Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭССЕ 51 такырып жаратылыс тану багыты.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.98 Кб
Скачать

Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.

Қазақ поэзиясының шолпан жұлдызы- Мағжанның әдебиет майданына жаңа бағыт әкелген поэмасы- Қойлыбайдың қобызы» дастаны Шығарма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Дастанда қобызды бәйгеге қосу көрінісі қалай баяндалады?

Адам бойындағы тылсым күштің бар екені аян. Ш.Уәлиханов: «Қойлыбай бар бақсылардың пірі, түп атасы, оқ тартса садағы іспетті»,- деп бақсыларды мойындап кеткен. Дастанда Найман ішіндегі зор аста Қойлыбай бақсының қобызын, Барақ батырдың қолқалауымен бәйгеге қосу көрінісі баяндалады. «Аруақ қалшылдатып, дірілдетті, Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп», - дейді. Бақсының күш жігерін, қайратын, қобызды қосудағы сарнауы оқырманды сендіріп, қорқыныш үрей сезімін ұялатады. Қазіргі таңда Алланың берген қасиетін басқа мақсатта пайдаланып жүрген бақсы- балгерлер де бар екені хақ. Оған күнделікті өмір ағымында болып жатқан небір таң қаларлық оқиғалар дәлел.

Бақсының бәйгеге қобызы қосылған сәттегі күйі қандай еді? Бақсы «Сары даланы күңірентіп, екпіндеп, долданып, жыны буып күбірлеп»,-дейді бақсының ақын жырлағандай күйі ауыр. Қалың құмды қара бұлтқа қосылуы, қызыл желдің құйындатып дүрілдеуі, сексеуілге байланған қобыз келе жатқандай елестетесің... Осы көріністен қазақ даласындағы шынымен бақсылардың мықты тылсым күштің иесі, екендігін дәлелдей түседі.Дауыл ортасынан бақсының сексеуілге байланған қобызының келуі дүйім жұртты тамашадан тас қып қатыру көрінісі тіптен сендіре түседі.

Дастанда қазақ халқының бақсылығын, қобыздың қасиетін суреттейді. Ақын: «Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан»,-деп жырласа бақсы болса, Қойлыбай мен Қорқыттай болсын деуі тегіннен емес. Дастанда қобыздың құдіретін жеткізе білетін қазақ халқы дана халық екендігін ақын дәлелдеп көрсетеді. Ал, қазіргі таңда қобызға қызығушылық бар ма? Жалпы алып қарасақ, жастар арасында қобызға деген қызығушылық жоқ емес, дамып келеді.

Ойымды түйіндей келе, ақын дастан арқылы алты алаштың дүбірлеген бәйгесін, бақсылық қасиетін, қобыздың үнімен ұштастыра отырып мойындатқан деп ойлаймын. Бұдан шығатын қорытынды адам баласына берілген асыл қасиетін, өнерін, әр нәрсенің орнын білсек , өнер де, халық та мәңгі жасамақ!

29 ЭССЕ

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз

Аспанның сынып түскен сынығындай сұлулығы кез-келген жазушыға қанат бітіретін Марқакөл табиғатынан бастау алатын көркем шығарма – «Ақбілек» романы. Көл бойын жағалай орналасқан қазақ ауылындағы тыныс-тіршілік, күйбең тірлік әйел теңсіздігін арқау ететін оқырман санасындағы жарқын туындының біріне айналған. Жазушының Ақбілек бейнесін ашудағы автордың тәсілі қандай?

Сонау XX ғасырдың бірінші ширегінде жазылған бұл роман қазірге дейін өзекті болуының мәнісі неде? Себебі, бас кейіпкер Ақбілектің бейнесі арқылы арына дақ түсіріп, махаббаттың лайланғанына қарамастан өмір толқынына, қарсы тұра алатын қайсар бойжеткен бейнесі көз алдымызға елестейді.Қазіргі таңда Ақбілектей қиындықтарға қарсы тұратын бойжеткендеріміз аз. Болмашы ауыртпалықты көтере алмайтын, сәл қиындыққа сынып кететіндер де жоқ емес. Шығарманың өзектілігі, өміршеңдігі Ақбілектің өмір үшін арпалыс жолындағы қазақ қызына тән қайсарлығы мен жігерлілігінде деп ойлаймын.

Бұған дәлел, ақтардың қолына түскеннен бастап, Ақбілекті өмір мен намыс арасындағы таласта қалдырып, шегі жоқ тығырықтарға тіреуі психологиялық саралаумен берілген. Ақбілектің портретінің сомдалуы сан түрлі тәсілмен беріледі. Автор: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі айы – күні - сұлу – қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп...»- деп оқиғалар желісін дамуына қарай түрлендіріп отырады. Өмір үшін күрес жолында орыс қонысында қасқырлармен айқасуы, өлім құрығында бір отты шоқтың екпінімен өз өмірін арашалауы, жан арпалысын жазушы баяндау тәсілдерімен шебер жеткізе білген.

Романдағы келесі бір реалистік дәлдікпен суреттелген тұсы – Ақбілектің басынан кешкен жер болған намысы, былғанған ары.«Жан дегенде жалғыз әке мені жек көрсе, енді мен кімге сиямын?» - деген ішкі монологы арқылы жан күйзелісін көрсетеді. Романның өн бойындағы Ақбілектің өмір үшін күресі, әрекеті, қайсарлығы қазіргі қазақ қыздарында бар ма? – деген сұрақ көкейіңе оралады. Әрине, Ақбілектей үлгі боларлық қазақ қыздары тұрғанда бар деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, роман қазақ қызының күрделі тағдырын суреттей отырып, өмір үшін күресе білуге жетелейді. Бұндай өмір үшін күрес жолында қиыншылықтан алып шыққан, тал бесіктегі тәрбиеден деген ойдамын.Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолы кімге болмасын сабақ аларлық.

30 ЭССЕ