Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
43-56.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.58 Кб
Скачать

50. Көру ағзаларының бөгде денесі кезіндегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.

Көздің жарақаттануыБелгілері: көз жабылады немесе жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты ауырады. Сенің әрекетің: -Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді таза жұмсақ матамен жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі көзді де жауып қой. - Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық компресс бас. - Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны сумен ұзақ шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды ашады. Көзге қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды, сілтілер түскенде - 15 минут, белгісіз химиялық зат түскенде - 20 минут. - Көзге бөгде заттар түскенде өз бетіңмен көздің алмасына немесе мөлдір қабақтың төңірегіне түскен кішкентай затты алуға әрекеттенбе. Бұл жағдайда екі көзді де таңып таста. - Бөгде зат көздің ағына немесе қабақтың ішкі жағына түскен кезде мынадай амал жаса: көздің ағынан немесе қабақтың үстінен ылғалданған бет орамалдың ұшымен іліп ал. Егер сізге ештеңе көрінбесе, кірпікпен жоғары қабақты төменгі қабаққа қарай соз. Бұл түскен затты орнынан қозғайды. Әрекетің сәтсіз шықса жоғарғы қабақтың кірпігін алып оны созыңыз. Оған сіріңкенің талшығын қойып оған қабақты ораңыз. Содан кейін көрінген затты жоғарыда көрсетілген әдіспен алыңыз. Егер әрекет тағы сәтсіз болса - тұратын мекендегі окулистке қарал. Осы жағдайлардың барлығында "103 - жедел жәрдмін" шақырыңыз.

51.Ұзақ қызба синдромының екшеу диагнозын анықтаудың тиімді алгоритмі. Туберкулезді лимфаденит. Диагнозын анықтау критерийлері.

Қызба – даму сатысында пайда болған індетті факторларға және ыдыраған тінінe қорғану-бейімделу реакциясы. Бұл кезде дене температурасы бірден көтеріледі. Қызба пайда болу ceбenтepiнe қарай инфекциялық және инфекциялық емес болып бөлінеді.

Инфекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым организмдердің, саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды.

Инфекциялық емес қызба адам өздігінен жарақаттанғанда, инфарктта, қан құйылғанда, некротикалық процестер кезінде, операциядан кейін байқалады.Қызба даму механизмінде пирогендік заттарға маңызды орын беріледі. Олар экзогендік және эндогендік болып бөлінеді.

Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.

Эндогендік пирогендер нейтрофильдерде, моноциттерде, тіндік макрофагтарда өндіріледі.

Қызба даму барысында үш сатыдан өтеді:

1) температураның сатысы;

2) температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы;

3) температураның төмендеу сатысы.

Осы сатыларда жылудың пайда болуы мен бөлінуі аралығындағы өзара қатынас және де әр түрлі зат алмасу, несеп бөлу, т.б. процестері бұзылады.

Бірінші сатыда дене температурасы тез немесе біртіндеп басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығуы шектеледі, осыдан жылу пайда болуы одан басым болады.

Екінші сатыда жылу бөліну мен жылу шығару қатынасы белгілі бір деңгейде сақталады. Бұл процестердің аралығындағы баланс едәуір жоғары деңгейде болады.

Үшінші сатыда жылу шығару күшейіп, ол жылу бөлінуден басым болады, бірaқ қалыпты жағдайдан едәyip жоғары болады.

Қызбаның жіктелуі. Температура қисық сызығының сипатына қарай қызбаның мынадай түрлері болады.

Тұрақты типтегі қызба реакциясы – таңертеңгі және кешкі температураның ауытқуы бір градустан аспайды (мысалы, крупозды пневмонияда, , т.б.)

Босаңсу типіндегі қызба реакциясы кезінде таңертеңгі және кeшкi температураның ауытқуы 1-2°С болады (мысалы, катаралды пневмонияда, туберкулезде, эксудативті плевритте).

