Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать
  1. Нұралы мен Абылай ханның басқару саясатын салыстыр.

Абылай ханның басқару саясаты. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды.

Нұралы ханның басқару саясаты. Нұралы хан да әкесі Әбілқайыр сияқты ел арасындағықпалды топтардың қолдауына сүйене алған жоқ. Әкесіне ұқсап ол да алғашқы жылдары жалпықазақтық тақтан үміткер екендігін білдірді-де, бірақ сыртқы істер коллегиясы И. И. Неплюевтің кеңесі бойынша, Нұралы ханның өтінішін қолдамады, сөйтіп бекіту грамотасында оның билік ауқымын белгілемей, жай ғана «қазақ ханы» атады. Бұл қазақ коғамын жеке хан билігі арқылы басқарудан бас тарту болатын. Нұралы ханға дара қолдау көрсету өз ретінде Абылай, Барақ және басқа ел арасындағы аса беделді билеушілерді Ресейге қарсы қоюмен тең болды. Осы жағдайды ескере отырып, Петербургтік билік Неплюев ұсынған, қазақ қоғамындағықпалды топтардың бірде-бірінің басқалардан ерекше күшейіп кетуіне жол бермей, олардыңарасында күштер «тепе- теңдігін» сақтау саясатын ұстануға көшті. Қазақ саяси элитасын баскарудың ресейлік әдісі осылайша орныға бастады. Ресей үкіметінің бұл саясатының орнығуына қазақ коғамының ішіндегі билеуші топ арасындағы алауыздықтың етек алуы, сондай- ақ Нұралы ханның ел арасында беделінің жоқтығы жақсы жағдай туғызды.

  1. Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда өткен болса керек. X ғасырдың орта кезінде Каспий теңізінін солтүстік-шығыс жағасына дейін жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын да күйрете жеңді. Орыс шежірешілері 985 жылы князь Владимирдің торктармен (оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал торктар жағамен өздерінің жауға мінетін аттарымен жүріп отырды. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әли хан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген салжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әли ханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, салжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енгендігі айтылады.

3-билет