Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
daulet_geoteh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.64 Кб
Скачать

2.2 Топырақтардың есептік қарсыласуының кестелік мәндерін анықтау

Топырақтардың берілген және анықталған фазалық сипаттамалар мен басқа да классификациялық көрсеткіштер үшін топырақтың әрбір қабатына, Ж қосымшасымен сәйкес келетін R0 есептік қарсыласу күшінің кестелік мәнін анықтау қажет. Бұл R0 мәні алдағы уақытта іргетас табанының алдын-ала өлшемдерін белгілеуде қолданылады.

Шаңды-саздақ топырақтар үшін ді анықтауда екі еселеген интероляцияны [5] формуламен анықтауға кеңес беріледі:

R0 (е,IL) = [2-е) / 2-е1)]·[(1-IL) R0 (1,0) + IL R0 (1,1)] +

+ [(е-е1) / (е2-е1)]·[(1-IL) R0 (2,0) + IL R0 (2,1)] , (6)

5 қабат үшін:

9 қабат үшін:

4 қабат үшін:

2.3 Топырақтың нормативтік және есептік қату тереңдігін анықтау

Курстық жұмыста топырақтың dfn нормативтік қату тереңдігін мына формулмен анықтаған жөн, м:

, (7)

мұндағы d0 – м ға тең етіп алынатын өлшем: суглиноктар мен саздар үшін – 0,23; құмдақ, ұсақ және шаңды топырақтар үшін – 0,28; қиыршықты , ірі және орташа ірі құмдар ұшін – 0,30; ірі түйірлі топырақтар үшін – 0,34. Қабатты қалың топырақтарға d0 кезек бойынша қату тереңдігінің шегіндегі оршата мәнге тең етіп алынады;

Алғашқы жақындауда d0 беткі қабатының мәнінде dfn, (7) формуласымен анықталады. Кейін нормативті қату тереңдігі әр қабаттың шынайы қалыңдығы мен d0 сәйкес мәні арқылы тураланады.

Df есептік қату тереңдігін мына формуламен анықтайды, м:

, (8)

м

мұндағы - ғимараттың жылулық режимінің ғимаратқа әсер етуін есептейтін коэффициент, ол былайша қабылданады: жылытылатын ғимараттардың сыртқы іргетастары үшін еден конструкциясы мен ғимарат ішіндегі температураға байланысты К қосымшасынан алынады; жылытылмайтын ғимараттардың сыртқы және ішкі іргетастары үшін =0,9.

2.4 Топырақтардың есептік қасиеттері мен жүктемелерін анықтау

Ғимараттар мен үймереттердің негіздері шектік жағдайлардың екі тобымен анықталады. Негіздердің барлық есептемелері 2.5 пунктымен сәйкес келетін жүктемелердің есептік мәндерімен сәйкес келуі қажет. [1] Жүктемелердің есептік мәндерін нормативті жүктемелерді жүктеме бойынша сенімділік коэффициенті γf –қа көбейту арқылы алады. Курстық жобада барлық жағдайларда γf =1 етіп алады.

[1] ге сәйкес негіздердің барлық есептемелері Х топырақ сипаттамаларының есептеме мәндерін қолдану арқылы жүргізілуі қажет, ол мына формуламен анықталады:

Х= Хn / γg, (9)

5 қабат үшін: град град

9 қабат үшін: град

МПа МПа

4 қабат үшін: град град

мұндағы Хn – топырақтың әрбір қабатына берілген сипаттамалардың нормативтік мәндері;

γg – топырақ бойынша сенімділік коэффициенті.

Топырақ бойынша сенімділік коэффициенті топырақтың жеке сипаттамаларын анықтау үшін тәжірибелік мәліметтерді статикалық өңдеуден өткізу негізінде есептеледі. Курстық жұмыста [1]-ге сәйкес топырақ бойынша сенімділік коэффициентінің келесі мәндерін қабылдаған дұрыс:

деформация бойынша негіз есептемелерінде γg =1;

көтергіштік қасиеттері бойынша негізді есептеу кезінде:

нақты ілінісуге γg (с)=1,5;

құмдақ топарықтардың ішкі үйкеліс бұрышы үшін γg ()=1,1;

шаң-тозаңды топарықтардың ішкі үйкеліс бұрышы үшін γg ()=1,15;

басқа сипаттамаларға γg =1.

Топырақ қасиеттерінің шектік жағдайын екінші топ бойынша жеке формулаларды жазу барысында II индексімен жабдықталады, ал бірінші топқа шектік жағдайлар үшін I индексімен, мысалы, сII, I.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]