- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне айналдырған – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Ақынның халық көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, әлеуметтік мәселелерді сөз еткен туындылары көп.Соның бірі мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі еді.
Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мән жатқан сияқты. Себебі, ақын осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді.Өлеңнің басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын.Біріншеден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді.Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп ойлаймын.Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі.Әр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді. Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. Бұлбұлға: «Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді.Бұдан қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз.
Өлеңдегі бұлбұл әдемілікті аңсайтын, күнде әр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін шыдамды бейнеде көрінеді.Сол әдемілік үшін, әдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді.Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлайтын , мейірімді бейнеде көрінеді.Бұл арқылы автор бұлбұлды ел бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін көрсеткендей деп ойлаймын.Бұлбұлдың қаршығаға: «Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе?
Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді өмірлік мақсат-мұрат тұтады.Соны болашаққа үлгі етеді.Бұлбұлдың бойындағы төзімділік, шыдамдылық, сабарлылық қасиеттерді бойымызға дарыта білейік!
№8 ЭССЕ
Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
Елбасымыз «Тарих толқынында» кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы деп атады. Ыбырай расында да қазақстандық білім берудің іргетасын қалады. Бұл бағаға ағартушы қандай еңбегімен жетті? Сұраққа бүгінгі өркениетке өркендеу кезеңіндегі көзқараспен жауап беріп көрейін.
Ең бастысы, Ыбырай ұлтын жан-тәнімен сүйген ұлтжанды азамат деп санаймын. Он тоғыз жасында–ақ игі іске жол бастаған жігерлі жас болды. Оның жігерін жаныған қараңғыда қамалған қазағының надандығы еді.Қазақ даласында мектеп ашу ісі оңай болмағаны рас. Өкімет пен жергілікті биліктің кедергісіне ұшырай жүріп, тұңғыш қазақ мектебін ашты. Қазақтың даласында «Дала қоңырауы» сыңғырлады. Ұлы ағартушының жүректілігі Мәңгілік елімізді өркендету үшін қызмет атқарып жүрген азаматтарға үлгі боларлықтай.
Тың жерден түрен тартып, дән сепкен дихандай өз ісіне құлшына кіріскен ұстаздың алдында оңайлықпен алынбас қамалдар тұрды. Біріншіден, оқушы алдында оқулық болмады. Не оқытам, қалай оқытам деген сұрақтың да жауабын талмай іздену арқылы 1879жылы қазақтың тұңғыш оқулығын жазып шығарды. Екіншіден, «Барлық күш-жігерімді олардың мінез-құлқына да ықпал етуге жұмсаймын» деген ағартушы озық өнер- білімді, мәдениетті мектеп арқылы таратуды мақсат етіп қойды. Оның озық идеялары бүгінгі күн талабымен нақты ұштасып жатыр. Оқулықтың алғашқы бетіне «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жазуы да тегіннен тегін емес. Өйткені оқушының басты міндеті - жаппай білім алу. Ақын-ұстаз «Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар» деп білімнің пайдасын уағыздап тұр. Бүгінгі күннің өткір мәселесінің бірі – балаларға терең білім беру. Кейбір жастардың «ақшам болса, білімсіз күн көре аламын» деген қате түсінігіне еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын жетелеріне құйып тұр емес пе!? Үшіншіден, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде ғылымның жетістіктерін тікелей мадақтай келіп, озық елдің салтын баяндайды. Бұл идея - жаһанданудың алғышарты. Әр сөзін ұлт болашағына арнаған Ұлы Ұстаз надандықтың қамалын ерен еңбегімен бұзды. Сондықтан, ақын-жазушының шығармалары тереңдетіліп оқылса, тәрбие діңгегі мызғымас еді.
Ыбырай өмірінің соңғы минутына шейін ұстаз болып, талай жаңалықтын жаршысы болды. Инспекторлық қызметті атқара жүріп, облыс, уез орталықтарында училищелер ашты. Ырғыздағы ашылған қыздар мектебі мен Омскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі де осының айғағы. Торғайда тұңғыш ашылған қолөнер мектебінің жұмысын алға бастыру да оңайға соққан жоқ. Құдды Ыбырай дәуірі қайта жаңғырып, қайта оралғандай. Қазіргі еңбек нарығы талаптарына сай, түрлі салада қызмет көрсете алатын мамандық иелеріне сұраныс артуда. Иә, ұлы Алтынсарин негізін қалаған кәсіптік білім беру ісі бүгін де лайықты жалғасын тауып, жандана түсуде.
Осындай ұлағатты қызметте жүрген азаматтар Ыбырай ісін өнеге тұтып, ғұмырын халқына арнаса құба-құп болар еді.Ыбырай салған сара жол Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қанатын кеңге жайып, жалғасын табуда. «Біз болмасақ,- сіз барсыз, сіздерге берем батамды, үміт еткен достарым» деген ұстаздардың ұлы ұстазы қазіргі жастарға кеңес береді, тәрбиелейді, ғибрат алғызады.
№9 ЭССЕ
