Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.98 Кб
Скачать

Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?

Өмір, ол — тәжірибе. Өмірде әр нәрседен хабардар болсаң да, оны толығымен зерттеп біле алмайсың. Өмірдің өзі жұмбақ екенін поэзия әлемінде өзіндік орны бар, ақиық ақындардың бірі Қ. Мырзалиев тамаша жырлай білген. Ақын өлеңінде өмірдің қызықты екендігін оқырмандарына жеткізуге тырысқан. Оны «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі арқылы дәлелдейді.

Қамшының сабындай қысқа өмірде біздер, өскелең ұрпақ өмірдің мәнін кей уақытта бағаламай жатамыз. Бұл жайтты ақынның: «Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап» - деген жолдарынан көреміз. Себебі, қазіргі таңда «Қолда бар да алтынның қадірі жоқ» - дегендей барымызды бағаламай, жақындарымыздың қадірін тек олардан айырылып қалғанда ғана аңғарып жатамыз. Сондықтан өмірдің қызығы жанымызға жақын адамдармен байланысты екендігін түсініп, қадірін бағалайық.

Өмірдің жұмбақтылығы, қызықтылығы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап, сыйластығында жатыр деп ойлаймын. «Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап» - деген ақын ойымен менің ойым сабақтасып жатыр. Бұған дәлел, күнделікті күйбең тіршілікте адамдар өзара болмашы нәрсеге ренжісіп, бет жыртысып, тіптен бір-бірімен қарым-қатынастарын үзіп жатады. Соның салдарынан жүйкемізге зиян тигізіп жатқанымызды байқамаймыз. Сөйтіп, денсаулығымызды нашарлатамыз.

Қазақ даналығында: «Адам құлақтан азады, Көңілден семіреді» деген ұлағатты сөздері бар. Соның дәлелі ретінде: «Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап» ақынның айтқан өлең жолдарынан үзінді келтіре аламыз. Менің түсінуімше, өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің. Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету; сыйластықта өмір кешу. Өмір - жұмбақ, иә, жұмбақ, ертеңгі күніміздің қандай болатынын білмейміз. Сондықтан да, өмірдің мәнін, сәнін біліп, барымызды қанағат тұтып, жанымыздағы адамдарды сыйлап құрметтейік!

Қорытындылай келе, Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі оқырманға өмірдің мәнін түсіндіріп, аша алды. Өлең идеясы арқылы оқырмандарын өмірді бағалауға үйретті. Олай болса, өмірді қадірлейік, ағайын!

45 ЭССЕ

Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір- бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

"Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе - бұлар адамгершілік қасиеттер". ( Ы.Алтынсарин)

Қабдеш Жұмаділовтың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған туындысы - " Тағдыр" романы. Шығармадағы «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген сөзге әкелген қандай құндылық?

Адам бойындағы құндылықтар өте көп: адамгершілік, имандылық, ұлтжандылық, мейірімділік. «Адамгершілік- асыл қасиет» десек, Демежанның білімді де намысты болуы, үлкендерді сыйлауы аймақ басшысы Ши–амбымен және ұстазымен қарым- қатынасынан көрінеді.Оның қарапайым адамдарға қол ұшын созуы, істеген жақсылығы-ұшан-теңіз. Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, ұстазына деген құрметі мен сүйіспеншілігі жайында сөз болады. Аймақ басшысының: « Мемлекеттің тілін, заңын білетін сен сияқты азаматтар біз үшін қашанда қадірлі» деуі тегін емес. Бүгінгі жаhандану заманында адамгершілік өресі биік адамдар азайып бара жатқандай. Менің ойымша, оған жастардың батысқа еліктеуі, рухани құлдырауы, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалып жатқан жастар көптеп кездеседі. Жан-дүниенің байлығы - өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Қазіргі таңда адамдар бойында көптеп кездесе бермейтін ұлтжандылық қасиет романның басты кейіпкері Демежанға тән. "Ұлтым - қазақ, соны ғана білемін, қолымнан келсе иісі қазаққа жақсылық жасағым келеді ,"- дейді. Туған халқы үшін Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресуі, елі үшін жер, су сұрауы сөз етіледі. Бұған дәлел ретінде шекара сызығын бөлу кезінде бел шеше кірісуін айта аламыз. Жат жердің топырағында жүрсе де, ұлты үшін күрескен Демежан сияқты азаматтар бүгінгі тәуелсіз елімізде саусақпен санарлық десем де болады. Солардың бірі де, бірегейі - Мұхтар Шаханов. Әдебиеттанушы ғалым Ш. Елеукенов былай дейді: «Тағдыр- ұлтжанды қаhарманды биік өреге көтерген роман» Демежанның халқының елдігін, ауыз бірлігін сақтап қалу жолындағы тер төгіп, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік ортаның шындығы бүгінгі таңда да маңызды. Болашаққа қарай жол тартқан уақыт керуенінде халқымыздың мәртебесі қашанда биік болғай деп тілеймін!

Қорытындылай келе, роман бүкіл ұлт тағдырын суреттейді. Аймақ басшысы Ши-амбы Демежанға: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - дейді Құлжаға қоныс аудара бара жатып. Бұдан шығатын қорытынды: адам баласының тек ізгі ниеті мен игі істері ғана мәңгі ұмытылмайтын құндылықтар екенін аңғаруға болады. Халқы үшін еңбек еткен, адамгершілігі жоғары тұлғалар халық жүрегінен мәңгі орын алады. Пенделіктен аулақ болып, сыйласып өткенге не жетсін

46 ЭССЕ