Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.39 Кб
Скачать

Билет № 20

  1. Ресейге экономикалық географиялық сипаттама. 21ғасырдың басында дүние жүзілік экономикада Ресейдің алатын орны. Ресейдің экономикалық өсу серпіні.

Экономикалық-географиялық жағдайы

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік КореяменМоңғолияменҚазақстанменӘзірбайжанмен, оңтүстік-батыста — Украинамен, батыста — ФинляндияменБеларусьпенЭстонияменЛатвияменНорвегиямен шектеседі.

Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:

  • Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.

  • Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.

  • Қиыр Шығыс Ресейі.

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды[10].

Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.

Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Табиғат ресурстары

Ресей жері табиғат ресурстарының барлық түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40%-дан астамы өндірісте игерілуде. Ресей дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергетикалық қоры жөнінен 1-орынды, ал өңделетін жер үлесі жөнінен 3-орынды иеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]