- •1. Даражарнақтылар классына сипаттама және олардың класс тармақтарына бөлінуі.
- •2. Ішкі мүшелер ұлпалары. Борпылдақ дәнекер ұлпасы, оның клеткалары, талшықтар (коллагенді және эластиндік) және клеткааралық заттар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының қызметі.
- •3. Микроорганиздерді зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Жарық микроскопияның әртүрлілігі. Тірі және бекітілген обьектілерді зерттеу.
- •4. Процессинг және эукариоттарда мРнқ-ның пісіп-жетілуі (сплайсинг).
- •5. Саузерн-блот және нозерн-блот анализдеріне сипаттама беріңіз.
- •6. Гүлді немесе жабық тұқымды өсімтерге сипаттама. Қосжарнақтылар (магнолиопсиптер) класы.
- •7. Генетика пәнi. Даму тарихы. Қазақстан ғалымдарының генетика ғылымының дамуына қосқан үлестері.Генетиканың практика үшiн маңызы. Генетикалық символикалар.Б
- •8. Класс құстар, құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Олардың ұшына сәйкес жабының, қанқасының, етінің тынысалу және қанайналу жуйелерінің құрылысындағы ерекшеліктері.
- •Ішкі мүшелер ұлпалары. Қан. Жалпы сипаттамасы және қан жасушаларының классификациясы.
- •11. Генетикалық материалдың өзгергіштігі. Негізгі ережелері.
- •12. Өсімдіктердегі фотосинтез процессі. С4-жолының метаболизіміне толық сипаттама.
- •13. Фосфорлы тотықсыздану механизмі. Субстрат деңгейінде фосфорлану. Тыныс алу тізбегіндегі фосфорлану.
- •15. Өсімдіктердің тамыры және тамыр жүйесі. Өсімдік тамыры, оның шығу тегі және қызметі. Тамыр құрылысының негізгі морфологиялықжәне анатомиялықерекшеліктері.
- •16. Нуклеин қышқылдарының молекулалық гибридизациясы.
- •17. Днқ құрылымы. Уотсон-Крик моделі.
- •18. Эпителий ұлпалары. Эпителийлердің классификациясы. Эпителий ұлпаларының түрлері (бір қатарлы, көп қатарлы, көп қабатты).
- •19. Популяция және оның генетикалық құрылысы. Панмиксиялық популяциядағы тұқым қуалау. Харди-Вайнберг заңы.
- •20. Белоктардың құрылымдық ұйымдасуы. Жалпы сипаттама
- •21. Жасушалардың бөлінуі. Жыныс жасушалардың бөлінуі(мейоз). Мейоздың сатылары, олардың ұзақтығы және оларға сипаттама.
- •22. Прокариоттардың гендер экспрессиясын реттеуі. Негативті индукция. Lac-оперон.
- •24. Мутациялық өзгергіштік, оның себебі мен зерттеу әдістері.Мутациялардың түрлері.
- •25. Өзгергіштік. Түрлері. Модификациялық өзгергіштік. Реакция нормасы. Вариациялық қатардың көрсеткіштері (мода, медиана, орташа шама).
- •26.Генетикалық код. Жалпы сипаттамасы мен триплеттілігі.
- •27. Днқ репликациясы. Репликация механизмі. Днқ репликациясының жартылай консервативті механизмі.
- •28. Жасуша ядросы. Ядроның құрылысы, химиялық құрамы және мәні. Кариолемма, кариоплазма, хроматин және ядрошықтың ұйымдасуы, олардың қызметі
- •29. Бас миының қаңқасы. Бас миы қаңқасының құрылысы
- •30. Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы, молекулалық құрылысы және қасиеттері. Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары. Плазмолиз. Деплазмолиз.
- •31. Класс Хордабастылар. Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Жабынының, бұлшықет аппаратының, қанқасының және ішкі мүшелер жүйесінің ерекшеліктері.
- •32. Өсімдіктердің тыныс алу процесі оттегінің энзиматикалық сіңіру ретінде. Тыныс алудың өсімдіктердің тіршілігіндегі орны.
- •33. Фотосинтездің қараңғылық фазасы. Кальвин циклі. Метаболизмнің с3 – жолдары.
- •35. Классүсті Балықтар. Классүсті балықтардың морфологиялық және биологиялық жалпы сипаттамасы. Жабындысының және ішкі органдар жүйесінің құрылысы.
- •36. Өсімдіктердің өсуі мен дамудың реттелу принциптері. Фитогормондар, олардың өсімдіктердің өсуіндегі рөлі.
- •37.Сцепление наследование кроссинговер. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері.
- •38.Эукариоттар геномының құрылысы. Прокариоттардан айырмашылығы.
- •39.Өсімдік, жануарларжәне адамның вирус инфекциялары. Вириоидтар. Приондар.
- •40.Азот фиксациясы. Биосферада азоттың алмасуы.
