- •Билет № 22
- •2.Азональдылық, тауларда және жазықтардағы биіктік белдеулік, тосқауылдылық (барьер).
- •Биіктік белдеулігінің негізгі факторлары:
- •Таулар мен жазықтардағы сатылық және тосқауылдық факторлар.
- •3.Жалпы аймақтық климат құрушы факторлар, ауа массаларының маусымдық циркуляциясы. Торпиктік климат түрінің басымдылығы. Құрлықтың су ресурстары мен су балансы, ішкі ағынның су алаптары.
- •Ауа массаларын жіктеу
Билет № 22
Дүние жүзілік геосаяси кеңістіктің қалыптасу үлгісі және даму үрдістері. Евразиялық Одақ елдерінің геосаяси концепциясы.
Геосаяси кеңістік- адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды.
Халықаралық ұйымдардың саны тұрақты түрде өсіп келеді. Егер де ХХ ғасырдың басында 40 үкіметаралық және 180 үкіметтік емес ұйымдар болса, қазіргі кезде олардың саны – сәйкесінше 300 және 500. Ең алғашқы халықаралық ұйым – 1875 жылы құрылған Бүкіләлемдік пошта одағы. Қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар: 1) аймақтық ұйымдар:Еуропа Кеңесі, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы (АСЕАН), Ислам әріптестік ұйымы (ИӘҰ), Африкандық Бірлік Ұйымы (АБҰ), Американдық Мемлекеттер Ұйымы (АМҰ); 2) экономикалық сипаттағы ұйымдар: Халықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ), Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) және т.б. 3) кәсіби ұйымдар:Халықаралық журналистер ұйымы (ХЖҰ), Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы (СҒХА), Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (ИНТЕРПОЛ); 4) демографиялық ұйымдар: халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы (ХДӘФ), Бүкіләлемдік жастар ассоциациясы (БЖА); 5) мәдениет және спорт саласындағы ұйымдар:Халықаралық Олимпиялық комитет; 6) әскери-саяси ұйымдар: Солтүстік Атлантикалық Келісімі Ұйымы (НАТО), Тынық мұхиты қауіпсіздік пакті (АНЗЮС) және т.б.; 7) кәсіподақтық ұйымдар: Халықаралық еркін кәсіподақтар конференциясы (ХЕКК), Бүкіләлемдік Еңбек Конфедерациясы (БЕК) және т.б.; 8) халықаралық ізеттілікті және бейбітшілікті қолдайтын ұйымдар: Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі (ББК), Венадағы бүкіләлемдік бейбітшілік институты және т.б.; 9) соғыс, табиғи апат құрбандарын қорғау ұйымдары: Халықаралық Қызыл Крест (ХКК); 10) экологиялық ұйымдар: Гринпис және т.б.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ең маңызды ұйым – 1945 жылы әлемдік қауіпсіздік жүйесін қолдау мақсатын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ Жарғысында барлық мүше мемлекеттердің егемендік теңдігі, халықаралық даулардың бейбіт жолмен шешілуі, күш қолданудан бас тарту, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттары бекітілген. БҰҰ құрылымы: 1) БҰҰ Хатшылығы (Бас хатшы басшылығымен); 2) Қауіпсіздік кеңесі (15 мемлекет, соның ішінде вето құқығына ие 5 тұрақты мүщесі бар: Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ҚХР); 3) Бас Ассамблея (ұйымның барлық мүше елдері); 4) бірқатар ұйымдар – БҰҰ-ның құрылымдық бірліктері: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бүкіләлемдік ұйым (ЭНЕСКО), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Халықаралық балалар қоры (ЮНИСЕФ), Халықаралық сот.
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.
Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.
