- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
Өмірдің мәні мен сәні болған махаббат тақырыбын сөз етпеген ақын кемде кем шығар.Соның бірі қара өлеңнің хас шебері – Мұхтар Шаханов. Оның қаламынан туған «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кез келген жастағы адамға ой саларлық үлгіде жазылған деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл шығарманың өзектілігі ғасырлар өтсе де, жойылмақ емес.
Автордың: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады, - деген ойы – ғашықтық сезіміне берген бағасы деп білемін.
Ақын сезімнің шырғалаңына түсіп қалған жас қыздың оқиғасын өлеңіне арқау ете отырып, ғашықтық сезімнің құдіретін жеткізіп көрсетеді.Өлеңде ақын ғашықтық сезімнің құдіретін неге ашып көрсетті? Кейінгіге үлгі боларлық құнды ой түйінін бергісі келгендіктен деп ойлаймын. Ақынның: Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. «Жыға алмайды оны жұрттың өсегі. Бұған дәлел - құдіретті "Қорлан" әні кешегі- деуі ақынның адамзат атаулының өмірінде болатын қасиетті сезімге ара түсуі сияқты көрінеді.
Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан әнімен бір арнаға тоғысады. Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін айтады. « ...Ғашық болып өлу қандай мәртебе» деген жолынан Тірі күнінде қолы жетпеген арманын мәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сәт есінен шығармай көз жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мәртебе екендігін мен де мойындаймын.
Ғашықтық сезім дегенде , өз басым аманатқа қиянат жасамау деп ұғамін.Себебі, нағыз ғашықтар бір-біріне уәде береді, серттеседі.Міне, осы жағдай ақынның өлеңінде де белең береді. Естайдың елу бір жыл қолында шабыт берген жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.Міне, осы тұсы нағыз ғашық жүректің сертке беріктігін көрсетпей ме?
Қорытындылай келе, ақын жүрегінің ғашықтық сезімін осынша шабытпен жырлауының себебі , сүю бақытының кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екендігін түсіндіруінде деп ойлаймын.Сондықтан да, ғашықтық сезімнің қадіріне тіріде жете берейік дегеім келеді.
№43 ЭССЕ
Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
Қазақ прозасындағы орны ерекше, табысты туындыларының бірі - "Заманай мен Аманай"повесі. Кешегі қатерлі жылдардың тарих беттерінде ақтаңдақ болып жазылған қуғын-сүргін көрінісі осы шығармада суреттеледі.Сондықтан да, бұл шығарма өз құндылығымен ерекшеленеді.
Қиын-қыстау шақта адамдар басынан қилы оқиғалар өтеді.Соның бірі – алапат табиғат күштеріне қарсы тұру. Яғни, адамдардың тағдырына табиғаттың әсері қалай болды? Адамдар сол қиямет жолынан қалай өтті? Табиғаттың күшіне қарсы тұра алды ма? Бұл сауалдарға шығарманы оқи отырып, жауап аламыз.
Біріншіден, шығарма кейіпкерлері шыдамдылығы мен төзімділігінің, өмірге деген құштарлығының арқасында табиғаттың тылсым күштерін жеңе білді.Оған дәлел, өз елінен жат жерге аяқ басқанда Сәукеле тауындағы «қыл көпір» атанған тозақ жолынан Балзия бастаған көштің өтуін келтіре аламын. «Қыл көпір» атанған жалғыз аяқ жолдан аман өткендер де, жарға құлап, бақилыққа кеткендер де бар.Бұдан шығатын қорытынды, егер адам баласы өмірге құштар болса, оған ешқандай табиғат та қарсы тұра алмайды деп ойлаймын.
Екіншіден, өз елінен елу жыл бұрын кеткен Балзияның немересін туған топыраққа қайтару жолындағы табиғаттың тылсым күшімен күреске түсуі кімді де болса, таң қалдырмай қоймайды. Сол баяғы сұсты Сәукелке тауының қыл қияметіне шыдап, төзіп баққан, әбден қажып, титықтаған екі бейбақ , әйтеуір дегенде өз мақсаттарына жетеді. Шығармада сонымен бірге, адамдардың тағдырына орны толмас өкініш әкелгенін де айтпасқа болмас деп ойлаймын. Алай –түлей ызғарлы боран, оған қоса бетіне бір шөкім қар жұқпайтын жылтыр мұздан тайғып, жүк- мүгімен төмен қарай мұзды құзға тымақтай ұшқан адамдар мен аяқ астында көзден ғайып болып жатқан жылқылар мен қойлар жан түршігерлік көрініс екендігі сөзсіз. Ал, сол мұзарт, сол көшті есіне алса, құйқа тамыры шымырлаған Омар –Томар мен сорлы Қанипаны есінен адастырған жалғыз қыздары, төрт жасар Меруерттің мұз жарығында мәңгілікке қалғаны, табиғаттың қатігездігі емес пе?Десе де, өмірге деген құлшыныс адамдардың ғұмырын сақтап қалады.
Ойымды қорытындылайтын болсақ, повесте кейіпкерлер табиғат күшіне қарсы тұра алды. адамдар ұрпақ келешегі үшін табиғаттың кез-келген күшіне қарсы тұра алады деген пікірдемін.
№44 ЭССЕ
