- •Билет № 22
- •2.Азональдылық, тауларда және жазықтардағы биіктік белдеулік, тосқауылдылық (барьер).
- •Биіктік белдеулігінің негізгі факторлары:
- •Таулар мен жазықтардағы сатылық және тосқауылдық факторлар.
- •3.Жалпы аймақтық климат құрушы факторлар, ауа массаларының маусымдық циркуляциясы. Торпиктік климат түрінің басымдылығы. Құрлықтың су ресурстары мен су балансы, ішкі ағынның су алаптары.
- •Ауа массаларын жіктеу
2.Азональдылық, тауларда және жазықтардағы биіктік белдеулік, тосқауылдылық (барьер).
Азональді- белгілі таралу зонасы болмайтын, барлық зоналарда кірме өсімдік түрі ретінде кездесе беретін өсімдік түрері.
Биіктік артқан сайын ландшафттық белдеулердің өзгеруін биіктік белдеулігі деп атайды. Көптеген географтар «биіктік зоналылығы» мен вертикальды зоналылықты синонимдер деп есептейді, бұл дұрыс емес, себебі вертикальды зоналылық» түсінігінің мұхиттың тереңдік зоналылығына да қатысы бар, сондықтан ол кең ұғым. Бұл ұғымды 1899 ж. В. В. Докучаев енгізген. Бұл туралы алғаш еңбек жазғандар: М. В. Ломоносов, А. Гумбольдт, П. П. Семенов-Тянь-Шанский. М. В. Ломоносов өзінің Жер қабаттары туралы» деген еңбегінде таулы аймақтар климаты мен табиғатының өзгеше болуы ондағы жер бетінің атмосфераның суық қабатына жақын болуынан деп түсіндіреді. А. Гумбольдт климат пен өсімдік жамылғысының биіктік белдеулігін анықтады. П. П. Семенов-Тян-Шанский Іле Алатауы мен Тянь-Шанның биіктік белдеулігінің кешенді сипаттамасын берді.
Биіктік белдеулігінің негізгі факторлары:
1 Биіктік бойынша температураның өзгеруі. 100 м – 0,60.
2 Жылу мен ылғалдылық өзгерісі.
3 Тау жүйелерінің географиялық орны.
Әрбір ендіктегі ландшафт зонасының өзіндік биіктік белдеулік типі бар (белдеулер саны, олардың түрлеріі, биіктік шектері арқылы ажыратылады).
Биіктік белдеулігінде – беткей экспозициялары да үлкен рөл атқарады.
Беткей экспозициясының 2 түрі бар:
1) солярлық немесе инсоляциялық;
2) жел өтіндегі немесе циркуляциялық.
Солярлық экспозицияға беткейлердің температуралық режимі ғана емес, су режимі де байланысты. Таулардың солтүстікке қарағанда оңтүстік беткейлері көбірек қызады. Сол себепті оңтүстік беткейлерде биіктік белдеу шекаралары солтүстікке қарағанда биігірек орналасады.
Забайкальеде солтүстік беткейлер орман жамылғысына оранса, оңтүстік беткейлері дала болып келеді. Тропиктік және полярлық ендіктерге қарағанда қоңыржай белдеуде солярлық экспозиция әсері көбірек байқалады.
Полярлық ендіктерде – күн горизонттан кетпейді (поляр күні), ал тропиктік белдеулерде күн горизонттан соншалықты биік орналасуына байланысты тау беткейлеріне бірдей күн сәулесі түседі.
Жел экспозициясы екі жақты рөл атқарады: 1) термикалық режимге, 2) жауын-шашынның таралуына әсерін тигізеді.
Батыс желдері белдеуінде таулардың батыс экспозициялары, ал муссондық секторларда шығыс беткейлер көбірек жауын-шашын алады.
Таулар мен жазықтардағы сатылық және тосқауылдық факторлар.
Ландшафттар дифференциациясына гипсометриялық жағдайлардың үлкен әсері бар. Жазық жерлерде гипсометриялық факторлар қосымша рөл ғана атқарады. Әр 200 м биіктік сайын температурасы – 10 таяу төмендейді.Жазықтарда екі түрлі биіктік деңгейі байқалады: ойпаттық және қыраттық. Бірақ олардағы температура және ылғалдылық өзгерісі айтарлықтай биіктік белдеулілігін тудырмайды. Сатылық фактор жазықтарға да тауларға да қатысты. Таулар негізінен 3 сатыдан тұрады: аласа, орта биіктікті және биік таулар. Таулардағы сатылық жағдай олардың геологиялық құрылымынан да көрінеді. Мысалы: Үлкен Кавказдың шеткі (перифериялық) бөлігі неогендік әлсіз қатпарланған құмды-сазды жыныстардан құралған. Ол аласа таулар болып саналады. Ал орта биіктікті бөлігі бірінен соң бірі қабаттасып келетін палеогендік, мезозойлық, палеозойлық ежелгі қабаттардан тұрады. Ол орталық биік бөлігі – ежелгі массивті кристалдық жыныстардан құралған.
Аталған үш негізгі сатыны климаттық қабаттар түрінде қарастыруға болады.
Аласа таулар климаты маңындағы жазықтардың атмосфералық циркуляциясымен тығыз байланысты. Солтүстіктен келетін массаларының әсері анық сезіледі. Орташа тауларда массаларының көтерілуі, атмосфералық фронттың өршуі, экспозициялар климаттарының қарама-қайшылығы байқалады. Бұл қабатта желге қарсы беткейлерде жауын-шашын көбірек түседі. Биік тауларда биіктіктің климатқа әсері мүлдем байқалмайды. Гипсометриялық фактордың барьерлік әсері де бар (тосқауылдық әсер). Мысалы, Гималай таулары Үнді мұхитынан келетін ылғалды муссондық массаларын Азияның ішкі бөліктеріне жібермей ұстап қалады, соның нәтижесінде Гималайдың оңтүстік экспозицияларына Еуразия бойынша ең көп мөлшердегі жауын-шашын түссе, ал одан солтүстікте әлемдегі ірі шөлдерге жататын Такла-Макан және Гоби шөлдері орналасқан.