Ұстамалы типтегі қызба реакциясында жоғары дене температура мен қалыпты дене температурасы кезектеседі (мысалы: безгекте, сепсисте, туберкулезде, т.б.).

4.Қайталама типтегі қызба реакциясы қалыпты температура аралығында дене температурасының ұзақ уақыт көтерілуімен сипатталады (мысалы: қайталама сүзекте, анемияда). Басқа температуралық кисық сызықтар да кездеседі, олар организмнің күйіне, тітіркендіргішке, т.б. факторларға байланысты. Қызбаның организм үшін қорғаныстық бейімделу және патологиялық маңызы бар. Қызба реакциясы кезінде организмде микрофлоралар, әcipece вирустар дамуын тоқтатады. Жоғары температура фагацитоз, иммундық денешік өндіру бауырдың тосқауылдық және уақытқа қарсы функциясын, гемопоэзді күшейтеді. Қызбаның организмге колайсыз әсерi — зат алмасудың ыдырау өнімдерінің жиналуы, организмді уландыру.

Туберкулезді лимфоаденит —лимфоидты тіннің  спецификалық гранулематозды  қабынуымен жүретін созылмалы инфекциялық ауру.Жиі мойын және жақ асты лимфа түйіндері зақымдалады Э.Н Беллендир бойынша эволюциялық және патогенитикалық жіктелуі :

1 саты -Бастапқы және пролиферативті

2 саты -Казеозды (ыдыраусыз)

3 саты -Абсцедирлеуші

4 саты -Жыланкөздік (жаралы) Перифериялық лимфа түйіндерінің  зақымдалуы  кіші жаста біріншілік туберкулез кезінде  басталады. Инфильтративті форма-лимфа түйіннінің ұлғаюы түберкулезды гранулемамен байланысты Казеозды-некротикалық форма-лимфа түйіндерінің некрозы және жыланкөз пайда болуымен жүреді. Индуративті форма-зақымдалған лимфа түйіндерінің тыртықты тығыздалуы. Ауру ағымы созылмалы және бірнеше лимфа түйіндерінің зақымдалуымен жүреді. Бастапқы кезінде лимфа түйіндері тығыз, қозғалмалы жақын орналасқан тіндермен жабыспаған күйінде болады, кейін олар перифокальды қабынуға байланысты жабысып орталығында казеоз және ірің пайда болуына байланысты  жұмсару пайда болады. Лимфа түйіндері конгломераты устіндегі тері қызарған флуктуация пайда болады. Біраз уақытан соң ірің ашылып жыланкөз пайда болады. Жалпы интоксикация симптомдары субфебрильды температура, тез шаршағыштық, терлегіштік, тәбет төмендеуі  байқалады. Ауру жасөспірімдер мен жүкті айелдерде, қарт адамдарда атипті түрде өтеді.Оларда жедел басталып ,интоксикация симптомдары қатты көрінеді.

Кеуде іші лимфа түйіндері туберкулезінің клиникалық белгілері және спецификалық интоксикацияның дәрежесі патоморфологиялық өзгерістерге, оның көлеміне, процесске кеңірдектің, кеуде қуысының және маңайындағы тіндер мен мүшелерінің өзгерістерінің қамтылуына байланысты. Лимфадениттің асқынбаған түрінде клиникалық белгілері тек қана жалпы бұзылулармен (тез шаршағандық, тамаққа тәбет болмауы, дене қызуының тұрақсыз болуы т.б.) білінеді. Перкуссия мен аускультацияда Лимфадениттің симптомдары лимфа түйінінің ауыр және жайылмалы түрлерінде кездеседі, қазіргі уақытта өте сирек. Туберкулин сынамасы оң, кейде гиперергиялы, СОЭ 25-30мм-сағ, аурудың бас кезінде аздаған лейкоцитоз бен лимфопения болады. Асқынуы : абсцесс, жыланкөз, қан кету, ішкі мүшелердің амилоидозы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]