Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
репейное масло.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255.47 Кб
Скачать

7.1 Технологиялық үрдістің қауіпсіздігіне негізгі талаптар

7.1.1 Өндірістің технологиялық үрдісі ҚР фармацевтикалық өндіріс мекемелерімен өндірілетін дәрілік заттардың технологиялық регламент ережесімен, ереже талаптарына сәйкес жасалған технологиялық нұсқаулықтармен құрылып бекітілген регламент бойынша іске асады.

7.1.2 технологиялық үрдістің негізгі параметрлері, жүктелген және алынған заттар мөлшері, шығыс мәліметтері, үрдісті өткізу бойынша ескертулер өндіріс хаттамаларында және қаптау қаптамаларында көрсетіледі.

7.1.2 Өндіріс кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көзі жабдықтар мен машиналар, энергетикалық коммуникациялар, қолданылатын шикізат, өндірістің аралық өнімдері мен дайын болып табылады. Негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар технологиялық үрдістің кезеңдері бойынша:

- Ингредиенттерді дайындау кезеңінде, майлы моносығындыларды дайындау кезеңінде, полифитті майды алу, полифитті майды қаптау және орамдау кезеңіндегі өндірістік жабдықтың жылжымалы бөліктері;

- Майлы сығындыларды дайындау кезеңіндегі жабдықтың беткейлік повышенная температура поверхностей оборудования при приготовлении масляных бөлігіндегі жоғары температура;

- Шөпкескішті жұмысқа қосу кезіндегі, полифитті майды қаптау және орамдау кезеңіндегі жоғары деңгейлі шу;

- Электрқұрылғысын қолдану кезіндегі адамды электр тоғымен зақымдау мүмкіндігі;

- Жабдықтарды, бөлмелерді, комуникацияларды санитарлы өңдеу (дезинфекция) өткізу кезінде зиянды заттардың әсері.

7.1.3 Аппартшыларды, машинисттерді, операторларды, жұмысқа жіберу қолданылатын жабдықтарды, үрдістің технологиялық параметрлерін анықтауға арналған өлшеу құралдарын қауіпсіз іске қосу нұсқаулығымен таныстыру және арнайы оқытулудан кейін, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша, сонымен қатар апатты жағдайда ликвидация жоспарымен танысқаннан кейін іске асады.

7.1.4 Зиянды және жарылғыш өнімдермен жұмыс істеуге арналған технологиялық жабдықтар мен коммуникациялар герметикалық болуы тиіс. Барлық агрегаттардың герметизирлеуші құрылғыларын жүйелі түрде қарап отыру қажет.

7.1.5 Жарылғыш булардың, газдардың және шаңдардың жұмыс зонасына бөліну қаупі бар бөлмелерде олардың ауадағы құрамын жүйелі түрде бақылап тексеру қажет.

7.1.6 Жарылғыш булардың, газдардың және шаңдардың жұмыс зонасына бөліну қаупі бар жұмыстардың барлығы жергілікті сорғыштары бары жұмыс жасап тұрған вентиляциямен өткізіледі.

7.2 Өндірістің жоспар бойынша тоқтауы кезіндегі негізгі ережелер

7.2.1 Қолданылатын шикізаттан жабдықты босатады, шаяды, коммуникациядан өшіреді және тазартады.

7.2.2 Электр жетегін желіден өшіреді, электрқозғалтқыштарының екі жағын да орап изоляциялайды, шкафтарды өшіреді, сақтандырғыштарды алып тастайды, ауыспалы жерге қосуды орнатады.

7.2.3 Технологиялық және материалдық құбырөткізгіштерді калибрленген және нөмірленген бітеуіштермен өшіреді, оларды орнатқан жерлерді арнайы журналға тіркейді.

7.2.4 Цех бөлмесін жөндеуге қатысы жоқ заттардан босатады.

7.2.5 Бөлім бастығы немесе цех механигі дайындық жұмыстары аяқталған соң цех жабдықтарын жөндеуге комиссияға өткізеді. Цехтың жөндеуге дайындығы актпен толтырылады, актқа міндетті түрде өндірістік-санитарлы зертхана талдауын қосып береді.

