Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать

1.Көне түркілердің жазба мәдениеті.

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары - Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ.

2.1990 Жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.

 Басты мақсатын "Халықаралық Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп белгіледі. Қозғалыстың 14 облыстық ұйымы бар. 1990-1993 жж. аралығында "Азат" газеті шығып тұрды. "Азат" қозғалысы Қазақстанды қазақ халқын отаршылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке ұсыныстар жасады, сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға тойтарыс беру, адам құқықтарын қорғау және т.б. ұлт мүддесін көздеген мәселелерді батыл көтере білді.

3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.Реформа бойынша кестені толтырыңыз.

Генерал- губернаторлықтар

Облыстар

Уездер

Орынбар

Торғай мен Орынбор

 Елек ,Ырғыз 

Батыс Сібір

Ақмола Семей

Көкшетау Омбы Петропавл

Павладар, Өскемен, Зайсан , Қарқаралы,Көкпекті,Баянауыл

Түркістан

Жетісу Сырдария

Сергиополь,Қапал, Верный, Ыстықкөл,Тоқмақ Қазалы,Перовск ТүркістанШымкент ,Әулиеата ,

Ташкент


23-билет

1.Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы

Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (17701780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта АзияҚазақстанТаяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма