Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
29-42.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253.62 Кб
Скачать

3. Этиология

Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты іш қатуларды ескермеген жағдайларда, Е.К. Хаммад, Г.А. Григорьева (2000 ж.) мәліметтері бойынша созылмалы іш қатулар себептері арасында 20 жасқа дейінгілерде тоқ ішектің анатомиялық ерекшеліктері басым болса, 20-40 жастағыларда – аноректальды аймақ патологиясы орын алады; 40 жастан асқандарда – іш қатудың психогенді, неврогенді, эндокринді, гастроэнтерологиялық себептерімен қатар аноректальды аймақ патологиясы бірдей жиілікте кездеседі [1,3].

Констипация себептеріне байланысты үш үлкен топқа бөлінеді: біріншілік, екіншілік және идиопатиялық [7,8,9].

Біріншілік констипация себебі тоқ ішек пен оның инервациясының аномалиясы мен даму ақаулары болады.

Екіншілік констипацияның себептеріне өрлемелі және тік ішектің аурулары мен зақымданулары, сонымен қатар, басқа мүшелер мен жүйелердің көптеген аурулары, және олардың салдарынан дамитын метаболизмдік бұзылыстар жатады. Іш қату дәрілік заттардың кері әсері салдарынан дамуы мүмкін.

Идиопатиялық констипация белгісіз себертерден тік және өрлемелі ішектің моторлық қызметінің бұзылысына негізделеді. Бірақ, констипацияға әкелетін ауыр себептері – бұл ішектің қатерлі және қатерлі ісіктер алды аурулары болып табылады. Ішектің қатерлі ісіктері сирек кездеседі және барлық адамдардың - 3-5% болады (жиі 40 жастан асқандарда, бірақ, кейде жас адамдарда да кездеседі). Айта кететін жайт, ішек қатерлі ісігін ерте анықтаған жағдайда толық сауығуға мүмкіндік бар, және оның алдын алуға болады. Егер адамда ішектің қатерлі ісігі анықталса, статистика мәліметтері бойынша, оның туғандарының 10-15% болуы мүмкін.

Іш қатулар ситуациялық, эпизодты және созылмалы болады. Мысалы, ситуациялық немесе эпизодты іш қатулар әр түрлі жағдайларда дамиды. Мысалы, жүктілік кезінде, кейбір тағамдарды, дәрі-дәрмектерді қабылдағанда болады. Бұндай іш қатуларды ауру деп есептеуге болмайды, олар уақытша, өтпелі құбылыстар.

Іш қатулар органикалық немесе функционалды болуы мүмкін. Рим критерийлеріне II (1999) сүйенсек, функционалды іш қату диагнозы 2 немесе одан көп төменде көрсетілген симптомдарының 12 ай аралығында 12 апта бойы (ретті болуы міндетті емес) сақталса қойылады [3,9]:

– дефекация әрекетінің аптасына 3 реттен аз болуы;

дефекация әрекеті кезінде күшену барлық уақыттың 25% алуы;

4 дефекация әрекетінің 1 фрагментті және (немесе) қатты нәжістің болуы;

– ішек ішіндегісінің толық емес босауы сезімінің 4 дефекацияның 1 болуы;

нәжіс массасының өтуі кезінде кедергіні сезінудің 4 дефекация әрекетінің 1 болуы;

дефекация әрекетін жеңілдететін саусақтық ширықтыруды 4 дефекация әрекетінің 1 болуы.

Өмір салты констипацияның жиі себебі болып табылады. Адамның тамақтануы, белсенді қимылы және т.б. Жиі іш қатуды рафинирленген жоғары калориялы тағамдар дамытады. Тоқ ішектің қатерлі ісігі де іш қатудың себебі болуы мүмкін. Әрбір адамда іш қату себебі әр түрлі. Негізгі себептерін бөліп алуға болады:

1. Еңбек күнінің «толқымалы» болуы (күндізгі – түнгі кезек).

2. Жүйкелік жүктеме.

3. Ұзақ ұйқы және сонық салдарынан таңертеңгілік дефекацияға уақыттың болмауы.

4. Тағамда өсімдік талшықтарының азаюы (өсімдікті талшықтар нәжіс көлемін жоғарылатады және ішек перистальтикасын белсендендіріледі).

5. Рафинирленген тағамдарды көп қолдану (бұндай тағамда шлак болмайды).

6. Майлы және ақуызды жануар текті тағамдарды қолдану.

7. Фаст-Фуд.

8. Рационда сұйықтықтың жеткіліксіз көлемде болуы.

9. Қою шай мен кофені көп қолдану.

10. «Отырып» жұмыс атқару, өмір салтының қозғалыссыз болуы.

11. Әр түрлі дәрілік заттар.

Бұл тек іш қатуды тудыратын себептердің бір бөлігі ғана. Бірақ, бұл адамның өзі реттей алатын себептер.

Уақытша іш қатулардың даму себебі тұрмыс жағдайлары мен тамақтану сипатының өзгеруі, дефекация үшін әдетті және ыңғайлы жағдайлардың болмауы. Нәжістің уақытша бұзылуын эмоциялы стресте дамытуы мүмкін. Сонымен бірге, заңды физиологиялық өзгерістерге байланысты жүкті әйелдерде кездеседі. Стационар жағдайында тоқ ішектің адекватты босауы бұзылысының басты себептері ұзақ уақыт төсектік режим, әр түрлі дәрілік заттарды қабылдау, контрастты рентгенологиялық зерттеу кезінде барий судьфатын қолдану. Кейбір жағдайларда науқасқа күшенуге болмағанда (жедел миокард инфарктысы кезінден. Құрсақ қуысы ағзаларына операциялардан кейін), іш қатудың алдын аул мен емдеу маңыздырақ болады. Нәжістің уақытша бұзылысын барлық жағдайда патологиялық деп қарастыруға болмайды. Бірақ басқа көптеген себептер болады. Орта және егде жастағы адамдарда іш қату дамыса онкологиялық ауру туралы ойлау керек [10,11,12].

