Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 4143.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
999.58 Кб
Скачать

3. Микроорганиздерді зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Жарық микроскопияның әртүрлілігі. Тірі және бекітілген обьектілерді зерттеу.

Қазіргі кезде цитологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері әр алуан. Жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты,поляризациялы,люминесцентті микроскопия әдістері фиксацияланған жасушалардың құрылысы мен ультрақұрылымын зерттеуге қолданылатын болса, дифференциалды центрифугалаудың көмегімен алынған жеке оргоноидтар цитохимиялық,биохи-қ,биофи-қ және т.б.әдістерімензерттеледі. Цито-да негізгі қолданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы тәсілі.Жарық микроскопия әдістерінде объект арқылы жарық шоғы өтіп,объектив линзалар жүйесіне түсіп, алғашқы сурет пайда болады да, окуляр линзаларының көмегімен ұлғаяды.Оптикалық жүйе ретінде микроскоптың басты сипаты-шешушілік қасиеті,яғни бір-біріне жақын орналасқан екі объектіні жеке-жеке көрсету.Микроскоптың шешуші қабілеті жарық толқынның ұзындығымен есептеледі:толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым шешуші қабілеті жоғары.Жарық микроскопта көбінесе спектрдің көру облысындағы жарық көзі (400-700нм) қолданылады,сондықтан бұл жағдайда микроскоптың максималь шешуші қабілеті 200-350 нм-ден жоғарыламайды(0,2-0,35 мкм).Яғни жарық микрокопының шешуші қабілетінің соңғы деңгейі жарықты көру аймағын пайдаланғанда 0,2-0,3 мкм тең.

4. Процессинг және эукариоттарда мРнқ-ның пісіп-жетілуі (сплайсинг).

Процессинг — трансляция мен транскрипцияның алғашқы туындыларын қызмет ете алатын молекуларға айналдыратын реакциялар жиынтығы. Процессинг кезінде РНҚ алғашқы туындыларының екі шетіндегі азот негіздерінің артық тізбектері кесіліп тасталады. Эукариот торшаларында процессинг ерекше түрі — сплайсинг табылған, мұндайда кодталған мәліметі жоқ (интрондар) РНҚ молекула-туындысының белгілі бір жерлері кесіліп алынады, ал генетикалық мәлімет таситын (экзондар) жерлері бір-бірімен жалғанып РНҚ-ң жетік түрін жасайды. Процессингке алғашында полипротеин-туындысы түрінде түзілетін басқа да ақуыздар ұшырайды. Бұл жағдай олардан активті ақуыз алу үшін қажет.Сплайсинг процесінде, яғни РНҚ реттілігінің біршама бөлігі алып тасталынып, қалған фрагменттер бір-бірімен байланысқан кезде кяРНҚ-ның шамамен 25%-ы мРНҚ-ға айналып, трансляцияға дайын мРНҚ түзеді. Сплайсинг арнайы ферменттер қатысында, немесе кейбір жағдайда интрондар құрамында белгілі жерде тізбектің ыдырауын катализдейтін ерекше нуклеотидтер реттілігі болған кезде өздігінен жүреді.Мұнда РНҚ молекуласы рибонуклеотидті тізбекті ыдырататын катализатор ретінде, яғни фермент қызметін атқаруаы мүмкін. РНҚ-дан құрылған осындай ферменттер рибозимдер д.а. Сплайсинг ядрода кіші ядролық рибонуклеопротеиндердің (кяРНҚ) бөлшектерімен байланысқан пре-мРНҚ-дан тұратын сплайсосомолар деп аталатын ерекше құрылымдарда жүреді. U1-U6 д.а 6 кяРНҚ болады, олар белоктармен байланысып, пре-мРНҚ-ны түзеді. кяРНҚ молекулалары пре-мРНҚ-дан интрондардың дұрыс кесіліп алынуын қамтамасыз етеді. Жетілмеген бастапқы ядролық мРНҚ-дан интрондардың ұзындығы 20000 нуклеотидке дейін жетеді, сондықтан олар өздігінен алып тасталынбайды, олардың ыдырауын қамтамасыз ететін күрделі механизм қажет. Пре-мРНҚ-да сплайсинг екі кяРНҚ-лардың интронның басы және соңғы ұшымен әрекететсуінен басталады. Осы процесс эндонуклеазаға бағыт береді. Эндонуклеозаның әсері РНҚ-ның қос және сыңар жіпшелі бөлімшелері аралығында болады. Пре-мРНҚ-дағы бірінші үзілу интронның орта бөліміндегі нуклеотидтердің біреуімен байланысады, нәтижесінде сақиналы құрылымның пайда болуына әкеледі. Содан кейін пре-мРНҚ екінші рет үзіледі және экзон 2-интрон байланысы 2-экзон 1 байланысына ауысады.

Пре-мРНҚ процессингі гендер экспрессиясында реттеуші рөл атқарады. Мысалы, пре-мРНҚ молекуласында кейбір интрондар бір генге жатады, бірақ оларда әр түрлі жолмен сплайсинг процесі жүруі мүмкін. Бұл экзондар құрамы бойынша әр түрлі мРНҚ-ның түзілуіне әкеледі. Мұндай альтернативті сплайсинг мРНҚ-ға тән, олардың трансляция кезінде туыс белоктар немесе изоформдар түзіледі. Альтернативті сплайсинг түрлі организмдерде, вирустарда, дрозофила мен адам организмде болатыны анықталды. Мысалы, егеуқұйрықтың сілекей безінде немесе бауыр ұлпаларында синтезделген а-амилазаның мРНҚ-сы 5,- ұшты аймағындағы реттілік құрылымдары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Ал қалған аймақтары бір-біріне ұқсас, бірдей болып келеді. Екі әр түрлі кэпирленген реттілітердің бірдей екі мРНҚ-ға қосылуы үшін сплайсингтің әр түрлі сайттарын қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]