Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 4143.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
999.58 Кб
Скачать

15. Өсімдіктердің тамыры және тамыр жүйесі. Өсімдік тамыры, оның шығу тегі және қызметі. Тамыр құрылысының негізгі морфологиялықжәне анатомиялықерекшеліктері.

Тамыр өсімдіктің жер асты мүшесі. Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады: суды және онда еріген минералды тұздарды, кейде тіптен органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады. Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөледі: кіндік, қосалқы және жанама тамырлар.

Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Қосалқы тамырлар сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді. Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамыр кетеді. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады. Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді, бау тәрізді, конус тәрізді, ұршық тәрізді және басқаша болып келеді.

Тамыр жүйесі. Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр жүйесі деп атайды. Тамыр жүйесінің негізгі үш түрі бар: кіндік тамыр жүйесі, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан (өстің алғашқы қатары), сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарларынан тұрады. Қосалқы тамырлардың жүйесі, ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады; аралас тамырлардың жүйесі ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың жүйелері.

Тамырды ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетін қызметтер атқаратын бірнеше аймақтарға бөлуге болады. Клетканың бөліну аймағы, созылу аймағы, сору аймағы (тамыр түктерінің аймағы), өткізу (бұтақтану аймағы).

Клетканың бөліну және созылу аймақтары тамырдың ең ұшында орналасады. Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу участок. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа клеткалардан тұрады. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан қорғайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп өсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын жеңілдетеді. Оймақшаның астында клетканың бөліну аймағы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.

Одан жоғарылау клетканың созылу аймағы орналасады. Бұл жерде клеткалар бөлінуін біртіндеп тоқтатады да, ұзындыққа созылады, нәтижесінде олардың көлемдері ұлғаяды. Кейде бұл екі зонаны біріктіріп өсу аймағы деп атайды. Сору аймағы созылу аймағынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдың үстінде көптеген төмпешіктер пайда болады, олар келешегінде созылып, тамырдың түктеріне айналады. Әрбір тамырдың түгі жекелеген сыртқы клетканың ұзын (0.15-1мм) өсіндісі болып табылады. Түктің қабықшалары жұқа целлюлозадан тұрады, ядро әдетте оның ұшында орналасады.

16. Нуклеин қышқылдарының молекулалық гибридизациясы.

Екі түрлі ДНҚ тізбектерінен ДНҚ –ДНҚ гибриді түзілуі мүмкін. Мысалы, адам және тышқан клеткаларынан бөлініп алынған ДНҚ дуплекстерін жеке қыздырып, денатуарияға ұшыратса, содан оларды араластырып,бірнеше сағат 650 С температурада ұстаса, бастапқы дуплесктің түзілуімен қатар гибридті дуплекстер пайда болады. Мында тышқанның ДНҚ тізбегінің жеке учаскелерінде адамның ДНҚ тізбегінің учаскелері бар қостізбекті аймақ түзіледі. Екі түрлі ДНҚ арасындағы нуклеотидтер реттілігнде кейбір ұқсастықтар болса ғана гибридті дуплекстер п.б. Неғұрлым екі түр жақын болсаа, соғұрлым лдардың ДНҚ –сы көп гибрид түзеді. Сонымен,егер молекулалар арасында белгілі көп мөлшерде ұқсастық болса, онда белгілі бір температурада әр түрлі молекулалардан пайда болған жалғыз тізбектер жаңа молекуламен қосылуы мүмкін. Екі ДНҚ –ның гибридизациясы олардың реттілігіндегі ұқсастықты білдіреді. Молекулалық гибридизация әдісініңнегізгі нуклеин қышқылының қайтымды денатурацияға қабілетті болуында жатыр. Денатурация – қайтымды процесс, денатурациядан кейін екі тізбектің толық ажырауы кезінде де ДНҚ –ның қостізбекті құрылымы қайта қалпына келуі мүмкін. Температураны немесе рН- ты төмендеткен кезде осы екі тізбектің қайта қалпына келуі немесе ренатурация жүреді. Егер темп,немес рН-ты баяу төмендетсе,тізбектер дұрыс байланысып, барлық бастапқы негіздер жұбы қалпына келеді. Темп,немесе рН-ты күр төмендетсе,комплементарлы тізбектің дұрыс қалпына келуі қиынға түседі, өйткені бір тізбек тұсында немесе әртүрлі тізбек тұсында шоғырланған комплементарлы учаскелердегі негіздердің жұптасуы жүруі мүмкін. Бқл әдіс тек ДНҚ – ДНҚ гибридизациясы үшін ған емес, сонымен қатар ДНҚ және РНҚ арасында гибридті молекулаларды түзу үшін қолданылады. Комплементарлы реттілігі бар ДНҚ және РНҚ полинуклеотидті тізбектер антипаралелльді тізбекті Р7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]