Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 4143.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
999.58 Кб
Скачать

51. Модификациялық өзгергіштік және оның эволюция мен селекциядағы орны.

Генотиптері ұқсас, бірақ әртүрлі орта жағдайларында өсіп дамитын организімдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Даралардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергішік д.а. Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организім белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қызметіне және фермееттердің белсенділігіне әсер етуі мүмкін.

Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды. Модификациялық өзгергіш деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуін, осылай фенотиптің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т.б. жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің жеке дамуы барысында морфологиялық, физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіні байқалады. Мысалы, француз ботанигі Боннье 120 түрге жататын өсімдіктерді алып, оларға тәжірибе жүргізген. Өсімдіктің әрбір талын алып, оны теңдей етіп, екіге бөлген. Бір жартысын ауа райы жылы, өсіруге қолайлы Париж ботаника бағына отырғызады, ал екінші жартысын таудың басына суық жерге егеді. Төжірибелердің қорытындысы мынадай болады. Парижде отырғызылған жер алмұртының бойы биік болып, таудағысының сабағы қысқарып, жерге жабысып өседі. Ал осы екі географиялық аймақта өскен өсімдіктің тұқымын алып, бірдей үлескіге отырғызғанда, олардың фенотипі (сабағының биіктігі) ата-анасының фенотипінің өзгешелігіне қарамай, бірдей болады. Орта жағдайының өзгеруіне байланысты модификациялық өзгергіштіктің шегі де түрліше болады. Белгілердің модификациялық өзгергіштік шегін оның реакция мөлшері деп атайды. Бір белгілердің реакция мөлшері кең көлемді болады. Оларға сандық өлшейтін белгілер (бойының биіктігі, дәннің массасы, малдардың еттілігі, сүттілігі, т.б.) жатады. Екінші бір белгілер тар көлемде беріледі. Оларға сапалық белгілер (көздің түсі, адам алақанының, қолының суреті, өсімдіктердің тұқымы мен гүлінің түсі) жатады. Модификациялық өзгергіштік өсіп, дамып келе жаткан организмдегі ферментативті реакцияға орта факторларының әсер етіп, олардын жүру бағытын өзгертуінен туады.

Модификациялық өзгергіштіктің ерекше түріне ұзақ модификациялану жатады. Бұл өзгергіштік сырткы ортаның факторлары өсерінен бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалайды. Мысалы, колорад қоңызының қуыршағына жоғары немесе төмен температурамен әсер еткенде, ересек қоңыздардың денесінің бояуының түсі өзгереді. Бұл белгі бірнеше ұрпақ сақталып, кейіннен бастапқы түсіне қайтадан оралады. Ол температурамен өңделген аналық коңыздан ғана беріледі, аталықтан берілмейді. Ұзақ модификациялану белгілердің цитоплазмалық жолмен тұқым қуалайтынын көрсетеді.

Модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтары практикада кеңінен қолданылады. Жылыжайда өсірілген өсімдіктерге қосымша жарық беру арқылы оның өнімділігін арттыруға болады. Ірі қара малдарды күтудің, азықтандырудың мөлшерін сақтау арқылы олардан мол сүт, ет алуға болады. Сонымен генотиптін өзгеруіне байланыссыз, тек сыртқы ортаның әсерінен болатын өзгергіштік модификациялық өзгергіштік деп аталады.

Қорыта келе Гершензон түйіндеген модификациянң кейбір мутациядан згеше сипаттары төмендегідей:

1. Модификацияныі көріну дәрежесі, оны тудыратын факторлардың күші мен ұзақтығына пропорционалды. Бқл заңдылық модификацияның мутациядын елеулі түрде ажыратуға мүмкіндік береді.

2. Мод-ң көпшілік жағдайда адаптивтік мәні бар.

3. Мод-ға қарағанда мутацияның тұрақтылығы жоғары болып келеді. Мод-я қайтымды, яғни егер оны тудыратын әсер жойылса, пайда болған өеріс бірте бірте жоғалады.

4. Мод-ң мутацтядан негізгі айырмашылығ ол тұқым қуаламайды. Генетикада көп уақыта дейін жүре пайда болатын белгілердің ұқым қуалауы туралы дау болып келеді. Әр түрлі орг-мен мұқият жүргіщілген тәжірбиелер модификациялық өзгргіштің тұқым қуаламайтындығын көрсетті. Қазіргі кезде жүре пайда болған белгілердің тұқым қуалауы туралы пікіпталастар тек тарихтың үлесінде қалады. Молекулалаық генетикалық жетістіктері гентикалық матриалдың берілуі бір бағытта тек гендерден,- белоктарға ғана, ал кері бағытта жүрмейтіндігін дәлелдеп отыр. Ол дегенімі сыртқы орта факторларының әсерінен рорг-ң белгілерінің өзгеруі тек сол организмге ғана тән реакция норасын көрсетеді және ол гендердің тұқым қуалайтын өзгерістерін тудыра алайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]