Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.98 Кб
Скачать

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?

Бұл өзекті мәселе болғандықтан,жан-жақты талдауды қажет етеді. Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлын тілге тиек ете аламыз.

Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары: бірінші – ұлттық болмысымызды сақтау, тәуелсіз ел болу; екіншісі – ұлттық тарихымызды ұлықтау; үшіншісі – туған тіліміздің мәртебесін көтеру. Оған дәлел ретінде қозғалыс көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х. Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дәлелі – бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып, 20 жыл ішінде әлем таныған, мойындаған ел болдық. Н.Назарбаевтің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының жалғасқандығын айтады.

Менің пайымдауымша, Елбасы Алаш зиялылары арманын іске асырды. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы. Өз тіліміз, дініміз бар. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі - Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

47 ЭССЕ

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі.Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Астана – халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қала.Ел Тәуелсіздігінен кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес,ең алдымен,қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті.Сөйтіп,Тәуелсіздіктің үшінші жылында Президент Н.Ә.Назарбаевтың астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясы алғаш рет жарияланды.Кейінен Қараөткел мен Нұра бойындағы Ақмолаға тәуелсіз мемлекеттің жаңа Астанасы келіп орнықты.

Астана Алматыдан Ақмолаға неге көшірілді? Оған себеп Ақмоланың еліміздің кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы болды. Міне, содан бері біршама жылды артқа тастап Астанамыз әлем елдеріне танымал бола бастады.

Менің ойымша, Астананың қазіргі деңгейге жеткені – тәуелсіздіктің жемісінің көрінісі.Тәуелсіздік жылдарында Астана Елордасы болып қалыптасуда қандай жолдардан өтті? Осы жолдарда қолдаушы және қозғаушы күші қалай көрінді? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, Астананың тәуелсіздіктің жемісі екендігін дәлелдейін.

Біріншіден, Астананың әлемдік аренаға шығуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі зор.Себебі, Елбасының қолдауымен Астанада халықаралық маңызы бар түрлі форумдар мен шаралар өтті.Атап айтсақ, 2010 жылы Саммиттің өтуі, жетінші Қысқы Азияданың өтуі, «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияның өтуі – осының айғағы. Биылғы жылғы өткізілгейі отырған ЭКСПО халықаралық көрмесінің Астана қаласында өтуі бас қаламыздың жемісінің бір көрінісі емес пе? Осындай әлемдік деңгейдегі шаралардың Астанамызда өткізілуі Астананың мәртбесін биіктете түседі.Тәуелсіз қазақ елінің бірлігін, ынтымақтастығын көрсетеді.

Астана қаласының Тәуелсіздіктің жемісі екендігін айқындайтын дәлелдің бірі әлемдік деңгейдегі сәулет кешендерінің бой көтеруінде деп ойлаймын.Бір ғана қазақ халқын емес, шет елдік азаматтарды да таң қалдырған «Бәйтерек пен «Пирамида» сияқты ұлттық рухты насихаттайтын кешендердің әдемілігі әлем елдеріне танымал болды.Сонымен қатар, Астанамыздың 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атануы, 2012 жылы ТМД елдерінің «Мәдени Астанасы» құрметіне ие болуы- Астана қаласының басты игіліктерінің бірі.Астана қаласының осындайлық аз жыл ішінде жоғары деңгейде дамуы, әрине, Елбасы мен тәуелсіз қазақ елінің арқасында деп ойлаймын.

Ойымды қорытындылай келе, Астана – Тәуелсіздіктің жемісі екендігіне толықтай қосыламын.Жоғарыдағы дәлелдер жас қала Астананың бірнеше жыл ішінде халықаралық деңгейге көтерілгенін көрсетеді.Тәуелсіздіктің өзіне бір «тар жол тайғақтардан» өткені сияқты, Астана қаласы қалыптасу жолында да өзіндік қиыншылықтардан өтті.Десе де, Елбасы мен халық бірлесе отырып, кедергілер мен қиындықтарды жеңе білдік.Соның нәтижесінде бүгінгі күні Есіліміздің бойында еңсесін тік ұстап Астанамыз биік тұр.Жайнай бер, Мәңгілік елдің Мәңгілік қаласы

48 ЭССЕ