкеюі, перкуторлы дыбысының бүйір бөлігінде тұйықталуы. Қынаптық зерттеуде: жатыр ұлғаймаған көлемде, оның сол жағы және артқы жағынан бұдыр, ауру сезімінсіз, қозғалысы шектелген, көлемі 10 – 12 см. Болжам диагноз қойыңыз?

  1. Гениталды эндометриоз

  2. Сол жақ аналық безінің кистомасы

  3. Тубоовариальды абсцесс

  4. Жатырдың субсерозды миомасы

  5. Аналық безінің қатерлі ісігі

117. Науқас 46 жаста сыртқы жыныс жолынан қанды бөлінділердің бөлінуіне шағымданады. Жатыр мойнының гистологиясі:жалпақ жасушалы рак. Кіші жамбасУДЗжасағанда, жатыр мойнындағы гипоэхогенді түзіліс, параректалді аймақты қамтып жамбас сүйектеріне дейін таралған инфильтраттар анықталды. Тиімді ем шараларын жасау үшін қандай зерттеу жұмыстарын жүргізген дұрыс?

  1. Компьютерлік томография

  2. Магнитті – резонансты томография

  3. Ангиография

  4. Ректомоноскопия

  5. Ирригоскопия

118. Науқас 38 жаста, клиниқалық диагнозі: жатыр мойының рағы 3б ст. Құрсақ қуысының УДЗ – да – панкреатит, оң бүйректе гидронефроз. Қанның биохимиялық талдауында – белок – 56 г/л, АСТ – 15 – Ед/л, АЛТ – 12 Ед/л, билирубин – 15,1 ммоль/л, амилаза – 25 Ед/л, креатинин – 110 ммоль/л, мочевина – 8, 6 ммоль/л. Қандай асқыну дамыды?

  1. Бүйрек жеткіліксіздігі

  2. Билирубинемия

  3. Жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі

  4. Бауыр жеткіліксіздігі

  5. Ұйқы безі жеткіліксіздігі

119. Науқас 49 жаста шағымдары: жыныс жолдарынан қанды бөліністер, белдегі тартып ауру сезімі, ісіну. Жатыр мойның гистологиясы: жалпақ жасушалы рағы. Кіші жамбастыңУДЗ:жатыр мойнындағы гипоэхогенді түзіліс, жамбас сүйектеріне дейін инфильтраттар анықталады. Құрсақ қуысының УДЗ: панкреатит, оң бүйректе гидронефроз. Емдеу тактикасы қандай?

  1. Симптоматикалық терапия

  2. Химиотерапия

  3. Иммунотерапия

  4. Сәулелік терапия

  5. Хирургиялық ем

120. Науқас 54 жаста, гинекологқа келесі шағымдармен келді: сыртқы жыныс мүшесінің сол жақ ернеуінің ашуына, қышуына. Қарап тексергенде сыртқы жыныс мүшесінің сол жақ ернеуінде гиперемия, қасынған іздері байқалады. Вульвоскопияда – йоднегативті аймақ, цитологияда – ауыр дисплазия анықталды. Хирургиялық емнің көлемін дұрыс таңдаңыз.

  1. Шаптық лимфо диссекциямен қабаттасқан вульвоэктомия

  2. Лазерлік деиинервация

  3. Кеңейтілген вульвоэктомия

  4. Беткей вульвоэктомия

  5. Вульваның толық эксцизиясы

121. Науқас 35 жаста іріңді бөліністерге шағымданып келді. Етеккір функциясы қалыпты. Анамнезінде 2 босану, 2 жасанды түсік. Per vaginum: ауытқулар жоқ. Айнада және кольпоскопияда:жатыр мойнында эктопиялық ошақ анықталды. Цитология:метаплазия, көп қабатты жалпақ эпителийдің ауыспалы қабатының атипті құрылысы анықталады. Болжамды диагноз қандай?

