- •Тұрғызатын обьектінің сипаттамасы
- •3. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін есептеу
- •Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемі
- •4. Машина уақыты мен еңбек шығындарының калькуляциясын жасау
- •Машина уақытының шығындары мен еңбек шығындарының калькуляциясы
- •5. Құрастырғыш және ұстағыш құрылғыларды таңдау
- •6. Құрастырғыш механизмдердің техникалық параметрлерін анықтау
- •7. Құрастыру крандарын іріктеу және құрастыру крандарының варианттарын не олардың жинақтарын жасау
- •8. Құрастырғыш крандардың үйлесімді вариантын техника-экономикалық дәлелдеу
- •8.3 Құрастыру жұмыстарының құнын анықтау
- •9. Объекті бойынша жұмыстар өндірісінің мерзімдік жоспары
- •10.Көліктен құрастырудың сағаттаған графигі
- •Құрылыс құралымдарын, материалдарын жеткізу графигі
- •12 Құрылыс машиналарын, құрастырғыш және ұстағыш құрылғыларды жеткізу графигі
- •Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мәселелерін шешу
- •Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Қ
АЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«ҚҰРЫЛЫС ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ»ПӘНІНЕ АРНАЛҒАНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: 1 қабатты өндірістік ғимаратты құрастыру
Орындаған: РПЗС-33 тобының
студенті: Ақымет С.
Қабылдаған: Жүнісов Т.О.
АСТАНА 2017
|
МАЗМҰНЫ |
|
|
||
|
3 |
|
|||
|
4 |
|
|||
|
6 |
|
|||
|
8 |
|
|||
|
|
|
|||
|
|
|
|||
|
Кіріспе Құрылымдарды жинақтау – имараттар мен ғимараттарды дайын түзілістерден немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді процесі. Құрылымдарды жинақтау жай процестер мен операциялардан тұратын кешенді процесс болады, олар өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі. Бірқабатты өнеркәсіптік ғимараттардың құрамалы құрылымдарын орнату әдістері құрастыру жұмысының көлеміне, көлемдік- жоспарлы және құрылымдық шешімдерге, құрастыру мерзіміне, қолда бар құрастырушы механизмдер паркінің мүмкіндігіне қарай таңдап алынады. Құрамалы құрылымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құрамалы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналастыруына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез-келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет. Әдетте құрамалы құралымдардан бірқабатты өнеркәсіп ғимараттарын салғанда құрастырудың крандық әдісі қолданылады. Жекелеген қосымша элементтер немесе ірілендірілетін стендтен жобадағы құрылыс орнына бірден кранмен беріледі. Бірқабатты өнеркәсіп ғимаратын салуда көбінесе жыланбауыр табанды жүк көтергіштік қабілеті 10-100 тонналық өзі жүретін жебелі крандар қолданылады. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты студентті имараттар мен ғимараттар құрылысын жүзеге асыру үшін құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің жобаларын жасау әдістемесіне үйрету болып табылады. Сондай-ақ ғимараттың жерүсті бөлігінің жүк көтергіштерін және қоршау құралымдарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын жасағанда оқулықтар, анықтамалар және мөлшерлік құжаттармен дербес жұмыс жүргізу. Құралымдарды құрастыру процесін ұйымдастыру мәселелерінде әртүрлі көптеген сапалы шешімдер болады. Сондықтан құралымдарды құрастырудың негізгі вариантын таңдауды жұмыс өндірісінің бірнеше варианттарын техника-экономикалық салыстыру негізінде жасау және олардың ең жақсысын таңдап алу керек. Курстық жобаны орындау барысында құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйену ұсынылады. |
|
|||
Тұрғызатын обьектінің сипаттамасы
Құрамалы өндірістік ғимарат Талдықорған қаласында ораналастырылады. Ғимарат бір қабатты және темірбетон конструкцияларын дайындауға арналған. Ғимараттың кіретін 4 есігі бар. Шығыс жақтағы есік негізгі есік болып есептеледі. Ғимараттағы терезелері екі бүйір бетінде орналасқан. Ғимараттың қабаты жер үстінде орналасқан, яғни жер астында қабаты жоқ. Ғимарат темірбетон панельдерден қаланады. Ғимараттың ішінде адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы барлық талаптар орындалады. Өндірістік ғимараттың негізгі өлшемдері жайлы айтатын болсақ, оның негізгі ауданы төрт бұрышты болып келеді. Өндірістік ғимараттың көрсеткіштері:
Ұзындығы L=120м;
Ені B= 72 м;
Ауданы S= 8640 м²;
Биіктігі H=10,8 м;
Ұстындар аралығы В= 12 м;
Аралықтар саны-4
Құралымдардың құрамы элементінің спецификациясы
1-кесте
Элементтің аты және маркасы |
Элементтің үлгілік сыртқы түрі |
Элементтің габариттері,мм |
Элемент салмағы, т |
Осы маркалы элементтердің саны, дана |
Барлық осы маркалы элементтердің салмағы, т. |
|||||
ені |
ұзындығы |
Биіктігі |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|||
Шеткі ұстын КДII-1 |
|
500 |
600 |
11800 |
11.6 |
24 |
278.4 |
|||
Аралық ұстын КДII-39 |
|
500 |
600 |
11800 |
13 |
36 |
468 |
|||
Ферма ФБ24V-11 |
|
280 |
17940 |
3000 |
11 |
48 |
528 |
|||
Панель қабырға ПСЛ-24 |
|
240 |
6000 |
1200 |
1.9 |
100 |
190 |
|||
Қырлы жабын П/3*6 – 1 |
|
2980 |
11960 |
450 |
5.7 |
240 |
1368
|
|||
Терезе |
|
300 |
12000 |
3600 |
- |
20 |
- |
|||
Есік
|
|
- |
5200 |
4900 |
- |
4 |
- |
|||
Кран асты балка БК456-3 |
|
650/340 |
11960 |
1400 |
11.6 |
80 |
928 |
|||
Панель қабырға ПСЛ-24 |
|
240 |
12000 |
1200 |
4.8 |
200 |
960 |
|||
3. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін есептеу
Құрылыс-құрастыру жұмыстары - ол жалпы құрылыс, өңдеу, санитарлық-техникалық, арнаулы және құрастыру жұмыстары кіретін имараттар мен ғимараттар тұрғызу барысында атқарылатын кешенді жұмыстар.
Құрама құралымдарды құрастырудың кешенді процесіне кіретіндер: элементті көтеруге дайындау; ірілендіру; көтеру орнына жеткізу; элементті ілмектеу және қосымша тетіктер мен құрылғылармен жабдықтау; көтеру; уақытша бекіту; жобалық жағдайда элементті дәлдеу және ақтық бекіту.
Құрастыру жұмыстары жобасының құрамына негізгі және қосалқы жұмыстар кіреді. Көп жағдайларда қосалқы жұмыстардың болуы негізгі жұмыстар өндірісінің қабылданған тәсіліне байланысты болады.
Негізгі және қосалқы жұмыстар біржолата құрастыру жұмыстарының тәсілін анықтаған соң ғана және олардың құрамы БМБ талаптарына сәйкес не басқа да мөлшерлік әдебиеттермен анықталады.
Курстық жұмыстың талабы бойынша барлық құрастырылатын элементтердің санын, олардың құрастырғыш салмағын және габариттерін анықтап, негізгі құрастыру жұмыстарының көлемі анықтадым(2-кесте).
