Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
43-56.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.58 Кб
Скачать

43. Физиологиялық босану кезінде медициналық көмек көрсету. Босану — Жедел жәрдем дәрігері босанудың әр бір кезеңімен: ашылу кезеңі, қуу кезеңі және ерте босанғаннан кейінгі кезеңдермен бетпе- бет кездесуі мүмкін. Босану толғақ келуіне байланысты жатыр мойнының ашылу кезеңінен басталады. Бірінші және қайта босанған әйелдердің жатыр мойнының ашылу үрдісінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Бірінші рет босанғанда жатыр мойны әуелі тегістеліп, сонан соң ашылады, қайта босанғандарда жатыр мойнының тегістелуі мен ашылуы бір мезетте болады. Ашылу кезеңінің ұзақтығы бірінші босанатындарда 12-14 сағат, кайта босанғандарда 8-10 сағатты құрайды. Физиологиялық босанудың ашылу кезеңінің аяғында кағанақ жарылып, айналасындағы су ағады. Дегенмен 30-40% босануда қағанақ жарылуы ерте (қағанақ суының ерте ағуы), я болмаса толғақ алды (қағанақ суының мезгілінен бұрын ағуы) болады. Кейде қағанақ суы жарылмайды, қуу кезінде жыныстық қуыстан бірінші туылады. Сол кезде жасанды тесу аркылы қағанак суын ағызу керек. Себебі нәресте қағанақтың пердесімен туылса, дереу іштен тыс демала алмай, тұншығуы мүмкін. Босанудың екінші кезеңі — қуу кезеңі- нәрестенің тууымен, дүниеге келуімен аяқталады. Бұл кезеңде толғаққа күшену қосылады — дене көлденең жолақты бұлшық еттерінің рефлекторлы жиырылуы. Күшенудің әсерінен іштегі нәресте туу жүйесінен өтіп бара жатып, итерілу және айналу қимылдарын: бастың иілуі, бастың ішкі айналуы, шалқайтылуы (туылуы), ішкі айналуы және дененің туылуы. Дені сау нәресте туыла салысымен қатты айқайлайды, белсенді, терісі қызғылт болады. Бірінші рет босанғандарда қуу кезеңі 1-2 сағат, қайта босанғандарда 30 минунқа дейін, кейде 5-10 минутқа созылады. Үшінші босанғаннан кейінгі кезең — бала жолдасының тууымен аяқталады (яғни бала жолдасы мен пердесі). Алдыңғы екі кезеңге қарағанда, соңғы кезеңде көбірек қан кетуі мүмкін. Негізінде бала жолдасының түсуі 3-4 толғақпен немесе ұзақтығы 10-15 минут ішінде аяқталады. Физиологиялық  қан жоғалту ерте босанғаннан кейін немесе бала жолдасының түсуі кезеңінде 200-250 мл құрайды. Толғақ басталғаннан әйелді босанатын әйел деп, босанғаннан кейін және одан кейін 8 аптаға дейін — босанған әйел деп атайды. Расстрел самого юного мерзавца СССР: шокирующая история тех лет Доход для сайтов Егер ауруханаға дейін босанудың екінші кезеңін бітіру қажет болса (үй жағдайында, мекемелерде, санитарлы көлікте) босанатын әйелді аркасына ыңғайлы етіп, жатқызып, аяғын тізесінде бүгіп, кең ашады. Жамбас астына жастық қойып, көтеріп жатқызады. Босанатын әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін калий перманганаты ерітіндісімен (0,02%), йоданатпен (1%) немесе гибитанмен (хлоргексидин биглюконаттың 0,5% спирттік ерітіндісімен); йодтың спирттік ерітіндісімен (5-7%); дәрігердің қолын — гибитанмен, первомурмен, олар жоқ болса спирт немесе йодпен залалсыздандыру қажет. Дәрігер акушерлік құрал қолдану үшін босанатын әйелдің оң жағында тұрып, оң қолының алақанын басбармақ пен ажыратылған сұқ саусағымен шатқа қояды, оның жыртылып кетпеуін қадағалайды. Сол қолдың саусақтарының ұшын дәрігер нәрестенің басына қойып, оны кішкене артқа қайырып, шатқа қаратып, күшенген кезде қатты шығып кетпеуін қадағалайды. Бала туылғаннан кейін үшінші, бала жолдасының түсу кезеңі басталады. Босанған әйелдің хал — жағдайына, өңіне, шағымына, АҚҚ, пульсіне, мұқият қарап отырған жөн. Әйелдің жамбасының астына жоғалтып жатқан қанды жинап, есептеу үшін жам (жайпақ ыдыс) қойылады. Баланың жолдасының ажыратылып,түсуіне кедергі болмау үшін қуықты катетер қойып босату қажет. Баланың жолдасын жатырды сыртынан сипау немесе кіндіктен тарту арқылы күшпен түсуін тездетуге болмайды, себебі бала жолдасының түсу үрдісінің бұзылуына және қан кетуге әкеліп соғады. Түскен баланың жолдасын міндетті түрде перзентханаға жеткізу керек, себебі акушер — дәрігер оның бүтіндігіне түбегейлі баға беруі керек. Босандыру үшін бір реттік қолданылатын, залалсыздандырылған акушерлік құрам қолданылғаны дұрыс. Сонымен қатар “жедел жәрдем” көлігінде жаңа туған нәрестені біріншілік өңдеу үшін залалсыздандырылған қораптар болады. Қораптың ішінде жоғарғы тыныс жолдарынан кілегей сорып алу үшін катетер, мақтадан жасалған тығындар, офтальмобленнореяның алдын алу үшін қолданылатын пипетка, Кохер қысқышының үшеуі, анатомиялық қысқаш, қайшы бар. “Жедел жәрдем” көлігінде келесі дәрі-дәрмектер босануды жүргізу және нәрестені біріншілік залалсыздандыру үшін этил спирті 95%, 1% йодонат ерітіндісі (немесе 5% йодтың спирттік ерітіндісі) 30% сульфацил натий ерітіндісі, 0,02% перманганат калий ерітіндісі болуы керек. Жаңа туған нәрестені біріншілік тазарту. Баланы залалсыздандырылған жөргекке қабылдап, кіндігін тартпай анасының екі аяғының ортасына жатқызады. Залалсыздандырылған катетермен жоғары тыныс жолдарынан кілегейді сорып алып, Апгар әдісі бойынша баланы қарап, бағалаймыз: оған бес клиникалық белгілер кіреді: жүрек соғуының жылдамдығы, дем алу тереңдігі, нерв жүйесінің рефлекторлы қозғыштығы, бұлшықет тонусының жағдайы, тері түсі. Апгар шкаласы бойынша туылғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін нәресте жағдайын клиникалық бағалау.

