- •1. Даражарнақтылар классына сипаттама және олардың класс тармақтарына бөлінуі.
- •2. Ішкі мүшелер ұлпалары. Борпылдақ дәнекер ұлпасы, оның клеткалары, талшықтар (коллагенді және эластиндік) және клеткааралық заттар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының қызметі.
- •3. Микроорганиздерді зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Жарық микроскопияның әртүрлілігі. Тірі және бекітілген обьектілерді зерттеу.
- •4. Процессинг және эукариоттарда мРнқ-ның пісіп-жетілуі (сплайсинг).
- •5. Саузерн-блот және нозерн-блот анализдеріне сипаттама беріңіз.
- •6. Гүлді немесе жабық тұқымды өсімтерге сипаттама. Қосжарнақтылар (магнолиопсиптер) класы.
- •7. Генетика пәнi. Даму тарихы. Қазақстан ғалымдарының генетика ғылымының дамуына қосқан үлестері.Генетиканың практика үшiн маңызы. Генетикалық символикалар.Б
- •8. Класс құстар, құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Олардың ұшына сәйкес жабының, қанқасының, етінің тынысалу және қанайналу жуйелерінің құрылысындағы ерекшеліктері.
- •Ішкі мүшелер ұлпалары. Қан. Жалпы сипаттамасы және қан жасушаларының классификациясы.
- •11. Генетикалық материалдың өзгергіштігі. Негізгі ережелері.
- •12. Өсімдіктердегі фотосинтез процессі. С4-жолының метаболизіміне толық сипаттама.
- •13. Фосфорлы тотықсыздану механизмі. Субстрат деңгейінде фосфорлану. Тыныс алу тізбегіндегі фосфорлану.
- •15. Өсімдіктердің тамыры және тамыр жүйесі. Өсімдік тамыры, оның шығу тегі және қызметі. Тамыр құрылысының негізгі морфологиялықжәне анатомиялықерекшеліктері.
- •16. Нуклеин қышқылдарының молекулалық гибридизациясы.
- •17. Днқ құрылымы. Уотсон-Крик моделі.
- •18. Эпителий ұлпалары. Эпителийлердің классификациясы. Эпителий ұлпаларының түрлері (бір қатарлы, көп қатарлы, көп қабатты).
- •19. Популяция және оның генетикалық құрылысы. Панмиксиялық популяциядағы тұқым қуалау. Харди-Вайнберг заңы.
- •20. Белоктардың құрылымдық ұйымдасуы. Жалпы сипаттама
- •21. Жасушалардың бөлінуі. Жыныс жасушалардың бөлінуі(мейоз). Мейоздың сатылары, олардың ұзақтығы және оларға сипаттама.
- •22. Прокариоттардың гендер экспрессиясын реттеуі. Негативті индукция. Lac-оперон.
- •24. Мутациялық өзгергіштік, оның себебі мен зерттеу әдістері.Мутациялардың түрлері.
- •25. Өзгергіштік. Түрлері. Модификациялық өзгергіштік. Реакция нормасы. Вариациялық қатардың көрсеткіштері (мода, медиана, орташа шама).
- •26.Генетикалық код. Жалпы сипаттамасы мен триплеттілігі.
- •27. Днқ репликациясы. Репликация механизмі. Днқ репликациясының жартылай консервативті механизмі.
- •28. Жасуша ядросы. Ядроның құрылысы, химиялық құрамы және мәні. Кариолемма, кариоплазма, хроматин және ядрошықтың ұйымдасуы, олардың қызметі
- •29. Бас миының қаңқасы. Бас миы қаңқасының құрылысы
- •30. Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы, молекулалық құрылысы және қасиеттері. Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары. Плазмолиз. Деплазмолиз.
- •31. Класс Хордабастылар. Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Жабынының, бұлшықет аппаратының, қанқасының және ішкі мүшелер жүйесінің ерекшеліктері.
- •32. Өсімдіктердің тыныс алу процесі оттегінің энзиматикалық сіңіру ретінде. Тыныс алудың өсімдіктердің тіршілігіндегі орны.
- •33. Фотосинтездің қараңғылық фазасы. Кальвин циклі. Метаболизмнің с3 – жолдары.
- •35. Классүсті Балықтар. Классүсті балықтардың морфологиялық және биологиялық жалпы сипаттамасы. Жабындысының және ішкі органдар жүйесінің құрылысы.
- •36. Өсімдіктердің өсуі мен дамудың реттелу принциптері. Фитогормондар, олардың өсімдіктердің өсуіндегі рөлі.
- •37.Сцепление наследование кроссинговер. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері.
- •38.Эукариоттар геномының құрылысы. Прокариоттардан айырмашылығы.
- •39.Өсімдік, жануарларжәне адамның вирус инфекциялары. Вириоидтар. Приондар.
- •40.Азот фиксациясы. Биосферада азоттың алмасуы.
- •41.Хромосомадағы днқ орналасуы. Хроматиннің құрылысы. Гистондарға сипаттама.
- •42.Жүрек-тамыр жүйесінің физиологиясы. Жүрекшелер мен құлақшалардың функционалдық рөлі. Жүрек циклы. Систола мен дистола.
- •43. Бұлшықет ұлпалары. Жалпы сипаттама және классификациясы. Бұлшықет талшығының құрылымдық және функционалдық сипаттамасы.
- •44. Трансляция. Трансляция кезеңдері (инициация, элонгация, терминация), оның жалпы механизмдері және реттелуі.
- •45. Бұлшық ет ұлпаларының сипаттамасы және классификациясы. Бұлшық еттердің қысқару механизмі.
- •48.Г. Мендельдің заңдары. Моно- және дигибридті будандастыру. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңдылығы және олардың цитологиялық негіздері.
- •49. Рекомбинатты днқ технологиясы. Рекомбинатты днқ туралы түсінік.
- •50. Жасуша циклы. Соматикалық жасушалардың бөлінуі. Жасушаның тіршілік циклы.
- •51. Модификациялық өзгергіштік және оның эволюция мен селекциядағы орны.
- •52. Прокариот морфологиясы, құрылысы мен көбеюі. Дифференциялданған бактериялардың түрлері.
- •53.Геномдық мутациялар. Түрлері: полиплоидия, гетероплоидия, гаплоидия.
- •54. Микроорганизімдерді бөліп алу, дақылдау және оларды өсуі. Микроорганизімдердің таза дақылдары мен оларды алу әдістері.
- •55. Қанның қорғаныс қызметі, клеткалық және гуморальдық иммунитет жөніндетгі ұғым. Қан топтары. Резурс-фактор. Қан құюдың прктикалық маңызы және әдістері.
- •56. Вирустардың құрылымдық ұйымдасуы. Вирустардың классификациясы.
- •57. Кребс циклі сипаттап беріңіз. Тыныс алуда көмір қышқыл газының (со2) және судың пайда болуы.
- •58. Жүйке ұлпасының дамуы және мәні. Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы және классификациясы.
- •59. Днқ репарациясының механиздерін сипаттаңыз.
- •60. Вегетативті жүйке жүйесі. Жжж-нің классификациясы және қызметі.
- •61. Морфология, строение и размножение прокариот. Различие прокариотных и эукариотных клеток.
- •62. Репродукция вируса в клетке. Особенности репликации днк- и рнк-содержащих вирусов. Скоро будет ответ
- •63. Адамның зәр шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы және қызметі. Нефрон -бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі.
- •64. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қалталы саңырауқұлақтар, оларға сипаттама. Көбею түрлері. Классификациясы.
- •66. Адамның эндокринді жүйесі. Гипофиз, қалқанша безі. Олардың мәні, құрылысы және қызметтері.
