- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
«Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген. Айшықты мінез бен орамды сөздер арқылы кейіпкерлерді әсерлендіре түседі. Мұнда кейіпкерлердің адалдығын, сертке беріктігін, сөз қолданысы мен мінез үйлесімділігін ашып көрсетеді.
Осы драмада өз бақытын табудың жолын іздеген екі кейіпкер де бірін-бірі сырттай естіген, әрқайсысы өзіне лайық тек сол болар деген ойға пайымдаумен көрерменді қызықтырады. Автор неге Еңлікті тек батырға лайық жар етіп суреттейді? Еңлікті сөзі ұтымды, ақылды, басынан сөз асырмайтын ер мінезді қызға тек өзіндей батыр ғана тең екенін көрсеткісі келеді.
Драма кейіпкерлерінің махаббат үшін күресін ішкі жан әлемінің тілдесуінен көреміз.Оны Кебектің Абызға айтқан мына сөздері: «...Жарқыраған күн де дос. Тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат! Сауық құрам – ән сүйем, саят құрам – аң сүйем, жалын ұрам – жар сүйем...», - деген сөздері жалынды махаббатқа бөленген, ыстық сезімін көрсетеді.Екеуі жартас басында Кебектің аңшылық құрып жүргендегі кездесуінде іштей ұғынысады. Автор осы жерде неге Еңлікке сөз бастатып, үйіне қонаққа шақыртады? Ондағысы екі жастың көңілін жарастыру. «...Анық Кебек сен болсаң, өзім де айтар жайым бар. Жүр Батыр! ...Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз сүзген әлдеқандай деме, Кебек...», - деген сөздерді арқылы қыздың бас қайғысын бөлісетін, үлкен сеніммен нағыз арқа сүйер адал жанды тапқандықтан айтқанын білеміз. Кездесе жүріп, екі елдің рұқсат бермейтінін біліп, қашуға бел буады. Сондағы Кебектің монологі: «...Жазығым жар сүйгенім болса, бердім барды Еңлігімнің жолында...», - деуі арқылы белді бекем буғаны белгілі. Еңлік сахнада көрінгенде Кебектің «Келші жаным, күпті қылмай, сертіңменен келдің бе?»,- дегеніне Еңліктің «Келдім, батыр, бар тілегім жолыңда...», - деген сөздермен жауап қатуынан махаббаттың жолында үлкен құрбандықпен табысқан екі жасты көз алдымызға әкеледі.
Драма кейіпкерлерінің өн бойы, сөйлеу тілі – әдеби көркем тілге, бейнелеу әдісіне, қиял қанатын қияға сермер шеберліктің ерекше бітімін танытқан. Артында қалып бара жатқан ата-анасын қимастықпен қоштасуы өлең жолдарымен айтылады.
Қорыта келгенде, «Еңлік-Кебек» драмасы бірін-бірі сүйген екі жастың сертке берік, қайсар мінездері мен өмір үшін арпалысын көрсетеді. Көрерменге үміт пен ізгілік таратады. Екеуінің адалдығы мен шынайылығы кейінгі ұрпаққа үлгі деп ойлаймын.
№35 ЭССЕ
М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасы- XVIII ғасырдағы қазақ еліндегі әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді көтерген құнды туынды. «Енлік-Кебек» екі жастың махаббатын жыр еткен шығарма ретінде көпшілікке таныс.Ұзақ уақыт бойында қазақ қоғамының тәртіп жүйесінің реттеушісі болып саналған билер шешімі аталмыш драмада қаншалықты әділетті шешілген? Бұл өзекті мәселе болғандықтан, жан-жақты талдауды қажет етеді. Мен осы сауалға өз көзқарасымды білдіргім келеді.
Ата-бабаларымыз өмір кешкен, драмадағы оқиға желісі баяндалған XVIII ғасырда жұрт салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты «Заң» ретінде қабылдап, ата-баба сөзінен аттап өтпеген. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» билер кесімімен бітімін тапқан. Билер, ең алдымен, даугер мен құныкерді өзара бітістіріп, даудың артын үлкен жанжалға айналдырмаудың жолын қарастырып, ойластырған. Ханға да, қараға да бұра тартпай, оларды би кесіміне бас идіре білген.
Менің пайымдауымша, драмадағы билердің «жан түршігерлік» шешіміне ықпал еткен екі келелі мәселе бар. Біріншісі, сан жылдар шешімін таппаған қазақтың екі руының арасында өршіккен жер дауы деп ойлаймын. Оған бірқатар дәлелдерді келтірсем. «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді»,-деп М.Әуезовтің өзі түсініктеме береді. Екіншісі, осы жер дауының салдарынан ағайындас рулар тартыс-таласқа түсіп, «жесір дауын» сыныққа сылтау ретінде тілдеріне тиек етіп,жауласуға, тіптен қан төгісуден таймағандығы.Оған дәлел ретінде, «Не Кебек пен қызды шығарып бер! Болмаса қолым дайын тұр, тура тұрысатын жеріңді айт» деген Көбейдің сөзін айта аламын. Елінің іргесі сөгілмес үшін билер осындай шешімге келді деген ойдамын. «Тағы да тебінгіден тер, қабырғадан қан жаудырам ба?» деп, қабырғасы қайысқан Кеңгірбай бидің сөзін де дәлел ретінде айта аламын.
Сонымен қоса, менің ұлтымда салт-дәстүр, ата-баба сөзі, шешімі-мәдениеттің маңызды бөлшегі болып саналған. Яғни, қазақ халқын өзге ұлттардан даралаушы ерекшелігі деп түсінемін. Драмадағы екі жасқа қатысты шығарған билер үкімі, шешімі дұрыс деп ойлаймын. Неге, біріншіден, бабалар ізін салған дала заңына бағыну қоғамдық тәртіптің, ұлттық бітім-болмысты сақтаған болсақ, ол-ел бірлігіне әкелген. Екіншіден, сол кездегі рулар арасындағы таласты шешудің дара жолы болған.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам,билердің бұл шешімінің басты мақсаты ұлттық рухани құндылығымызды, ел тыныштығын сақтау болды. Осындай келелі шешімдердің арқасында еліміз «Мәңгілік елге» айналмақ деген ойдамын.
№36 ЭССЕ
