- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесін алуға арналған дипломдық жоба
- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы
- •1 Аналитикалық шолу
- •1.1 Майлы сығындылар:алу жолдары, стандарттау және сақтау
- •1.3 Мекемеге жалпы шолу жасау: фармацевтикалық сапа жүйесі
- •2 Маркетингтік шолу
- •3 Инженерлі-технологиялық бөлім
- •3.1 Техникалық қайта жабдықтау
- •3.2 Өндірістің химиялық сызбасы
- •3.3 Бастапқы шикізат, материалдар, жартылай өнім мен дайын өнімнің сипаттамасы
- •3.Ошаған майының өндірісінің технологиялық сызбасы
- •3.5 Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •3.6 Технологиялық режим нормалары
- •3.7 Аппаратуралық сызба
- •3.8 Қолданылатын технологиялық жабдықтардың негіздемесі
- •3.13 Энергетикалық баланс
- •4 Жабдықтың квалификациясы
- •5 Дайын өнім сапасын анықтау
- •6 Технико-экономикалық негіздеу
- •7 Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария
- •7.1 Технологиялық үрдістің қауіпсіздігіне негізгі талаптар
- •7.2 Өндірістің жоспар бойынша тоқтауы кезіндегі негізгі ережелер
- •8 Қоршаған ортаны қорғау
3.Ошаған майының өндірісінің технологиялық сызбасы
Ошаған майының өндірісінің технологиялық сызбасы А қосымшасында келтірілген.
3.5 Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы
Кезең 1. Ингредиенттерді дайындау
Шикізаттың сапа көрсеткіштері сәйкестігіне кіріс бақылауы жүргізіледі. Шикізаттың НҚ сәйкестігі жөнінде СББ рұқсат хаттамасы мен қорытындысы бар шикізат цехқа маршрутты картамен келіп түседі Рұқсат хаттамасының көшірмесі мен маршрутты картаның көшірмелері цехта болуы қажет. Шикізатты цехқа арбалар арқылы тасымалдайды. Цехқа шикізаттар атауы мен сериясы жазылған жабық ыдыстарда келіп түседі. Сусымалы шикізаттарды жүктеу үшін күректерді қолданады, сусымалы емес шикізаттарға кескіш заттарды қолданады, күнбағыс майын өлшейді.
Майды +25 °С градустан аспайтын бөлмелерде сақтайды. Қажетті дәрілік өсімдік шикізаттарын: түйежапырақ тамыры, түйежапырақ жапырақтарын аналитикалық таразыда өлшеп технологиялық үрдіске дайындайды.
Кезең 2. Үгіту
Үгітуді нормативті құжат бойынша жүргізеді. Қоймадан алынған шикізаттарды шөпкескіште сәйкес мөлшерде үгітеді. Үрдіске 20 кг түйежапырақ тамыры, , 28кг түйежапырақ жапырақтары келіп түседі. Әрбір ингредиентті жеке-жеке шөпкескіште 5 мм көп емес үгітеді, және бірден жинағыштарға жинайды. Операция шығысы 99,5 %-ды құрайды.
Кезең 3. Сығындыны алу
Экстрагент ретінде тазартылған иіссіздендірілген, алдын ала 60-70°С
қыздырылған өсімдік майын қолданады (күнбағыс майы). Өсімдік шикізатын мацерация тәсілімен экстракциялайды. Экстракция мерзімі,экстрагенттін түрі мен мөлшері сығындалушы шикізаттың касиеттеріне байланысты тандап алынады.
Түйежапырақ тамырының сығындысын алу
Түйежапырақ тамырының сығындысын алуды нормативті құжаттарға сәйкес жүргізеді.
Қазан айынан қараша айы аралығында жиналып алынған 20 кг үгітілген түйежапырақ тамырын, 28 кг түйежапырақ жапырағын экстракторға жүктейді, 288,75 кг күнбағыс майын құяды, араластырады, 50–60 °С температурада 5 күн бойы тұндырады. Температуралық режимнің мәліметтері термотүрлендіргіштен келіп түседі, және экстрактордың сыртқы бөлігінде орналасқан температура датчигінде шығарылады және өндірістік хаттамада тіркеледі. Экстракциялау кезінде экстракторларды ашпайды.
Түйежапырақ жапырағының сығындысын алу
Түйежапырақ жапырақтарының сығындысын алуды нормативті құжаттарға сәйкес жүргізеді.
Мамыр айынан маусым айы аралығында жиналып алынған 28 кг үгітілген түйежапырақ жапырақтарын, экстракторға жүктейді, 96,2 кг күнбағыс майын құяды, араластырады, 50–60 °С температурада 3 күн бойы тұндырады. Температуралық режимнрежимнің мәліметтері термотүрлендіргіштен келіп түседі, және экстрактордың сыртқы бөлігінде орналасқан температура датчигінде шығарылады және өндірістік хаттамада тіркеледі. Экстракциялау кезінде экстракторларды ашпайды.
