- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы да махаббат дастаны. Поэмадағы оқиға бірін -бірі сүйген екі ғашық Сұлушаш пен Алтайдың махаббатына құрылған. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Әйтсе де ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? Менің пайымдауымша, ғашықтар діңгегі екеуі де деп ойлаймын. Қарап отырсақ, Сұлушаштың сұлу бейнесі де, байдың қызы бола тұрып, кедей жігітке ғашық болуы, сол жолда мерт болуы да лиро- эпостық жырлардағы ару қыздарға ұқсайды.
«Басқаны Сұлушаштың сүйері жоқ,
Алтайдан басқа көңілі иері жоқ,
- деген жыр жолдарында ақылына көркі сай Сұлушаш ғашығы Алтайдың кедейлігін мін санамауы оның адамгершілігі мен парасаттылығын көрсетеді. Сұлушаш асқан сұлу ғана емес, өзінің махаббат мұраты жолында қандай қиындыққа да қарсы бара алатын намысты, жігерлі жан болып суреттеледі. Ол қауіпті, қатерлі кездерде уайымға, мұңға берілмей, қайта Алтайды батылдыққа, мақсаттылыққа қайрайды. Көзін ашқаннан бері көргені байдың есігіндегі жалшылық, жоқшылық, қиянат болғандықтан, Алтайдың бойында да байлар әулетіне деген ыза мен кек бар. Дегенмен шынайы махаббат сезіміне келгенде екі жастың арманы да, мақсаты да үндесіп кетеді. Алтай ғашығы үшін отқа да , суға да түсуге дайын болды. Озбырлардан қанша қысым көрсе де, Сұлушашын жау шеңгелінен алып қашып махаббатқа адалдығын көрсетті. Қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде, ашығып- тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Бірлесе отырып өмірдегі қиянат атаулыға қарсы, адамның бас еркіндігі жолында ақтық, сәттеріне дейін күреседі.
Қорыта келгенде, Алтай мен Сұлушашты махаббат діңгегі еткен екеуінің жүректерінде жалындаған сезім алауы еді. Әрқайсысы ақтық демдері шыққанша махаббаттары үшін күресе білді. Сұлушаш өзінің нәзіктігімен, парасаттылығымен, ақылдылығымен, сабырлылығымен махаббат үшін күрессе, Алтай ержүректілігімен, қайтпас қайсарлылығымен, жігер- намысымен арманына жетуге талпынды. Махаббат қос жүректің лүпілі болғандықтан, ғашықтар туралы айтқанда екі жанды бөле жара айту мүмкін емес деп айтқым келеді.
№37 ЭССЕ
Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, астары қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Оның зардабы иығына қаруын асынып, қан майданға аттанған талай азаматтарымызды ажал отына тастады. Дәрменсіз бала мен нәзік жанды ана-әжелеріміздің өмірін қасіретке толтырды. Осы кездегі халық басына түскен қасіретті әйел атынан суреттеген іргелі туынды – Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Романға «Шырағың сөнбесін» деп ат қойылуының мәні де тереңде жатқандай... Жазушы ойын тарқатып талдайын.
Романның көтерген жүгі ауыр. Ол жүк- халық болашағы. Ал халық болашағы ұрпақ жалғастығына келіп тіреледі. Жазушы осы ойды Нәзира арқылы бізге жеткізіп отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында талай қасіретті басынан өткерген Нәзираның барлық қиындыққа төзе біліп, өмірінің жалғасы – ішіндегі нәрестесін дүниеге әкеліп, өмір сыйлағаны үлкен ерлік деп есептеймін. Меніңше, бүгінгі таңда адамдардың ұрпаққа, болашаққа деген көзқарасы мүлдем өзгеріп кеткен сияқты. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әз аналар арасынан нәрестесін балалар үйінің босағасына тастап кететін тасбауыр аналардың кездесетіні өкінішті-ақ. «Тастанды балалардың» аналары осы Нәзираны үлгі тұтып, жан түршіктірерлік қылыққа бармаса екен деп армандаймын. Нәзираның «Енді өлгім келмейді. Сонша тозақтан өткеннен кейін... енді тіпті өлуге хақым да жоқ сияқты» деген жолдары осының айғағы іспетті. Нәзира басында жап-жас келіншек, ауылдың албырт қызы болған еді. Аз ғана уақыт ішінде сұм соғыс есейтіп жібереді. Сұрапыл майданда жас келіншектің мерт болмай, нәрестесімен еліне оралуы- шығарманың өміршеңдігі.
«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым сыртқа шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан – СОЛ. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын СОЛ тірі жан иесі... ». Жазушы романының шырағын сөндірмей, өмірді, ұрпақты жалғастырушы – осы «СОЛ». Нәрестенің әзірге ат-есімі жоқ. Бірақ «СОЛ» аман болса, Қасымбектің шаңырағы құламайды, аты өшпейді! Осы ұрпақ өмірдің жалғасы ғой! Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Өйткені, қилы замандарда ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады деп ойлаймын. Автордың романын «Шырағың сөнбесін» деп атауының бір себебі, соғыс жылдарында ауыртпалықты басынан кешкен халықтың болашақтан үмітін үзбей, жеңіске жетуін ұрпаққа үлгі еткен. Нәзираның: «Қайран туған жер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз» деген сөздері осы ойын оқырманға паш еткендей.
Сөзімді қорытындылай келе, аталмыш роман бір ғана Нәзира арқылы өмір үшін күрестің шынайылығын көрсетті. Ендеше, өмірдің шырағы, болашағы – келер ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!
№38 ЭССЕ
