Биологиялық ресурстары
Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Рекреациялық ресурстары
Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.
Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге таныстырудағы танымдық маңызы өте жоғары.
Ресейде табиғат ресурстарына тән мынадай ортақ белгілер бар:
ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі;
ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген;
ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған;
жақсы игерілген аудандардағы ресурс қоры сарқылуға жакын.
2. Ландшафтты оқу және аудандастыру.
Ландшафттану – географиялық қабықтың құрамына кіретін табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер жайлы ғылым. Ландшафтанудың жер туралы ғылымдардың арасындағы орны. Ландшафттану, геоэкология және созоэкология, В.В. Докучаевтің және Л.С. Бергтің ландшафттану ғылымының басталуына сіңірген еңбегі.
Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Қандайда болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекелеген компоненттерді қарастыратын география салалары дамыған болса онда ландшафтану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыс тану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Бірақ, бұған жағдай өткен ғасырдың аяғында ғана жасалынды. Жекелеген жағдайд ландшафтанудың дамуына биологиядағы эволюциялық ілім-дарвинизм және биогеография мен топырақ тану ғылымдарындағы өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынысын географиялық есептеу тұрғысынан қарау үлкен жаңалық болып енді.
Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті. Ландшафтық-географиялық синтездің тағы да бір жаңалығы-аудандастыру болып табылады. Оның практикалық мақсатта мӘні зор екендігін ғалымдар мойындаған еді.
ХІХ ғасырдың аяғында табиғи ортаны зерттеудегі жекелеген – жерді, табиғи байлықты, су және орман шаруашылығын зерттеу жұмысынтары нәтижесінде климотология, геоморфология,биогеография т.б. салалар бөлініп жатқанда онда география нені зерттіейді деген ұғым туды. Бұл сала бойынша ғалымдардың көптеген пікірлері қалыптасты.
Осылай қиын уақытта Ресейде географиялық мектеп пайда болды. Оның негізін қалаушы – В.В.Докучаев (1846 – 1903). Докучаевтың топыраққа көзқарасы географиялық: топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстан,жылудың, ылғалдың, рельефтің жӘне тірі организмдердің қарым-қатынасы кезінде пайда болған. Ол табиғи ландшафттың азығы және оның айнасы іспеттес. Сонымен, топырақ жамылғысы географиялық байланыстардың соңғы звеносы болып табылады.
1989-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана тек қана табиғи процестер ғана емес бүкіл жер бетіндегі процестерге, тіпті минералдық заттардың орналасуына да Әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи комплекстердің ең жоғары сатысы.
1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерий-ауы ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтарды (жауын-шашынның булануға қатынасы).
Ландшафтты аудандастыру:
1. Ландшафттанудың тегіне қарай, ішкі сыртқы күштердің әсер ету деңгейіне қарай бөлшектенуі.
2. Ландшафттың зоналық, азоналық, секторлық жүйелері. В.В.Докучаев табиғи зоналарды дұрыс белдеулер, яғни параллелдермен шектелген орталық деп түсінбеді. Оның тұжырымы бойынша табиғат математика емес. Кейіннен түпкілікті зерттеулердің нәтижесінде ландшафттық зоналардың жалпы белдеу емес екендігі, кейде олардың бөлініп, бір-бірінен алыстау орналасқан аймақтарда кездеседі.
Керісінше белгілі бір зонаның территориясында физгеографиялық қарама-қайшылықтардың кездесуі мүмкін, ал таулы аймақтарда зоналық ендік жойылып, биіктік белдеулер пайда болады. Шындығында зоналық ендіктің мұндай ауытқымалары құрлықта, мұхиттарда, жазықтарда әртүрлі жағдайларда бірдей емес.
Жердің тектоникалық дамуында оның жоғарғы қабаты жердің ішкі энергиясының әсерінен зоналық, азоналдық заңдылықтардың әсеріне ұшырайды. Жер бетінің азоналдық дифференциациясының қорытындысы құрлықтағы биіктер мен мұхиттардағы қазаншұңқырлар, яғни құрлықтар мен мұхиттар. Географиялық қабықшаның полярлық ассиметриялығы құрлықтардың үлкен бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқанын көреміз. Жер бетінің қатты қабаты мен сулы қабатының физикалық қасиеттерінің әрқалайлығына байланысты континенттік және мұхиттық ауа массалары қалыптасады. Қалыптасқан континенттік – мұхиттық ауа ағыны жалпы атмосфера циркуляциясының қозғалысын қиындатады. Мысалы, муссондар ауа массалары жазда мұхиттардан қызған құрлыққа қарай, ал қыста керісінше жылжиды. Сонымен территорияның континенттік мұхиттық атмосфера циркуляциясы системасына алыс, жақын орналасуы физгеографиялық дифференциацияның негізгі факторы болып табылады. Мұхиттардан құрлық орталығына жалжыған сайын, әлбетте, теңіздік ауа массаларының қайталануы азаяды, климаттың континентальдығы артады, жауын-шашын мөлшері кемиді.
