Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 4143.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
999.58 Кб
Скачать

38.Эукариоттар геномының құрылысы. Прокариоттардан айырмашылығы.

Геном — жасушаның, ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық генетикалық ақпарат жазылған ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы.

Эукариоттық хроматин нуклеопротеин болып табылады.Ол нуклеосома д.а қайталанатын бірнеше бірліктер түрінде ұйымдасқан. Әр нуклеосома ДНК-ң 146 ж.н және гистонды белок.ң актомерінен тұрады. Адам клеткасының гаплоидты геномы шамамен 3,5х жұп негіздерді құрайды. Бұл 1,5 миллион гендерді кодтау үшін жеткілікті. Бірақ адам геномы мен мутациялардың пайда болу жиілігін зерттеу мәліметтері адам орнанизмінде 25 000 –нан аса белсенді гендердің болатынын,яғни жалпы ДНК-ның 50%-нан кем екенін дәлелдейді. Бұл геномды ДНК-ң көп бөлігінің кодталмайтынын білдіреді, яғни ДНК-да сақталған ақпараттың барлығы белок молекуласының аминқышқылдық реттілігіне трансляцияланбайды. Эукариоттар геномының көп бөлігі функционалды гендерді кодтамайды.

Эукариоттар геномы — көлемі және құрылысы жағынан күрделі болады, олар; нуклеотидтер—кодондар—гендер мен ген аралық учаскелер—күрделі гендер—хромосома иіндері—хромосомалар—гаплоидты хромосома саны сияқты бірте-бірте күрделенетін құрылымдардан тұрады. Эукариоттар геномының көлемі өте үлкен болады, себебі олардың нуклеотидтер бірізділігі (ДНҚ молекуласы) тек қана қайталанбайтын учаскелер емес, сол сияқты орташа қайталанатын және өте жиі қайталанатын учаскелерден тұрады. Сол сияқты, геномның өте үлкен болуын гендердің экзон-интрондық құрылысымен де түсіндіруге болады. Эукариоттар геномы ядролық және ядродан тыс орналасқан ДНҚ молекулаларынан тұрады. Соңғысына цитоплазманың сақиналы ДНҚ-сы: плазмидалар, эписомалар, митохондрия және пластидтер ДНҚ-сы жатады. Ядролық ДНҚ хромосомасынан тыс орналасқан гендер жиынтығын плазмондар деп атайды, олар цитоплазмалық тұқым қуалаушылықты анықтайды. Ядролық ДНҚ-массасының бәрі дерлік хромосомаларға таралған. Хромосомалар құрылысы күрделі.

Эукариоттар геномына қозғалғыш генетикалық элементтер — транспозондар да тән, олар гендер белсенділігін реттеуге қатынасады, яғни бұрын пассив күйде болып келген гендерді активтендіреді немесе керісінше.

39.Өсімдік, жануарларжәне адамның вирус инфекциялары. Вириоидтар. Приондар.

Вирустар – адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде инфекциялық ауруларды тудыратын, жасушалық құрылымы жоқ және тек қана тірі иелік ағзада көбейе алатын, кішкентай (субмикроскопиялық) қоздырғыштар. Өсімдіктерде паразиттелуге қабілетті шамамен 600-дей вирус түрлері бар. Вирустық аурулар дәнді және бұршақ культураларында, сонымен қатар астық және жеміс өсімдіктерінде кең таралған. 

Вирустық инфекциялар — вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вируста көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т.б. аурулар вирус арқылы таралады.

Өсімдік аурулары – өсімдік ағзасында әр түрлі себептердің әсерінен – түрлі ауруларды қоздыратын және ортаның қолайсыз жағдайларынан болатын процесстер, функциялардың бұзылуынан көрінеді (фотосинтез, тыныс алу,пластикалық заттардың синтезі, нәрлі заттардың және су ағысының), ағза құрылымы және өсімдіктің мерзімінен бұрын өліміне немесе жеке мүшелерінің зақымдануына алып келеді.Өсімдіктердің вирустармен инфицирленуі ешқандай экономикалық маңыздылыққа ие болмауы мүмкін (потивирустар, томбусвирустар). Сонымен қоса, бірнеше қатар өзге вирустар ауылшаруашылық дақылдарға үлкен зиян тигізуде. Бұл аурулар жемістік культураларды және жүзімдерді, бақшалық және бидай культураларын зақымдай отырып, жылыжай өндірісіне және алқаптарға зиянын тигізіп отыр.

