- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
Әлемдегі ең мейірімді, ақ ниетті абзал жанның бірі - ақ әже. Немересін ақ бесікке бөлеп, «Бесік жырымен» әлдилеген ізгі жандардың өмірдегі орны қашанда бөлек. Осы ардақты әжелер жайлы талай қаламгер сыр шертті. Сондай бір туынды - М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі. Өлеңді оқи отырып, көз алдыма жүзінен жылулық лебі ескен, көзінен мейірімділік шуағын төккен, басына ақ кимешек киген қарт ана елестеді. Сол Мұқағали әжесінің бейнесі бүгінгі әжелер бойынан табыла ма деген ой мені толғандырып та кетті. Осы сауалға өзімше жауап іздеп көрейін.
Алғашқы ойымды әже мен немере арасындағы үзілмес сезімнен бастағым келеді. Ол қандай құдіретті сезім десеңші! Бұған дәлел ретінде:
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем, - деген ақын сөзін алғым келіп отыр. Бұл сөзден әжесінен айырылса да, немеренің сарқылмас сағынышы мен махаббаты сезіледі. Әжесінің бұл дүниеде жоқ екендігін білсе де, оны өлді деуге жүрегі қимайды. Иә, әркімге де әже қымбат. Мен де әжемді жанымдай жақсы көрем. Кішкентай кезімде әжемнің ертегісін естімей жастыққа басым тимеуші еді. Ешкімге айтпаған сырымды соған айтам, жұбанышты содан табам. Міне, әже мен немере арасындағы үзілмес сезім деп осыны айтар едім. Өз әжем мен өзге әженің ұқсастықтарын іздей келе, әлемдегі әжелердің бәрі бір-біріне ұқсас па деп те қалам. Яғни, әже тәрбиесін көріп өскен ұрпақ ұлтының берік тірегі болары анық деп нық айта алам.
Осы пікірімді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын» деген сөзімен өрбіткім келеді. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болатыны сөзсіз. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлмейтін әжелеріміз де арамызда бар. Жаһандану дәуірінде кейбіреулер ата-баба бесігін электронды бесікпен алмастыруды ұсынып жүр. Әженің бесік жырын естімей өскен баладан ертеңгі күні ұлтжанды азамат шығуы неғайбыл. Меніңше, бұл - ұлттық тәрбиеге балта шапқандықтың белгісі.
Өкінішке орай, қоғамда кейде олар жайлы кереғар пікірлер де ара-тұра кездесіп қалады. Бұрынғы заман мен қазіргі заманның әжелерінің арасында алшақтық бар дейді. Сонда қандай алшақтықты сөз етіп отыр? Заман қалай құбылса да, әже мен немере арасындағы ұлы сезім өз мәнін ешқашан жоғалтпайды деп ашына айтқым келеді. Ол уәж жауапкершіліктен қашқан, өз құлқынын ғана ойлағандардікі. Бір сәт ойланып көрейікші. Бұрын қарттар үйі деген болушы ма еді? Айтуға ауыр тіркестердің бірі. Сол қарттар үйінде көздері жаутаңдап, ұл-қызын сағынышпен күткен қарияларды көргенде, өзіңді қоярға жер таппайсың. Безбүйрек, қатыгез адамдар қайдан шығады екен деген ой туындайды. Олардың орны бұл жер емес қой. Кешегі күні баласы үшін шыр-пыр болып, жар құлағы жастыққа тимей жанталасқан қариялардың орны төр емес пе? Көпке топырақ шашпайын, дегенмен ата-ана қадіріне жете алмаған қатыгездерге өкімет тарапынан бір шара қолдану керек те шығар, бәлкім.
Заман өзгеріп, қарыштап дамысақ та ұлттық бейнемізді жоғалтып алмайық, құндылығымызға адал болайық. Түйгені көп қарияларымыз асыл қазына екеніне күмән келтірмейік. Әженің әлдиіне қаныққан ұрпағымыздың өрісі кеңейе берсін.