- •41.Хромосомадағы днқ орналасуы. Хроматиннің құрылысы. Гистондарға сипаттама.
- •42.Жүрек-тамыр жүйесінің физиологиясы. Жүрекшелер мен құлақшалардың функционалдық рөлі. Жүрек циклы. Систола мен дистола.
- •43. Бұлшықет ұлпалары. Жалпы сипаттама және классификациясы. Бұлшықет талшығының құрылымдық және функционалдық сипаттамасы.
- •44. Трансляция. Трансляция кезеңдері (инициация, элонгация, терминация), оның жалпы механизмдері және реттелуі.
- •45. Бұлшық ет ұлпаларының сипаттамасы және классификациясы. Бұлшық еттердің қысқару механизмі.
- •48.Г. Мендельдің заңдары. Моно- және дигибридті будандастыру. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңдылығы және олардың цитологиялық негіздері.
- •49. Рекомбинатты днқ технологиясы. Рекомбинатты днқ туралы түсінік.
- •50. Жасуша циклы. Соматикалық жасушалардың бөлінуі. Жасушаның тіршілік циклы.
- •51. Модификациялық өзгергіштік және оның эволюция мен селекциядағы орны.
- •52. Прокариот морфологиясы, құрылысы мен көбеюі. Дифференциялданған бактериялардың түрлері.
- •53.Геномдық мутациялар. Түрлері: полиплоидия, гетероплоидия, гаплоидия.
- •54. Микроорганизімдерді бөліп алу, дақылдау және оларды өсуі. Микроорганизімдердің таза дақылдары мен оларды алу әдістері.
- •55. Қанның қорғаныс қызметі, клеткалық және гуморальдық иммунитет жөніндетгі ұғым. Қан топтары. Резурс-фактор. Қан құюдың прктикалық маңызы және әдістері.
- •56. Вирустардың құрылымдық ұйымдасуы. Вирустардың классификациясы.
- •57. Кребс циклі сипаттап беріңіз. Тыныс алуда көмір қышқыл газының (со2) және судың пайда болуы.
- •58. Жүйке ұлпасының дамуы және мәні. Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы және классификациясы.
- •59. Днқ репарациясының механиздерін сипаттаңыз.
- •60. Вегетативті жүйке жүйесі. Жжж-нің классификациясы және қызметі.
- •61. Морфология, строение и размножение прокариот. Различие прокариотных и эукариотных клеток.
- •62. Репродукция вируса в клетке. Особенности репликации днк- и рнк-содержащих вирусов. Скоро будет ответ
- •63. Адамның зәр шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы және қызметі. Нефрон -бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі.
- •64. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қалталы саңырауқұлақтар, оларға сипаттама. Көбею түрлері. Классификациясы.
- •66. Адамның эндокринді жүйесі. Гипофиз, қалқанша безі. Олардың мәні, құрылысы және қызметтері.
- •67. Ұрықтың түзілуі. Бластуляция, гаструляция, нейруляция.
- •68. Ұрықтық жапырақшаларға сипаттама. Көп клеткалылардың эмбриональды дамуындағы негізгі кезеңдері. Метазоалардың шығу тегі туралы гипотезалар (Хаджи, Захваткин және т.Б.).
- •69. Майлар құрылысының ерекшеліктері. Қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, олардың формулалары. Фосфолипидтер.
- •70. Жүрек-қан тамырлар жүйесіне сипаттама. Жүрек әрекетінің фазалары.
- •71. Гүлдену тозаңдану. Гүлдердің морфологиялық ерекшеліктері.
- •72. Көмірсулардың классификациясы және олардың құрылыстарының ерекшеліктері. Изомерия түрлері. Моносахаридтер конформациясы.
- •73. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы. Өкпе арқылы тыныс алу. Өкпе вентиляциясы, оның физиологиялық мәні. Өкпенің сыйымдылығы, оның компоненттері.
- •74. Ашу. Анаэробты тыныс алу. Ашу түрлері (спирттік, сүтқышқылды, құмырсқа қышқылды). Пастер эффекті.
- •76. Вирустар. Д.И. Ивановский мен м. Бейеринктің жұмыстары. Тыныштықтағы (вирион) және клеткаішілік (вирус-клетка комплексі) вирустың сипаттамасы.
- •77. Синапстар және оның түрлері. Химиялық синапстардағы импульстың тасымалдану механизмі.
- •78. Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы. Ішкі сөлініс бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальдық реттеідегі маңызы.
- •79. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлілігі. Гинецей. Гинецейдің шығу тегі және түрлері. Мегагаметогенез және мегаспорогенез.
- •80. Жоғарғы сатылы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі, оларға сипаттама. Ұрпақ алмасуы. Классификациясы.
- •81. Витаминдер. Суда және майда еритін витаминдер. Витаминдер – коферменттер.
