- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесін алуға арналған дипломдық жоба
- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы
- •1 Аналитикалық шолу
- •1.1 Майлы сығындылар:алу жолдары, стандарттау және сақтау
- •1.3 Мекемеге жалпы шолу жасау: фармацевтикалық сапа жүйесі
- •2 Маркетингтік шолу
- •3 Инженерлі-технологиялық бөлім
- •3.1 Техникалық қайта жабдықтау
- •3.2 Өндірістің химиялық сызбасы
- •3.3 Бастапқы шикізат, материалдар, жартылай өнім мен дайын өнімнің сипаттамасы
- •3.Ошаған майының өндірісінің технологиялық сызбасы
- •3.5 Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •3.6 Технологиялық режим нормалары
- •3.7 Аппаратуралық сызба
- •3.8 Қолданылатын технологиялық жабдықтардың негіздемесі
- •3.13 Энергетикалық баланс
- •4 Жабдықтың квалификациясы
- •5 Дайын өнім сапасын анықтау
- •6 Технико-экономикалық негіздеу
- •7 Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария
- •7.1 Технологиялық үрдістің қауіпсіздігіне негізгі талаптар
- •7.2 Өндірістің жоспар бойынша тоқтауы кезіндегі негізгі ережелер
- •8 Қоршаған ортаны қорғау
1 Аналитикалық шолу
1.1 Майлы сығындылар:алу жолдары, стандарттау және сақтау
Майлы сығындылар, немесе медициналық майлар (Olea medicate) – минералды немесе өсімдік майларын қолдану арқылы алынатын, ДӨШ сіріндісі, сондықтан экстракцияланатын заттар кешенінің табиғаты липофильді болады. Өсімдік материалын май түрінде сулау немесе тұндыру арқылы алыну мүмкін [1]. Олар бұрынғы жүзжылдықта кеңінен қолданылатын, қазіргі уақытта да медициналық тәжірибеде өте өзекті. Шайқурай шөптерінен, эвкалипт жапырақтарынан алынатын майлы сығындылар, итмұрын жемістерінің жұмсағының майы (Extractum Rosae oleosum), картолин (Cartolinum), итмұрын тұқымының майы (Oleum Rosae), шырғанақ майы (Oleum Hippophae), шетен майы (қаражемісті шетен жемісінен) және т.б. [1].
Табиғи қосылыстар препараттарын алудағы негізгі үрдіс массаалмасудың жалпы заңымен, өсімдік тінінің қасиеттері мен еріткіштің физико-химиялық бірыңғайлығымен анықталатын шикізатты экстракциялау болып табылады [4]. Қазіргі таңда майлы сығындыларды алуды екі негізгі сызба бойынша жүзеге асады:
1. Майлы сығынды алу үшін экстрагент ретінде ұсақ үгітілген шикізатты тұндыратын (мацерация тәсілі), тазартылған, 60-70°С температурада қыздырылған өсімдік майын қолданады (күнбағыс, зәйтүн, күнжіт). Экстракцияға әдетте салқын пресстелген, жақсы тұндырылған өсімдік майлары қолданылады. Көбінесе шабдалы, бадам, күнбағыс майы қолданылады. Барлық майлар эфирмен, хлороформмен, бензинмен, эфир майларымен жақсы араласады, және де (майсана майынан басқасы) спиртпен, сумен араласпайды. Өсімдік майлары экстрагенттер сияқты іріктеу қасиетіне ие.
2. Экстрагент ретінде органикалық ұшқыш ерітінділерді (метиленхлорид, дихлорэтан, хлороформ, эфир, 70% этанол немесе сұйытылған газдар көміртек– диоксиді, хлодондар) қолданып липофильді кешен концентратын алады, оны маймен араластырады (стандартты көрсеткішке дейін жеткізеді) [2,3].
