- •1. Даражарнақтылар классына сипаттама және олардың класс тармақтарына бөлінуі.
- •2. Ішкі мүшелер ұлпалары. Борпылдақ дәнекер ұлпасы, оның клеткалары, талшықтар (коллагенді және эластиндік) және клеткааралық заттар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының қызметі.
- •3. Микроорганиздерді зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Жарық микроскопияның әртүрлілігі. Тірі және бекітілген обьектілерді зерттеу.
- •4. Процессинг және эукариоттарда мРнқ-ның пісіп-жетілуі (сплайсинг).
- •5. Саузерн-блот және нозерн-блот анализдеріне сипаттама беріңіз.
- •6. Гүлді немесе жабық тұқымды өсімтерге сипаттама. Қосжарнақтылар (магнолиопсиптер) класы.
- •7. Генетика пәнi. Даму тарихы. Қазақстан ғалымдарының генетика ғылымының дамуына қосқан үлестері.Генетиканың практика үшiн маңызы. Генетикалық символикалар.Б
- •8. Класс құстар, құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Олардың ұшына сәйкес жабының, қанқасының, етінің тынысалу және қанайналу жуйелерінің құрылысындағы ерекшеліктері.
- •Ішкі мүшелер ұлпалары. Қан. Жалпы сипаттамасы және қан жасушаларының классификациясы.
- •11. Генетикалық материалдың өзгергіштігі. Негізгі ережелері.
- •12. Өсімдіктердегі фотосинтез процессі. С4-жолының метаболизіміне толық сипаттама.
- •13. Фосфорлы тотықсыздану механизмі. Субстрат деңгейінде фосфорлану. Тыныс алу тізбегіндегі фосфорлану.
- •15. Өсімдіктердің тамыры және тамыр жүйесі. Өсімдік тамыры, оның шығу тегі және қызметі. Тамыр құрылысының негізгі морфологиялықжәне анатомиялықерекшеліктері.
- •16. Нуклеин қышқылдарының молекулалық гибридизациясы.
- •17. Днқ құрылымы. Уотсон-Крик моделі.
- •18. Эпителий ұлпалары. Эпителийлердің классификациясы. Эпителий ұлпаларының түрлері (бір қатарлы, көп қатарлы, көп қабатты).
- •19. Популяция және оның генетикалық құрылысы. Панмиксиялық популяциядағы тұқым қуалау. Харди-Вайнберг заңы.
- •20. Белоктардың құрылымдық ұйымдасуы. Жалпы сипаттама
- •21. Жасушалардың бөлінуі. Жыныс жасушалардың бөлінуі(мейоз). Мейоздың сатылары, олардың ұзақтығы және оларға сипаттама.
- •22. Прокариоттардың гендер экспрессиясын реттеуі. Негативті индукция. Lac-оперон.
- •24. Мутациялық өзгергіштік, оның себебі мен зерттеу әдістері.Мутациялардың түрлері.
- •25. Өзгергіштік. Түрлері. Модификациялық өзгергіштік. Реакция нормасы. Вариациялық қатардың көрсеткіштері (мода, медиана, орташа шама).
- •26.Генетикалық код. Жалпы сипаттамасы мен триплеттілігі.
- •27. Днқ репликациясы. Репликация механизмі. Днқ репликациясының жартылай консервативті механизмі.
- •28. Жасуша ядросы. Ядроның құрылысы, химиялық құрамы және мәні. Кариолемма, кариоплазма, хроматин және ядрошықтың ұйымдасуы, олардың қызметі
- •29. Бас миының қаңқасы. Бас миы қаңқасының құрылысы
- •30. Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы, молекулалық құрылысы және қасиеттері. Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары. Плазмолиз. Деплазмолиз.
- •31. Класс Хордабастылар. Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Жабынының, бұлшықет аппаратының, қанқасының және ішкі мүшелер жүйесінің ерекшеліктері.
- •32. Өсімдіктердің тыныс алу процесі оттегінің энзиматикалық сіңіру ретінде. Тыныс алудың өсімдіктердің тіршілігіндегі орны.
- •33. Фотосинтездің қараңғылық фазасы. Кальвин циклі. Метаболизмнің с3 – жолдары.
- •35. Классүсті Балықтар. Классүсті балықтардың морфологиялық және биологиялық жалпы сипаттамасы. Жабындысының және ішкі органдар жүйесінің құрылысы.
- •36. Өсімдіктердің өсуі мен дамудың реттелу принциптері. Фитогормондар, олардың өсімдіктердің өсуіндегі рөлі.
