Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.98 Кб
Скачать

М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.

Халқымызда үлкенді құрметтеу - ежелден келе жатқан дәстүр.Қазақ отбасында әсіресе әженің орны ерекше болып саналады. Әже талай ақын-жазушыларға тақырып та бола білді. Мысалы,М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі мен басқа ақын өлеңдеріндегі әулет ұйтқысы болып сомдалған әжелер қазіргі таңда өз сырын жоғалтып алған жоқ па? Міне, асыл қасиеттерді бойына сіңірген дана әжелеріміз қашан да өз қасиетін жоғалтқан емес. Бұл туралы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі:

Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,

Көзіме оттай басылып, алаулайды,– деген жолдарынан «әже» деген құдіретті атау кімге болса да ыстық көрінетіндігін байқаймыз. Өз балаларын азамат етіп өсірген соң, немере-шөберенің тәрбиесімен айналысатын ақ жаулықты асыл аналарды құрметтей білейік. Ел тарихында бір рулы елге аңыз болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Айша бибі, Абайдың әжесі Зере сынды әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.Мысалы:М.Әуезовтің «Абай жолы» романында: «Абай енді ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады»-деп, суреттелген.Бұл -бала Абайдың дана Абайға ай-налуына әсер еткені ақиқат болса керек. Ал, Мұқағалидің Мұқағали болып қалыптасуына негіз болған Тиын әжесінің тәрбие мектебі десек артық айтқанымыз емес. Ақын махаббаты «Ақ кимешек көрінсе» өлеңінде көрініс тапқан.Сондықтан ақ жаулықтың қадір –касиетін кетіріп алмайық.

Сондай-ақ, қазақ халқының маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі Шоқан Уәлихановтың дараланып шығуына оның әжесі – Айғанымның берген тәрбиесі айрықша ықпал етті. Ә.Марғұланның «Айғаным Шоқан үшін, халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» десе, «Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса... Нені көрем???»-деген өлең жолдарынан ақын Мұқағалидың әжесі Тиынның тәрбиесі мен өнегесінің ерекше болғанын байқаймыз.Әжелердің ұлықтығы мен даналығы осында жатқандай. Ақын- жазушылардың шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойында мейірімділіктің дәнін егейік!

Ойымды қорытындылай келе,«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөз ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа жетелейтіні мәлім. Әжелер туралы туындылардың астарындағы үндестік ұлағатты тұлғалардың бойындағы тектілік десек, еш қателеспейміз!

41 ЭССЕ

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?

Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, қара өлеңнің хас жүйрік Құлагері – Мұқағали Мақатев.Мұқағали қаламынан туған «Дариға-жүрек» поэмасы несімен құнды?Күллі қазақ жұртының бұл поэманы сүйіне оқуының сыры неде жатыр?Осы сұрақтарға жауап бере отырып, «Дариға-жүрек» поэмасына көз жүгіртіп көрейік.

Менің ойымша, «Дариға – жүрек» поэмасындағы кейіпкер – соғыс жылдарындағы ерінен айрылып, тағдыр тауқыметін тартқан аяулы жеңгенің бейнесі. «Жер түбі кеткен жарларын, Жесірлер тұрсын қарсы алып...» деген жолдар бұл сөзіме дәлел бола алады. «Шақырды жарын келмеді, Белгісіз тірі, өлгені...» дей отырып, «Дариға – жүрек шөлдеді...» деп ақын сағыныш пен мұңды тоғыстыра береді.Дариға – жүрек неге шөлдеді? Соғысқа кеткен жарын күте-күте екі көзі төрт болған жесірлер, жеңгелер қаншама?Міне, сондықтан да ақын бұл поэмасында шыдамдылық пен төзімділіктің, қайсар рухтың символындай болған жеңгелер бейнесін сомдаған деп ойлаймын.

Ақынның «Дариға-жүрек» поэмасын оқи отырып, ақынның көңіл күйін танимын.Ақынның тек қана Дариға жеңгесіне емес, жер бетіндегі барлық жеңгелерге арналған арнау жырындай сезіндім.Поэмадағы «Дариға – жүрек» атанған кешегі зұлмат жылдардағы асыл жеңгелердің символдық бейнесі деп ойлаймын. «Болған-ды менде бір жеңге,Жылайтын еді бір демде...Күлетін еді күллі әлем, Дариға жеңгем күлгенде...»- деген жолдардан айналасына жұпар шашқан, игілік пен ізгіліктің иесі болған «Ақ жеңге – Дариға-жүрек» елестейді.

Сонымен қатар, ақын бұл поэмасында жүрегі сағынышқа толып, мейірімділік пен махаббатқа шөлдесе де, адалдық сақтаған жеңгелерді сүйіне жырлайды.Мұның астарында терең ой жатыр. «Сұңқардай едім жердегі, Аққудай едім көлдегі»- деп мұңданса да, жарына адалдық сақтаған жеңгелердің сабырына таң қаласың...Таң қала отырып, сүйінесің...

Ойымды қорыта келе, Мұқағали ақынның бұл поэмасы сонау соғыс жылдарындағы тағдыр тауқыметін көтерген, қара нардай қасқайып, бар қиындыққа төзген аяулы жеңгелерге арналған деп түйіндеймін. «Дариға – жүрек» соғыс жылдарындағы барлық жеңгелеге қойылған ескерткіш құлпытас дер едім...

42 ЭССЕ