- •67. Ұрықтың түзілуі. Бластуляция, гаструляция, нейруляция.
- •68. Ұрықтық жапырақшаларға сипаттама. Көп клеткалылардың эмбриональды дамуындағы негізгі кезеңдері. Метазоалардың шығу тегі туралы гипотезалар (Хаджи, Захваткин және т.Б.).
- •69. Майлар құрылысының ерекшеліктері. Қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, олардың формулалары. Фосфолипидтер.
- •70. Жүрек-қан тамырлар жүйесіне сипаттама. Жүрек әрекетінің фазалары.
- •71. Гүлдену тозаңдану. Гүлдердің морфологиялық ерекшеліктері.
- •72. Көмірсулардың классификациясы және олардың құрылыстарының ерекшеліктері. Изомерия түрлері. Моносахаридтер конформациясы.
- •73. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы. Өкпе арқылы тыныс алу. Өкпе вентиляциясы, оның физиологиялық мәні. Өкпенің сыйымдылығы, оның компоненттері.
- •74. Ашу. Анаэробты тыныс алу. Ашу түрлері (спирттік, сүтқышқылды, құмырсқа қышқылды). Пастер эффекті.
- •76. Вирустар. Д.И. Ивановский мен м. Бейеринктің жұмыстары. Тыныштықтағы (вирион) және клеткаішілік (вирус-клетка комплексі) вирустың сипаттамасы.
- •77. Синапстар және оның түрлері. Химиялық синапстардағы импульстың тасымалдану механизмі.
- •78. Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы. Ішкі сөлініс бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальдық реттеідегі маңызы.
- •79. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлілігі. Гинецей. Гинецейдің шығу тегі және түрлері. Мегагаметогенез және мегаспорогенез.
- •80. Жоғарғы сатылы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі, оларға сипаттама. Ұрпақ алмасуы. Классификациясы.
- •81. Витаминдер. Суда және майда еритін витаминдер. Витаминдер – коферменттер.
- •82. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлілігі. Андроцей, оның құрылысы және алуантүрлілігі, микроспорогенез және микрогаметогенез.
- •83. Адамның асқорыту жүйесі құрылысының принциптері. Ауыз қуысындағы асқорыту процесі.
- •85. Транскрипция. Транскрипция кезеңдері. Транскрипция факторлары.
- •86. Сабақ – өркеннің осі, оның қызметі және алғашқы және соңғы анатомиялық құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысына байланысты қалыңдау түрлері.
- •87. Гликолиз. Гликолиздің кезеңдері. Өсімдіктердің тіршілігіндегі гликолиздің орны.
- •88. Нуклеин қышқылдарының құрылысы және ондағы байланыстар. Дара жарнлері.
- •89. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Жапырақтардың құрылымдық түрлері.
66. Адамның эндокринді жүйесі. Гипофиз, қалқанша безі. Олардың мәні, құрылысы және қызметтері.
Эндокринология (грек. endon – ішкі, krіno – бөліп шығарамын және logos – ілім) – эндокриндік бездердің құ-рылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер – гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым. Эндокринология ғыл. пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. 20 ғ-дың бас кезінде әр бездің организмнің дамуын, тір шілік әрекетін реттеу процестерінде маңызы бар екені ашылып және олардың өзара байланысы анықтала бастады. Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Эндокриндік жүйенің қызметі:
Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып: өсуді; ағзаның дамуын; жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін; энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар: эмоционалды реакциялардың; адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.
Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді.
Гормондардың қасиеті:
Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
Арнайы әсер;
Био-физиологиялық белсенділік;
Әр түрге арнайшылық;
Тек тірі жасушаларға әсер ету
Гипофиз – ішкі секреция бездері қызметтерін реттеуге қатысатын эндокринді мүшелер жүйесінің орталық безі. Гипофиз – күрделі мүше, ол аденогипофиз (алдыңғы және орталық бөліктері) және нейрогипофиз (артқы бөлігі) тұрады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі 2 бөлікке бөлінеді: өсу гормоны және тропты гормондар (тиреотропин, кортикотронпин, гонодатропин). Бірінші топқа самататропин және пролактин жатады.