Майлармен экстракциялау кезінде технологиялық үрдіске майлы сығындыны алу (мацерация тәсілімен немесе перколятор батареясында қарсы ағымды тәсілімен) кіреді [4]. Мацерация - тұндыру (экстракт, тұндырма алуда қолданады), қолдануға оңай, қымбат жабдықты қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің негізі экстракт алуға қажетті материал мөлшерін экстрагент көлемінде периодты түрде бұлғауышпен араластыру болып табылады. Майлы экстракттарды друк-фильтрлермен фильтрация жүргізу арқылы тазартады, және дайын өнімді қаптау, жапсырмалау, орау іске асырылады [5,6].
Ұшқыш ерітінділермен экстракциялау кезіндегі технологиялық сызба шикізатты экстракциялаудан (айналмалы, қарсы ағымды әдіс, немесе сұйытылған газдармен экстракциялау), экстрагентті бөлуден (концентрат алу), араластыру, қаптау, жапсырмалау, ораудан тұрады.
Айналмалы экстракция кезінде экстрагентті концентраттан вакуум астында айдайды, кейде температураны төмендету үшін және экстрагент қалдығын концентраттан бөлу үшін су қосады.
Сұйытылған газдармен экстракциялауда, соңғысын буландырғыштағы қысымының төмендеуі арқасында концентраттан бөліп алады, нәтижесінде буландырғышта маймен араластыруға қажетті концентрат алады.
Стандарттау. Майлы сығындылардың стандарттауын әсер етуші заттар, қышқылдық мөлшері (бос қышқыладардың болуы), дозалау дәлдігі бойынша жүргізеді. Егер басқа да мақалаларда нұсқау болса, сығынды дайындауға қолданған экстрагенттің қалдық мөлшерін анықтайды. Соңғы уақытта майлы сығындыларды стандарттау үшін, олардың фармакологиялық белсенділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды (ББЗ) анықтау ұсынылған [7]. Майларды идентификациялауды майлы-қышқылды құрамы бойынша ұзақ уақыт бойы ГСХ әдісімен іске асырады [8,9].
Сақтау. Майлы сығындыларды герметикалық тығындалған қараңғы шыныдан жасалған ыдыста, жарық түспейтін, салқын жерде сақтайды.
1.2 Ошаған майының сипаттамасы: медицинада қолданылуы. Ошаған майы құрамында табиғи инулин, протеин, эфир майы, сұйық май (пальмитин, стеарин қышқылдары), иілік заттар, минералды тұздар және дәрумендер бар. Бұл консерванты жоқ, ароматизаторлар мен бояғыштары жоқ емдік әсерге ие фитоактиватор болып саналады. Қоспаларсыз дайындалған рауғаш майы өсімдіктің басқа компоненттерімен бірге тиімді емдік-косметикалық зат болып табылады. Бір қарағанда арамшөп сияқты көрінген өсімдік нағыз биологиялық белсенді заттар қоймасы екен, оның құрамындағы компоненттер өте көп концентрацияда болады. Бұл – инулин полисахариді (45%-ға дейін), эфир майы (18%), протеин (12% шамасында), калий, кальций, магний тұздары, май қышқылдары, күкіртқұрамды қосылыстар, илік заттар, флавоноидтар, иридоидты гликозидтер, полиацетиленді көмірсулар, ситостерин стигмастерин, сондай-ақ сексвитерпенді лактон.
Ошаған шөбі
Сипаттамасы. Ошаған (Agrimonia) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктер.Қазақстанда тау баурайларында, жазғытұрым су жайылған жерлерде, жол жиегінде, бақтарда, қарағайлы және жаңғақты ормандардың арасында өсетін 2 түрі (азия Ошағаны және түкті Ошаған) кездеседі. Олардың биіктігі 25 – 140 см. Ошағанның құрамында илік және бояғыш (сары түсті) заттар бар. Сондай-ақ, oшаған дәрілік өсімдіктерге жатады..
