Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
репейное масло.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255.47 Кб
Скачать

8 Қоршаған ортаны қорғау

Аумақтың физикалық-географиялық және климаттық жағдайларына қысқаша сипаттама

ЖШС «ФитОлеум» фармацевтикалық компания өндірісі мына мекенжай бойынша орналасқан: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есик қ., Маметов к.25, және келесі аймақтармен шекаралас:

• солтүстікте - № 0004 бөлімімен (дезерітінді дайындау бөлімі) 69 м аралықта тұрғын үйі;

• солтүстік-шығыста –Маметова к. 75 м аралқашықтықта № 0003 бөлімі (суппозиторийді қаптау бөлімі) тұрғын үй;

• шығыста - Маметова к. 65 м арақашықтықта №0003 бөлімі (суппозиторийді қаптау бөлімі);

• оңтүстік-шығыста - № 0003 бөлімінен (суппозиторийді қаптау бөлімі) 36 м арақашықтықта мейрамхана;

• оңтүстік-батыста № 6006 бөлімінен (дизельді жағармай сақтау бөлімі) 86 м арақашықтықта территорияға жақын орналасқан гараждар; одан кейін тұрғын үй секторы;

• солтүстік-батыста № 6007 бөлімінен (автопарковка).83 м арақашықтықта тұрғын үй.

ЖШС «ФитОлеум» фармацевтикалық компания өндірісі аймағына Маметова көшесінен кіреді. Аймақтың рельефі - жазық, биіктік ауысымдары 1 км-ге 50м –ден кем емес. Сондықтан аймақтың рельефін ескеретін өлшемсіз коэффициенті 1ге тең. Аймақтың жалпы еңісі солтүстік-шығысқа бағытталған. Жер асты сулары 10 м тереңдікте жатыр, жердің маусымдық қатуы 1,26 м. СНиП 201.01-82 және МСН 2.04-01-98 сәйкес қабылданған климаттық аудандастыру бойынша Алматы облысы Шв.климаттық ауданына жатады, ол қыс мезгіліндегі ауа температурасының жағымысыздығымен және жаз мезгіліндегі температураның жоғары жағымды түрімен сипатталады (кесте 16).

Кесте 16 - Ауданның климатикалық сипаттамалары:

Көрсеткіштер

Коэффициент

Атмосфераның стратификациясына тәуелді коэффициент

200

Аймақ рельефінің коэффициенті

1.0

Ауаның орташа жылдық температурасы

+ 10,1 °С

Ең суық айдың ауасының орташа айлық температурасы

- 6,9 °С

Шілде айының орташа айлық ауа температурасы

+24,9 °С

Шілде айының ең жоғарғы орташа температурасы

+ 32,2 °С

Жел жылдамдығы ең жоғарғысы

5 % 5 м/сек

Атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша мекеменің ауданда орналасуы

ЖШС «ФитОлеум» компаниясының орналасуы бойынша ауданның атмосфералық ауаның фондық ластанулары «Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы» мемлекеттік мекемесінен берілген фондық концентрацияларды ескере өткізіледі.

Ластаушы заттардың фондық концентрацияларының салыстырмалы мәліметтері жел жоқта және шектелген зиянсыз концентрациялары көрсетілген (кесте 17).

Кесте 16 - Ластаушы заттардың фондық концентрациялары және шектелген зиянсыз концентрациялары

Ластаушы зат

Фондық

концентрациялары,

мг/м3

ШЗКмр, мг/м3

ПДК бөлігі

Пыль

0,200

0,500

0,400

Азота диоксид

0,008

0,085

0,094

Серы диоксид

0,020

0,500

0,040

Углерода оксид

0,400

5,000

0,080

Кестеде көрініп тұрғандай фармацевтикалық компания орналасқан ауданда ластаушы заттардың фондық концентрациялары ШЗК нормасынан ауытқымайды.

Өндіріс бөлмелерін желдету – еңбек жағдайларын жақсартудың және өнімділікті жоғарлатуының негізгі құралының бірі.

СНиП 245-71 бойынша желдетуді ауаның ластану деңгейіне қарамай барлық өндіріс бөлмелерінде қарастыру қажет.