Кезең 4. Тұндыру
Экстракция уақыты өткен соң, алынған майлы сығындылардың әрқайсысын фильтр тор арқылы бірден тұндырғыштарға өткізеді. Тұндыру 25 °С –тан жоғары емес температурада кемінде 3 күн жүргізіледі.
Тұндыру аяқталған соң, араластыру басталмастан бұрын , сапаны бақылау бөлімінің өкілі моносығындылардан сынама алады. СББ мақұлдауын алғаннан соң моносығындылар келесі үрдіске жіберіледі. Экстракция үрдісінде алынған шротты арбаға жүктеп үйіндіге жеткізу үшін автокөлікке салады.
Кезең 5. Араластыру және тұндыру
Ингредиенттерді араластыруды нормативті құжаттарға сәйкес жүргізеді.
Реакторға (араластырғыш) 303,95 кг түйежапырақ тамыры сығындысын, 101,30 кг түйежапырақ жапырақтары сығындысын жүктейді, 4-5 сағ аралығында араластырады.
Алынған майды 3 күн тұндырады. Тұндыруды 15 – 25 °С температурада жүргізеді. Үрдіс аяқталған соң сапаны бақылау бөлімінің өкілі нормативті құжаттарға сәйкес реактордан сынама алады.
Кезең 6. Фильтрлеу
ОКК рұқсаты алынған соң майды фильтрленбеген майды нормативті құжат бойынша жинағыштарға жүктейді. Майды жүктеген соң «Полирующия фильтрация» құрылғысы арқылы, фильтрленген майды жинауға арналған жинағыштарға фильтрлейді. Жинағыштарда: температура 25 °С – тан жоғары емес, салыстырмалы ылғалдық (65 ± 15) % күйінде өзгеріссіз 60 күн сақталуы мүмкін. Полифитті май 7 үрдіске өтеді. Осы үрдістен 1003,03 кг мөлдір сарғылт-жасыл түсті, өзіндік иісі бар, майлы сұйықтық алынады.
Технологиялық үрдіс аяқталған соң нормативті құжатқа сәйкес хаттама толтырылады.
Кезең 7. Қаптау және жапсырмалау
Ошаған майын флакондарға құюды нормативті құжатқа сәйкес жүргізеді.
Ошаған майын қызыл қоңыр түсті I класс ҚР МФ I, т. 1, 3.2.1 шыныдан жасалған құтыларға дозалаушы құрылғы арқылы 100 мл көлемінде қаптау линиясында толтырады . СББ құтыға құю кезінде күніне 3 рет нормативті құжатқа сәйкес сынама алады. 100 мл көлеміндегі құтыларды бақылау сақинасымен алюминий қақпақтармен тығындайды. СББ қаптау үрдісі кезінде нормативті құжатқа сәйкес сынама алып бақылау жүргізеді.
Тығындалған құтылар қаптау линиясындағы жапсырмалау автоматына жіберіледі.
Құтыларды жапсырмалау нормативті құжатқа сәйкес жүргізіледі. Құтыларға жапсырма қағаздан ГОСТ 7625-86Е бойынша жапсырылады.
Жапсырмада өндірушу ел, өндіруші мекеме, тауарлық белгі, препараттың атауы мемлекеттік және орыс тілінде, құрамы, сақтау шарттары, босатылу шарттары, серия нөміру, жарамдылық мерзімі, штрих-код көрсетіледі. Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық екі тілде болады (қазақ тілінде, орыс тілінде)
Кезең 8. Қораптарға қаптау
Әрбір құты нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа екіншілік қапталады.
Ошаған майының құтыларын топтық тараға қаптау нормативті құжатқа сәйкес жүргізіледі.
Құтылары бар қораптарды тасымалдау тараларына 25 бірлік дайын өнімді (100 мл) қаптайды.
Қораптарды 25 бірлік дайын өнімді 2 қатарға қояды, бірінші қатарға құтылардың тұрақтылығы үшін төсемдер қояды, содан кейін екінші қатарды орналастырады. Гофра тараны фирмалық скотчпен желімдейді, үстінен өндіруші мекеме, препараттың мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы, препарат саны, сақтау шаралары, серия нөмірі, жарамдылық мерзімі көрсетілген жапсырма жапсырады.
Қаптау кезіндегі шығын 0,303 %-ды құрайды. Қаптау үрдісі аяқталған соң нормативті құжатқа сәйкес хаттама толтырылады. Әрбір серия өндіріс кезінде барлық технологиялық үрдістердің орындалуының тіркелуін тексереді.
