- •1. Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •2. Хіv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Хv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Нұралы мен Абылай ханның басқару саясатын салыстыр.
- •Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Көшпелілердің «аң стилиндегі» өнері.
- •Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөлі.
- •Қимақтардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз
- •1.Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі.
- •Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы мен ерекшеліктерін сипатта.
- •3.Қимақ мемлекетінің құлауының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз.
- •2. «Отарлау» ұғымына және Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандығына талдау жасаңыз.
- •Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Әбу Райхан әл-Бируни- энциклопидист, ғалым.
- •1960- 1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Сақтардың мәдениеті.
- •Қазақстан - 2050 стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттама беріңіз.
- •Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
- •Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары.
- •Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк, хвф, юнеско)
- •Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •«Түгіскен» кесенесі (ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.
- •Тмд құрылуы және оны құрудағы н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз.
- •Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.
- •Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз
- •«Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.
- •1.Қарахан мемлекетінің мәдениеті.
- •2.Уақытша үкіметтің қазақ халқына қатысты саясатының жағымды және жағымсыз жақтарын талдау жасаңыз.
- •3.Алғашқы наным-сенімдер кестені толтырыңыз.
- •1.Қазбек бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы Қазақстанда болған саяси оқиғаларға талдау жасаңыз.
- •3.Тас дәуірінің кезеңдері мен пайдаланған еңбек құралдарынкестеге толтырыңыз.
- •1.Әйтеке бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай.
- •2.Моңғолиядағы Керулен өзенімен аталған тайпаны анықтап, сипаттаңыз.
- •3.Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •3.Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.
- •1.Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі.
- •2.Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1.Көне түркілердің жазба мәдениеті.
- •2.1990 Жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.
- •3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.Реформа бойынша кестені толтырыңыз.
- •1.Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасынкесте бойынша толтырыңыз.
- •1.Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
- •2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
- •1.Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз
- •1.Маусымдық көші – қон.
- •2.Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.
- •3.«Ежелгі адамдардың тұрақтары» бойынша кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •3.Кестені толтырып, Қаңлылардың басқа елдермен қарым-қатынасына түсінік беріңіз.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •3.Төменде берілген тарихи құжаттарды басшылыққа алып, кестені толтырыңыз.
- •2.Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.
- •3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.
2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді. Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты. Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.
3. Терминдердің мағынасынкесте бойынша толтырыңыз.
24-билет
1.Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал ТұрсынМұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
