Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
daulet_geoteh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.64 Кб
Скачать

4 Қадалы іргетасты жобалау

4.1 Инженерлік- геологиялық зерттеулерге байланысты қадалы іргетастың түрін таңдау

Қадалы іргетасті жобалау ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Курстық жұмыста толтырмалы тіреулі қадалар немесе аспалы қадалар пайдалану ұсынылады (сурет 4.1). Тірек қадаларда тастақ топыраққа қолданған жөн, сонымен қатар толтырмалы қадаларды аз сығылатын топыраққа қолданған жөн. Аз сығылатын топыраққа тығызды және тығыздығы аз құмды дөрекі топырақты жатқызуға болады, қатты топырақтың консистенциясы және суға қаныққандағы деформация модулі Е ≥ 50000 кПа (500 кгс/см2).

Ілулі қадалардың барлық түрлеріне түскен жуктеме сығылған топырақ бойынша жер бетіне тарап жүктемені төменге береді.

Барлық жағдайларда, қада төменгі ұшы топырақтың неғұрлым сенімді және аз сығылған қабатында орналасуы керек. Осылайша оның үш нұсқасын қарастыру керек: қаданың төменгі ұшын тиеген кезде 2-ші, 3-ші және 4-ші қабат топырақ негізі.

Менің 2 қабатымдағы Е=32,18 МПа <50МПа болғандықтан, қадалы іргетасым аспалы деп қабылдаймын.

4.2 Ростверк плитасы қалындығы және тереңдігін алдынала анықтау

Имаратты жобалауда қадалы ростверк табанының орналасу тереңдігін таңдағанда топырақтың түрі мен жағдайын, жер асты суларының деңгейін, имараттың ерекше құрылымын ескеру қажет(мысалы, жертөле қатысуымен және т.б.).

Қадалы ростверктің қату тереңдігі қатты топырақтың қату тереңдігіне қарамастан таңдалынады, (жоспарлауға қарағанда 0,5 м ден кем емес), үлпілдек топырақта-есептік қату тереңдігі 0,25 мден кем емес.

Өндірістік және азаматтық ғимараттарда ростверкті кесіп алу 10÷15 см еден деңгейінен төмен алу қабылданған. Әдетте берілген ростверк қалындығы 40см ден кем болмайды. Оның қорытынды қалындығын анықтаған кезде қадалар мен ғимарат құрылымдарының (бағана, қабырға) қалыпталу және майысуын есептеу қажет. Темірбетон қада ростверктің нығыздау шамасы болып табылады:

а) іргетаста көлденең жүктеме жоқ болған жағдайда –5÷10 см аз емес, осылайша нығыздау мәселелерінде ростверк арматурасы міндетті емес (күрделі бос);

б) іргетаста көлденең жүктеме бар болған жағдайда – оның анкері (қатты құрама) қада қимасы немесе ростверк арматурасы мерзімді профиль ұзындығынан 5÷10 см ден аз емес.

Курстық жобалауда қадалы ростверк табанының төсеу тереңдігі ғимараттың барлық қабырғалары мен бағаналарында бірдей болуы белгіленген. Ростверк – темірбетонды монолитті. Күрделі қада ростверкі – еркін, қада ростверкінің бас мөрі тереңді – 10 см.

Ростверк тереңдігі – 2,15 м; Ростверк қалыңдығын конструктивті түрде қабылдаймыз – 50 см; Қаданың басы ростверк ішіне 10 см кіріп тұрады.

4.3 Қада түрін, ұзындығын және көлденең қимасын таңдау

Қада түрі, олардың ұзындығы, көлденең қимасының өлшемдері құрылыс алаңының нақты геологиялық жағдайлары негізінде тағайындалды. Курстық жобада стандартты ГОСТқа сәйкес квадрат қималы күшейтілген темірбетон қада пайдалану ұсынылады.

Тәжрибе барысында азаматтық және өндірістік ғимараттарда қадалардың көлденең қимасы 25х25 и 30х30 см ден кем болмауы тиіс. Қадалар ұзындығын тағайындау кезінде, әрқашанда экономикалық тиімді іргетас төменгі аз қада санымен, үлкен санды іргетасқа қарағанда қысқа қадалар. Қаданың көлденең қимасы ауданы А=0,30*0,30= 0,09 , u= 4*0,30= 1,2 м. Сонымен қатар топырақтағы қақпалы қадаларды тереңдету, олардың негізінің төменгі ұшында болуы тиіс: дөрекі, қиыршықтасты, ірі және орта мөлшерлі құм, пылевато-сазды топырақтың ағынды индексі IL≤0,1 –0,5м ден аз емес, ал жартасты емес топырақ– 1м ден кем емес. Сондай-ақ бір немесе басқада топыраққа қада мүмкіндігің қарастыру керек.

L=0.1+3.3+1.5=4.9 м

ГОСТ бойынша С5-30 қадасын қабылдаймын:

L=5000мм

l=0.250м=250мм

B*b=300*300мм

M200-бетон маркасы

M=1.15т

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]