Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.98 Кб
Скачать

Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.

Туған халқы «Сырағаң» деп бағасын берген Сырбай Мәуленовтың қай өлеңін алсаңыз да, жүрек түкпірінен ақтарыла шыққан сырға толы жалынды жырлар екенін көреміз. Ақынның «Түбірлер», «Құлын» өлеңдері де отты жылдар ішінде туған астарлы туындылар және олардың құндылығы да сол астарлылығында жатыр. Саралап көрейікші.

«Түбірлер», «Құлын» өлеңдерін бір рет оқып шықсаңыз, сұм соғыстың Табиғат-Ананың ет-жүрегін тілгілеп, күллі табиғат тіршілігіне тигізіп жатқан зор қасіретін көресіз. Көресіз де, көз алдыңызға елестетесіз.

«Айырылған аяқ-қолдан түбірлер,

Мүгедек солдат секілді», - деп, жазады сыршыл ақын. Томар боп қалған түбірді соғыстың кесапатын тартқан мүгедек солдатқа теңеу арқылы оқырман жүрегіне жеткізіп тұр емес пе?! Осы өлеңді оқып отырғанда менің көз алдыма нағыз батырлықтың символына айналған аңыз – адам, жерлес ұстаз Құмаш Нұрғалиевтің бейнесі келді. Отанын қорғауға он екі мүшесі сау аттанған Құмаш атамыз туған еліне екі аяқ, бір қолсыз оралғанда небәрі 19 жастағы қылшылдаған жігіттік жаста екен. Өмір үшін күресе жүріп, «Мен мүгедекпін» деп мүжіліп кетпей, институтты бітіріп, мұғалім болды. Жай ғана мұғалім болған жоқ, қиырда жатқан Марқакөлдегі кішкентай ғана мектепті бүкіл Совет Одағына әйгілі атақты білім ордасына айналдыра білген тұлға болды. Құмаш өзінің адами тұлғасын жоғалтқан жоқ, керісінше, небір әлсіздерге өмір құндылығын бағалай білуге үйретті. Сырбайдың «Түбірлер» өлеңі маған осындай ой салды. Міне, Сырбай ақынның өлеңдері ойыңа ой қосатын озық туынды екенін осыдан–ақ көруге болады.

Ал «Соғыс не?!

Менен біліңдер»-

Деп тұрғандай түбірлер» -деп аяқталатын өлең жолдарында ақын адамзат тарихында болған қанқұйлы соғыс қасіретінің ешқашан ұмтылмайтынын айқын көрсете білген және сұрапыл соғыстың зардабы мен сұмдығын жүрегіңмен сезіндіре білді. Ал, енді «Құлын» өлеңінің астарына үңіліп көрсек... «... Шашыраған көк жалын бүркіп темір, Орманның іші үрейлі» деген өлең жолдары жан-дүниеңді түршіктіріп, дір еткізеді де, «Ал оттың ортасында – Шіркін өмір, Құлын боп кісінейді», - деп ертеңгі күннен зор үміт күттіреді. Сырбай ақын соғыс тауқіметін қаншалықты аянышты көрсете білгенімен, жарқын болашаққа деген үмітін соншалықты басымырақ жеткізе білді. Бұл ақындық шеберліктің айқын көрінісі екені даусыз.

Ойымды қорытындылай келе, санасында сәулесі бар адам Сырағаңның өлеңдерін оқи отырып, сұрапыл соғыстың қасіретін түсініп, бүгінгі біз өмір сүріп отырған бейбіт күнді, Тәуелсіздікті бағалай білуге үйретері сөзсіз. Қолымызда барды бағалай білейік!

39 ЭССЕ

М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.

Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, қара өлеңнің хас жүйрік Құлагері – Мұқағали Мақатев.Мұқағали қаламынан туған «Дариға-жүрек» поэмасы несімен құнды?Күллі қазақ жұртының бұл поэманы сүйіне оқуының сыры неде жатыр?Осы сұрақтарға жауап бере отырып, «Дариға-жүрек» поэмасына көз жүгіртіп көрейік.

Менің ойымша, «Дариға – жүрек» поэмасындағы кейіпкер – соғыс жылдарындағы ерінен айрылып, тағдыр тауқыметін тартқан аяулы жеңгенің бейнесі. «Жер түбі кеткен жарларын, Жесірлер тұрсын қарсы алып...» деген жолдар бұл сөзіме дәлел бола алады. «Шақырды жарын келмеді, Белгісіз тірі, өлгені...» дей отырып, «Дариға – жүрек шөлдеді...» деп ақын сағыныш пен мұңды тоғыстыра береді.Дариға – жүрек неге шөлдеді? Соғысқа кеткен жарын күте-күте екі көзі төрт болған жесірлер, жеңгелер қаншама?Міне, сондықтан да ақын бұл поэмасында шыдамдылық пен төзімділіктің, қайсар рухтың символындай болған жеңгелер бейнесін сомдаған деп ойлаймын.

Ақынның «Дариға-жүрек» поэмасын оқи отырып, ақынның көңіл күйін танимын.Ақынның тек қана Дариға жеңгесіне емес, жер бетіндегі барлық жеңгелерге арналған арнау жырындай сезіндім.Поэмадағы «Дариға – жүрек» атанған кешегі зұлмат жылдардағы асыл жеңгелердің символдық бейнесі деп ойлаймын. «Болған-ды менде бір жеңге,Жылайтын еді бір демде...Күлетін еді күллі әлем, Дариға жеңгем күлгенде...»- деген жолдардан айналасына жұпар шашқан, игілік пен ізгіліктің иесі болған «Ақ жеңге – Дариға-жүрек» елестейді.

Сонымен қатар, ақын бұл поэмасында жүрегі сағынышқа толып, мейірімділік пен махаббатқа шөлдесе де, адалдық сақтаған жеңгелерді сүйіне жырлайды.Мұның астарында терең ой жатыр. «Сұңқардай едім жердегі, Аққудай едім көлдегі»- деп мұңданса да, жарына адалдық сақтаған жеңгелердің сабырына таң қаласың...Таң қала отырып, сүйінесің...

Ойымды қорыта келе, Мұқағали ақынның бұл поэмасы сонау соғыс жылдарындағы тағдыр тауқыметін көтерген, қара нардай қасқайып, бар қиындыққа төзген аяулы жеңгелерге арналған деп түйіндеймін. «Дариға – жүрек» соғыс жылдарындағы барлық жеңгелеге қойылған ескерткіш құлпытас дер едім...

40 ЭССЕ