Өсімдік вирустарының сипаттамасы

Вирусты бөліктердің пішіндері. Вирусты бөліктер ( вирион) әртүрлі вирустарда әртүрлі пішінге ие. Көптеген фитопатогенді вирустар таяқша тәрізді (темекі теібіл вирусы, қиярдың ақ мозайкалы вирусы және т.б) немесе жіпше тәрізді (А1-картоп вирусы, жуа мозаикалы вирусы, қант қызылшасының вирусы), дегенмен олар шар тәрізді немесе көп өлшемді болуы мүмкін (қызанақ күлгін вирусы, шиенің сақина тәрізді дақ вирусы, жүзімнің қысқа мұртшалы вирусы), сонымен қатар олар бацилла тәрізді (бидайдың кесінді мозайкалы вирусы, картоптың сары бойшаңдық вирусы) бола алады. Вирусты бөліктерінің өлшемдері олардың құрылымына және пішініне, вирус түріне , даму фазаларына байланысты болады. Жасушада пайда болуынан кейін өмір сүруін тоқтататын ескі вирус пішіндері келесідей өлшемдерге ие болады: темекі теңбіл вирусының вирионы 300x15 нм, жасыл қатпарлы (ағылшын)   қияр мозаикалық вирусы (Cucumis virus 2) 280x16 нм, картоптың Х-вирусы 520x10 нм, қызылша мозаикалық вирусы     730x60 нм. Өріктің Х-вирусының шар тәрізді пішінге ие, вирионы 50нм, турнепс сары мозаикалық вирусы 20 нм, қиярдың қарапайым (егістіктік) вирусы (Cucumis virus 1) 35 нм.

Вирустық гепатиттер — бұл адам өміріне қауіпті кең таралған аурулар тобы, олар өзара бір-бірінен ажыратылады, әртүрлі вирустардың салдарынан туындайды, бірақ аталған аурудың бір ұқсастығы бар – ол бұл аурудың, ең алдымен, адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді. Сондықтан виустық гепатиттер «сары ауру» деген бір ғана атаумен аталады. Сары аура эпидемиясы б.з. V ғасырда-ақ белгілі болған. Оны Гиппократ ашқан, бірақ оның қоздырушысы өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. Сондай-ақ қазіргі заманғы медицинада гепаттит атауы өзіндік ауруды ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаны зақымдайтын патологиялық үрдісті білдіре алатынын атап айтқан жөн. Гепатит (а, b, c, d), бауырдың қабынуы сары аурудың, қызылшаның, гепестің, СПИД-тің және кейбір басқа аурулардың белгісі ретінде мүмкін. Сондай-ақ улы гепатит бар, ол бауырдық алкоголизм кезінде зақымдануы. Біз өзіндік инфекциялар – вирустық гепаттиттер туалы әңгімелейтін боламыз. Олар шығуы және аурудың жүруі жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін, алайда кейбір белгілері өзара ұқсас. Виустық гпатиттер бірнеше белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін: Ауру ұзақтығына қарай гепатиттер өткір, ерекше өткір және созылмалы түрлері Ауру ауырлығына қарай ауыр, орта ауыр және жеңіл болуы мүмкін Зақымдану жеріне қарай гепатиттер ұялы, мезенхимальді, паренхиматозды болады ТҮРЛЕРІ А гепатиті немесе Боткин ауруы — бұл вирустық гепатиттің баынша көп тараған түрі. Оның инкубациялық кезеңі (ауру жұқтыру сәтінен бастап аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы ткезеңіне дейін) 7 күннен 50 күнге дейінгі уақытты құрайды. Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен сипатталады, кейбір белгілері бойынша тұмауға ұқсайды. 2-4 күннен кейін науқас адамның несебі сыраның немесе қою шайдың түсі сияқты болып қараяды, ал нәжісі керісінше ашық түске айналады. Соңынан саы ауру пайда болады, оның пайда болуымен науқас адамның денсаулығы жақсара түседі. А гепатитімен ауыру ұзақтығы 1 аптадан 1,5-2 айға дейін болуы мүмкін, ал аурудан кейінгі қалпына келу уақыты кейде жарты жылға дейін созылады. Виустық А гепатитінің диагнозы ауру белгілерінің, анамнездің (яғни А гепатитімен ауыратын адаммен қатынастан кейін туындау мүмкіндігі), сондай-ақ диагностика деректерінің ескерілуімен қойылады. Осы топтағы аурулардың барлық түрлерінің ішінде А гепатиті болжам жағынан барынша қолайлы болып табылады, оның арты жақсы болып, белсенді емдеуді қажет етпейді. Қажет болған жағдайда А гепатитінен емдеу емхана жағдайларында сәтті өтеді. Ауру кезінде науқас адамға демалу, анайы диета және гепатопротектор, яғни бауырды қорғайтын дәрі-дәрмектер беріледі.

