- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
Қазақ проза жанрының алғашқы қарлығашы –«Бақытсыз Жамал». Туынды – әйел тақырыбында жарық көрген тұңғыш шығарма ретінде баршамызға белгілі. Жамалдың бақытсыздығын М.Дулатов үстем тап өкілдерінен көре ме, жоқ па деген сұраққа жауап іздейін.
Жазушы үстем тап өкілдерін даттап тұр деп нақты айта аламын. Ақылына көркі сай Жамалдың сорлы тағдыры Жұманға айттырылған кезінен басталады. Автор Жамал мен Ғали арасындағы мөлдір махаббатты сипаттай келіп, оларға қарсы шыққан үстем тап өкілдерін сынға алады. Олай деп айтуыма бірнеше себеп бар: Жамалдың өліміне себепкер болған бірден-бір кейіпкер- Жұманның өзі болатын. Жамалды соққыға жығып, айуандықпен өлтіреді. Оның осындай жағымсыз, пасық қылықтарын оқып отырып, жаным түршігіп кетті.
Осындай үстем тап өкілдерінің енді бірі- Сәрсенбай. Сәрсенбайдың дүние үшін туған қызының көз жасына қарамағандығын автор шынайы аша білді ме? Сағынып көрген қызын еркек- шора қып, бетінен қақпай өсіруі, оқытуы- оның жағымды жағын көрсетсе, ал бірте-бірте мал жинап, дүние құрала келе оның психологиясының мүлдем басқа арнаға өзгеріп, Байжан баймен бастас болу үшін Жамалды оның баласына қалыңмалға беру әрекетінен Сәрсенбайды үстемдікке жаны жақын, дүниеқұмар адам ретінде көреміз. Мен автор ойымен келісемін.
Нұрпейіспен жақтас болған Байжан Жамал қашып кеткенде кектеніп, әкесінің ауылынан барымталап мал алдырады. Оның кекшіл, қатал мінезі үстемдікке жақын топтың бірі екенін аңғартып тұр.
Осындай дүниелерді саралай келе, ойымды қорытындыласам, автор жас қызды қалыңмал алып шалға сату, көп әйел алушылық, әмеңгерлік, дүниеге тоймаушылық сияқты ескі салт- ұғымдарды адам құқын аяққа басу, қорлау деп түсінген. Жоғарыда көрсетілген барлық мәселелерді тізбектей отырып, автор үстем тап өкілдерін даттады деп ойлаймын.
№27 ЭССЕ
М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
Толқын! Табиғаттағы су бетінің ырғалысынан пайда болатын тербеліс... Осы аттас өлеңімен Мағжан осы құбылысты суреттей отырып терең ой толғайды. «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста деп қарауға қандай дәлелдер бар?
Мағжан осы өлеңнің басынан-ақ «толқыннан толқын туады»,-деп өмірдің бар болмысын толқынның тууынан бастайды. Ең соңында « өледі толқын, тынады»,-өлуі арасын тізбектей отырып көркем безендірген. Ақын толқынының ішінде жанды жастық қуаты, өмір сүруге құлшыныс, қайратты жігер рухы сезіледі. Өлеңде жай ғана қозғалыс емес, жанды тіршілік бар.
Ұлы Абай «Алдыңғы толқын ағалар Бірте-бірте өлінер. Баяғыдай көрінер»,-деп адамзат үшін бұл ғұмырдың мәні алдыңғы толқынның өмірден озуы, кейінгі толқынның орнын басуы заңдылық екенін көрсетеді. Мағжан осы ойды «Толқынды толқын қуады»,-деп тамаша бейнелейді. Міне, осы жерден бастап «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға болады деп есептеймін.
Өлеңдегі толқындардың сан алуан қозғалысынан қилы-қилы бейнелер аңғарылғандай болады. «Күңіренісіп кеңеспен,Бітпейтің бір егеспен»,-қысқа күнде қырық ұрысқан болымсыз жандар байқалады. «Толқын мен толқын сырласып»,-деген сәтте сырттай қарағанда қарапайым, зиянсыз, жаны мөлдір адамдар елестейді. Солай болса да «Сырларын ептеп ұрласып»,- деген мезетте толқынның қимылынан біріне-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін –бірі жұтып жіберетін екіжүзді адамдардың әрекеті көрінеді. Толқындар бірін-бірі қуалай алдап, еркелей ойнап, жарыса жүгірген болып, абайсызда итеріп құлатып жібергеннен кейін өтірік жылап, көз жасын сүртіп, жағалауға шегініп өзге толқындарға ілесіп көрінбей
кететін адам әрекетінің образын еске салады. Жартасқа сүйеніп, «Мөлдіретіп көз жасын» бірде ағызып, бірде «Сылдыр, сылдыр, сылдырлап» сылқ-сылқ күліп, бірінің ізін бірі аңдып жоғалып жататын толқын қозғалысын адам тағдырымен астарлайды. Өмірдегі сан қырлы қитұрқы ойлы адамдардың іс-әрекетін толқын арқылы шебер суреттеген. «Дыбыспен сурет жасауға, сөздің сыртқы түрін әдемілеуге Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ.»,-(Аймауытов) деген пікір осы өлеңге саяды.
Қорыта келгенде, толқын бірде бала болып, бірде ғашықтарға айналып ең соңында адамдарша өледі, Ақын астарлы ойын суреткерлік құдіретпен жеткізеді. Сондықтан да Мағжан Жұмабаев «Мәңгілік сұлу тіршіліктің жыршысы» (291 сөз)
№28 ЭССЕ