Дәрілік шикізаты. Тамыры жуан, сабағы тік өседі, оның сыртын безді түк жапқан. Жапырағының үстінгі беті жасыл түсті, ал астыңғы беті – сұрғылт жасыл түсті, шеттері тегіс емес. Қауырсын тәрізді тақ жапырақтарының жиегі тілімделіп келген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады. Тостағанша, күлте жапырақшаларының саны – бесеуден. Сары түсті, бес тілімді гүлдері ұзын шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – сыртын ширатылған қыл жапқан жаңғақша.
Химиялық құрамы. Олардың құрамында эфир майлары, илік заттар, пигменттер, ащы заттар, К витамині және органикалық қышқылдар болады.
Қолданылуы. Ошаған тамырының тұнбалары мен қайнатпалары гастриттерді, асқазан мен ұлтабар жараларын, іріңдерді, сыздауықтарды емдеуге қолданылады.Қан құрамын жақсартуға үлкен көмегі бар.
Қуық және жыныс мүшелерінде болатын кеселдерде ошаған қайнатпасының пайдасы бар. Сондай ақ подаграны, ревматизмді, геморройды және қант диабетін емдеуге қолданылады.
Түйежапырақ тамыры.
Сипаттамасы – үстіңгі бөлігінде жасыл, ал астыңғы бөлігі сұр болып келетін кезектес ірі жұмыртқа тәрізді жапырақтары бар, екі жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері қошқыл-қызылкүрең, түтіктес, жабысқақ имек ораммен шартәрізді себеттерге жиналған. Биіктігі 70—150 см. Гүлдеу уақыты маусым –қыркүйек. Қолданылатын бөлігі тамырлары мен жапырақтары. Жинау уақыты: жапырақтарын маусым-қыркүйекте, тамырларын күзде жинайды [25].
Химиялық құрамы. Үлкен түйежапырақ жапырақтарында көп мөлшерде полисахаридтер, иілік заттар, флаваноидтар, аскорбин қышықылы, алкалоид қосындысы, липофильді заттар қосындысы бар екені анықталған [26]. Өсімдік құрамындағы пектинді заттар кең спектрлі физиологиялық белсенділікке ие. Пектиннің ағзадан ауыр металлдарды (қорғасын, сынап, мырыш, кобальт, молибден және т.б.) шығарып, олармен кешен түзу қабілеті бар деген мәліметтердің пайда болуына байланысыты, пектинді заттар соңғы онжылдықта айрықша маңыздылыққа ие болды. Тамырларында инулин көмірсутегі (27—45%), протеиндер, пальмитин мен стеарин қышқылдары, ситостерин мен стигмастерин, арктиин глюкозиді, ащы және иілік заттар және ерекше бардан эфир майы бар (0.17%). Түйежапырақ өсімдігінде С дәрумені көп .
Қолданылуы. Түйежапырақ тамырлары диуретикалық, өт айдағыш, залалсыздандырушы және терлеткіш әсер етеді, протеолитикалық ферменттер мен инсулинн пайда болуын ынталандырады,зат алмусаға белсенді түрде әсер етеді. Тамыр тұндырмасын «ошаған майы» деп аталатын түйеошаған майында (Oleum Bardanae),ұяланған немесе айналмалы тақырбастыққа, самайлы қасқабастануға шаш жақсырақ өсу үшін сыртқа қолданады. Тамыр тұндырмасын асқазанның ойық жарасында , асқазаннан қан ағуда, созылмалы гастритте, бүйрек-тас ауруында, ревматизм мен буынның ұстамалы ауруларында, және де несеп айдағыш, терлеткіш зат ретінде қолданады.