- •37.Сцепление наследование кроссинговер. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері.
- •38.Эукариоттар геномының құрылысы. Прокариоттардан айырмашылығы.
- •39.Өсімдік, жануарларжәне адамның вирус инфекциялары. Вириоидтар. Приондар.
- •40.Азот фиксациясы. Биосферада азоттың алмасуы.
- •41.Хромосомадағы днқ орналасуы. Хроматиннің құрылысы. Гистондарға сипаттама.
- •42.Жүрек-тамыр жүйесінің физиологиясы. Жүрекшелер мен құлақшалардың функционалдық рөлі. Жүрек циклы. Систола мен дистола.
- •43. Бұлшықет ұлпалары. Жалпы сипаттама және классификациясы. Бұлшықет талшығының құрылымдық және функционалдық сипаттамасы.
- •44. Трансляция. Трансляция кезеңдері (инициация, элонгация, терминация), оның жалпы механизмдері және реттелуі.
- •45. Бұлшық ет ұлпаларының сипаттамасы және классификациясы. Бұлшық еттердің қысқару механизмі.
- •48.Г. Мендельдің заңдары. Моно- және дигибридті будандастыру. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңдылығы және олардың цитологиялық негіздері.
- •49. Рекомбинатты днқ технологиясы. Рекомбинатты днқ туралы түсінік.
- •50. Жасуша циклы. Соматикалық жасушалардың бөлінуі. Жасушаның тіршілік циклы.
- •51. Модификациялық өзгергіштік және оның эволюция мен селекциядағы орны.
- •52. Прокариот морфологиясы, құрылысы мен көбеюі. Дифференциялданған бактериялардың түрлері.
- •53.Геномдық мутациялар. Түрлері: полиплоидия, гетероплоидия, гаплоидия.
- •54. Микроорганизімдерді бөліп алу, дақылдау және оларды өсуі. Микроорганизімдердің таза дақылдары мен оларды алу әдістері.
- •55. Қанның қорғаныс қызметі, клеткалық және гуморальдық иммунитет жөніндетгі ұғым. Қан топтары. Резурс-фактор. Қан құюдың прктикалық маңызы және әдістері.
- •56. Вирустардың құрылымдық ұйымдасуы. Вирустардың классификациясы.
- •57. Кребс циклі сипаттап беріңіз. Тыныс алуда көмір қышқыл газының (со2) және судың пайда болуы.
- •58. Жүйке ұлпасының дамуы және мәні. Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы және классификациясы.
- •59. Днқ репарациясының механиздерін сипаттаңыз.
- •60. Вегетативті жүйке жүйесі. Жжж-нің классификациясы және қызметі.
- •61. Морфология, строение и размножение прокариот. Различие прокариотных и эукариотных клеток.
- •62. Репродукция вируса в клетке. Особенности репликации днк- и рнк-содержащих вирусов. Скоро будет ответ
- •63. Адамның зәр шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы және қызметі. Нефрон -бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі.
- •64. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қалталы саңырауқұлақтар, оларға сипаттама. Көбею түрлері. Классификациясы.
- •66. Адамның эндокринді жүйесі. Гипофиз, қалқанша безі. Олардың мәні, құрылысы және қызметтері.
- •67. Ұрықтың түзілуі. Бластуляция, гаструляция, нейруляция.
- •68. Ұрықтық жапырақшаларға сипаттама. Көп клеткалылардың эмбриональды дамуындағы негізгі кезеңдері. Метазоалардың шығу тегі туралы гипотезалар (Хаджи, Захваткин және т.Б.).
- •69. Майлар құрылысының ерекшеліктері. Қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, олардың формулалары. Фосфолипидтер.
- •70. Жүрек-қан тамырлар жүйесіне сипаттама. Жүрек әрекетінің фазалары.
- •71. Гүлдену тозаңдану. Гүлдердің морфологиялық ерекшеліктері.
- •72. Көмірсулардың классификациясы және олардың құрылыстарының ерекшеліктері. Изомерия түрлері. Моносахаридтер конформациясы.
- •73. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы. Өкпе арқылы тыныс алу. Өкпе вентиляциясы, оның физиологиялық мәні. Өкпенің сыйымдылығы, оның компоненттері.
- •74. Ашу. Анаэробты тыныс алу. Ашу түрлері (спирттік, сүтқышқылды, құмырсқа қышқылды). Пастер эффекті.
