- •1. Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •2. Хіv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Хv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Нұралы мен Абылай ханның басқару саясатын салыстыр.
- •Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Көшпелілердің «аң стилиндегі» өнері.
- •Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөлі.
- •Қимақтардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз
- •1.Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі.
- •Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы мен ерекшеліктерін сипатта.
- •3.Қимақ мемлекетінің құлауының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз.
- •2. «Отарлау» ұғымына және Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандығына талдау жасаңыз.
- •Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Әбу Райхан әл-Бируни- энциклопидист, ғалым.
- •1960- 1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Сақтардың мәдениеті.
- •Қазақстан - 2050 стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттама беріңіз.
- •Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
- •Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары.
- •Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк, хвф, юнеско)
- •Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •«Түгіскен» кесенесі (ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.
- •Тмд құрылуы және оны құрудағы н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз.
- •Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.
- •Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз
- •«Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.
- •1.Қарахан мемлекетінің мәдениеті.
- •2.Уақытша үкіметтің қазақ халқына қатысты саясатының жағымды және жағымсыз жақтарын талдау жасаңыз.
- •3.Алғашқы наным-сенімдер кестені толтырыңыз.
- •1.Қазбек бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы Қазақстанда болған саяси оқиғаларға талдау жасаңыз.
- •3.Тас дәуірінің кезеңдері мен пайдаланған еңбек құралдарынкестеге толтырыңыз.
- •1.Әйтеке бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай.
- •2.Моңғолиядағы Керулен өзенімен аталған тайпаны анықтап, сипаттаңыз.
- •3.Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •3.Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.
- •1.Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі.
- •2.Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1.Көне түркілердің жазба мәдениеті.
- •2.1990 Жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.
- •3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.Реформа бойынша кестені толтырыңыз.
- •1.Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасынкесте бойынша толтырыңыз.
- •1.Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
- •2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
- •1.Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз
- •1.Маусымдық көші – қон.
- •2.Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.
- •3.«Ежелгі адамдардың тұрақтары» бойынша кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •3.Кестені толтырып, Қаңлылардың басқа елдермен қарым-қатынасына түсінік беріңіз.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •3.Төменде берілген тарихи құжаттарды басшылыққа алып, кестені толтырыңыз.
- •2.Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.
- •3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.
2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
Қазақстан барлығы 5 жазғы және 6 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Алғашқы 4 жазғы Олимпиадаға қарағанда 2012 жылғы Лондонда өткен кезекті Олимпиадада қазақ спортшылары сәтті өнер көрсетті деуге болады. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленді. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 5 жазғы және 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 1988 жылға дейін қазақ спортшылары КСРО құрамасының қатарында өнер көрсетті.
1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында да Қазақстан спортшылары Біріккен команда құрамына енді. Бүгінге дейін ел қоржынына спорттың жазғы түрлері бойынша 58 олимпиада медалі мен спорттың қысқы түрлері бойынша 6 медаль түскен.
Күні кеше аяқталған Лондон Олимпиадасы қазақ елі үшін жемісті болды. Бұрын-соңды отандық спортшылар мұндай жоғары жетістіктерге қол жеткізбеген еді. Бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ел намысын қолдан бермеген, көк байрағымызды көкке көтерткен толағайларымызбен қайта қауышсақ.
1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салды.
Василий Жиров - Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы. Юрий Мельниченко - грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері.
Александр Парыгин - Олимпиада чемпионы, бессайысшы.
Тәуелсіз Қазақстанның екінші Жазғы Олимпиадасы Сиднейде (Австралия) өтті. Онда да спортшыларымыз ел абыройын асқақтатып, 3 алтын, 4 күміс медальді қанжығаларына байлады. 1-нші орын алған спортшыға ел үкіметі 100 мың АҚШ доллары, 2-нші орын алған спортшыға - 50 мың АҚШ доллары, ал 3-нші орын алған спортшыға 30 мың АҚШ доллары көлемнде сыйақы тағайындады.
Ермахан Ыбрайымов - Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы.
Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Ольга Шишигина - Олимпиада чемпионы, кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды.
2004 жылғы Афин Олимпиадасына ұлттық құраманы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті бастап барды. Ұлттық құрамаға спорттың 17 түрі бойынша сайысқа түскен 119 спортшы кірді. Спортшыларымыз ел қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 40-ншы орынға тұрақтады.
Бахтияр Артаев - Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Қазақстанның ұлттық Олимпиада құрамасы XXIX Жазғы Олимпиада ойындарына 132 спортшысын апарды. Олар 22 спорт түрі бойынша бәсекеге түсті. Бейжің Олимпиадасында Қазақстан спортшылары 29-ншы жалпыкомандалық орынға тұрақтады. Ел қоржыны 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медальмен толықты.
Бейжің Олимпиадасының алтыны үшін ел үкіметі 250 мың доллар, күміс жүлдесі үшін - 150 мың доллар, ал қола жүлдесі үшін 75 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады .Бақыт Сәрсекпаев - Олимпиада чемпионы, боксшы, 69 келіге дейінгі салмақта өнер рсетткөі.
Илья Ильин - Қазақстанның екі дүркін олимпиада чемпионы. Ауыр атлетші. Бейжің Олимиадасында Илья жұлқа көтеруде 180 келіні, серпе көтеруде 226 келі салмақты еңсерді. 94 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсетті.
ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 115спортшымен Тұманды Альбионға аттанды. Байрақты бәсекеде ел спортшылары 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен 12-нші жалпыкомандалық орынға көтерілді.
Алғашқы алтын иегері - Александр Винокуров - велошабандоз. Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Зульфия Чиншанло - ауыр атлет, Олимпиада чемпионы, 53 келіге дейінгі топта өнер көрсетті.
Майя Манеза - ауыр атлет, Олимпиада чемпионы, 63 келіге дейінгі топта өнер көрсетті.
Светлана Подобедова, 291 келі салмақты еңсеріп, Олимпиада чемпионы атанды. 75 келі салмақта өнер көрсетті.
Илья Ильин Лондон Олимпиадасында екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды. Жұлқа көтеруде 185 келіні, серпе көтеруде 233 келіні, жалпы 418 келі салмақты еңсеріп, серпе көтеруде жаңа әлемдік рекорд қояды. Илья - Қазақстанның тұңғыш және жалғыз екі дүркін Олимпиада чемпионы. Сондай-ақ Илья Қазақстанның жалғыз үш дүркін әлем чемпионы.
Ольга Рыпакова - Олимпиада чемпионы, үш қарғып секіру сайысы бойынша өнер көрсетті.
Серік Сәпиев - боксшы, Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогына ие болған қазақ жерінен шыққан үшінші спортшы. Қазақстанның Ұлттық бокс құрамасының капитаны. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Сондай-ақ Лондон Олимпиадасының басқа да жүлдегерлеріне тоқталсақ.
Әділбек Ниязымбетов - Олимпиаданың күміс жүлдегері, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Даниал Гаджиев - Олимпиаданың қола жүлдегері, грек-рим күрес шебері. 84 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Марина Вольнова - Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы, 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Гюзель Манюрова - Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері, 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Иван Дычко - Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы, 91+ келі салмақта өнер көрсетті.
Ақжүрек Таңатаров - Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрескер, 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