44.Іштегі ауырсыфну синдромында екшеу диагнозын анықтаудың тиімді алгоритмі. Гастро-эзофагиалды рефлюкс ауруы. Асқазан мен 12елі ішектің жара аурыу диагнозын анықтаудың клин-эндоскопиялық көрінісі.

Савари және Миллер бойынша ГЭРА эндоскопиялық жіктелуі

0 дәреже

Эзофагитсіз ГЭРА (эндоскопиялы келеңсіз)

І дәреже

Бөлек эрозия және/немесе өңештің тұтаспаған дистальды бөлігінің эритемасы.

ІІ дәреже

Тұтасқан, бірақ шырышты бетін толық қамтымаған, эрозиялық зақымданулар

ІІІ дәреже

Өңештің төменгі үштен бір бөлігінде жаралар, тұтасып кеткен және шырышты бетін толық қамтып жатады.

ІVдәреже

Өңештің созылмалы жарасы, стеноз, Беррет өңеші (өңештің шырышты қабығының цилиндрлі метаплазмасы)

 ГЭРА-ның эндоскопиялық белгілерін жіктеу. (I. Tytgat бойынша  В.Ф. Приворотский және  авт.  модификациясында.)  1 дәреже. Шамалы байқалатын ошақты эритема және/немесе өңештің абдоминальды бөлігінің шырышты қабықшасының көлкілдеп тұруы, төс айналасындағы шамалы байқалатын қозғалыстық бұзылулар (2-сызығының көтерілуі 1 см-ге дейін), қысқа уақытқа қоздырылған  субстальды пролабирлену биіктігі 1-2см, төс тонусының төмендеуі. 2 дәреже. Сол сияқты + өңештің  абдоминальды бөлігін толық алып жататын гиперемиясы, ошақты фибринозды өңезі бар  және беткі жағында жекелеген, көп жағдайда өңештің шырышты қабықша қатпарларының ұшында орналасқан  эрозияның сызықты  түрі  болуы мүмкін.  Қозғалыс бұзылулары: айқын эндоскопиялық белгілер, 3 см жоғарғы жағында тотальды немесе субтотальды қоздырылған пролабирлену және оның аз бөлігі өңешке бекінуі мұмкін. 3 дәреже.  Сол сияқты + қабыну өңештің кеуде бөлігіне тарауы. Көптеген (кейде бірігіп кеткен эрозия), айналмалы емес орналасқан. Шырышты қабықшаға тиген жердің жаранғыш болуы мүмкін. Қозғалыс бұзылулары: сол сияқты + көкет аяқшаларының жоғарғы бөлігінде кездейсоқты немесе қоздырылған пролабирленудің айқын болуы және шамалы бекінуі мүмкін. 4 дәреже. Өңеш жарасы. Баррет  синдром. Өңеш стенозы. 2002 жылы Лос-Анджелесте гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік  конгрессінде алғаш рет ГЭРА-ның  клиникалық жіктелуі ұсынылған болатын, соған сәйкес келесі түрлерін анықтауға болады:  бейэрозиялы   рефлюксті ауру  (БЭРА), эрозиялы эзофагит (немесе эрозиялы ГЭРА) немесе рефлюксті аурудың асқынған түрі болып саналатын және асқазан немесе ішектің көпқабатты жалпақ эпителиінің цилиндрлі эпителиймен метаплазмиялануы ретінде сипатталатын Баррет өңеші.

Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жарасын анықтау ойық жараның өлшемі мен орналасқан жерін анықтауға, сондай-ақ,  хеликобактериозды (Helicobacter pylori қоздырғышын),  асқазанның қышқылдығын анықтауға негізделеді.  Арнайы диагностика әдісі - фиброгастродуоденоскопия (ФГДС). Әдіс асқазан қабырғасының немесе ұлтабардың беткері қабатын (сілемей қабығы) өңеш арқылы асқазанға енгізілетін зондпен қарау.Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) – ақау іздеу үшін асқазан мен ұлтабарға өңеш арқылы эндоскопты (шағын иілгіш түтік, ұшында камера мен шамы бар) енгізу. Бұл кезде көптеген ойық жара ауруларының негізгі себебі - Helicobacter Pylori бактерияларын анықтау үшін арнайы биопсиялық қысқыш арқылы тін үлгілері де алынады. Эндоскопия процедурасы кезінде ойықжарадан күшті қан кетуі болса, ауырсынуды басатын укол салынуы мүмкін.Бұл әдіс асқазанның немесе ұлтабардың сілемей қабығының беткері қабынуы болатын гастрит пен гастродуодениттен ойықжараны ажыратуға көмектеседі.Асқазанның немесе ұлтабардың сілемей қабатындағы қабыну үрдісі әдетте, шағын (диаметрі бірнеше см) дөңгелек түзіліс, шеттері көтеріңкі, бұл қарқынды қабынуды білдіреді (қабыну белі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]