Қауіпті операциялар және одан сақтану шаралары:

  • жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жұмыс, вагил ұнтағын бөлшектеу тек дұрыс жұмыс істейтін жабдықта орындау керек. Технологиялық процесс жүріп жатқан кезде вентиляционды орнатулар өндірістік бөлмелерде тоқтаусыз жұмыс істеп тұруы қажет. Вентиляция еріксіз немесе мәжбүрленіп тоқтаған кезде, ауалы ортаның санитарлы жағдайын қамтамасыз ететін керекті шаралар қолдану керек,

  • флакондармен жұмыс істеу, процесс жүріп тұрған кезінде флакондардың тұтастығына көңіл аудару керек.

Өртке қарсы сақтық шараларын орындау мақсатында мынадай шарттарды сақтау керек:

  • жабдықтардың, аппараттардың қатал тәртіппен, кезекпен жұмыс істеуін қадағалау, цехтан майланған және тазалағыш маталарды уақытылы шығарып тастау керек,

  • цехтың бөлмелерінде шылым шегуге және ашық от қолдануға қатаң тыйым салынады.

Өртті сөндіру заттары болып өртсөндіргіш, құммен толтырылған қорап пен күрек және де ішкі өртті крандар саналады. Барлық өртті инвентарь мен жабдықтар дұрыс жұмыс істеу күйінде болу және сақтау керек. Маңызды сақтық шаралар бекітілген графикке сәйкес жабдықтардың жөндеу профилактикалық ремонты жүйелі түрде жүруі керек .

Жеке қорғау мен жеке гигиена. Барлық цехқа бағытталған жұмысшылар уақытша және мерзімді медициналық тексерілістен өтуі керек. Фармацевтикалық өндіріс басшылығы цехта жұмыс істейтін әр персоналды арнайы киім түрлерімен қамтамасыз ету керек, олардың уақытылы ауысуын қадағалап және дұрыс қолданылуын тексеру қажет.

Жұмыс орнына сәйкес арнайы киімсіз және қорғау құрылғыларысыз кіруге рұқсат берілмейді. Барлық қолжуғыштарда орамал болуы тиіс. Барлық персонал мына жеке гигиена ережелерін сақтау қажет:

  • жұмысқа таза киім мен таза аяқ киімде келу керек,

  • сыртқы көйлек, бас киім, аяқ киім және басқа да жеке қолданатын заттарды киім ілетін бөлмеде қалдыру керек,

  • арнайы киімді цехтан тыс жерде киюге болмайды,

  • өндірістік бөлмелерде тамақтануға болмайды,

  • жұмыс аяқталғаннан кейін өзінің жұмыс орнын тазалап және жинап өткізу керек, цехтан шыққанда арнайы киімді киім ауыстыратын бөлмеде қалдыру қажет,

  • жазатайым жағдай кезінде, біріншілік көмек көрсету үшін цехта аптечка болуы тиіс.

Жеке кезекпен берілетін қорғаныш заттары жұмыс барысында жұмыскерде немесе оның жұмыс орнында болуы тиіс. Өндірістік нұсқаулар тізімі:

Техникалық қауіпсіздік, өртті қауіпсіздік және өндірістік санитария бойынша нұсқаулық. Галенді цехтің жұмысшылары үшін техникалық қауіпсіздік нұсқаулылығы бірнеше бөлімнен тұрады:

  1. жүкті лифтке қызмет көрсету;

  2. промсанитария мен жеке гигиена;

  3. біріншілік медициналық көмек көрсету.

  1. Өртке қарсы қауіпсіздік бойынша нұсқаулық.

  2. Желдету қондырғысын эксплуатациялау бойынша нұсқаулық.

  3. Авария кезінде эвакуация жоспары.

Көбіне кәсіпорындарда орын алатын жазатайым жағдайлар жобалау кезінде ережелер мен нормалардан ауытқу, сәйкес техникалық регламент талаптарын бұзу себептеріне байланысты болады, сәйкесінше ол қауіпсіздік шарттарының бұзылуына әкеліп соғады .

Жобалау кезінде жіберілген жеке қателіктер мен кемшіліктер жазатайым жағдайлардың, техногенді апаттардың, өрттер мен кәсіптік науқастанудың жанама, тіпті тікелей себебі де болуы мүмкін. Бұл себептердің барлық ұйымдастырушылық және техникалық құралдармен алдын-алу олардың пайда болуының мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді және өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндіріс басшылары мен мамандардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Соңғы кәсіби жұмыста орындалатын қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар оса салада қолданылып жүрген техникалық регламенттерге, қауіпсіздік бойынша міндетті нормалар мен жетекшілік ережелеріне сәйкес болуы қажет.

Жобалау кезінде, әсіресе жаңа технологиялық үрдістері көзделген нысандарды жобалау кезінде (оған қоса қолданыстағы нормалар мен ережелерді дамыту), жаңа қорғаныс құралдары мен қауіпсіздік бойынша белгілі әдістерді жаңа шарттарда пайдалануды негіздеу және өзіндік ұйымдастыру мәселелері аса маңызды.

Соңғы кәсіби жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы техника және ТЖ кезіндегі қорғаныс бойынша туындайтын сұрақтар ауыртпалылығы және мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Демек, аталған сұрақтар бойынша қабылданатын шешімдер қарастылып отырған кәсіпорынның немесе өндіріс цехының технологиялық үрдісімен тығыз байланысын айқын көрсетуі шарт.

Жоба тақырыбына байланысты қауіпсіздік талаптары мен шарттарын ұйымдастыру және жанжақты мұқият бағалау, кейбір мәселелер бойынша ерекше негізделген шешімдер, сәйкесінше жұмыстың құндылығын арттыра түседі, бітіруші студенттің университет қабырғасында алған теориялық білімі мен тәжірибелік икемін көрсетеді.

Өндірістік қауіпсіздік талаптары қамтылмаған, толық ашылып қарастырылмаған немесе технологиялық үрдіспен байланыстырылмаған соңғы кәсіби жұмыс толыққанды және қорғауға жіберілген жұмыс деп таныла алмайды.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар университеттің барлық мамандық студенттеріне дипломдық жобаны орындауда көмек беруге арналған.

Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелері. Ұйымдастырылатын және жоспарланатын қауіпсіздік іс-шараларының мазмұны мен сипаты соңғы кәсіби жұмысқа (СКЖ) берілетін тапсырма тақырыбына байланысты болады .

Осылайша өндірістерді жобалау кезінде аймақ территориясы мен бас жоспарға, ғимарат құрылысы мен құрылыс элементтеріне, цехтарды жобалауға, өндірістік үрдістерді орналастыру, көлік ағындарын ұйымдастыру, өртке қарсы су құбыры жүйесі мен оның қуатына, территорияның көркейтілуіне, тұрмыстық үймереттерге және т.б. қатысты техника қауіпсіздігі мен өрттің алдын-алу шаралары едәуір маңыздылыққа ие болады . Бұл мәселелердің әрқайсысы еңбек қорғау бойынша СКЖ-та жеке тақырып бола алады.

Цехтарды жобалау кезінде қауіпсіздік шарттарын өндірістің технологиялық үрдісінің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес (шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, өндірістік қалдықтарды сақтау мен тасымалдауды қоса алып), жабдықтардың жинақталуына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына, эвакуациалау жолдарының, тұрмыстық ғимараттардың орналасуына байланысты қарастырған жөн.

Қандай да бір технологиялық үрдістің сұлбасын ұйымдастыра отырып, механикалық, химиялық, электрлік және басқа да жарақат түрлері мен кәсіптік зияндылық түрлерін, оның ішінде пайдалану кезіндегі апаттық шарттар мен қоршаған ортаға кері әсерлерін қоса алып зерттеу аса маңызды. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып негізделген қорғаныс шараларын ұйымдастыру қажет.

Қолданыстағы өндіріс орынын немесе цехты қайта құру мақсатын қолға алған тапсырмаларды орындауда, ең басты еңбекті қорғау тұрғысынан нақты шарттардың дәл және толық сипаттамасын берген жөн секілді. Бұл жағдайда СКЖ алдында болған өндірістік тәжірибе барысында жүргізген өзіндік бақылау мен статистикалық мәліметтер бойынша кәсіби науқастану мен жарақаттану анализін беру ұсынылады. Жүргізілетін зерттеуден жарақаттану себептерінің сипатын анықтауға болады және қорытынды ұсыныс ретінде олардың салдарын жою бойынша құрастырмалы-техникалық, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар ұсынуға болады.

Құрастырушылық сипаттағы тапсырмаларды орындауда (машина, аппарат, қондырғыны жобалауда) пайдалану шарттарына сәйкес қажетті қауіпсіздік құралдарының құрастырушылық ұсыныстарын ескеру қажет (қоршаулар, қауіпсіздіктің блокталуы, герметикалылық, ескертуші дабыл және т.б.). Егер соңғы кәсіптік тапсырманың тақырыбы зерттеушілік (эксперименталдық) жұмыс болса, онда мақсаттық бағыт пен зерттеу әдістері, орындау техникасы, зерттеу аппаратурасы мен құралдар оны жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей тұрғыдан қарастырылуы қажет. Бітіруші түлекпен ұсынылатын қорытындылар мен ұсыныстар еңбек шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына негізделеді [36].

Демек жоба тақырыбына қарамастан жоба мәтіні мен сызбаларында қауіпсіз және салауатты еңбек шарттарын ұйымдастыруға бағытталған келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет:

  • машиналар, аппараттар және жабдықтарды пайдалану кезінде ауыр, қауіпті, еңбек сыйымды және монотонды жұмыстар мен операциялардың механизациясының міндеттілігі,

  • механикалық, термиялық және электрлік қауіптілікті ескере отырып, жабдықтардың қауіпті элементтерінің блоктауыштарының және құрастырымдық қоршауларының бар болуы,

  • бақылаушы-өлшеуші, реттеуші, сақтандырушы және дабыл беруші автоматтар мен құралдардың орналасуы және құрылысы, жұмыс атқару тиімділігі,

  • жоғары қауіптілікті үрдістер үшін арнайы қауіпсіздік талаптары (қысыммен жұмыс істейтін аппараттар, көтергіштер, жоғары электр қауіптілігі және т.б.),

  • қолайлы метеорологиялық орта мен қолайлы жұмыс орынын ұйымдастыру,

  • (желдету, жылыту, жарықтандыру, өтпелдердің, қондырғылардың орналасуы; техникалық эстетика элементтері) [37].

Өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда өрттердің пайда болуының алдын-алу шаралары тек халық шаруашылығының материалдық құндылықтарын ғана емес, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және олардың денсаулығы мен өмірін де сақтайтынын есте сақтау қажет.

Өрттер көбінесе жазатайым жағдайлармен қоса жүретіндіктен, ал кейде жазатайым жағдайларға әкеліп соғатын себептер жанудың өршуін дамытатындықтан, СКЖ орындау барысында қауіпсіздік техникасы мен өрттің алдын-алу шараларын бірге қоса алып қарастырған жөн.

Бөлімді дер кезінде және сапалы түрде орындауы үшін студент дипломдық жоба жетекшісінен тапсырма алған соң кеңесшіге келуге міндетті.

Тапсырманы орындау барысында нормативтік ережелерді және т.б. ресми құжаттарды көшіріп алумен шектеліп қою рұқсат етілмейді. Өндірістік қауіпсіздік, ТЖ кезіндегі қауіпсіздік және еңбек пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтитын сұрақтар қарастырылу қажет.

Орындалған жұмыстың мазмұны мен сапасы студенттің өзіндік тәжірибелік қызметке дайындығын, алынған теориялық білімі және тәжірибелік икемі мен ептілігін шығармашылық түрде пайдалану қабілетін көрсетуі қажет.

Тапсырманы орындау барысында студент диплом алдындағы практикадан жинаған материалдарын зерттеп, қажетті есептеу жұмыстарын жүргізеді және қауіпсіз, салауатты еңбек шарттарын, ТЖ кезінде нысандардың тұрақтылығын, жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсерінің төмендеуін қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырады.

Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы. Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру керек. Бөлінетін зияндылықтар, мысалы газ, шаң, түтін, шу т.б. түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты.

Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

Бас жобада ғимараттар мен үймереттер өндірістің өрт қауіптілігіне, құрылыс бөлшектерінің отқа төзімділігіне, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың (шаң, газ, зиянды сәулеленулер және т.б.) бар болуына және сипатына байланысты бір-бірінен және жақын маңайда орналасқан тұрғылықты аймақтардан белгілі ара-қашықтықта орналасуы қажет. Өндірістік ғимараттар мен тұрғылықты аймақ арасындағы алшақтықтар бөлінетін зияндылықтардың сипаты мен көлеміне байланысты, өндірістің бес кластың біріне жатуына орай санитарлық қорғаныс аймағының шамасына тәуелді анықталады.

Кәсіпорын алаңына кіруге негізделген автокөлік жолдарының ені қолданылатын автокөліктердің енінен плюс 1,5 м ге кем болмауы керек, демек барлық жағдайларда 4,5 м ден кем болмауы тиіс. Темір жол қақпаларының ені 4,9 м ден кем емес [39].

Автокөлік жолдарының беттік қабаты берік және барлық ғимараттарға өрт сөндіруші көліктері кіре алатындай мүмкіндігі болуы қажет. Ғимарат немесе үймерет ені 18 м-ге дейін болған жағдайда барлық ұзындық бойына бір жағынан ғана бір кіре беріс ұйымдастырылса жеткілікті, ал ені 18 м-ден көп болса кіре беріс міндетті түрде екі жағынан, сонымен қатар барлық ұзындық бойына да ұйымдастырылуы шарт.

Құрылыс ошағының аумағы 10 гектардан көп немесе ені 100 м-ден көп ғимараттар үшін кіре берістер барлық жақтарынан да болуы қажет.

Бір жақтық бағыттағы жолдардың ені 3,75 м-ден, ал екі жақтық бағыттағылар үшін 7,5 м ден кем болмауы тиіс.

Өндірістік аймақ алаңындағы жолдар мен өтпелдер тұйық, сақиналы және аралас жүйелі болуы мүмкін. Тұйық жүйелі жолдарда тұйықталу соңында радиусы 10 м-ден кем емес топсалы айналып өту жолдарын немесе өрт сөндіруші көліктердің бұрылысы үшін өлшемі 12x12 м болатын алаң ұйғарылуы керек.

Өрт сөндіру мақсатында пайдаланыла алатын суаттарға немесе табиғи су көздеріне өту үшін ені 3,75 м, аумағы 12x12 м болатын өтпелдер ұйымдастыру қажет.

Кәсіпорынның шекарасы аумағынан жолдардың шетіне дейіңгі ара-қашықтық 1,5 м-ден кем, ал эстакадалар мен тіреуіштердің сыртқы бөліктеріне дейіңгі ара-қашықтық 0,5 м-ден кем болмауы қажет.

Жобаланатын нысанның бас жоспарында ғимараттар мен үймереттер арасындағы алшақтықты минималды етіп, яғни санитарлы және өртке қарсы талаптарға сәйкес жолдар, аяқжолдар, инженерлік жүйелер мен коммуникациялар өткізуге лайықты етіп ұйымдастыру қажет.

Өндірістік аймақта әрбір ғимаратқа жоба бойынша бос жатқан аумақ бойымен өрт сөндіруші машиналар кіре алатындай кем дегенде екі жағынан ені 6 м-ден кем емес, ал ауданы 10 гектардан көп ғимараттар үшін барлық жақтарынан да кіре берістер ұйымдастырылуы керек.

Кәсіпорынның бас жобасында гидрант жүйесі ұйымдастырылған сыртқы су құбырының сақиналы желісі жобаланады, олар сәйкесінше бір-бірінен 150 м-ден алшақ болмауы, ғимарат дуалдарына 5 м-ден артық жақын болмауы, жолдардан 2 м алшақ орналастырылмауы қажет. Өрт болған жағдайға резервті су қорын қарастыру қажет (жер қойнауында орналасуы жағдайында бас жоспарда ол пунктир сызығымен көрсетіледі).Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру.

Цех ішінде (өндірістік ғимарат ішінде) қондырғыларды орналастыру тәсімдері технологиялық сұлбаның талаптарын ескере отырып, яғни қызметкерлерге арналған өтпелдер мен цехішілік көліктерге арналған өту жолдарының минималды ені ұйымдастырылады.

Жобаланатын технологиялық үрдіс пен қондырғыларды зерттеу негізінде құрамында: айналмалы және қозғалмалы элементтері бар, жұмыстардың биіктікте орындалуымен, жүктердің биіктікте тасымалдануымен сипатталатын, электрлік желісінің жоғары кернеуінде жұмыс істеуімен, жоғары немесе төмеңгі температурадағы элементтері немесе беттік аймақтарымен, бу немесе жоғары температурадағы судың бөліну мүмкіндігі бар аймақтарымен т.б. сипатталатын жарақат қауіпті аймақтар белгіленеді.

Жарақаттардың алдын-алу іс-шаралары (қоршаулы, қорғаушы, тежекті құрылғылар, қашықтықтан басқару, жабдықтар арасында, ғимараттың құрылыс элементтері мен жабдықтар арасында алшақтықтар ұйымдастырылады, желілердің айқындауыш бояулары болады, сусымалы материалдарды шығару кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары, апаттық дабыл секілді ескертулер, апаттық өшіп қалу т.б.), сонымен қатар апаттық жағдайлардың алдын-алу (көмегімен қондырғыларды басқару, автоматтық бақылау және дабыл, өндірістік үрдістерді автоматтандыру, жұмыс көрсеткіштерін, зиянды және қауіпті факторларды бақылау жылдамдығы, блоктауыштар және шектеуіштер, бақылауыш-өлшеуіш құралдар, аса жүктемеден қорғаныс, қадағалаулар мен талдау жұмыстары) іс-шаралары ұйымдастырылады. Қауіпсіздік және эргономика тұрғысынан басқару пульттарына, сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс орындарын ұйымдастыруға мұқият назар аударған жөн.

Электр тоғымен зақымдалу дәрежесіне сәйкес электр қондырғыларымен жабдықталған ғимарат класын белгілеу қажет.

Белгіленген класс негізделген нышандарды көрсету қажет.

Кесте – Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру.

Ғимарат классы

Белгілері

Жоғары қауіптілігі жоқ

Өзге класс ғимараттарының белгілері жоқ

Жоғары қауіптілікті

-ылғал (меншікті ылғалдылық 75% дан жоғары);

- тоқ өткізгіш шаң бөлінеді;

- тоқ өткізгіш еденнің болуы (металл, жер, темір бетонды, кірпіш

және т.б.);

-жоғары температура (тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын 35°С

тан жоғары болып тұрады);

- адамның бір мезетте бір жағынан ғимараттың жерсіндірілген

метал жабдықтарымен, технологиялық қондырғыларымен,

механизмдермен және т.б. екінші жағынан электр

Аса қауіпті

- аса ылғалды (меншікті ылғалдылық 100% ға жақын);

- химиялық активті немесе агрессивті орта;

- жоғары қауіптілікті ғимараттың мір мезетте екі немесе одан

да көп белгілерінің болуы.

Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты бақылаушы-өлшегіш аппаратураны, қауіпсіздік жабдықтары мен автоматикасын таңдап, оларды негіздеу қажет. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын, оны орналастыруға лайықты ғимарат пен қызмет атқаратын жұмысшыларға деген талаптарды негіздеу қажет.