- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
Халық тағдырын толғанған жазушының қолына қалам алып, өзі ғұмыр кешкен заманның ақ-қарасын парықтауға арналған шығармасы – «Ақбілек» романы. Автор романдағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін қалай аша білген?
«Ақбілек» романында самсаған кейіпкелер, шытырман оқиғалар көп емес. Әрбір кейіпкер естен кетпестей етіліп, сомдалған. Бұған дәлел, жазушының әр кейіпкердің сырты мен ішін бірлестіре айқындауында. Тіпті, бір көрініп жоқ болатын Іскендір диуана сынды кейіпкердің өзі есіңнен кетпестей сақталып қалады емес пе?
Романда әр кейіпкерлер орынды сомдалып, қызықтыра түседі. Шығармадағы кейіпкерлердің өмір үшін күресі әр түрлі іс-әрекеттің даму кезінде айқындалады.Роман Ақбілектей тағдырына налыған қызды өмір қиындығымен шыңдап, барлық кейіпкерлерін қайтпас мінезді етіп тәрбиелейді.Оқиға желісінде Ақбілек өмір үшін күресте сан түрлі жолдардан өтеді.Әсіресе, ақтардың қолына түсіп, одан қала берсе, айдалада жалғыз қалғандағы Ақбілектің жанталасы – өмір үшін күресі.Еліне оралып, ұятқа төзіп, өз үйінде жетімдей жаутаңдап ғұмыр кешсе де, алдағы күннен үмітін үзбейді.Ақбілектің үмітін үзбеуі жаңа өмірге деген сенімінен туған еді. Ақбілектің көрген қорлығы, қиындығы, жеңісі қазақ қыздарына сабақ боларлықтай.
Романдағы келесі бір кейіпкер «елден таңдап алған Ақбілеген аялауға» жігерсіздігі жетіспеген Бекболат еді.Бекболат сияқты бүгінгі таңда да кейбір ер- азаматтарымызда жігерсіздік бой көрсетіп жатады.
Автор романда офицердің ішкі монологін неге береді?Ол да өмір үшін күресіп жүрген кейіпкер емес пе?.. «...Әйтеуір қазақ өз алдына ие болып жатқан жоқ, ендеше орысқа бағынуы керек...»,- деп отаршылдықты көксеген, империялық саясаттың құлына айналған адамның жан сыры өзінен күштіге бағынышты жан сырын көрсетеді. Жазушы офицер арқылы қоғамдағы тартыстың бет-пердесін айқын аша білген деп ойлаймын.
Қорыта келе, «Ақбілек» романы қысқа мерзімде жазылса да, уақыт шындықтарын, кейіпкерлердің орны мен іс-әрекеттерін, бейнелі де бедерлі жеткізе білді. Шығармадағы кейіпкерлердің өмір үшін күресі арқылы, өмір ағысындағы әрбір толқынға төтеп беруге сабақ боларлықтай туынды екені хақ.Әр адам баласының ғұмырында кездесетін сан қилы соқпақтар адам баласын өзі қалаған жағына апара бермейді.Сондықтан да, өз өміріміз үшін күрес жолында табандылық танытайық.
№31 ЭССЕ
С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
Қазақ әдебиетінде өзінің сыршыл өлеңдерімен артына өшпес із қалдырған ақындардың бірегейі - Сәкен Сейфуллин. Оның лирикалық шығармалары оқырман қауымды адалдыққа, нәзіктікке жетелейді. Сондай өлеңдерінің бірі - «Сыр сандық» өлеңі. Ендеше, ақын нағыз досқа қандай қасиеттер тән деп есептейді?
Ақын өлеңде адал достық пен амал достықтың ара жігін ажыратып, тілге тиек етеді. «Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолыңда, - деп, уақытша достарды тауыққа теңеп, қолында жемің болса ғана сенің қасыңда болатынын, ал, жем таусылса жалт беріп жоқ болатынын айтады. Мұндай алдамшы достар қазіргі уақытта да кездеседі. Атқарған қызметің, лауазымың жоғары болса немесе қолыңда қомақты қаржың болса, амал достардың сені айналшықтайтыны анық.
«Әр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған»,- дей келе, нағыз достарды берік қоймаға теңейді. Менің ойымша, олар бір-біріне айтылған сырларын өз іштерінде ғана сақтайды. Құпияны сақтай білу әр адамның қолынан келе бермейді. Ендеше, ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жан-жақты дәріптеп жырлайды. Мұндай адал достар қазіргі таңда санаулы. Себебі, басыңа іс түскенде иық тірейтін, арқа сүйейтін досың болса, өмірде кездесетін қиыншылықтарға бірге төтеп беріп, небір белестерді бағындыра аласың. «Нағыз достар –Шыққанбық дос, шыңға талай, Талай сырды ойланып...» деген тармақтарын сөзіме дәлел ретінде айта аламын.
Қазіргі қоғамда адал дос пен арам досты ажырата білу қажет. Өзгеге мін таға бермей, өз бойыңда нағыз досқа тән қасиеттерді қалыптастыра білу - ізгі қасиет. Нағыз досқа тән қасиеттер деп адалдықты, құрметті, сыйластықты айтар едім. Қазақ халқының болмысында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани өсиет бар. Ол - достыққа беріктік, адалдық.
Қорыта келгенде, С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі арқылы бізге достықты дәріптеп, оны бағалауды үлгі етті. Ендеше, досымызға адал болып, достығымызды сақтай білейік!
№32 ЭССЕ
