Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 4143.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
999.58 Кб
Скачать

1. Даражарнақтылар классына сипаттама және олардың класс тармақтарына бөлінуі.

Даражарнақтылар класы 4 кластармағынан ,38 қатардан,104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер , сиректу ағаштар, бұталар ,лианалар . Жер бетінің барлық құрлықт арында кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады.Даражарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтан да ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады;ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады; ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырлардың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз; тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы; сабағы жуандамайды; өткізгіш шоқтары жабық.

Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.

Желектілер қатарлы тобы бұған құртқашаштар тұқымдасы,лалагүлдер тұқымдасы,асфоделалар тұқымдасы ,жуалы тұқымдасы,агавалар тұқымдасы, меруертгүлділіер тұқымдасы ,қасқыр жемдер т с с.

Қабыршақты гүлдер қатарлар тобына –қиякөлеңдер тұқымдасы,астық немесе қоңырбастар тұқымдасы, бамбук тәрізділер тұқымдасы, тарылар тұқымдасы жатқызамыз.

Даражарнақтылар мен қосжарнақтылардың айырмашылығы: даражарнақтыларда! – тұқым жарнағы біреу; тамыры – кіндік (қосалқы тамыр, шашақ тамыр); сабағы жуандамайды; өткізгіш шоқтары ретсз орналасады; жапырақтары – жай, параллель, доғалы; гүлінің мүшелері – 3 қатар; флоэмада тін паренхимасы болмайды; геофиттер (бадана,түйнек), гелофиттер (батпақ жерде), ксерофиттер (шөл); эфемерлер (өмір циклы қысқа).

Дара жарнақтылар . Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер (Lіlііdae) – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты). Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ,лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.

2. Ішкі мүшелер ұлпалары. Борпылдақ дәнекер ұлпасы, оның клеткалары, талшықтар (коллагенді және эластиндік) және клеткааралық заттар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының қызметі.

Жоғарғы сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер үлпасы көп тараған. Қан тамырларының жанында орналасады, эпителиалдық үлпаға төсекше қызметін атқарады, органдардын арасын толтырады. Дәнекер үлпа заттар ал-масуын қамтамасыз ететін орта болып есептеледі. Органдардың қабында механикалық қызмет те атқарады.

Үлпаның гистологиялық құрылымы атқаратын кызметіне байланысты. Трофикалық маңызы бар ұлпаларда клеткалар өте көп болады, ал аралық заттың механикалық элементтері нашар жетіледі. Тіректік маңызы бар ұлпаларда, керісінше, механикалык құрылымдар көп болады   да,   клеткалардың   саны   аз   болады.   Осыған   сәйкесдәнекер ұлпасының бірнеше түрі ажыратылады: ретикулалық ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпа және тығыз дәнекер үлпасы.

Дәнекер ұлпасы күрделі қүрылым оның құрамында үрықтың мезенхимасынан дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротин-нен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан түра-тын сүйық немесе қоймалжын, аморфтық матрикс болады. Дәнекер үлпасын қүрайтын клеткалар, әдетте, бір-бірінен қашык орналасады.

Дәнекер ұлпасьшың бүл түрі адам мен сүтқоректілердің организмівде кең тараған. Борпылдақ дәнекер үлпа терінің астында жатады. Органдардың, үлпалардын және клатка-лардың арасьш толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер үлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан. коллагендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер үлпасының клеткалары: фибробластлар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигменттік клетка-лар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі — лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпыл-дақ дәнекер үлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты заттан түрады.

Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпінділікті камтамасыз ететін қасиет береді. Талшықтардың үш түрін ажыратады: коллагендік, эластиндік және ретикулалық. Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы касиетіне қарай коллагендік деп атаған. ЭластиндІ талшықтар эластин белогінен түзілген, физика-лық қасиетіне қарай бүларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға карама-қарсы. Олар өте созыл-малы және онай үзіледі.

Ретикулалық талшықтар жай әдістермен өндегенде на-шар байқалады. Дәнекер үлпаны күмістің түздарымен өңдеген кезде жаксы көрінеді, сондыктан аргирофилдік талшықтар деп аталған. Бүл талшыктар өте жіңішке, қысқа, жиналған кезде тор түзеді, ретикулалық (ретикула — тор) деп аталуы осы қасиетіне байланысты. Борпылдақ дәнекер ұлпасының талшықтарының арасында борпылдақ дәнекер ұлпасының негізгі заты деп зталатын құрылымы жоқ зат болады. Кейін оны клеткааралық заттың аморф-ты компоненті деген. Аморфты зат ұлпалардың тіршілігінде маңызды рөл атқарады және жоғары моле-кулалык қышқыл мукополисахаридтерден, гепариннен, гиалурон және хондроидтин күкірт қышкылдарынан тұрады.Борпылдак дәнекер үлпада гистиоциттер үсақ қан тамырлары мен май клеткаларының жиылған жерінде байқалады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]