- •82. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлілігі. Андроцей, оның құрылысы және алуантүрлілігі, микроспорогенез және микрогаметогенез.
- •83. Адамның асқорыту жүйесі құрылысының принциптері. Ауыз қуысындағы асқорыту процесі.
- •85. Транскрипция. Транскрипция кезеңдері. Транскрипция факторлары.
- •86. Сабақ – өркеннің осі, оның қызметі және алғашқы және соңғы анатомиялық құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысына байланысты қалыңдау түрлері.
- •87. Гликолиз. Гликолиздің кезеңдері. Өсімдіктердің тіршілігіндегі гликолиздің орны.
- •88. Нуклеин қышқылдарының құрылысы және ондағы байланыстар. Дара жарнлері.
- •89. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Жапырақтардың құрылымдық түрлері.
61. Морфология, строение и размножение прокариот. Различие прокариотных и эукариотных клеток.
Прокариоттардың морфологиясы, құрылысы және көбеюі. Прокариоттар мен эукариоттардың айырмашылықтары.
Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Ертеде прокариотты организмдер арқылы өте көп жұқпалы аурулар тараған. Көптеген елдерде халыктың аурудан қырылып қалғаны тарихтан белгілі. Олар — тырысқақ, күйдіргі, оба (әр жануарларда әртүрлі аталады), т.б. аурулар. Қазақстанда осы аурулардың табиғи ошақтары әлі күнге дейін бар. Жұкпалы ауруларға жататын жіңішке ауруы, сарып, іш өту және сүзек сияқты ауру түрлері адамдар үшін қазір де қауіпті. Көптеген ішек ауруларын прокариоттар тудырады.
Асқазан, тоқ ішек жаралары және қарындағы ісік, қарып асты безінің ісік аурулары — хеликобактер пилориум микроорганизмі арқылы таралады. Аурулардың осы микроорганизмдер арқылы тарайтынын 1983 жылы Австралия дәрігерлері Б. Дж. Маршал мен Дж. Р. Уоррен ашқан. Б. Маршал осы микроорганизм жасушасының себіндісін (культурасын) ішіп, өзіне тәжірибе жасап көрген. Жарты айдан соң ол гастритпен қатты ауырып, өрең дегенде тетрациклин және Денол дәрісін ішіп жазылған.
Ішек және асқазан аурулары тазалық сақтамаған кезде қол орамал арқылы прокариотты организмдерден жұғады. Сондықтан да қоғамдық орындарға барғанда, қолды сабынмен жақсылап жуған дұрыс және шыбын-шіркей, тарақандардан сақтанған жөн. Қазіргі кезде ғылымның жетістіктеріне байланысты, осы прокариоттар тарататын қауіпті ауруларға қарсы емдеу жұмыстары жақсы жолға қойылған. Прокариоттардың өзінен өндірілетін биологиялық белсенді заттар — антибиотиктерді пайдаланып емдеу жұмыстары қолға алынды. Бірінші антибиотик пенициллинді өткен ғасырдың 40-жылдарында микробиолог Александр Флеминг ашты.
Микробтардың қатысуымен әртүрлі антибиотиктер, дәрі-дәрмектер, витаминдер және ферментер алынады. Қазіргі кезде микробиологиялық өндірістер жүздеген миллиард долларға өнімдер шығарады. Прокариоттарды зауыттардың өздерінде тот баспайтын үлкен ыдыс — ферменттерде есіріп, оларды күнделікті өмірде пайдаланады.
Біздің республикамызда Ақмола облысы Степногор қаласында "Прогресс" атты микробиологиялық зауыт бар. Осы зауыт жылына жүздеген мың тонна витаминделген азық-түліктік үстемелер, аминкышқылдары, инсектицидтер (жәндіктерге қарсы ұлы заттар) және микробтан жасалынатынферменттер шығарады.
1 г топырақтың құрамында 300 млн-нан 2 млрд-қа дейін бактериялар болады. Барлық сыра, шарап , спирт және техникалык өнімдер (ацетон, сірке қышқылы) шығаратын зауыттар прокариотты организмдерді пайдаланады. Адамзат ертеден-ақ май, ірімшік, әртүрлі сүттен алынатын өнімдерді алу үшін ашытқы бактерияларын пайдаланған. Ұлттық тағамдар мен сусындар үшін (айран, қымыз, шұбат, күрт, т.б.) ашытқы бактерияларын қолданған. Көк-жасыл балдырлар пайдалы прокариоттарға жатады. Олар атмосфералын азотты игеріп, оны нәруыз құрамына байланыстырады.
Көк-жасыл балдырларды топыракты биологиялық азотпен тыңайту үшін қолданады. Мысалы, жапон шаруалары көк-жасыл балдырларды күріш шаруашылығына пайдаланады. Көк-жасыл балдырлар органикалық заттармен ластанған сулы жерде жақсы өсетіндіктен, олар ластанудан тазартудың биоиндикаторы болып саналады
