Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.98 Кб
Скачать

Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз

Атақты Біржан сал, Орынбай, Ақан сері сынды әнші- ақындар мектебінен үлгі алған Ыбырай –ойы таза, сезімі сыршыл тұлғалардың бірі. Сондықтан болар, артына өлмес мұраларын қалдырып кетті.Ыбырайдың ел есінде сақталған мұрасының бірі «Қалдырған» өлеңінің ғасырлар өтсе де, өзектілігін жоймауының себебі неде?

Менің ойымша, «Қалдырған» өлеңі – терең философиялық ойға құрылған шығарма. «Қалдырған» өлеңіндегі негізгі ой ақынның кәрілікті мойындап, өз өмірі туралы тереңнен толғаған туындысы дегім келеді. Себебі, уақыты өткен, жастық дәурені артта қалған шарасыз кәрілік ақынға беймаза күй кештіреді. «...Қара бура қартайып, Жер басына шөккен күн...»- деген жолдарда мұны ақын айқын көрсетеді.Яғни, адам баласының ғұмыры кәрілікпен аяқталатынын артқыға ескерткендей болады.

«Қалдырған» өлеңіндегі: «Жасымда халқымды сұлу сөзбен бөлеп, кәріңді таң қалдырған ақын едім» деуі Ыбырайдың өз бейнесін сомдап тұрғандай, көз алдымызға сырлы, сұлу сөз иесін әкеледі. Ақынның кәрілік жеткен шағында жастық шағын неліктен еске алады?Менің ойымша, өмірдің тез өтетінін айтып, жас кезде барлық мақсат-мұратқа қолыңды жеткіз деген аталы ойын айтады.Бұл Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңінің басты сипаты дер едім.

Ыбырайдың артқыға айтар өсиеті де осы өлеңде айтылады. Ыбырай «Берейін жастар батамды, сендерге тізгін көшкен күн»,-деп, өмірлік жолын болашақ жастарға ұсынып, даналық тілегін айтады. Расымен де, адам өмірге келгеннен кейін Абайша айтқанда, артқыға бір із қалдырарлық іс жасаса одан үлгі алатын ұрпақтың есті болары хақ.

Қорытындылай келе, өлеңдегі астарлы ой алдыңғы буын ағалар мен соңғы түлек інілерді жалғастырып, өмірдің мархаббаты мен мехнатын жасырмай көрсетіп, жасы ұлғайғанда тәубеге келетін өсиет өлең деп түсіндім. Сол себепті тартымдылығымен ел жүрегінен қоныс тепті деп болжаймын. Өмірді босқа сүрмей, бізге артқан үмітті ақтап, тамшыдай болса да, келешек ұрпаққа із қалдырсақ...

19 ЭССЕ

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.

Әнші- ақындардың арасындағы өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақынның бірі- Мұхит Мералыұлы.Оның өлеңдерінің ерекшелігі өзіндік суреткерлік қырымен, әсем өрнектерімен ерекшеленеді.Мұхит қолтаңбасын қалдырған тақырыптың бірі – ғашықтық мәселесі. Мұхит Мералыұлы ғашықтық сезімін жеткізуде қандай көркемдік тәсілдерді қолданған? Бұл сұраққа жауап алу үшін, Мұхиттың «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» деген өлеңдерінде қолданған тәсілдеріне көз жүгіртіп көрейік.

«Айнамкөз» өлеңінде Құралай деген қазақ қызының сыпайылығы, мінезі, ажарына сүйсініп, ән арнайды. Басынан аяғына дейін тұнып тұрған лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуенді құлағымызға әкеледі.

Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,

Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы,- деп өкінішін де тілге тиек етеді.

Ақынның «Дүние-ау» деген өлеңінде көз жүгіртетін болсақ:

«Ат басқа, доға басқа, шылия басқа,

Кез келсе қарамайсың, дүние-ау, - кәрі - жасқа,

деп өмірдің қатыгездігін, әділетсіздігін салыстыру тәсілі арқылы береді. Ақын «Зәуреш» әнінде адам тағдыры мен трагедиясын қандай тәсілдермен жеткізген? Қызының аурудан қайтыс болғанын білген медет бейіт басына келіп:

«Көзің бар жанарындай құралайдың,

Кім көмді бұл орынға көзі қыйып»,- деп қыздың сұлулығын әсіресе әдемі көзін құралайға теңейді.

« Көздің жасы, жүректің қаныменен,

Тоқтатуға болмайды іштің зарын»,-деп екі нәрсені, құбылтып салыстырады және жанастырып жақындату негізінде метафораны өте шеберлікпен қолданып жазған.

Мұхиттың бұл өлеңдерінің өзектілігі неде? Ақын өлеңдерінде балаға, сүйген жарға, өмірге деген махаббатын, сезімнің тұрақтылығын іздеп, көркемдік тәсілдер арқылы өз оқырманына жеткізе білген деп ойлаймын.

Ойымды қорытындылай келе, Мұхит Мералыұлының мұрасына мәңгілік ғұмыр сыйлар жастар елімізде көп болсын деймін.Себебі, ғашықтық тақырыбы мәңгілік тақырыптардың бірі ғой.

20 ЭССЕ