Ауаны қозғалту түріне байланысты желдетудің түрлері табиғи, жасанды (механикалық) және аралас болады. Табиғи желдету ұйымдастырылған (аэрация, сору шахталары, трубалары) және ұйымдастырылмаған (желдету және инфильтрация) болуы мүмкін.

Ауаның ағу бағытына байланысты жасанды желдетудің түрлері еңгізу, сору және еңгізу-сору болуы мүмкін. Бөлмені алу сипаты бойынша жалпы алмастыру немесе жергілікті болады. Жұмыс істеу уақыты бойынша тұрақты істейтін және авариялық желдетулер болады.

Өндірісте әдетте аралас желдету жүйесін құрастырады.

Жарықтандыруды есептеу

Еңбекке қолайлы жағдай тудыратын маңызды элементтердің бірі өндіріс бөлмелерін және жұмыс орындарын ұтымды жарықтандыру болып табылады.

Жасанды жарықтандырудың есебін келесі ретімен жүргізеді:

1. Жарық көзін таңдайды.

Бөлме ішіндегі температура 100С-ден артық, желідегі кернеудің ауытқуы аз (10% төмен) болса және стробоскопиялық эффект болуының қауптілігі туу жағдайы болмаса газразрядты шамдарды қолданған дұрыс - олардың гигиеналық және үнемділік сипаттамалары жақсы. Сондықтан ПВЛ, ЛСП типті светильникті таңдаймыз.

2. Жарықтандыру жүйесін (жалпы және аралас) таңдайды.

Аралас жарықтандыру жалпыға қарағанда үнемділеу, бірақ жалпы жарықтандарудың гигиеналық сипаттамасы жоғарылау. Сондықтан жалпы жарықтандыруды таңдаймыз.

3. Светильниктердің түрін таңдап орындарына тарату және олардың санын анықтау.

Светильниктің түрін таңдағанда өрт- және қопарылыс қауіпсіздік талаптарын, қоршаған ортаның ластануын және көріну аймағында жарықтың таралуын ескереді.

Кеңістікте жарықтың таралуы бойынша светильниктер тіке, басымдылық тіке, бытыраңқы, басымдылық шағылыс жарығы түрлерге бөлінеді.

Конструкциялық орындалуы бойынша светильниктер ашық, қорғалған, жабық, тозаң өтпейтін, ылғалдан қорғанған, қопарылыстан қорғанған, қопарылысттан қауіпсіз түрлерге бөлінеді.

Атқаратын қызметі бойынша светильниктер жалпы және жергілікті жарықтандыруға арналғандарға бөлінеді.

Кең таралған қызу лампалы светильниктер тіке жарықты, ашық және қорғалған түрде орындалған УДП, УПМ-15 светильниктері. Басымдылық тіке және бытыраңқы жарықты светильниктерге НСП-07, ПО-02 жатады.

Светильниктерді орналастыру жұмыс орындарын тегіс жарықтандыруына зор әсерін тигізеді. Жұмыс орындарының жарықтандыруы симетриялық және локалдық болады.

Жұмыс істеуі тиімді болуы үшін желдету жүйесі келесі санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беруі қажет:

1. Енгізілетін ауаның мөлшері шығарылатын ауаның мөлшеріне сәйкес болуы керек. Айрмашылығы 15% аспау керек.

2. Енгізу және шығару жүйелерін дұрыс орналастыру керек. Таза ауа зияндықтардың концентрациясы минималды зонаға берілуі, ал шығарғанда концентрациясы максималды зонадан шығарылуы керек.

3. Желдету жұмысшыларды өте қыздырмау және өте салқындатпау керек.

4. Жұмыс орындарында желдету жүйесінің тудыратын шуылы мен дірілі шекті деңгейден артық болмауы керек.

5. Желдету жүйесі электр-, өрт- және қопарылыстан қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланғанда сенімді болуы қажет.

Қажетті ауа алмасуын анықтау:

Желдету жүйесін жобалау берілген бөлмеде немесе жұмыс орнында СНиП 245-71 және СНиП II-33-75 талаптарына сәйкес ауа алмасуы анықталудан басталады.

