- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесін алуға арналған дипломдық жоба
- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы
- •1 Аналитикалық шолу
- •1.1 Майлы сығындылар:алу жолдары, стандарттау және сақтау
- •1.3 Мекемеге жалпы шолу жасау: фармацевтикалық сапа жүйесі
- •2 Маркетингтік шолу
- •3 Инженерлі-технологиялық бөлім
- •3.1 Техникалық қайта жабдықтау
- •3.2 Өндірістің химиялық сызбасы
- •3.3 Бастапқы шикізат, материалдар, жартылай өнім мен дайын өнімнің сипаттамасы
- •3.Ошаған майының өндірісінің технологиялық сызбасы
- •3.5 Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •3.6 Технологиялық режим нормалары
- •3.7 Аппаратуралық сызба
- •3.8 Қолданылатын технологиялық жабдықтардың негіздемесі
- •3.13 Энергетикалық баланс
- •4 Жабдықтың квалификациясы
- •5 Дайын өнім сапасын анықтау
- •6 Технико-экономикалық негіздеу
- •7 Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария
- •7.1 Технологиялық үрдістің қауіпсіздігіне негізгі талаптар
- •7.2 Өндірістің жоспар бойынша тоқтауы кезіндегі негізгі ережелер
- •8 Қоршаған ортаны қорғау
3 Инженерлі-технологиялық бөлім
3.1 Техникалық қайта жабдықтау
Әрбір мекемеге уақыты келгенде, өндірістік әлеуетті көтеру үшін және оның бөлімдерімен әрекеттесуін үйлесімдеу мақсатында техникалық қайта жабдықтау немесе өндірісті жаңарту қажеттілігі туындайды. Бәләктә және уақытында өткізілген техникалық қайта жабдықтау үрдісі келесідей мүмкіндіктер береді:
өндіріс көлемін ұлғайту;
шығарылатын өнімнің сапасы мен түрлерін жоғарылату;
өндірістің қуат тиімділігін жоғарылату;
өнімді өндіруге жұмсалатын ресурстарды төмендету арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету;
қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендету.
Мекемені қайта құрудан қарағанда, техникалық қайта жабдықтау бұрыннан бар өндірістік аумақтардағы жабдықтарды алмастыру немесе орнатуды тұспалдайды. Сонымен бірге, жаңа жабдықтың габаритті көлемі қажет еткен жағдайда ғана ғимаратты ішінара қайта құруға рұқсат етіледі. Бұған қоса, техникалық қайта жабдықтау мәнісіне желдеткіш, жылыту жүйелері, табиғатты қорғау құрылыстары, өндірістің іске қосылып тұрған бөлімдерінің орталықтанған электр, сумен және канализацияны жабдықтау жүйелеріне қосылуы жатады. Бұл жағдайларда жаңа құрылыс немесе іске қосылып тұрған негізгі немесе қосалқы нысандарды (котельных, компрессорлық, қоймалық бөлмелержәне т.б.) кеңейту рұқсат етіледі.
Іске қосылып тұрған мекемені техникалық жабдықтау, оның жоспар бойынша техникалық дамуын жүзеге асыруды білдіреді (бұрыннан бар өндірістік бөлімдерді ұлғайтпай), яғни жаңа техника, технология ендіру, өндіріс үрдісін механикаландыру, автоматтандыру, физикалық және техникалық ескірген жабдықты ауыстыру, жаңарту арқылы өндірістің [33].
Өндірісті техникалық қайта жабдықтау келсідей біріншілік міндетті шешуге мүмкіндік береді:
- Мекемені техникалық жаңарту, өндірістік үрдістерді жетілдіру, жаңа бұйымдарды шығаруды игеру жолдары арқылы мекеменің экономикалық тиімділігін арттыру;
- Нарықтағы жаңа жағдайларға бәсекелестік стратегиясын бейімдеу үшін өндірісті басқарудың стратегиялық тиімді әдістерін қолдану;
- Мекеменің өндірістік қызметкерлерінің сапасын жоғарылату, ең алдымен басқарушылық;
- Мекеменің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын, заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді, инновацияларды, ақпараттық және байланыс технологиялары мен ұйымдастыру-басқарушылық қызметтің жаңалықтары негізінде фирманың жаңа бет-бейнесін қалыптастыру [34].
Өндірісті техникалық қайта жабдықтау, мекемедегі өндірістің ағымдағы жағдайынан туындайды, және оны жақсартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар жеке қаржыландыру көзінен немесе қосымша қаражат тарту арқылы іске асырылуы мүмкін.
Өндірісті техникалық қайта жабдықтау, мекеме дағдарыстан шыққан кезде, өндірістегі жалпы жағдай тұрақты, бірақ даму динамикасы нашарлағанда, бәсекелестік деңгейі төмендегенде, мекеме өндірісінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, және қаржы-экономикалық әлеуетін жинақтау үшін қажет. Басқаша айтқанда, өндірісті тиімді түрде жүзеге асыруға, жағдайды тұрақтау және шығынсыз жұмысқа шығару мақсатында, оны басқаруға мүмкіндік беретін іс-шаралар кешені қажет. Мекеменің ағымдағы жағдайы қанағаттандырарлық болғанда, алайда оның қызметінің болжамдары жағымсыз болған жағдайда да техникалық қайта жабдықтау қажет [35].