Ішектік тасымалдау бұзылысының әдетті жиі себебі рационалды емес тамақтану болады. Бірақ, іш қатуы бар науқастар мен қалыпты нәжісі бар адамдар арасында салыстырмалы сараптама жүргізу барысында балластты заттарды қолдану бойынша айырмашылық жоқ.

Ішектің моторлық қызметінің реттелуіне тамақтану маңызды орын алады. Механикалық тұрғыдан зиянсыз, жоғары калориялы, аз көлемді тамақты қолдану, тамақтану рационында ірі клечаткалы немесе тағамдық талшықтарлың аз болуы іш қатудың пайда болуына себеп. Нәжісті қатайтатын әсері бар тағамдар белгілі, мысалы: қою кофе және шай, какао, ірімшік, күріш, анар, алмүрт, айва, шоколад, ұннан пісірілген тамақтар.

Дефекация кезіндегі ауырсыну (сыртқы геморройлық түйіндірдің тромбозы, анустың жарақаты) нәжістің кешігуіне бейімдейтін факторлардың бірі болып табылады. Көптеген дәрілік заттар мөлшерден көп қолданғанда немесе олардың кері әсері ретінде констипация дамытады. Есірткелік анальгетиктер, антихолинергиялық заттар, кейбір гипотензиялы заттар жүйкелік реттелуге әсер ете отырып, ішектің перистальтикалық белсенділігін тежейді. Құрамында алюминий бар антацидтер, темір препараттары да іш қатуды тудырады. Ішектің тамырлары мен жүйкесінің зақымдануымен жүретін жүйелік аурулар (қантты диабет, склеродермия, миопатиялар) созылмалы ішек өтімсіздігі – ішектің жалған обструкция синдромының көрінісін дамытады. Іш қату гипотиреоз, гиперпаратиреоз тәрізді эндокринді ауруларға тән симптом болып табылады. Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігі мен гиперкальциемия ішектің гипотониясымен қатар болады. Қантты диабетпен ауыратын науқастарда іш қатудың даму мерзімі аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты [13].

Тамақтану рационында өсімдік клечаткасын, сұйықтықты көп пайдалану, белсенді өмір салтын ұстану тәрізді ұсыныстарды қатаң орындауға қарамастан іш қату сақталатын науқастар тобы ерекше орынды алады. Бұл жағдайда рефрактерлі (резистентті) іш қату туралы ойлауға болады және ол іш жүргізетін дәрілік заттарды қабылдауға көрсеткіш болып табылады.

Аноректалды тасымалдаудың бұзылыстарына байланысты іш қатулар тік ішек пен жамбас қуысы бұлшықеттері моторикасының біріншілік өзгерісіне немесе олардың құрылымдық өзгерістеріне негізделеді.

Констипацияның жиі себебі ойық жара ауруында, гастродуоденит, холецистит, сонымен қатар, кіші жамбас мүшелерінің аурулары және т.б. кезіндегі жабыспалы үрдістері кезінде дамитын патологиялық висцеро – висцеральды рефлекстер болады. Іш қатуды ішектің жүйкелік реттелуінің бұзылысына негіз болатын жұлын мен бас миының, олардың жүйкелерінің органикалық аурулары да дамытады. Жиі іш қату невроздар мен психикалық аурулар, әсіресе, депрессиялы жағдайлар, шизофрения, жүйкелік анорексия кезінде де пайда болады. Нәжістің кешігуі жүктілік кезінде прогестерон өнідірілуінің жоғарылауына байланысты, ал кеш мерзімдерінде ұлғайған жатырдың сигма тәрізді ішекті басуы салдарынан болады.

Жүрек жеткіліксіздігі, өкпе эмфиземасы, асцитпен портальды гипертензия, сонымен қатар, семіздікте іш қатудың себебі дефекация әрекеті кезінде құрсақ ішілік қысымның жоғарылауын қамтамасыз ететін көкет пен құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы бұлшықеттері тонусының әлсіреуі болады [14]. Склеродермия кезінде тік ішек бұлшықеттерінің атрофиясы дамуы мүмкін [13].

Қарттардың іш қату себебі дефекация әрекетіне қатысатын бұлшықеттер гипотониясы болуы мүмкін.Іш қатуы бар егде және қарт жастағы адамдарда, жастармен салыстырғанда ішек ішіндегісінің баяу жылжитыны анықталған.

Іш қату себебі мен олардың тоқ ішек өзгерістерімен байланысын анықтап алу кейде мүмкін емес. Бұндай жағдайлар идиопатиялық деп аталады. Осындай науқастарда тоқ ішек арқылы рентгенконтрастты маркердің тасымалдану уақытын зерттеу барысында олардың бір бөлігінде маркердің тоқ ішектің барлық бөлімінде болатыны (инертті тоқ ішек), басқаларында маркер сигма тәрізді немесе тік ішекте жиналатыны (инертті тік ішек ) анықталды [3,9,11].

Сонымен, іш қатулар әр түрлі функциялық және органикаылқ сипатты себептер салдарынан дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]