Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать

1.Маусымдық көші – қон.

Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді:Қысқы көш немесе қыстауға көшу;Көктемгі көш;Жазғы көш;Күзгі көш; Маусымдық көші-қон, уақытша көші-қон - халық көші-қонының негізгі түрлерінің бірі - олардың уақытша (маусымдық) аумақтық мекен ауыстыруы. Маусымдық көші-қон мемлекет ішінде және мемлекетаралық болады. Маусымдық көші-қонды маусымдық жұмыс кезеңінде шаруашылық салаларын жұмыс күшімен қамтамасыз | етудің қажеттілігінен туындайтын көші- қон және азаматтардың оқуға, емделуге, демалысқа баруымен және туризммен байланысты көші-қон деп бөледі. Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады. Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Сондай-ақ, 15 – 18 ғасырларда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға” ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп, мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді.

2.Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.

Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел.2006 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласы Ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.2007 жылы экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан Республикасы үкіметі АОК-не  7-қысқы Азия Ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Қазақстанның елордасы Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды.2008 жылғы 20 қазанда Балиде президент Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада Кеңесі мен жаңа әкім Тасмағамбетов мырза (бұрынғы Алматы әкімі) бастаған Астана қаласы, жаңа әкім Есімов мырза басқарған Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті президенті Досмухамбетов мырза, сондай-ақ Туризм мен спорт министрі арасында қосымша келісім бекітіліп қол қойылды. Осы келісімде 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушы қалалары Астана мен Алматы қалалары болып табылатындығы айтылған. Азияның көптеген елдері Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны даярлау және өткізу Қазақстанның қызметтің түрлі салаларында көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі растау болады.Спорт Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен елді халықаралық деңгейде тану жолдарының бірі ретінде анықталған. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап Қазақстан спортшылары Азия ойындарына қатыса бастады.Қазіргі уақытта Қазақстанда тоқтаусыз алға қарай даму жағдайында осындай көлемді деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру мен ойдағыдай өткізе алатын ірі континентальды державалар қатарына кіре алатындай барлық алғышарттар бар. Оған дайындық еңбекке жарамды тұрғындарды нысандар салуға, қала инфрақұрылымын жақсартуға, халық арасында өмірдің салауатты қалпын насихаттауға, көптеген басқару құрылымдарының қызметін белсендіруге, халықты, оның ішінде студент жастарлы қонақтармен кеңінен араласуына көмектесетін болады. Бұдан басқа Ойындар 2018 жылы қысқы Олимпиада Ойындарын өткізу құқығына даярланып отырған өтінімге елеулі дәлел мен жақсы тәжірибе көзі болады.2011 жылы Астана және Алматы қалаларында 7-шы Қысқы Азия ойындарын даярлау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитеті К.Қ. Мәсімовтің төрағалық етуімен Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы мақұлданды.Осы бағдарлама 65 медалдар жинағы ойналатын спорттың 11 түрі бойынша жарыстар өткізуді қарастырады.Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледі: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.Азия Ойындары алғаш рет 1951 жылы Нью Делиде өтті. Содан бері аталмыш шара әрбір төрт жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Азия Ойындарына бағыт-бағдар беріп, реттеу ісін Азия Олимпиадалық Кеңесі жүзеге асырады. Азия Ойындары, оның эмблемасы, туы және әнұраны Кеңестің меншігі болып табылады. Ойындар ұзақтығы – Ашылу және Жабылу Салтанаттарын қоса алғанда 12 күннен 16 күнге дейін болуы шарт.Қысқы Азия Ойындары Жазғы Ойындар өткен жылы қатар ұйымдастырылмайды.Азия Олимпиадалық Қозғалысының тарихы, сондай-ақ құрылықтағы қысқы спорт түрлерінің даму қарқыны, аталмыш ойындардың тек спорттық шара деңгейінен әлдеқашан қоғамдық-саяси маңызы бар шараға айналғанының дәлелі.Көптеген Азия мемлекеттері бұл шараны Олимпиада Ойындарымен терезесі тең санайтындығын байқауға болады. Бүгінде қарқынды даму кезеңін бастан өткеріп жатқан Қазақстан- Қысқы АЗиялық Ойындар сынды халықаралық дәрежедегі белді шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндігі зор, құрлықтық державалармен иық тіреуге қабілетті мемлекет. Еңбекке қабілетті тұрғындарға жаңа жұмыс орындарының ашылуына, құрылыс алаңдарының құлаш жаюына, қала инфрақұрылымын жақсартуға, саламатты қмір салтын насихаттауға, көптеген басқару құрылымдарының белсенділігін арттыруға, тұрғындардың, әсіресе студенттердің шетелдік меймандармен араласуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.Бұл деңгейдегі шараның Алматыда өтуі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Қазақстанның рөлін тағы бір айшықтайды. Оның сан-салада даму көрсеткіштерінің жоғары екендігін паш етеді. Әлемдік даму белестерін бағындыруға қауқарлылығын көрсетеді.