Қазіргі таңда жаңа техниканың тұтынушылық қасиеттерін жақсарту жиі қосымша шығын есебінен іске асады, яғни жаңа машиналар мен жабдықтардың құны конструктивті-техникалық дамудың белгілі бір сатыларында тек қосымша шығын арқылы қамтамасыз етілетінін түсіндіреді. Бұл жағдайда қосымша шығындарды, өндіріс масштабын үлкейту шығындарын үнемдеу арқылы компенсациялауға болады.
Өндірістік мекемелерді техникалық қайта жабдықтаудың негізгі бағыттарына еңбекті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін жоғарылату, соған сәйкес қол еңбегімен айналысатын жұмыскерлер санын азайту, негізгі өндірістік қорды қолданудың тиімділігін арттыру, үдемелі шешімдерді кең қолдану, өндіру кезіндегі шикізат шығындарын азайту, полимерлі материалдарды қолдану, өндіретін бөлшектерді бірегейлендіру мен стандарттау, техника мен технологиялар көмегі арқылы автоматтандырылған өндірісті кеңейту, шикізатты өңдеудің үдемелі әдістерін қолдану жолдары арқылы қол жеткізеді.
Бұл жобамен ЖШС «ФитОлеум» мекемесіндегі бұрыннан бар галенді цехты техникалық қайта жабдықтау ұсынылып отыр. Техникалық қайта жабдықтауды енгізуді ұсыну қажеттілігі, өндірістегі қаптау бөлімінде құтыларға құю, жапсырмалау, екіншілік қаптау қол еңбегімен өндірілетінімен түсіндіріледі.
Эксплуатаияға жаңа жабдықты ендіру, қазіргі кездегі ошаған майының, сонымен қатар басқа да фитопрепараттардың өндіріс қуаттылығын 40%-ға жаңартуға мүмкіндік береді, қол еңбегін автоматтандырып өнім сапасын жоғарылатады. Ошаған майының бір серияға арналған мөлшері есептелініп, жабдықтың өнімділігі есептелінді (кесте 4).
Өнімділігі сағатына 3500 құты болатын құю, тығындау және жапсырмалау блоктарынан тұратын автоматты қаптау линиясы ұсынылды.
Кесте 4 – Ошаған майының өндірістік рецептурасы
Шикізаттар мен қосымша заттар атауы |
НҚ |
Мөлшері, г/1 бірлік өнім |
Мөлшері, кг /10000 бірлік өнім |
Функционалдық белгіленуі |
түйежапырақ тамыры |
ҚР МФ |
2.0 |
20 |
Белсенді зат |
Түйежапырақ жапырақтары |
ҚР ФМ |
2,8 |
28 |
Белсенді зат |
Күнбағыс майы |
ЕФ* |
100 мл дейін |
952 |
Қосымша зат |
Жабдықтың сипаттамасы
Толтыру линиясы мұрынға, көзге арналған тамшылар, сутегі асқын тотығы, түрлі тұндырмалар мен сұйық препараттардың өндірісіне арналған.
Қаптау линиясының комплектациясына байланысты өнімді құтыларға қаптап және жапсырмалауға болады. Дозаның көлем диапазоны мен өнімділігі анық талаптарға сәйкес жеке анықталады.
Құю линиясы сенсорлы экранның ЖКИ пультімен басқарылады, ол экранда барлық машинаның орнатулары орналасқан.Бір сағатта немесе бір ауысымда өндірілген өнімнің санын бақылауға болады, машина жұмысында ауытқулар болған жағдайда дисплейда бұзылу себептері айқын көрінеді. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша құю линиясы сервоқозғалтқышпен жабдықталуы мүмкін, сол арқылы дозаның көлемін ауыстыру механикалық орнатуларды талап етпейді, барлық орнатулар сенсорлы пульттың басқаруымен жүреді.
Өніммен қатынайтын құю линиясының барлық бөліктері жоғары сапалы тот баспайтын болат AIS-316 жасалған, ал басқа бөліктері тот баспайтын болат AIS-304 жасалған. Линия фармацевтикалық өндіріс үшін СЕ және GMP стандарттарының талаптарына сай.
Кешенді құю линиясының құрамы:
1. Құю моноблогы мен пресстелген тығындармен және винтті қақпақтармен тығындау.
2. Жапсырмалайтын машина.
3. Тамшылатқыш принтер / ыстық өрнек салу/ термотрансферлі.
Ұсынылып отырған комплектация линиясы өндірістік циклді автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді (кесте 5).
Кесте 5 - Техникалық сипаттамалар
Кешенді линияның құрамы |
Көрсеткіштер |
Параметрлер |
1 |
2 |
3 |
Құю моноблогы мен пресстелген тығындармен және винтті қақпақтармен тығындау |
Өнімділік: |
Сағатына 3500 құтыға дейін |
Қуат желісінің параметрлері |
220В 50Гц 1,5 квт |
|
Тығыздалған ауа |
6 кгс/см. |
|
Дозалау дәлдігі |
±1,0 мл |
|
Салмағы,кг |
800 ден көп емес |
|
Жапсырмалау |
Қуат желісі парметрлері |
2,5 кВт |
Жапсырмалау жылдамдығы |
80 м/min |
|
Баспа үшін тығыздалған ауа қысымы |
5 кг/см2 |
|
Жапсырмалау дәлдігі |
±1.0 мм |
|
Рулон мөлшері |
ширина 80 mm диаметр втулки: 76mm внешний диаметр: 310mm |
|
Жапсырмалайтын өнім мөлшері |
(W×H)160×200 мм |
