Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать
  1. Көшпелілердің «аң стилиндегі» өнері.

Ежелгі көшпелілердің ең сүйікті айналысатын ісі жануарлар әлемі болды, өйткені сол қоғамның адамы өзінің ойы мен идеясын шығармашылық шеберлігін айналаны қоршаған жануарлар әлемі арқылы толық мәнде білдірді. Сондықтан да көне көшпелілердің өнері «Скиф-сібір аң стилі» деп аталды. Бұлай аталуының себебі, ежелгі көшпелілер өнерінің екі массиві скифтер қоныстанған солтүстік Қара теңіз бен шығыста Сібірде табылған

«Аң стилі» – ежелгі өнер түрі, зерттеу ауқымы өте кең. Осыған орай аң стилінің зерттелмеген қырлары, айтылмаған сырларын зерттеу болашақ ұрпақтың, яғни біздің еншімізде.Ерекше назар алтын бұйымдардан жасалған мысық тектес жануарлардың элементтерін терең зерттеуге, құстың немесе аңның кейбір дене мүшелерін үлкейтіп бейнелеуге, мысалы, үлкен мүйіз, үлкен тұмсық, өткір тырнақ пен тістерді ерекше суреттеуге бағытталды. Осының негізінде аңдар мен құстардың бүтін денесінің орнына олардың кейбір мүшелері ғана көрсетілді. Басқаша айтқанда дене мен оның мүшелері шеңбер, эллипсис тәрізді қисық сызықтармен көрсетілді. Соның өзінде автордың айтайын деп отырған ойы мен жануарын бірден біле қоясың.

Біздің дәуірімізге дейінгі VП-Ш ғасырлардағы сақ, савромат және скиф одақтастығының саяси ымыралылығы скиф-сібірлік «Аң стилінің» гүлденуіне себепші болды. Ежелгі сақ суретшілері сүйенген хайуанат образдарының триадасы (құс – тұяқты жануар – жыртқыш) бейбітшілік қоғам құрылысының салтанатты идеясын паш етті.Сақ өнері осылай бірте-бірте әлем сырын аша берді, дүние сұлулығын жырлай білді. Жануарлар әлемінің ерекше әспеттік көрінісін мейілінше кең, жан-жақты бейнеленген шынайы көрінісін сақ өнеріндегі аң стилінен көруге болады. Табиғатты қоршаған ортаны көркемдік тұрғыдан танудың, игерудің ірі сабақтастығын сақ өнерінің мұралар рухынан айқынырақ аңғаратын тәріздіміз. Бұл кезең шеберлері табиғатқа қатынастың байырға көне замандық мұратын қайта жандандырып, әмбебап сұлулық жарасымын ту қылды. Суретші жанын әсіресе жануардың саналы ішкі үйлесімі, тап-тұйнақтай, мұнтаздай мінсіз әдемілік, ақылдылық, байыптылық қатты тебірентті. Әсем жер көркі, жаратылыс бедерінде нақты, шынайы шындықтан гөрі қиялы арман, сезімнен гөрі ақыл-ой жоғары бағаланды.

«Аң стилі» табиғат пен адамның түбегейлі жарасымын дәріптейді. Әр құрамы, жұрнақ бөлшегі өзара сабақтаса, ұштаса келіп, тұтас бір тіршілік көрінісін бейнелейтін мөлдір айқындық, байсалды бап бірден көзге түседі. Табиғат барынша асқақ, әдемі, сақ қаһармандары жайлаған кәдімгі салтанат ордасы тәрізді. Әсерлі жер бедері суретші сенімін жоғарғы күштермен рухтаған. Сызықтар сұлбасы мұнда «көре білудің өзі ақыл-ой әрекеті» деп түсінетін «аң стилі» туындысының бүкіл құрылысын, құрамын бір ырғаққа келтіріп, өзара сабақтастырып, ұштастырып жатыр.

Шын суреткер – бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ ұлы ғана емес, ол қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас көзқарасымен, өзі жасаған сом суретке өз қолданбасын қалдыра алатын адам. Әрбір бірегей, сақтың өнер туындысын бағалағанда біз бұл ерекшелікті ескермей кете алмаймыз.

Өнердің дүниетанушылық үлгісінің философиялық мәні дегеніміз – ең алдымен сақ пендесінің еркінен тыс, жаратылысынан оған мүлдем тәуелсіз ақиқат дүние болмысынан адам санасында бейнеленуі. Ал жан иесі табиғатты тек жалаң, самарқау қабылдап қана қоймай, оның жасырын, жұмбақ тылсым тұңғиығына бойлап, мән-мағынасын ашады, суреткерлік әрекет дарытады. Бұл құбылыс сырын жете ұғынып, шынайы бейнелеу арқылы көрінетін рухани белсенді қатынас. Өнер мұраларының үздік үлгілері жаратылысты жан-жақты танудың жаңа бір қадамы ретінде қабылданатыны осыдан.