Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать

3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.

Кезең

Оқиға

Орны

Тарихи маңызы

1

XV ғасырдың ортасы)

Керей мен Жәнібек сұлтандардың көшуі

Моғолстан

2

1925ж

Қызылорда

3

 1723-1725 жж

Бұланты шайқасы

Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері

Осы қауіпті кезеңде Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе «Қалмаққырылған» атанды. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың ұсынысымен соғыста қаза болған қазақ жауынгерлерінің денесі таудың басына шығарылып жерленді. Өзінің маңыздылығы жөнінен Бұланты шайқасы 1941 ж. Мәскеу түбіндегі жеңіспен барабар. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды. 1723-1725 жылдары қазақ жерінің біраз өңірін басып алған жоңғарлар Ұлы тауға қарай бет бұрды. Азаттықты аңсаған, елдің басын қосып, бірлік болмай, тірлік болмайтынын ұғынған қазақ халқы бардың басын қосып, жиын өткізді. Ордабасы жиынында біріккен қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайырды хан сайлады. БөгенбайҚабанбайСаурықЖәнібекМалайсарыАбылай, Әбілхайыр бастаған қалың қол 1726 жылдың соңы мен 1727 жылы жоңғарларға қарсы соғыс ашты. 1726 жылы Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңілген жоңғарлар кейін шегіне бастады. Бұның артынша Бұланты мен Білеуіті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста қазақ қолы жоңғарларды Ұлытауға жеткізбей тоқтатты. Бұл ұрыс тарихқа Бұланты-Білеуті шайқасы деген атпен енді. Осы жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмаққырылған аталып кетті.

4

Бұл оқиға ұлт азаттық тарихында ерекше орын алды. Ұлттық рұхтың жаңғыру , қайта түлеу кезіңіні басы болды. Бұл қозғалыс Одақ көлемінде жалғасын тапты,.КСРО-ны құрушы республикалардың бөлініп шығып, мемлекеттік егемендігін жарялауына жеткізді.

30-билет

  1. ХІV – ХV ғғ. Қазақстандағы мал шаруашылығы мен егіншілік

Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі.XIV-XV ғғ. мал шаруашылығы Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу халқы шаруашылығының басты саласы болып қалды. Қазақстанда табиғи-географиялық жағдайдың ықпалымен мал шаруашылығының отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі түрлері қалыптасты. Отырықшы мал шаруашылығы Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдария мен оның салаларының алқаптарында дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығының дәстүрлі түрі болды. Жартылай көшпелілер мал өсірумен қатар ішінара егіншілікпен, мал азығын дайындаумен айналысты; олар көктемгі-жазғы-күзгі көштен кейін қыстайтын орынға қайтып оралатын. Шаруашылықтың бұл түрі Батыс Қазақстанның бірқатар өңірінде, Орталық, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағына кеңінен таралды. Маңғыстаудың қуаң даласын, Арал маңын мекендеген мал өсірушілер жыл бойы мал азығы үшін жайылымнан жайылымға көшіп жүрді.Монғолдар жаулап алуынан кейін Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының үлесі артып, қала мәдениеті мен егіншіліктің құлдырауы байқалды. XIV-XV ғғ. дала тұрғындарының мал шаруашылығы өнімдерін өткізіп, қолөнер мен егіншілік өнімдеріне сұранымын қанағаттандыруға ұмтылуы Оңтүстік Қазақстанда қала мәдениеті мен егіншілікті қайта жандандырды. Қалалар мен ауыл шаруашылығының қалпына келуіне әсер еткен маңызды фактор – Қазақстанның оңтүстігіндегі көне заманнан бері келе жатқан егіншілік дәстүрі еді.