Инулин дегеніміз - 36 мың өсімдік түрлерінде кездесетін жалғыз пребиотик. Бұл тізімнің ішінде шашыратқы, жералмұрт,бөрікгүл, банан, мейіз және жарма бар. Қазіргі таңда ғалымдар зерттеп жатқан инулиннің бірнеше емдік қасиеттері бар.Біріншіден, ол пайдалы ішек микрофлорасының өсуіне ықпал ете отырып, ас қорыту процесіне оң әсер береді. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, егер инулинді жүйелі түрде 14 қабылдасақ, қалыпты микрофлораның 10 есе жақсаруына кепілдік береді. Сонымен қатар инулин біздің организмге кальций мен магнийді жақсы сіңіруіне көмектеседі.Олар адам ағзасында өңдірілмейді, тамақ арқылы енеді.Инулинді қабылдау арқылы кальций ағзаға 30% жақсы сіңеді. Адам иммуниетін жоғарылатады және липид алмасуын жақсартады (холестерин деңгейін төмендету). Бұл дегеніміз ағза сантурлі инфекцияларға қарсы тұра алады.
Ақуыз немесе протеиндер әрбір организмнің жасуша тіршілігіне қажетті заттар.Жасушаның беткі комплексі мен барлық ішкі структурасы ақуыз молекулалары қатысуымен құралады.Барлық органикалық заттардың ішінде олардың жасушадағы мөлшері- (50-70%).
Ақуыздың құрамына көміртегі, оттегі, сутегі және азот кіреді.Кейбір ақуыздардың құрамында күкірт болады. Барлық ақуыздар аминқышқылдары мономерлерінен құралатын полимер болып табылады.
Эфир майлары-өсімдік шикізатынан алынатын иістенгіш сұйық ұшқыш заттардың қоспасы. Эфир майы өсімдіктер әлемінде кең таралған, олардың рөлі үлкен. Мемлекеттік Фармакопея эфир майларына былайша анықтама береді: эфир майлары органикалық қосылыстардың әртүрлі кластары, көбінесе терпеноидтар, аз мөлшерде ароматты немесе алифатты қосылыстар болып табылатын иістендіргіш заттардың қоспасы болып табылады. Эфир майларының химиялық құрамында негізгі орынды терпендер мен олардың оттекті туындылары алады. Эфир майларынан 5000-нан аса компоненттер бөлініп алынған және идентификацияланған. Олардың құрамы өсімдік түріне, олардың хемотипіне, жинау кезіндегі ауа райына, шикизатты сақтау шарттарына, оларды бөліп алу әдісіне, сондай-ақ сақтау ұзақтығы мен жағдайларына тәуелді. Эфир майлары көбінесе азық-түліктерді, сусындарды, тұрмыстық химия тауарларын ароматтауда, фармацевтикалық өндірісте, медицина және ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер ретінде қолданылады. Эфир майларының сапасының көрсеткіштері қолданылу аймағына тәуелді және олардың табиғилығымен, парфюмериялық, фармакологиялық және дәмдік-ароматтылық қасиеттерімен анықталынады. Қазақстан флорасында кең таралған эфирмайлы өсімдіктер теориялық және практикалық қызығушылыққа ие. Қазақстанның оңтүстік, орталық, оңтүстік-шығыс, шығыс бөліктерінде осындай өсімдіктердің ареалдары кеңінен таралған.Эфир майларының фармацевтика, тамақ және парфюмерия өндірісіндегі практикалық маңыздылығымен қатар олардың құрамына кіретін терпеноидтар фармакологиялық әсер етудің кең спектріне ие. Қазақстан флорасы климаттық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты эндемикалық өсімдіктердің түрлілігмен айрықшаланады. Өсімдіктердің химиялық қосылыстары жан- жақты биологиялық белсенділік көрсетеді, осыған байланысты өсімдіктер фармакологиялық әсер етудің кең спектріне ие.Қазақстанның көптеген жабайы өсетін және дәрілік өсімдіктері 363 эфирмайлы өсімдіктер болып табылады. Эфир майларының компоненттік құрамының әртурлілігіне байланысты олар биологиялық белсенділіктің кең спектріне ие: фунгицидтық, антисептикалық, антибиотикалық, антивирустық, антимикробты, бактерицидтік. Сондай-ақ эфир майларының компоненттері биологиялық белсенділік көрсететін қосылыстардың жаңа түрлерін алуда бастапқы шикизат болып табылады. Фитохимия институты Қазақстан табиғы флорасының көптеген өсімдіктерінің эфир майларының химиялық құрамын зерттеген. Осындай зерттеулердің нәтижесінде зерттелінген объектілердің эфир майларынан 200 терпеноидтар бөлініп алынған және сипатталған. Бөлініп алынған терпеноидтар қазіргі хромотографиялық, спектралді әдістер, соның ішінде рентгенспектралді әдістерімен зерттелінген. Қазақстан флорасының өсімдіктерінен зертелінген 30 эфир майларының 12-сі алғаш рет зерттелді.Қазақстан флорасы 6000 түрден аса дәрілік өсімдіктерге ие, олардың көбі ежелден медицинада, ауыл шаруалығында, өндірісте қолданылады, алайда көп болігі әлі төлық зерттелінбеген, Мемлекетік Фармакопеяға 100-і ғана енген.
