- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •«Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?»
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына тән кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
- •Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •«Ақан серінің Құлагер өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазу»
- •Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
- •«М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма?»
- •М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- •Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
- •Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- •І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,Құлагерім!» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
- •І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •Сырбай Мәуленовтың «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •М. Шахановтың" Ғашықтық ғаламаты" өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •Сәкен Жүнісовтің « Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан?
- •Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
Балуан Шолақтың аты аталғанда еске түсетін бір есім бар.Ол – Ғалия. Ақынның ғашығына арнап шығарған әніне қатысты жиырмаға жуық сөз мәтіні бар. Сол мәтіндерден Балуан Шолақтың сүйіспеншілік лебі анық байқалады.
Сал-серілердің әнмен бірге айтылатын өлеңдері, көбінесе лирикалық сипатта болып келетіні сияқты Балуан Шолақтың «Ғалиясы» да махаббат сырын шертуге арналған.Ақынның бір ғана Ғалияға осыншама өлең арнауы ғашықтық сезімінің шексізсіздігін көрсетеді.Әйтсе де, ақынның қаламының шабытының шарықтауы болған Ғалия, расымене де қандай еді?
«Ғалия» әнін тыңдап отырғанда, өткір мінезді сұлу қыздың «нұр сипаты» көз алдыңа келеді. «Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан» деп қыздың бейнесін эпитеттік метафорамен сипаттайды. Өлеңнің қайырмасында келіп, қайталанып тұратын «Ғалия – ау, бетіңнен, Әппақ қардай етіңнен» деген жолдардан сұлу қыздың нұр дидарын үздік теңеумен бейнелегені көрінеді. Осындай көркемсөз айшықтарын ақын өзінің арман – мұратын, іңкәр сезімін беру үшін шебер пайдалана білген деп ойлаймын. Ғашығының қол жетпес ерекше жан екенін өлеңдегі «айым да сен, күнім де сен» деген метафорамен жеткізсе, қыздың күлімдеп қараған көзқарасына « оң қабағы тартып» қуанатынын айтып, Ғалияны тоқсан құбылтып бейнелейді.
Сонымен қатар, халықтың тұрмыс ерекшелігіне тән көркем бейнелер де ақын өлеңдерінен орын алған. «Менің көңілім, Ғалия, дауаласын, Ауған түйе секілді бейімдесең» деген жолдар – қазақ ақынының аузынан ғана шығатын бейнелі теңеу.
Өлеңде сұлу қыздың өзіне ғана тән ерке қылығын «бір күн ауру, бір күн сау» деген сөздермен көрсете келе, ғашық жігітті сарсаңға салып қойған тәкәппар мінезін де бейнелейді. Ақын сүйгенінің бұл мінезіне ашуланбайды. «Бүйте берсең, жүйкемді құрытарсың» дей тұра, «қай қылығын қалқаның ұмытарсың» деп сол еркелігіне сүйсінгендігін байқатады. Алып жүректің Ғалияға арналған іңкәрлік сезімі ән – өлеңнің өн бойынан есіліп тұрады.
Қорыта келгенде, сүйгенін әнге қосу – сал-серілер мен әнші –ақындардың бір қыры десек, ақын Ғалия бейнесін көркем тіркестермен бейнелейді. Тағдыр екеуінің махаббатын баянды етпегенмен, кейінгі ұрпаққа өлмес мұра ретінде сырлы да сазды ән қалды. Бұндай әндер қазақ барда мәңгілік жасайды деген сенімдемін.
№25 ЭССЕ
Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психолигиясын талдап жазыңыз.
Ахмет Байтұрсынов «Қазақ салты» өлеңінде өз кезеңіндегі қазақ қауымының халық ретіндегі психологиясын дәл бейнелеп көрсетеді. Халқымыздың психологиясы сол кезде қандай еді? Қазіргі күнде айырмамыз бар ма?
Алдымен, сол кездегі қоғамдық жағдайға тоқталайық. «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған» деп ақын айтқандай, кең даласына батырлығы мен мырзалығы сыймай жатқан ел едік. Ақырында «тәнімізде өртке шарпылмаған не қалды?» деп жан-жағымызға жаутаңдай қарайтын болдық. «Кенесары кеткен соң, бастан ауды бағымыз» (Нысанбай жырау) Халықтың ерлік рухы бірте-бірте жоғалды. ХХ ғасырдың басында орыс отаршылдығы қазақ жеріне толық орнады. Абай айтқандай «Өз жерінде өз ырқы жоқ» халық болуға көндіге бастаған. Алайда, осы кезде Ресей жерінде ойран басталды. Қазақ жері ешкімге керексіз болып қалғандай күн кешті. Бұл өлең осындай «Қайықтай толқындағы қалтылдаған» қазақтың байлары мен оқығандарына ой түсіру мақсатында жазылды.
Ақын «Дегендер «Мен жақсымын» толып жатқанын» ашына жырлады. Жақсылық өз басынан артылмаған» деп, ел үміт артқандардың, ел тізгінін ұстап жүргендердің ауызбен орақ орып жүргенін нақты көрсетеді. Ақын ел билеушілердің бейнесін бірде: «Тақылдап құр пысықсып жүргендер көп» десе, жастарын «Бос белбеу, босаң туған бозбала көп» деп сынай кетті. Үлкендерін «Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған» деп бейнелейді. Бір сөзбен қазақ аулының сол кездегі көрінісін көз алдыңа әкеледі. Ақынның бұл сөздері бүгінгі таңда да ел жұмысында жүрген азаматтарға үгі болуға жарайды.
Абай айтқан «талап қылу» - бұл өлеңнің негізгі идеясы. Біріншіден, «Ұмтылып талап ойлап талпынбаған» елінің енжар, жайбасар халіне күйініш білдіреді. Екіншіден, елінің бұл жағдайына «Солардың қатарында біз де жүрміз. Мәз болып, құр түймеге жарқылдаған» дейді. Оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санап, өлеңді «Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан» деп үлкен қиналыспен аяқтайды. Келешегіне бағыт алғанын байқаймыз.Бұдан кейін тарих сахнасына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар арқылы «Алаш» идеясы шықты. Осы идея Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуірінде де дамуына оң бағыт көрсетіп отырғаны анық.
Ойымызды түйіндей келе, сол кездегі қазақ халқының басынан кешкен қиын кезеңдерге куә болдық. «Қазақ салты» нақтылық пен шынайылық қасиеттерді дәріптеген, тарихи туынды.
№26 ЭССЕ
