- •29. Балалардағы және ересектердегі электр тогымен жарақаттану кезіндегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.
- •32. Балалардағы және ересектердегі жануарлар, жыландар,жәндіктер шаққан кездегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.
- •Жыланның шағуы
- •Қарақұрттың шағуы
- •Кененің шағуы
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Анықтамасы
- •Жіктемесі
- •Диагностика
- •Дифференциалды диагноз
- •Емдеу тактикасы
- •1. Іш қатудың анықтамасы
- •2. Эпидемиология
- •3. Этиология
- •4. Патогенез
- •5. Клиника және диагностика
- •Тәсім 1. Іш қату кезіндегі диагностикалық алгоритм
- •6.Емдеу
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •42. Жөтел синдромында екшеу диагнозын анықтаудың тиімді алгоритмі .Жедел респираторлы вирусты инфекция. Диагнозын анықтаудың критерийлері. Рационалды фармакотерапия.
32. Балалардағы және ересектердегі жануарлар, жыландар,жәндіктер шаққан кездегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.
Егер сізді жылан шағып алса, мыналарға тыйым салынады:
Шаққан жерді күйдіруге. Егер жылан теріңізді тістеп алса, онда сіз тек теріңізді күйдіріп аласыз, ал уды шығара алмай қаласыз.
Тістелген жерді кесуге болмайды. Сіз өзіңізге одан әрі зиян келтіресіз.
Алкоголь қабылдауға болмайды. Алкоголь удың ағзадан шығуын баяулатады. Қолда бар шөптерді және басқа да заттарды жараға тануға болмайды. Сіз жараға індет жұқтырасыз.
Бұрау салуға болмайды. Қалыпты қанайналымы қол-аяқтарды жансыздандырмайды, қанайналымының бұзылуы тіндердің ыдырауына әкеп соғуы мүмкін.
Жылан шаққан кездегі алғашқы көмек:
Зардап шегушіні көлденең жатқызып, тыныштықта қалдыру қажет, өйткені қозғалыс удың бүкіл денеге таралуын тездетеді. Аяқты шаққан кезде оны қозғалтпауға тырысыңыз. Шаққан қол-аяқтарды дәкелеп танып және олар біраз көтеріңкі болып тұру үшін тізенің астына бір нәрсе қойыңыз.
Қолды шаққан кезде оны бүккен күйде ұстаңыз.
Уды сорып шығару. Жараны саусақпен басып, уды ауызбен қатты сору қажет. Бұл үшін кішкентай құтыны немесе шөлмекті пайдалануға болады. Құтының ішіндегі ауаны сиретіп, от жақындатып жараға құтыны салу қажет. Уды алғашқы 15 минут ішінде үздіксіз сору керек. Бұл зардап шегушінің ағзасынан удың 50 %-ын жоюға көмектеседі. Егер зардап шегуші жалғыз болса, онда уды өзі сору қажет.
Жараны залалсыздандырыңыз және стерильді таңғыш байлаңыз. Таңғыш жұмсақ тінге тиіп кетпес үшін оны жиі-жиі босатып отыру қажет.
Зардап шегуші ағзадан уды шығару үшін көбірек сұйықтық ішу қажет.
Зардап шегушіні тезірек емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Шұғыл жағдайларда зардап шегушінің жүрегіне және тыныс алу жолдарына жасанды массаж жасау қажет.
Зардап шегуші рухани қолдауды қажет етеді!
Масалар шаққан кездегі көмек: Қышуды азайту үшін шаққан жерді спиртпен, одеколонмен, арақпен сүрту қажет.
Сона мен ара шаққан кездегі көмек: Ең алдымен жәндіктің уы бар бізгекті тауып алып тастау керек. Одан кейін шаққан жерді спирт ерітіндісімен және йодпен сүртеді. Ауырғанды және ісікті басу үшін салқын су басқан абзал. Жалпы улану белгілері кезінде, сондай-ақ аңқаны, жұтқыншақты, көзді шаққан кезде шұғыл емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Жыланның шағуы
Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.
Жыландардың бұл тобының уы қан түйіршіктерін өзгертеді. Жылан шаққан жердің төңірегі жылдам домбығады.Жылан уы әсерінің барлық белгілері:орташа он екі сағаттан кейін,кейде тәуліктен кейін анық белгіленеді.
Алғашқы медициналық көмек
Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оң серіктерінің бірі жасай алады.Ауыз қуысында жарық немесе жара болмау керек,өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Жылан уының сау ауыз кілегейіне,тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп,жылдам сауыға бастайды.
Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды,өйткені қозғалыс удың қанға өтуін жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы тиіс. Зақымдалған жерді сынған жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны тақтайшаға байлап,сыртын қатты таңып тастау қажет. Жылан шаққан жерді кез-келген дәрі-дәрмекпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт).
Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды –бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен су жақсартады.
Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болмауы мүмкін емес. Қажет жағдайда жылан уына қарсы шипалы сарысулар егіледі.
Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау керек.