Ошаған майының медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы
Ошаған майы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік қалпы
Ошаған майы
Ошаған майының бір құтыдағы құрамы мен мөлшері (кесте 1).
Кесте 1 - Ошаған майының құрамы
Құрамы |
Мөлшері |
Белсенді заттар: |
|
Түйежапырақ тамыры |
2.0г |
Түйежапырақ жапырағы |
2.8г |
Қосымша зат: |
|
Күнбағыс майы |
100л |
Сипаттамасы
Әлсіз өзіне тән иісі бар, түссіз майлы сұйықтық.
Фармакологиялық қасиеттері
Құрамындағы пайдалы заттардың әсерінен шаштың түбірін қатайтып,қоректендіреді және шаштың түсуін болдырмайды.Сонымен қатар қайызғаққа және микробқа қарсы әсер береді, шаштың құрғатуын және қышуын азайтады.Әртүрлі бас аурулары кезінде бас терісін жақсартады,микрофлорасын қалпына келтіреді Кейбір тері аурулары кезінде де емдік мақсатта қолданылады.
Қолданылуы
Сыртқы факторлар:
шаш қоршаған ортадан ластанған кезінде
қолайсыз климат
ультракүлгін сәулелену
шаш боялған кезде
күтім жасалмаса
Ішкі факторлар:
стресс
дұрыс емес тамақтану
негативті көңіл күй
бас терісі аурулары
қанайналымның жетіспеушілігі
Қолдану тәсілі және дозалары
Бас терісіне жеңіл массаж жасай отырып, түбінен ұшына дейін пипеткамен біркелкі жағады.Одан кейін полиэтиленді бас киімді киіп, орамалмен орап 2-3 сағатқа қоямыз және жылы сумен жуамыз.
Профилактикалық қолданылуы: 2 ай бойы аптасына 1-2 рет қайталау қажет.
Интенсивті қолданылуы: 3 апта бойы күнделікті сайын қолдану.
Жағымсыз әсерлері
Айқындалмаған
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Жеке көтере алмау
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар:
Препараттың құрамында жоғары концентрациялы эфир майы бар.Майдың көз және ауыздың шырышты қабатына түсуінен қорғау керек! Түсіп кеткен жағдайда сумен шайып немесе дәрігерге көрсеткен абзал.
Артық дозалануы
Артық дозалануы айқындалмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл қоңыр және ақ пластмассадан жасалған . Құтыларды мемлекеттік және орыс тілінде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салады.
Сақтау шарттары
+15°С –тан аспайтын температурада, құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханада босатылу шарттары
Рецептсіз
Өндіруші
«ФитОлеум» ЖШС Қазақстан Республикасы
Алматы обл., Есік қ., Маметова к-сі, 25
тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 297-27-01, 8 (727) 297-29-36, 8 (72775) 7-25-18