B гепатит.В гепатиті немесе сывороточный гепатит — бауырдың ауыр зақымдалуымен сипатталатын алдыңғы аурудан да қауіптірек ауру. B гепатитінің қоздырғышы — ДНК құрамындағы вирус. Вирустың сыртқы қабатында HbsAg сыртқы антигені бар, ол ағзада антителдің қалыптасуын тудырады. Вирустық В гепатитінің диагностикасы қан құрамында ерекше антителдердің байқалуына негізделген. Вирустық b гепатиті Цельсий бойынша 30–32 градуста 6 ай бойында, Цельсий бойынша минус 20 градуста 15 жыл, Цельсий бойынша плюс 60 градусқа дейін қыздығаннан кейін бір сағат, 20 минут қайнатқанда толығымен жойылады. Сондықтан вирустық В гепатиті табиға Сондықтан вирустық В гепатиті табиғатта көп таралған. Ауруды жұқтыру қан арқылы, жыныстық жолмен, сондай-ақ тікелей анасынан баласына жұғуы арқылы болу мүмкін. Әдетте В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының жоғарылауынан, әлсіреуден, буындардағы аурудан, жүрек айнып, құсудан басталады. Несеп түсінің қоюланып, нәжіс түсінің ашық болуы сияқты белгілері де болуы мүмкін. В вирустық гепатитінің басқа да белгілері көрінуі мүмкін. Ол: денеге бөрткен шығу, бауыр мен өттің ұлғаюы. В гепатитіне сары ауру онша тән емес. Бауырдың зақымдануы шамадан тыс ауыр болуы мүмкін және өте ауыр жағдайларда бауыр церрозына және бауырдың қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін. С гепатиті.Вирустық гепатиттің ең ауыр түрі С гепатиті немесе посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. С гепатиті деп аталатын инфекция кез келген адамда дами алады және көбінесе жастарда кездеседі. Ауру өседі. Бұл ауру қан құйғанда немесе зарарсыздандырылмаған шприцтерді пайдаланғаннан көбінесе қан арқылы жұғатындықтан, посттрансфузиялық гепатит деп аталады. Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде С гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі. Кейде ауру жыныстық жолмен немесе анасынан баласына жұғуы мүмкін. С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен 70–80 %-ында қауіпті болып табылатын созылмалы түрі болып табылады, ол бауырдың қатерлі ісігіне немесе бауыр циррозына алып келуі мүмкін. С гепатитті вирустың гепатиттің басқа түрлерімен қатар жүргенде, науқас адамның денсаулығы күрт төмендеуі мүмкін, аурудың өтуі қиындап арты жаман жағдайларға әкелуі мүмкін. С вирустық гепатитінің тағы бір қауіптілігі қазіргі кезде дені сау адамды осы гепатиттен қорғайтын тиімді вакцинаның жоқтығы болып табылады. Құтырық ауруы Құтырық ауруы-бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатын ауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр,түлкі т.б. және адам ауырады. Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан соң8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін. Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін.Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте). Құтырманың тыныш түрінде нерв жүйесінің ширығу белгілері(ашушаңдық,мазасыздық ,агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді, жұтынуы қиындайды , төменгі жағы салбырайды, сілекейі шұбырады, салдану (паралич) тез пайда болып, 2-4 тәулікте өледі Құтырманың атиптік (ауруға тән емес) түрінде жануар арықтайды, асқазан-ішек ауруларының белгілері білінеді, ашушаңдық, еліру, шабуылдау белгілері білінбейді. Мысықтарда құтырма көбіне еліру түрінде өтеді.Аурудың белгілері ит құтырмасы секілді. Мысықтар көбіне ит және адамдарға шабуылдайды. Құтырған жабайы аңдар адамдардан қорқуын қойып, ауыл арасын кезіп жүреді, малға,адамға шабады. Мүйізді ірі қараның құтыруы көбіне тыныш түрінде өтеді.Қарлығып мөңірейді, сілекейі ағады, қалтылдап штқаяқтап жүреді, аяқ параличі тез пайда болады. Құтырманыңбелгісіз түрінде өтуі де сирек емес. Бұл жемнен бас тарту, асқазан әлсіздігі, құмалақ тастау бейнесіне жиі тұрады,сіресу ұстамасы,соңы салданумен аяқталады. Ірі қарада құтырманың еліру түрінде ноқтадан босануға әрекет етеді, қатты мөңірейді, жер тарпиды, басқа сиырларға, иттерге, адамдарға шабуылдайды. Қой мен ешкіде құтырма мүйізді ірі қарадағыдай өтеді. Жылқы мен шошқада құтырма көбіне елірме түрінде өтеді. Құтырма қандай түрінде өтсе де, қандай жануар ауырса да соңы өлім-жітімге әкеліп соғады. Құтырмның алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит,мысық және басқа жануарлар оқшауланып , ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит ,мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.

Виродтар (ағылш. Viroids) — жұқпалы ауру қоздыратын қасиеттері бар агенттер. 1972 жылы Теодор Отто Динер (ағылш.Theodor Otto Diener) ашқан. Фитопатонендерге жатады, өсімдіктерде (картоп, қияр, цитрус және т.б.) ауру қоздырады. Сыртқы ақзаттық қабықшасы болмайды, бір тізбекті сақиналы РНҚ-дан тұратын шағын молекула. РНҚ-сы 360 нуклеотидтерден тұрады. Өніп-өсу жолдары толық зерттелмеген. Вирустармен салыстырғанда УК сәулелердің əсеріне өте төзімді келеді.

Приондар (зардапты белоктар) — қойлардың скрепи және адамдардың Крейцфельдт-Якоб ауруларыныц қоздырғыштары. Белоктардан тұрады, құрамында не РНҚ, не ДНҚ табылмаған. Олар торшаның бір ерекше гендерінің индукторы және туындысы деген болжам айтылып жүр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]