Сонымен қатар жер бетінде жылудың таралуының қосымша факторы жалпы атмосфера циркуляциясына, құрлықтардың орналасу жағдайына, конфигурациясына байланысты қалыптасатын теңіз ағыстары. Суық ағыстар өтетін аймақтарда мұхит беті жыл сайын 2500МДж/м2 дейін жылу жоғалтады, бұл бүлануға кететін жылу мөлшерімен тең. Ал Атлант мұхитының қоңыржай белдеуінде жылы ағыстың әсерінен мұхит беті 1000, ал кей жерлерінде 3000 МДж/м2 дейін қосымша жылу алады. Теңіз ағыстары атмосфера циркуляциясы арқылы құрлықтардың шеткі аймақтарының температуралық жағдайы мен ылғалдануына әсерін тигізеді (мысалы, суық ағыстар тек температураны төмендетіп қана қоймайды, климаттың құрғақтығын арттырады, ол әсіресе, Перуан, Калифорния ағыстарынан айқын байқалады.
Континентальды-мұхиттық ауа массаларының температуралық әсері әсіресе, қыс айларында айқын байқалады, өйткені қатты суыған құрлық бетінде жоғарғы қысымды аймақтар пайда болады. Бұл кезде мұхиттарға жақын жатқан территориялар теңіздік ауа массаларының әсерінде болғандықтан құрлық орталықтарымен салыстырғанда жылы болады (негізінен құрлықтардың батыс бөлігі). Мысалы, бір ендікте жатқан Скандинавия түбегінің батыс бөлігі мен Сібірдің солтүстік-шығысындағы тауаралық ойпаттардың қаңтар айының орташа температурасының айырмашылығы 470С. Жазда құрлық орталығында жылылау, дегенмен айырмашылығы онша емес, мысалы, Орталық Якутияда Скандинавия түбегінің батыс жағалауымен салыстырғанда 4-5 0жылы.
Мұхиттардың құрлықтың температурасына әсері туралы жалпылама бағаны климаттың континентальдық көрсеткіштері арқылы білуге болады. Климаттың сандық жағынан континентальдығын анықтайтын бірнеше әдістер бар. Олардың ішінде дұрыс деп табылғаны 1959 жылы Н.Н.Ивановтың ұсынған көрсеткіші.
Бүкіл жер бетіне түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 103 мың км3 болса, оның 37 мың км3 адвективті (яғни горизонтальды ығысқан) жауын-шашын да, 66 мың км3 құрлықтардан буланған жауын-шашын. Құрлықтың орталық бөлігіне жақындаған сайын теңіздік ауа массалары ылғалдылығын азайтады, өйткені оның көп бөлігі теңіз жағалауларында, әсіресе теңізге жақын орналасқан тау беткейлерінде қалады. Тайга зонасының Атлант мұхитына жақын жатқан және құрлықтың орталығына орналасқан аймақтарындағы ландшафттардың жауын-шашын мөлшерінің айырмашылығы 3-4 есе. Субтропиктік және тропиктік ендіктерде бұл айырмашылық ерекше байқалады: шығысында муссондық жауын-шашын мөлшері көп, ал орталық және батыс аймақтарда континентальдық пассаттардың әсерінен құрғақ. Мұхиттардан құрлықтарға жылу мен жауын-шашыннан басқа ауа массалары арқылы әртүрлі тұздар жеткізіледі. Бұл процесті Г.Н.Высоцкий импульверизация деп атады, ол шөл және шөлейтті жерлдердегі тұзданудың бірден бір себебі болып табылады.
Континентальды-мұхиттық ауа массалары циркуляциясының ландшафттарға әсері әрқалай. Ерте уақытта – ақ мұхит жағалауларынан құрлықтың орталығына қарай жылжыған сайын заңдылықты түрде өсімдік жамылғысының, жануарлар дүниесінің топырақ типтерінің өзгеретіндігі байқалған. 1921 жылы В.Л.Комаров бұл құбылысты меридионалдық зоналық деп атады, ал қазіргі кезде секторлық деген ұғым қолданылады. Екеуінде ұқсастық та байқалады. Дегенмен табиғи құбылыстардың зоналық ендік бойынша өзгеруінде негізгі рөлді жылумен қамтамасыз етілуі мен ылғалдану атқарса, секторлықтың негізгі факторы ылғалдану физгеографиялық процестердің дифференциациясына бойлық бойынша жылудың өзгеруі де әсерін тигізеді. В.Л.Комаров құрлықтарда 3 меридионалдық зона батыс орталық, шығыс бөлуге болады деп түсінді. Ал А.И.Яунпутнинь осылай құрлықтарды 3 физгеографиялық секторға жіктеді. Кейіннен әртүрлі ендіктерде секторлықтың бірдей еместігі дәлелденді. Евразия материгінің қоңыржай циркуляциясының ерекшеліктеріне бпайланысты секторлықтың толық спектрі байқалады.