Дәрілік препараттар өндірісінде фармацевтикалық өндіріс маңызды саланың бірі болып табылады. Бұл өндірістің саласы көп тараған ауруларға қарсы, тиімді дәрілік заттар өндірумен айналысады. Бұл препараттардың тізімі үлкен болғадықтан, бүкіл әлемге таралған өндіріс орындары да біршама.

Дәрілік заттарды өндіру үшін әр түрлі технологиялық үрдістерден өтетін көп көлемдегі шикізаттар қажет. Осындай технологиялық үрдістердің әрқайсысында қатты және сұйық қалдықтар шығарылады және олардан құтылу, жою талап етіледі.

Фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарында қауіпті материалдарды бақылау мақсатында қауіпті материалдарды өңдеу және оларды пайдалануға байланысты, сондай-ақ осындай қауіптің алдын алу және оларды азайту жөніндегі практикалық шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

Осы жоспардың мақсаты, қоршаған ортаға залалын тигізетін апаттық шығарындыларға қарсы, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамассыз етуге жүйелі кешен ұйымдастыру. Кәсіпорындағы қауіпті материалдарды бақылау жоспарын ұйымдастыру кезінде:

  • соңғы бес жылдықтағы болған апатты жағдайларды ескере отырып қауіптілікке баға беру;

  • өндірістік процестердің қауіптілігін талдау , соның ішінде профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру;

  • технологиялық процесстердің қауіпсіздігі үшін, персоналды оқыту, өзгерістерді бақылау, апаттық жағдайларды талдау мәселесі бойынша тиісті басқару рәсімдерін анықтау және жүзеге асыру.

Фармацевтика өндірісіндегі эколгиялық проблемаларға келесілер жатады:

  • атмосфералық шығарындар;

  • сарқындылар;

  • қатты және қауіпті қалдықтар;

  • қауіпті материалдар;

  • биологияға қауіптілік;

  • биоэтика.

Атмосфералық шығарындар. Фармацевтикалық өндірістерден атмосфераға әртүрлі органикалық ұшпа қосылыстар, қышқыл газдар және қатты бөлшектер таралады. Олар белгілі және бақылаусыз көздерден бөлінеді. Сонымен қатар оларға парниктік газдар шығындыларын жатқызуға болады. Органикалық ұшпа қосылыстарға химиялық синтез және экстракция үрдістері шығарындар жатады. Органикалық ұшпа қосылыстары бар еріткіштер шығарындарының алдын алу немесе оларды азайту үшін мынадай шаралар қолданылады:

  • құрамында органикалық ұшпа қосылыстры бар еріткіштердің көлемін азайту немесе оларды ұшқыштығы төмен заттармен алмастыру, су негізді тазартқыш еріткіштерді қолдану;

  • мүмкіндігінше, жұмыс үрдісі кезінде температураны төмендету;

  • кептіру процессі үшін азотты ортада тұйық контурларды пайдалану.

Қатты бөлшектер. Дайын өнім немесе өтпелі өнімнен тұратын қатты бөлшектер ферментация немесе екіншілік өндірісінде бөлінуі мүмкін. Қатты бөлшектер көбінесе тегістеу, араластыру, химиялық қосылыстар, құрамын даярлау кезінде, таблеттеу және орау процесстері кезінде бөлінеді. Құрамында қатты бөлшектер бар шығарындыларды алдын алу немесе бақылау үшін:

  • ауалық фильтр аппараттары көмегімен қатты бөлшектерді жинау;

  • түйіршіктеу жабдықтарына арнайы фильтрлік жүйелерді орналастыру;

  • ағын жылдамдығын қысқарту мақсатында қатты бөлшектерді ауа құрамынан жою үшін арнайы қалдықтарды заласыздандыратын камераларды орнату;

  • мата сүзгілері бар ауаны сүзгілеу аппараттары арқылы қатты бөлшектерді жинау.

Ағынды сулар. Технологиялық ағынды сулар. Фармацевтикалық өндірісте ағынды сулар ерекше бір технологиялық процесске байланысты. Оларға: химиялық реакция нәтижесінде пайда болатын, өнімді жуған су, сілтілік және қышқылдық ағынды сулардың қалдықтары, заласыздандыру жіне тазалау үрдісінен кейінгі конденсаттың ағынды сулары.

ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жоба бойынша ЖШС ФитОлеум мекемесіндегі Шукур май полифитті майының қаптау бөліміне техникалық қайта жабдықтау жасалды. Нәтижесінде қол еңбегі автоматтандыратын, өнімділігі сағатына 3500 құты болатын қаптау линиясы ұсынылды.

ҚР ДЗМР-дегіайлы сығындыларға маркетингтік талдау жасалды.

Технологиялық есептеулер (материалдық баланс,энергетикалық баланс) жасалынды.

Қаптау бөлімін қайта жабдықтау үшін ұсынылған жабдықтың сызбасы, аппаратуралық линия сызбасы, ұсынылып отырған жабдық орналасқан өндіріс орнының сызбасы және соған сәйкес материалдық ағымдар сызылды

Жабдықтың квалификациясы әзірленді, техникалық-экономикалық негіздеме, жабдықтың құнын ақтау уақыты есептелді. Жабдықтың құнын ақтау уақыты техникалық-экономикалық негіздеме бойынша және қаптау бөлімін қайта жабдықтауға кететін қаржыны ескеріп есептелінді. Қорытынды бойынша қаптау бөлімін жабдықтауға кететін қаржы жеті айда ақаталынып отыр.

Зерттелген ғылыми жұмыстың нәтижесі өндіріс орнына ұсынылды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Технология лекарств промышленного производства: в 2 т. / В.И.Чуешов [и др.]. – М.:Нова Книга, 2014. – Т.1 - 537-538 с.

  2. Экстракционные методы изготовления лекарственных средств из растительного сырья: учебно-методическое пособие / Под ред. М.В. Леонова. – С.: Самар. гос. техн. ун-т, 2012. - 22-23 с.

  3. Ділбарханов, Р.Д. Дәрілердің өндіріс технологиясы: 2 т./ Р.Д. Ділбарханов. - А., -1998 - Т. 1. – 111 с.

  4. Понамарев, В.Д. Экстрагирование лекарственного сырья / В.Д Понамарев. – М.: Медицина, 1976. - 6-20 с.

  5. Коничев, А.С. Традиционные и современные методы экстракции биологически активных веществ из растительного сырья: перспективы, достоинства, недостатки / А.С. Кончиев. – М.: Вестник МГОУ, 2011. - №3. - 49-54 с.

  6. Австриевских, А.Н. Система менеджмента качества в производстве биологически активных добавок / А.Н. Австриевских. - М.: Пищевая промышленность, 2003. - 296 с. 

  7. Рудаков, О. Б. Жиры. Химический состав и экспертиза качества / О.Б. Рудаков. – М.: ДелиПринт, 2005. - 351 с.

  8. Хроматографическая идентификация растительных масел / О.Б. Рудаков [и др.]. – 2001. - №10, 37-40 с.

  9. Карпенко, В.А. Разработка норм качества масла касторового. / В.А. Карпенко. – Пятигорск: Сборник научных трудов: «Разработка, исследование и маркетинг новой фармацевтической продукции», 2006. - 214 – 216 с.

  10. Махатов, Б.К. Фармакогнозия / Б.К. Махатов. – А.:Эверо, 2016. - 162 с.

  11. Почему растения лечат / М.Я. Ловкова [и др.] - М.: Наука, 1990. - 132с.

  12. Piersen C. E. Phytoestrogens in botanical dietary supplements: implications for cancer /С.Е. Piersen. – Integr: Cancer Ther., 2003. - 137 с.

  13. Палагина, М. В. Коррекция состояния органов дыхания препаратом солодки уральской при хронических заболеваниях кожи / М.В. Палагина – Спб.: Терап. Архив, 2003. – 64с.

  14. Фармакогнозия : учеб. пособие / Под ред. В. В. Карпук. — Минск : БГУ, 2011. - 249 с.

  15. Куркин, В.А. Фармакогнозия / В.А.Куркин - Самара: СамГМУ, 2004.-848 c.

  16. Махалюк, В.П Лекарственные растения в народной медицине / В.П. Махалюк. – М.: Нива России, 1992. - 410 с.

