Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать

2.Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.

3.Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.

Әмір Темір жорықтары - Әмір Темірдің Алдыңғы (Батыс) Азияны жаулап алу үшін үш жылдық (1386 - 1389), бес жылдық (1392 - 1397), және жеті жылдық (1399 - 1405) жасаған жорықтары.Ол алдымен Иранды бағындырудан бастады. 1381 жылы күрттердің орталығы Гератты оңай басып алып, одан әрі Иранның солтүстік - шығысындағы Хорасан аймағына аттанады. Бұл жерде өзара билікке таласып жатқан Әли Бек, Әли Муайад, Әмір Уәли айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды. Әли Бек пен Әли Муайад өз еріктерімен Темірге жеңілгендіктерін мойындайды. 1385 жылы Әмір Темір Шығысқа - Эльбурза және Гилтана таулы аймағына қарай кенеттен бұрылып, жолында кездескен барлық қалаларды бағындырады. Осылайша ол Мазендеранға жетіп, оның барлық қалалары мен астанасы Астарабатты күйретеді. Әмір Уәли Әзірбайжан жеріне қашады. Бұл жорықтан соң Әмір Темір Самарқанға оралады. Парсылар елін бағындыруға Әмір Темір 1392 жылы тағы да келеді. Мазандеран жері арқылы өтіп, ол әлі де бағындырылмаған қалаларды алады. 1393 жылы Күрдістан мен Луристанды бағындырады. Темір барлық қалаларды бағындыра отырып Иранның солтүстігіндегі Түркия мен Сирияға қақпа қызметін атқаратын Диярбақырға жетеді. Осы жерде Эдессе қаласын жаулап алу арқылы Сирия мен Египетке қарсы соғыс жариялайды. Бірақ Әмір Темір осы жерден Самарқанға қайтып кетеді. Алдыңғы Азияны жаулауды аяқтауға Темір 1399 жылы қайта оралады. Мұнда ол кезде екі мықты мемлекет: мәмлүктер және Осман империясы үстемдік құрған болатын. Әмір Темір жорықты алдымен Сирияға жасауды ұйғарады. 1400 жылы қазан айында Сирияға еніп, қалаларды бірінен соң бірін бағындырады. 1400 жылы желтоқсанда Сирия астанасы Дамаск қаласын қоршайды. Бірнеше күнгі шайқастан кейін қала әмірі Фараж әскерімен қаланы тастап, Египетке қашып кетеді. 43 күндік қоршаудан кейін Дамаск қаласы берілуге мәжбүр болады. Әмір Темір қала халқын тонауға ұшыратып, отқа орайды. Бұдан кейін Темір Сирияның бағынбаған басқа қалаларын бағындырып, одан әрі Месопотамияға кетеді.

21-билет

1.Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі.

715 – 738 жылдары билік еткен Түргеш қағанатының билеушісі.Сұлу Түргеш қағанатындағы қара түргештерден шыққан әскер басы болатын. 710 жылы Сақал қаған шығыс түріктерге тұтқынға түскеннен кейін, түргештер арасында билік үшін күрес өрбиді. 715 жылы Сұлу қаған қарсыластарын жеңіп, билікке келеді. Қолбасшы, әрі саясаткер Сұлу қаған 716 – 719 жылы Қытаймен достық қатынас орнатады. Император Сұлу қағанның билігін мойындайды. 720 – 738 жылы Сұлу қаған мемлекеттің бар күшін Орта Азияға ене бастаған арабтарға қарсы бағыттайды. Сұлу қағанның олжа бөлісуде енгізген өзгерістері оның беделін ұлғайтты және бүкіл түргештердің қолдауына ие болғызады. Сұлу қаған шығыс түріктермен, тибеттіктермен де қатынас орнатады. Өз кезегінде араб халифы Хишам да (721 – 743) Сұлу қағанға елшілік жіберіп, оған ислам дінін қабылдауды ұсынады. Бірақ Сұлу қаған бұл ұсыныстан бас тартып, Орта Азияда арабтарға қарсы күресін жалғастырады. 724 жылы Соғдылықтардың арабтарға қарсы көтерілісіне Сұлу қаған әскери көмек береді. 8 ғасырдың 30-шы жылдары түргештер мен қытайлар арасы суынып, Сұлу қаған тибеттіктермен одақтасып Қуша қаласын қоршайды. Отырықшы өңірлерді тонап кейін оралады. Осылайша 8 ғасырдың 30-шы жылдары Сұлу қағанға шығыста – қытайлармен, батыста – арабтармен бірдей соғыс жүргізуге тура келеді. 738 жылы Сұлу қаған өз ордасында қастандықпен өлтіріледі. Сұлу қағаннан соң Түргеш қағанатындағы сары және қара түргештер арасындағы күрес қайта басталып кетеді.