Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.98 Кб
Скачать

Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз

«Адамзаттың Абайы» атанған хакім , дана да, дара ақын, ойшыл Абайдың артына қалдырған мұраларының бірі – қара сөздері.Абайдың қара сөздері күллі адамзат баласына арналған.Себебі, өзінің қара сөздерінде жақсылық пен жаманның, естілік пен ессіздіктің парқын ажыратып көзіңе көрсетеді.Көрсетіп қана қоймай, нағыз, толық адам болу жолын ұсынады.Ақынның естілік пен білімділікті дәріптейтін қара сөзінің бірі – он тоғызыншы сөзі.Абайдың он тоғызыншы қара сөзінің өзектілігі неде жатыр?

Біріншіден, Хакім Абай бұл қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің ғана нәтижесі мен тәрбиеден туындайтын нәрсе деген ой тастайды.Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, көріп, естіп, ұстап көре біле білімді болатынын айтады.Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді.Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді.

Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға алады.

Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай адамдар өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың айналасына зиянын тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық та болмайтыны белгілі деп ойлаймын.

Ойымды қорытындылай келе, мың жерден білімді болып тұрсаң да, есті сөзді ескеріп, қажетіңе жаратпасаң, білімділігің түкке тұрғысыз деп ойлаймын.Себебі, жақсылыққа жақсылық, естілікке естілік қана үйір болады.Есті сөзге сүйініп, көңілге түйінгенде ғана мәніне терең бойлап, өміріңе жаратады екенсің.Ендеше, Абай айтқандай, естілердің сөзін ескеріп жүрейік.

10 ЭССЕ

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Ескендір қандай адам? Ақылдылығымен, айласымен, көрегендігімен, талапшылдығымен, мақсат қойғыштығымен атағы жер жарған, ешікімді өзіне бағындырмай қоймаған даңқты тұлға. Керемет! Осыншама ұлы қасиеттерге ие атақты патшаның бойында міні бар ма, әлсіздігі бар ма?!

Иә, бар! Және ол әлсіздіктері аз да емес! Ғұлама Абай оның жауабын поэманың өзінде бізге ұғындырып та берді. Ақын патша ұлылығын көрсете отырып, сол «ұлылықтың» астарында әлсіздіктің жасырынып жатқандығын дәлелдей жазады. Македониядағы бала күнінен «ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ» бала. Әкесі өмірден кеткен соң жиырма жасқа әлі толмаған жігіт билеуші болды. Өзін алып билеуші санаған Ескендірге оның мемлекеті өте кішкентай болып көрінді: «өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алатып қарады оңды-солды». Осылайша, дайын билікке оп-оңай қол жеткізген Ескендірдің бойындағы көрсеқызарлық оты тұтанды.

Ескендір неғұрлым көп жерді жаулап алған сайын оның ашкөздігі мен қатыгездігі өрши түсті. Бұл-заңды құбылыс. «Алтын көрсе, періште жолдан таяр»,- деп халық та айтқан емес пе?! Ешқашан қылышы майырылмаған Ескендір енді үсті-үстіне масаттана береді. Жолында не кезіксе, соның барлығы ұлы жеңімпаз Ескендірге тиесілі болуы тиіс! Тіпті, кішкентай бұлақ та оның ашкөздігін тоқтатпады:

«...Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,

Талқан қылып шаһарын алыңыздар!». Көрдіңіз бе, жойқын билеушінінің екпінін ешкім де тоқтатпайтын сияқты! Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны көрмеу, өзгені мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл барып тұрған қасиетсіздік, осалдық, патшаның өзі байқамаған сорақы әлсіздігі! Поэманың ақырына қарай:

«...Тоя ма адам көзі мың-мың санға...

...Қанша тірі жүрсе де өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен...» деген жолдарда Ескендірге ақылшысының сынай айтқаны патшаға терең ой салады. Ешкімге құлақ аспаған даңқты билеуші дана Аристотельдің әрекеті мен ақыл сөзінің алдында осылайша алғаш рет мойұнсынды. Қорыта келе, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында ақын зұлымдық пен мейірімсіздікті ақылға жеңдіреді. Поэмадан ұлылық пен даңқ иесі болу-ашкөздік, қанағатсыздық, жауыздық, менмендіктен жасалмайтындығы жайлы дана ой түюге болады.

11 ЭССЕ