- •76. Вирустар. Д.И. Ивановский мен м. Бейеринктің жұмыстары. Тыныштықтағы (вирион) және клеткаішілік (вирус-клетка комплексі) вирустың сипаттамасы.
- •77. Синапстар және оның түрлері. Химиялық синапстардағы импульстың тасымалдану механизмі.
- •78. Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы. Ішкі сөлініс бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальдық реттеідегі маңызы.
- •79. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлілігі. Гинецей. Гинецейдің шығу тегі және түрлері. Мегагаметогенез және мегаспорогенез.
- •80. Жоғарғы сатылы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі, оларға сипаттама. Ұрпақ алмасуы. Классификациясы.
- •81. Витаминдер. Суда және майда еритін витаминдер. Витаминдер – коферменттер.
- •82. Гүлдердің морфологиялық алуантүрлілігі. Андроцей, оның құрылысы және алуантүрлілігі, микроспорогенез және микрогаметогенез.
- •83. Адамның асқорыту жүйесі құрылысының принциптері. Ауыз қуысындағы асқорыту процесі.
- •85. Транскрипция. Транскрипция кезеңдері. Транскрипция факторлары.
- •86. Сабақ – өркеннің осі, оның қызметі және алғашқы және соңғы анатомиялық құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысына байланысты қалыңдау түрлері.
- •87. Гликолиз. Гликолиздің кезеңдері. Өсімдіктердің тіршілігіндегі гликолиздің орны.
- •88. Нуклеин қышқылдарының құрылысы және ондағы байланыстар. Дара жарнлері.
- •89. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Жапырақтардың құрылымдық түрлері.
29. Бас миының қаңқасы. Бас миы қаңқасының құрылысы
Бас сүйек қаңқасын тұтас алып қарағанда,астыңғы жағы –негіз немесе түбі,ал үстіңгі жағы ми қақпағы немесе ми күмбезі деп аталады.Ми күмбезі маңдай сүйегімен,екі төбе сүйекпен қоршалып жатады.Бастағы қаңқа сүйектері мыналар:артқы жағында-шүйде сүйек,алдыңғы жағында-маңдай сүйек пен тор сүйек,ортада-сына тәрізді сүйек,ал сына тәрізді сүйек пен шүйде сүйектердің арасында екі жағынан екі самай сүйегі орналасады.Осы сегіз сүйектен ми сауытының қуысы түзіледі.Ми күмбезінің маңдай алды-шүйде,екі бүйірі-төбе төмпегі,ең биігі-төбе деп аталады.Бастағы сүйектер жіктесе бірігіп,көптеген сайлар,жүлгелер,қуыстар мен тесіктер түзеді.
Бас қаңқасын тұтас қарағанда сүйектерің орналасуы әр қилы болады.Бас сүйекті үстінен,яғни төбесінен қарасаң-күмбезінің астынан қарасаң-түбі,алдыңғы жағынан қарасаң –бет бөлігін, арт жағынан қарасаң-шүйдесін,екі қапталынан қарасаң шұңқырлар мен тесіктерді көруге болады.
Мисауытының күмбезінен екі төбе сүйегі біріккен жерден жебе жіктігі,маңдай жазығында жебе жікке тік жатқан төбе мен маңдай сүйектерін біріктірген тәж жігін шүйде мен төбе сүйектерін біріктіретін ламбада жігін,күмбездің екі қапталынан самай,төбе және маңдай сүйектеріне тістестіріп біріктіретін жікті көре аламыз.
Бас қаңқасының алдыңғы жағынан немесе бет бөлімінен қарғанда мұрын қуысы,екі көзшарасы, ал бүйірінен қарғанда самай шұңқыры,самай асты шұңқыры,қанат-таңдай шұңқыры көрінеді.
Бас қаңқасының негізі немесе түбі.
Құрылысы өте күрделі болғандықтан,бас қаңқасының негізінің сыртқы және ішкі бітімін жеке-жеке қарстырамыз.
Бас қаңқасының сыртқы бітімі астыңғы жақсүйекті ажырату арқылы ғана зерттеледі.Оның негізгі:алдыңғы,ортаңғы және артқы деп үш бөлікке бөлінеді.
Алдыңғы бөлік қатты таңдайдан және үстіңгі жақ сүйектегі тіс ұясының жоғасынан құралады.Осы бөліктегі таңдай артында оның көлденең жігі,ал ортасында таңдайдың аралық жігі болады.Күректіс тесігі күректіс маңында,ал таңдайдың үлкен тесігі таңдайдағы көлденең жіктің артында,азу тіске жақын орналасады.