  1. Дисплазия

  2. Псевдоэрозия

  3. Полип

  4. Цервицит

  5. Папиллома

122. 16 жаста науқасқа оң аналық безінің ісіқтің кысымы бойынша жатырдың оң жақта түтігтерің алып кесу. Гистологиялық нәтіжесі – гранулезоклетқалық тіңі. Болжамды тактика қандай:

  1. Релапаротомия жатырдың және сол жақта түтігтерің алып кесу

  2. Сәулеліқ емі

  3. Химиотерапиялық емі

  4. Қадағалау

  5. Гормондық емі

123. Науқасқа көпіршікті тығынға байланысты жатыр қуысына қыру жасалды. Операциядан кейін 3 апта ішінде ХГТ титрі 6500 мМЕ/мл – ге дейін төмендеген,осы уақытқа дейін осы деңгейде сақталынып тұр. Науқасқа бірінші орында не жасау қажет?

  1. Ай сайын ХГТ титрін анықтау

  2. Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу

  3. Химиотерапия

  4. Кіші жамбас қуысына УДЗ

  5. ХГТ санын анықтау

124. 2 жастағы науқас клиниқалық диагнозы:жатыр мойнының рығы 3б саты. Бимануальды тексеруде: Жатыр мойнының қынапты бөлігі бөшке тәрізді үлкейген,өте қатты,қозғалыссыз.Жатыр денесі қалыптыдан үлкен.Параметриді жамбас қабырғасына дейін қатты инфильтраттанған. Ректалды:қабырғасы тегіс. Ісіктің қосымша зерттеулері:

  1. Иригоскопия

  2. Цистоскопия

  3. Гастроскопия

  4. Фиброгастроскопия

  5. Бронхоскопия

125. Науқас 47 жаста клиниқалық диагнозы: жатыр мойының рағы 3б саты. Anamnes morbi:жарты жылдан бері ауырады,2ай иштең төменгі жақтары ауру сезімі мазалаңғаң, кетоналмен басылгаң. Anamnes vitae: Боткина ауру, рефлюкс-эзофагит, геморой. Емдеу кезенде асқынулар алдын алу үшін кандай зерттеу қажет?

  1. Ирригоскопия

  2. Цистоскопия

  3. Гастроскопия

  4. Фиброгастроскопия

  5. Бронхоскопия

126. Науқас 45 жаста, жыныс ерінінің ортаңғы 1/3 болігінде жаралы байқаған. Осы аймақта аздаған қышу бар екенін айтады. Жалпы жағдайы өзгеріссіз. Шат лимфа туйіндері ұлғаймаған. Сол жақ жыныс ернінде диаметрі 2см-гі жететін каң бөлінетін жара бар. Цитологиялық:жалпақжасушалы рағы. Ауру сатысы?

  1. Insitu

  2. 1 ст.

  3. ІІ ст.

  4. ІІІ ст.

  5. ІV ст.

127. Науқас 42 жаста, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністермен келіп түсті. Жарты жыл бойы ауырады. Жатыр мойынының гистологиясы: жалпақ жасушалы обыр. Обырдың кезеңін анықтау үшін қосалқы зерттеулер:

a)Ирригоскопия

b)Цистоскопия

c)Гастроскопия

d)Фиброгастроскопия

e)МРТ

128. 54 жастағы науқас жатыр мойнының биопсия жасалды. Биоптатта гистолоғиялық зерттеуде муйізделмеген жалпақжасушалы рағы анықталды. Інвазия терендіғі 5мм.Клиникалық тобың анықтаныз:

  1. 1а тобы

  2. 1б тобы

  3. 2а тобы

  4. 2б тобы

  5. 3 тобы

  1. 54 жастағы науқас шағымдары: циклға байланыссыз қанды боліністер. Боліктік диагностикалық қыру жүргізілді, гистологиялық: эндометридің атипиялық гиперплазиясы. Аскынудың алдын алудың емдеу тактикасы: