- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесін алуға арналған дипломдық жоба
- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы
- •1 Аналитикалық шолу
- •1.1 Майлы сығындылар:алу жолдары, стандарттау және сақтау
- •1.3 Мекемеге жалпы шолу жасау: фармацевтикалық сапа жүйесі
- •2 Маркетингтік шолу
- •3 Инженерлі-технологиялық бөлім
- •3.1 Техникалық қайта жабдықтау
- •3.2 Өндірістің химиялық сызбасы
- •3.3 Бастапқы шикізат, материалдар, жартылай өнім мен дайын өнімнің сипаттамасы
- •3.Ошаған майының өндірісінің технологиялық сызбасы
- •3.5 Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •3.6 Технологиялық режим нормалары
- •3.7 Аппаратуралық сызба
- •3.8 Қолданылатын технологиялық жабдықтардың негіздемесі
- •3.13 Энергетикалық баланс
- •4 Жабдықтың квалификациясы
- •5 Дайын өнім сапасын анықтау
- •6 Технико-экономикалық негіздеу
- •7 Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария
- •7.1 Технологиялық үрдістің қауіпсіздігіне негізгі талаптар
- •7.2 Өндірістің жоспар бойынша тоқтауы кезіндегі негізгі ережелер
- •8 Қоршаған ортаны қорғау
7 Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария
Қауіпсіздік техникасы дегеніміз - жұмыс істеу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын және авариялардың алдын алуға құрылған арнайы техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені. Кез келген кәсіпорында қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін әр түрлі шаралар ұйымдастырады, сол мақсатта көп қаржы бөлінеді. Зауыттарда бас инженерге бағынатын арнайы қауіпсіздік қызметі жұмыс істейді. Олар өндірістегі қауіпсіздік техникасына жауапты, қызметкерлердің жұмыс істе
уіне қауіпсіз шарттар дайындаумен, сонымен қатар жұмысқа орналасқан жаңа кадрлардың қауіпсіз техникасының әсістермен таныс болуына жауапты. Зауыттарда жүйелі түрде жарақаттануды азайту, жазатайым оқиғалардың мүмкіндігін жоюды қамтамассыз ету жөніндегі шаралар жүзеге асырылады . Бұл іс-шаралар , әдетте, келесідей болады:
қызметкердерлі жарақаттанудан қорғау мақсатында қолданыстағы жабдықтардың жобасын жетілдіру;
жарақат алу мүмкіндігін жою үшін қолданыстағы станоктардың, машиналардың, жылу беру құрылғыларының қорғаныс бөліктерін жаңалау немесе жетілдіру.
Еңбек жағдайларын жақсарту:
жеткілікті жарықпен, желдету құрылғыларымен, жұмыс орнында шаңды сорып алу, өндіріс қалдықтарынан уақытылы құтылу, цехтарда және жұмыс орындарында нормальді температураның болуын қадағалауын қамтамассыз ету;
құрал – жабдықтармен жұмыс істеу кезінде авариялық жағдайлардың болуын алдын алу, тез айналатын дисктік аралардың сынуын болдырмау, қышқылдардың шашырауын, жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен артериялардың жарылысын, жылу құрығыларынан балқытылған металлдардың жалын тастауын алдын алу және т.б.
жаңадан орналасқан қызметкерлерді жүйелі түрде өндіріс айналасында өзін - өзі ұстауын, қауіпсіздік техникасымен таныстырып, білімін тексеру;
Өндірістегі қауіпсіздік техникасына қойылатын жалпы талаптар:
жаңа тапсырманы алған кезде, мастердан қосымша техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулық алу;
жұмысты орындау барысында ұқыптылық танытып, бөгде жұмыстармен айналыспау және басқа қызметкерлерге бөгет жасамау;
өндіріс территориясында келесі ережерді сақтау қажет:
өндірістің басқа цехтарыда себепсіз жүру;
кран, электрокран, қозғалмалы машина жүргізушілерінің берген сигналарына мұқият назар аудару;
тиеу, түсіру операциялары жүргізіп жатқанда көтермелі жүктің астынан өтпеу;
жүруге тыйым салынған жолдарды айналып өту, алдыда жүріп бара жатқан көліктің алдынан өтпеу;
электр құрылғыларына, электртоқтарына тиіспеу, электршкаф есіктерін ашпау;
цех басшылығының рұқсатынсыз машиналарды, станоктарды өз бетімен қоспау;
Жарақат алған жағдайда жұмысты тоқтатып, мастерге хабарлау және медпунктке бару.
Технологиялық процесстер жұмыс орнындағы еңбекті қорғау технологиялық регламентіндегі параметрлерге және нұсқаулықтарына сәйкес қатаң жүзеге асырылуы тиіс. Жұмысқа жаңадан орналасқан қызметкерлер немесе бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына ауысқан қызметкерлер бастапқы нұсқаулықтан өткеннен кейін, жұмыс орнында арнайы комиисияның қадағалауымен жұмысты қауіпсіз әдіспен орындайтынын теориялық және тәжірибе жүзінде көрсетеді. Комиссия мүшерелі осыған сүйене отырып қызметкердңі жеке жұмыс істеу жарамдылығын қорытындылайды.
Өндірістегі барлық қызметкерлер өрт сөндіру құралдарын және жеке қорғаныс заттарды қолдана білуі тиіс. Қызметкерлердің және инженерлі – техникалық қызметкерлердің нұсқаулығы 3 айда 1 рет жүргізіледі, сонымен қатар нұсқаулықтан өткен және нұсқаулықты жүргізген адамның қолы көрсетіледі.
