- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де, бірегейі Ілияс Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі - «Құлагер» поэмасы Ақан серінің өміріне арналады. Ақан серінің «Бай-бай,Құлагерім!» - деп жоқтау айтатындай, сері өміріндегі Құлагердің орны қандай еді? Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жан серігі еді.
Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы талант болса, екіншісі – Ақан есімімен қатар аталатын атақты пырағы – Құлагер еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындай өбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгені білеміз. Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер – әкең тұлпар, шешең сұңқар...» - деп жоқтау айтады.
Өлеңдегі: «Құлагер жаз жайладым, күз жайладым, Тұсына қызды ауылдың көп байладым», - деген жолдарынан Құлагердің Ақанның жастық шағының да куәсі болғандығын аңғарамыз. Ақан сері Құлагерді «Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...» деген көңілінің бәйтерегіне теңеген тұсы оқырманның сай сүйегін сырқыратады. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куәсі боламыз.
«...Тірегі көңілімнің бәйтерегім, Бұл жерге қалайынша құлап едің?!» - деген жолдарды оқып отырғанда, Ақан серінің жанына жара салған күйзелісті басып тығырыққа тірелген ауыр да, азапты сәттердің шыны мен сырына қаныға түсеміз.«Құлагер» поэмасы бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұндай әділетсіздікке деген Ақан сері жан ашуы жатыр. Заманның ащы шындығын ашып, кеудесіне нан піскен озбырлар да бүгінгі өмірде кездеседі. Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған тағдырдың қаталдығы ма, әлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, жер бетіндегі адамдардың пендешілік қылықтарынан деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, бұл оқиғаға қанық әрбір адам алты алаштың арқалы азаматы, өз заманынында әділетсіздіктің құрбаны болып, рухани дағдарысқа ұшырағанына қапаланамыз.«Қолда бар алтынның қадірі жоқ»,- демекші асыл арысты азаматтарымызды қадірлей білейік!
№33 ЭССЕ
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
Қазақ халқындағы ерекше дәстүрдің бірі – ас беру. Ас беру –өлім-жітімде жасалатын еске алу рәсімі.Көркем шығармаларды парақтап отырсақ, үлкен ас беру дәстүріне куә боламыз.
Халық тарихында аңыз болып жатталған астың ірісі – «Құлагер поэмасындағы» Сағынайдың асы мен «Абай жолындағы» Бөжейдің асы.Бұл екі астың бір- бірімен ұқсастығы бар ма? Сонымен қатар, ерекшелігі неде?
Екі астың өту уақыты шамалас, себебі Сағынайдың асына қатысқан Ақан мен Бөжейдің асын өткізуге көмек берген Абай екеуінің өмір сүру кезеңдері бір кезеңге дөп келеді.Сондықтан да, екі астың бірі- біріне ұқсастықтары басымырақ деп ойлаймын.
Біріншіден, екі шығармада да ас беріліп өткеннен кейін де елдің әңгімесі әлі тарқамағанын, бұрын-соңды мұндай ас болмағандығы көпке дейін ел ішінде айтылып жүрсе керек. Абай жолында: «Тобықты ортасы осы жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болады»- десе, «Құлагерде»: «Жетісу осында кеп құйып жатыр, Арқаға аунап шөкті Қаратауы» деп жырлайды. Бұл мысалдардан, екі ас иесіне деген халық құрметімен қатар, екі астың ұқсастығын аңғару қиын емес.
Екіншіден, екі асқа да он- он бес күн бұрын үйлер тігіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі.Сағынайдың асына күллі Арқаның игі- жақсылары жиналса, Бөжейдің асына да Тобықты мен көрші рулас ауылдардың игілері жиналады.Шығармадағы екі астың ерекше ұқсастығы жүйріктерін баптап қосқан аламан бәйге еді. Бөжейдің асындағы: «Бір кезде Ербол шабатын аттардың санын айтып келді.Жиыны Байдалы санатқанда жүз елу ат болыпты.» - деген жолдардан үлкен бәйгенің болатыны айтылады.Ал, Сағынайдың асында: «Әйтеуір әудем жерге шаба алатын, Бұл астан қалдырған жоқ қазақ атын...» дейді. Екі астың ерекшеліктерін саралайтын болсақ, басты ерекшелік Сағынайдың асындағы бәйге трагедиямен аяқталады.Бәрімізге белгілі, сері Ақанымыздың бәйгеге қосқан Құлагері жау қолынан мерт болады.
Қорытындылай келе, Сағынайдың асы мен Бөжейдің асының ұқсастық жақтары көп деп ойлаймын. Ас берілген екі адам да, екі рулы елдің сыйлыадамдары болғандықтан, үлкен ас беруге тән жөн-жоралғылардың барлығы дерлік жасалған. Сондықтан да, неше ғасыр өтсе де, берілген екі ас ел есінде жатталып, небір көркем туындылардың жазылуына себепкер болды.
№34 ЭССЕ