Өсу гормоны (самататропин) – өсуіне әсер етеді. Сүйектердің ұзына бойлап өсуіне әсер етеді. Самататропты гормонның гипофизді бұзылуы әр түрлі өзгертулерге, адам организмінің дамуы мен өсуіне әсер етеді. Егер бала кезде гиперфункция болса, онда гигантизм дамиды. Гиперфункция болған кезде – ергежейлік болуы мүмкін. Гиперфункция үлкен адам да бойға әсері жоқ, бірақ өсуге қабілеті бар ағза мүшелері үлкейіп өседі.
Пролактин – сүт бездерінің өсіп – жетілуіне байланысты. Бұл кезең (жыныстық жетілу кезеңінде) 10-12 жаста байқалады. Сүт бездері әйел босанғанда және жас сәбиді емізгенде өзінің даму шегіне жетеді, пролактин синтезделіп үлкейеді және лактация кезеңі келеді.
Тиреотропты гормон (тиреотропин) – қалқанша безге әсер етеді және оның функциясын жоғарлатады. Тиреотропиннің аз өндірілуінде, қалқанша бездің атрофиясы байқалады. Гиперпродукция болғанда – мөлшерден көп өсуі гистологиялық өзгерістер байқалып, оның активтілігін жоғарлатады.
Адренокортикотропты гормон (картикотропин). Глюкокортикоидты өндіруге стимулдайды. Кортикотропин бөлінуге және белоктың синтезін тежейді, антагонлетикалық өсу гормоны. Ол ең негізгі байланыстырғыш ұлпаны тежеп, толық жасушаларды азайтып, капилярлардың өткізгіштігін төмендетеді. Осы арқылы ісінуге қарсылығы анықталады. Картикотропин әсерінен өлшемдері және лимфондты мүшелердің салмағы азаяды.
Гонадотропты гормондар (гонодатропты – фоллийтропин және лютропин). Әйелдерде де, ерекектерде де болады. а) фоллитропин (фолликула стимулдайтын гормон), жұмыртқадағы фолликуланың дамуына және оның өсуін стимулдайды және экстрогеннің өндіруіне әсер етеді, ал еркектерде оның әсерінен сперматозоидтар пайда болады. б) лютеининзирующий гормон (лютропин) – сары денешікпен бірге фолликула овуляцияланады және өсуін стимулдайды. Ол әйелдерде жыныс бездерінің экстрогендерін пайда болуына жағдай жасайды. Лютропин еректердегі андрогендерді өніруге қабілетті.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин гормоны өндіріледі, ол пигмент алмасу реттейді.
Гипофиздің артқы бөлігі сурооптикалық және паравентрикулярлық ядроның гипоталламусымен тығыз байланысты. Жүйке клеткаларының ядросын нейросекрет өндіреді. Ол гипофиздің артқы бөлігін тасымалдайды. Гормондар питуицитта жиналады, осы клеткаларда гормондар активті түрге айналады. Жүйке клеткаларда паравентрикулярлы ядрода окситоцин пайда болады. Сурооптикалық ядро нейрондары – вазопрессин түзіледі.
Вазопрессин функциясы:
1. Қан тамырларының тең салалы бұлшық еттерінің жиырылуын арттырады.
2. Несеп (моча)-тің бүйректе пайда болып қажуы (антидиурентикалық қызмет).
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар.
Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді.
Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.
Қалқанша бездің құрылысы: Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар: Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады. Аурудың белгілері: 1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады; 2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді; 3) дене температурасы төмендейді; 4) жүрек соғысы баяулайды; 5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді. Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі. Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады. Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.