Ортаңғы бөлігі қатты таңдайдың артқы жиегінен шүйде сүйегінің үлкен тесігінің алдыңғы жиегіне дейінгі аралықты қамтиды.Шүйде ұңғылының алдында сына тәрізді сүйектің денесімен ұласатын шүйде сүйектің қарақұс (базаляр) бөлігі болады.Осы жерден самай сүйектің пирамида бөлігіндегі төменгі беті,ондағы ұйқы өзегінің сыртқы тесігі,бұлшықетті-түтікті өзек,мойындырық шұңқыры,мойындырық тесігі,біз тәрізді өсінді,солардың арасынан біз-емізік тесігі,самайдың дабыл бөлігіндегі сыртқы дыбыс тесігі анық көрінеді.Самай сүйегінде астыңғы жақ сүйек шұңқыры және оның алдында буын төбесі болады.Самай мен сына тәрізді сүйектің үлкен қанаты байланысатын маңда кішкене арқа және сопақ тесіктер бар.Самай пирамидасы мен шүйде сүйектің арасын пирамида – шүйде саңылауы,ал сына сүйектің үлкен қанаты мен пирамиданың арасын сына –пирамида саңылауы ажыратып тұрады.Пирамиданың дәл ұшында,дәл осы бөлікте жырық орналасады.
Артқы бөлігі ми сауытын түзетін шүйде,самай,сына тірзді сүйектердің сыртқы беттерінен басталып,шүйде ұңғылын қамти шүйденің желке сызықтарына дейін жетеді.
Таңдай сүйегі- бас қаңқасындағы мұрын,ауыз,көзшарасы қуыстары мен қанат-таңдай шұңқырын түзуге қатысатын жұп сүйек.Таңдай сүйегі біріне-бірі тік жалғасқан көлденең және тік табақшалардан тұрады.
Астыңғы кеуілжір немесе мұрынның төменгі қалқаны- жоғары жиекпен мұрын қуысының бүйір қабырғасына және таңдай сүйегімен тік қабықшасына бекіп,ортаңғы мұрын жолын төменгі мұрын жолынан бөліп тұратын жұқа табақшалы жұп сүйек.Астыңғы кеуілжірдің төменгі жиегі сыртқа қарай қайқиып бос тұрады.Оның жоғарғы жиегінен үстіңгі жақсүйек өсіндісі,көзжас өсіндісі және тор өсіндісі шығады.
Кеңсірік сүйек немесе өре сүйек-мұрын қуысының ішінде орналасқан трапеция тәрізді жұқа жұп сүйек.Оның алдыңғы жиегі тор сүйектің тік табақшасының төменгі жиегімен бірігіп,артқы жиегі мұрын қуысында бос тұрады және оның аңқа бөлігіндегі апанын екіге бөліп тұрады.Кеңсеріктің үстіңгі жағының артқы жиегі қалың келеді және ол қанат тәрізді екіге ажырайды,осы айырыққа сына сүйегі қырының имек жері кірігеді.Мұрын қуысын екіге бөліп тұратын перденің артқы сүйекті бөлігі кеңсерік сүйегінен түзіледі.
Мұрын сүйегі – пішіні төрт бұрышты жұқа табақшаға ұқсас жұп сүйек,екі сүйек қосылып,мұрын үстін түзуге қатысады.Жұқа табақшалардың жиегімен маңдай сүйегінің мұрын бөлігі жалғасып,сыртқы жиегі үстіңгі жақсүйектің маңдай өсіндісін,ал төменгі жиегі мұрынның бос қуысының алмұрт тәрізід жармасын түзеді.
Көз жасы сүйегі –маңдай,тор, үстіңгі жақ сүйектермен шектесіп,көзшарасының ортаңғы қабырғасын түзетін кішкене жұп сүйек.Көзжасы сүйегінің сыртқы бетінде артқы қыры болады,ал қырдың төменгі ұшы қармақ тәрізденіп кетеді.Қырдың алдыңғы жүлгесі үстіңгі жақсүйектің осындай жүлгесімен қосылып,көз жасы қапшығының шұңқырын құрайды.