Пассаттар белдеуінің шығыс желдер басым аймақтарында шөлдер құрлықтың орталық бөлігінен батыс жағалауына дейін созылады да ылғалды батыс мұхиттық сектор болмайды (түсіп қалады). Тек құрлықтың шығыс бөлігінде муссондардың әсерінен орманды ланшафттар қалыптасады. Сонымен тропиктік белдеудің секторлық құрылымы әрқалай, негізгі екі сектордан басқа өтпелі саванналық ландшафттары басым континенталдық секторды бөлуге болады. Субторпиктік ендікте секторлық дифференциациясы ауыспалы дегенмен тропиктікке жақын субэкваторжәне экватор ендіктерінде секторлық әлсіз байқалады, бірақ жоғалып кетпейді. Экватор зонасында ауа массаларының горизонталдық ауысуы әлсіз, конвекциясының әсерінен құрлыққа көп жауын-шашын жауады.
Полярлық облыстарда біркелкі ауа массалары басым болғандықтан, төменгі температура мен ылғалданудың артықшылығынан секторлық физгеографиялық айырмашылық онша байқалмайды. Секторлық пен зоналық бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Секторлықты тек бойлықтық дифференциация деп түсіну дұрыс емес, өйткені континенталды мұхиттық ауа массаларының ауысуы тек бойлық бойынша ғана емес ендік бойынша да байқалады. Егер теңіздік ауа болса, онда секторлық зоналықпен қатар жүріп ландшафттардың зоналық ауысуын күшейтеді немесе әлсіретеді.
Мысалы, солтүстік мұзды мұхиттың температураны төмендететін әсері Евразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік жағалауларында байқалады. Ендік температуралық градиент тундрада 10-20 есе жоғары, тайга мен салыстырғанда, жаздық изотерма теңіз жағалауларына параллель орналасады, тундраның оңтүстік шекарасы орналасуы бойынша құрлықтың солтстік теңіз жағалауларының формасына сәйкес. Бұл тундра зонасының зоналық құбылыс екеніне қарамастан оңтүстік шегі мұхиттың суық ықпалы мен айқындалатынын көрсетеді.
Ал оңтүстік-шығыс Азия бөлігінде басқаша. Үнді мұхитынан келетін пассаттар жаз айларында мұхиттық муссонға ауысып, экватордан солтүстікке - құрлықтың біршама орталығына таралып тропиктік шөлдерді ығыстырады, сөйтіп тропиктік ормандар мен саванналардың шекарасын солтүстікке қарай жылжытуға жағдай жасайды.
Дегенмен, көптеген жағдайда, секторлық дифференциация бірталай табиғи зоналарды кесіп өтеді, өйткені әрбір зона бір сектордан екіншісіне ауысқанда біршама өзгерістерге ұшырайды. Оған қоңыржай- континенттік Шығыс-Европа секторында, Батыс Сібірдің континенттік белдеулерінде жекеленген “учаскелермен” кездесетін тайга зонасы мысал болады.
Егер белгілі бір ендікте бір типтес жылу мен ылғалдану процесі сақталса, онда ландшафттық зоналар біркелкі, яғни бөлінбейтін болып келеді. Климаттың континенталдығының секторлар бойынша өзгеруі бойлық бойынша зоналар вариантының құрылуынан көрінеді. Егер біркелкі жылумен қамтамасыз етілген ендікте бір сектордан екіншісіне ауысқанда ылғалдану айырмашылығы болса, онда зоналар ауысады, ендік бойынша бірнеше зона қалыптасады.
Сонымен зоналық пен секторлықтың ара-қатынасын қарастыра отырып, біз бір ғана емес бірнеше ландшафттық зона системаларының бар екендігін мойындаймыз. Зоналар системасы деп біз құрлықтың бойлық секторына тән бөлінбейтін ландшафттық зоналар системасын түсінеміз, негізінен континентальдық және мұхиттық қатарларға жіктеледі; біріншісіне әртүрлі белдеулердің шөл зонасы, шөлейттер, далалар, екіншісіне әртүрлі ендіктердегі орман зоналары жатады. Бірақ, зоналардың батыс пен шығыс бөліктерінде ылғалдану процесінде біршама айырмашылық бар. Жоғарыда айтылған зоналық спектрдың бірқатар ерекшеліктері физгеографиялық процестердің: буланудың, фитомасса қорының және биологиялық өнімділіктің әртүрлігінен байқалады.
3.Географиялық орнының өзара байланысы, құрлықтың кескін үйлесімділігі мен табиғат жағдайлары. Оңтүстік америка платформасының геологиялық даму ерекшеліктері. Пайдалы қазбалары және олардың түрлі геологиялық құрылыспен ұштасуы.
Оңтүстік Америка - батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері - Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері - Вальдес ойысы (40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі - Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде - 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл - Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы - Анхель (1054 м) және ең биік жанартау - Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.
Жер бедері
Оңтүстік Американың картасы.
Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы - Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония
Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.
Геологиясы
Оңтүстік Америка рельефі.
Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 - 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.