  17. Кнауб, Н.Н. Фитохимическое исследование и перспективы использования листьев лопуха большого, произрастающего в Алтайском крае, в качестве лекарственного сырья: автореферат дис. ... фарм. наук. - Пермь., 2006. 

  18. Елькина, Е.А. Влияние пектинов на рост злаковых культур /Е.А. Елькина - М.: Химия растительного сырья, 2005. - 53-56 с. 

  19. Новые комплексы пектиновых полисахаридов с ароматическими кислотами / С.Т Минзанова [и др.] -Химия и технология растительных веществ: мат. V Всерос. конф. Уфа. 2008.-208 с.

  20. Золотарева, А.М. Исследование функциональных свойств облепихового пектина / А.М. Золотарева. - М.: Химия растительного сырья, 1998.- 29-32с.

  21. Сарафанова, Л.А. Применение пищевых добавок / Л.А.Сарафанова. – Спб.: Технические рекомендации, 2005.-200 с.

  22. Ковальов, В.М. Фармакогнозія з основами біохімії рослин,підручник для судентів вищих фармацевтичних факультетів вищих медичних установ освіти III-IV рівнів акоедитаціі / В.М. Ковальов. - Харів: «Прапор»Видавництво НФАУ, 2000-587с.

  23. Солодовниченко, Н.М . Лікраська рослинна сировина та фітопрепарати: Посіб, з фармакогнозіі 3 основами біохіміі лікар. рослин / Н.М. Солодовниченко. - Х.: Вид-во НФАУ: Золоті сторінки, 2001. - 128 с.

  24. Ушанова, В.М. Исследование влияния условий произрастания на химический состав крапивы двудомной (urtica dioica L.) /  В.М. Ушанова, О.И. Лебедева, С.М. Репях. -  Журнал: Химия растительного сырья Выпуск № 3., 2001.

  25. Крапива двудомная: возможности медицинского применения Киселева Т.Л., Карпеев А.А Федеральный научный клинико-экспериментальный центр традиционных методов диагностики и лечения Росздрава – М.: фарматека, – 2010.

  26. Лукин, А. А. Функциональные свойства подсолнечного масла / А.А. Лукин. – М.: Молодой ученый,2013. - 68-70с.

  27. Б.К.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасаровна, Ж.А.Қадишаева Фармакогнозия / Б.К.Махатов [и др.]. – А.: Эверо, 2016. - 65 с.

  28. Руководство Правила надлежащего производства лекарственных средств для медицинского применения и для ветеринарного применения Таможенного союза (правила надлежащей производственной практики – Good Manufacturing Practice – GMP) Проект (по состоянию на 01 февраля 2013 г.) – М.: Ремедиум, 2012.-9 c.

  29. Новые вызовы и возможности для системы качества (ICH Q10)Автор: Александр В. Александров Статус: Статья опубликована в журнале "Промышленное обозрение. Фармацевтическая отрасль" №4 (9) 2008.- 19-21с.

  30. Руководства FDA США Guidance for Industry. Quality Systems Approach to Pharmaceutical CGMP, September 2004.

  31. Касьянов, С.И. Реконструкция и техническое перевооружение действующих предприятий / С.И. Касьянов. - М.: Экономика, 2004.

  32. Виленский, М.А. Экономическое содержание технического перевооружения производства / М.А.Виленский. - М.: Вопросы экономики. 2004.- 46-55с.

  33. Бухало, С.М. Организация, планирование и управление деятельности промышленного предприятия / С.М. Бухало. - Киев, 2008.

  34. Покропивный, С. Ф. Экономика предприятия : учебник в 2 т. / С. Ф. Покропивный. – Киев: Хвиля-пресс, 1995. - Т. 1.

  35. Оборудование на фармацевтическом предприятии.Проектирование и приемка-основные аспекты [Электронный ресурс] / Фармацевтическая отрасль; Александров В.А.; - Электрон. Дан. – М., 2012. – Режим доступа: http&//www.vialek.ru

  36. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.1./ Издательский дом «Жибек жолы». - Алматы: 2008.

  37. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.2./ Издательский дом «Жибек жолы». - Алматы: 2008.

  38. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.3./ Издательский дом «Жибек жолы». - Алматы: 2008.