Әлпет немесе бет сүйегі –бет бөлігінің бүйір жағын құрайтын жұп сүйек.Адамның бет –әлпеті пішінін айқындап,келістіріп тұрады.Ол маңдай өсінідісінен және самай өсіндісінен құралады,ал бұлар аттас сүйектердің өсінділерімен ұласады.Самай және бет сүйегі өсінділерінің қосылуынан әлпет доғасы түзіледі.Әлпет сүйегінің үш беті бар:сыртқы беті-төбешіктер жиектейді,самай беті-самай шеңберін түзуге қатысады,көзшарасы беті-көзшарасының сыртқы төменгі қабырғасы мен көзшарасының сыртқы жағын құрады.Оның көзшарасы бетіндегі әлпет көзшарасы тесігінен әлпет сүйегінің ішіне қарай өзек кетеді.Ол өзек екіге бөлінеді де біреуі әлпет сүйегінің сыртқы бетіне өтеді,екіншісі әлпет сүйегін тесіп,самай бетіне шығады.
Бас қаңқасы негізінің ішкі беті ми сауытының күмбезін арамен кесіп,бөліп алғанда ғана анық көрінеді.Алдыңғы,орта және артқы шұңқырлар қаңқа негізінің ішкі бетін немесе үстіңгі бетін бөліп тұрады.
Алдыңғы ойыс бассүйектің ішкі бетіндегі алдыңғы бөлікті қамтып жатады,маңдай сүйектегі көзшарасы бөлігі мен тор сүйектің тор табақшасы мен кіші қанаттан құралады. Мұрын қуысына тор сүйектің табақшасындағы тесіктерден 30-ға жуық иіс сезу жүйкелері келеді.Ми сыңарларының маңдай бөлігі алдыңғы ойыста орналасады.Тор сүйекте әтеш айдары,оның алдында ін тесік және маңдай қыры болады.
Ортаңғы ойыс сына тәрізіді сүйектің денесінен,оның үлкен қанатынан,самай сүйектегі пирамида бөлігінің алдыңғы бетінен және қабыршақ бөлігінің біраз жерінен құралады.Сына тәрізді сүйектің қанаты алдыңғы ортаңғы ойыстардың шекарасы іспеттес.Бұл ойысты артқы ойыстан пирамиданың доғарғы жиегі мен түрік өршігінің арқасы бөліп тұрады.Сөйтіп,ортаңғы ойыс қаңқа ішкі бетінің екі бүйірі мен орталық бөлігін толық қамтиды.Осы ойыстың екі бүйір бөлігінде мидың самай бөлігі орналасады.Ұйқы артериясы мен қантамырлары түрік өршегінің айналасындағы сайлар мен тесіктерден өтеді.
Түрік өршегінің алдындағы айқас жүлге оң және сол көру өзекшелеріне жалғасады.Көру жүйкесінің Iiжұбы солардан өтеді.Сына тәрізіді сүйек денесінің екі бүйірінде екі ұйқы жүлгесі,ал пирамиданың ұшында жырық тесік болады.Сына тәрізід сүйектің үлкен және кішкене қанатының арасындағы көзшарасының жоғарғы саңылауы міне осы жерден көрінеді.Одан ми жүйкелерінің көзді қимылдататын жүйкесінің III жұбы,шығыр жүйкенің Ivжұбы,көзді аударатын жүйкенің VI жұбы,үшкіл жүйкенің бірінші тармағында Vжұбы –көз жүйкесі өтеді.Дөңгелек тесік осы саңылаудың артында орналасады,одан үшкіл жүйкенің екінші тармағы,ал оның қасындағы сопақ тесіктен үшкіл жүйкенің үшінші тармағы астыңғы жақ сүйек жүйкесі өтеді.Үлкен қанаттың артқы жиегінде кішкене арқа тесігінен ми сауытына ми қабығының артериясы кіреді.Ортаңғы шұңқыр самай сүйегінің пирамида бөлігіндегі алдыңғы бетте жатады.
Артқы ойыс шүйде сүйегінен,самайдың жарым-жартысындағы емізік бөлігінен және сына тәрізді сүйектің артқы қарақұс бөлігінен құралады.Мишық,ми көпіршесі және сопақша ми артқы ойыста орналасады.Ойыстың ортасынан шүйде ұңғылын көреміз,оның екі бүйірінде тіл асты жүйкесінің тесіктері мен тамыр тесіктері болады.Қарақұс ішкі жағынан ылдиланып,сына тәрізді сүйектің денесіне ұласады.Ішкі дыбыс тесігі артқы ойықтың екі жағынан ашылады,ал одан кіреберіс құрыш жүйкесінің VIII жұбы шығады.Сол сияқты осы арадағы мойындырық тесігінен тіл-жұтқыншақтың IX жұбы,көзбе жүйкенің Xжұбы және қосымша жүйкелердің XI жұбы өтеді.Ми сауытынан шығатын мойындырық венасы да осы тесік арқылы жүреді.
